Для себя
2 subscribers
18 files
31 links
Ұл болсаң шоқ бол,
Шоқ болмасаң жоқ бол
Download Telegram
Forwarded from Абылай Кенжалы
«Ең абзал садақа – білмегенге үйрету, ғапылеттегі адамды ояту».

©️Имам ибн Рәжәб (рахимаһулла)

(Расаил 1/186📚)
Forwarded from Абылай Кенжалы
Ілім бес кезеңнен тұрады.

«Ілімнің басы – үнсіздік. Кейінгісі – тыңдау. Үшіншісі – жаттау. Төртіншісі – терең түсіну. Ең соңғысы – ілімді тарату».

©️Имам әл-Асмағи (рахимахулла)

(Нафахат📚)

Тыңдамай жатып түсінуден, түсінбей жатып таратудан сақтанайық.
Forwarded from Абылай Кенжалы
Іліміңді арттыратын құрандағы қысқа ғана дұға:

“Рабби зидни ғилмә”.

Раббым ілімімді арттыр🤲🏻.
Forwarded from Абылай Кенжалы
Алланың құлдан теріс айналғанының белгісі қандай?

Жаңа видео.
Forwarded from Абылай Кенжалы
Абдулла ибн Мәсғуд (радиаллаһу анһу) былай дейді:

«Жүректің кейде шабыты оянатын кезі болады.

Кейде құлазып, шаршайтын да кезі болады.

Сол себепті жүрек шабыттанған кезде көп амал жасап, құлазыған кезде тыныштық беріңдер».

(Идаратул уақт📚)
Forwarded from Абылай Кенжалы
Біреуді ғайбаттап қойсақ не істейміз:

Жаңа рилс.
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Тас жолда келе жатқаныңда қарсы беттегі көліктің жүргізушісі (бейтаныс біреу) “алдыңда радар бар” деген белгі берсе, дереу жылдамдығыңды азайтасың. Бірақ Алла Тағала тарапынан ескертуші пайғамбар келіп “алдыңда азап бар” деп жатса да, амал жасамайсың. Сонда сен үшін дүние қымбат па, ақирет қымбат па?

📚 ليطمئن قلبي
Forwarded from Абылай Кенжалы
Жәннәтқа жетелер күнделікті 8 амал:

1. Парыз намаздардан бөлек 12 рәкәт болған сүннет намаздарды оқу. (2 рәкәғат таң, 4*2 рәкәғәт бесін, 2 рәкәғәт ақшам мен 2 рәкәғәт құптан намазаның сүннеті)

Алла елшісі ‎ﷺ өзінің хадисінде: “Кімде-кім күн сайын 12 сәждесіне (12 рәкәғат сүннет намазын) оқитын болса, оған жәннәттан үй тұрғызылады. (сахих Муслим)

2. Түнгі 2 рәкәт тәһәжжуд намазы. Алла сол бір намазды тұрғызған пендесінің міндетті түрде қажетін өтейді.

3. Дұха намазы (Хадистерде Дұха намазын оқу – барлық жақсылық амалдармен бір өзі тең дәрежеде екені айтылады)

4. Мүлік сүресін оқу. Термизиде жеткен хадисте Мүлік сүресін оқыған адам шапағатқа ие болып, күнәсі кешірілетіні риуаят етіледі.

5. “Лә иләһә иллә Аллаһ уахдаһу лә шәриикә ләһу ләһул мулк уә ләһул хамд уә һуә ғәлә кулли шәйин қадир” зікірін 100 мәрте айту.

Хадисте бұл зікірді 100 мәрте айтқан адамға 100 жақсылық жазылып, 100 жамандығы кешіріліп, сол зікірді айтқаннан бастап кеш батқанша шайтанның жамандығынан амандықта болатындығы айтылған.

6. Алла елшісіне ‎ﷺ салауат айту. Хадисте келгендей: “Кім маған бір салауат айтса, Алла оған он салауат жолдайды” делінеді.

7. “Субханаллаһи уа бихамдиһи, субханаллаһи әл-ғазыйм” 100 мәрте айту. Термизиде жеткен хадисте Кім осы сөзді бір мәрте айтса, жәннәтта оған бір құрма ағашы егілетіні айтылған. Ал 100 мәрте айту 100 құрма ағашы.

8. “Астағфирулла” 100 мәрте. Хадисте келгендей: “Кімде-кім истиғфарға берік болса, Алла оған тығырықтан шығар жол көрсетіп, қайғы-мұңнан арылдырып, оны күтпеген жерден ризықтандырады” дейді.

©️Хассан Шәмси

(عندما يحلو المساء📚)
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Ешкімге сырыңды айтпа! Имам Шафиғи (Алла рахымына алсын): “Өз ішіңе сыймаған сыр, біреудің ішіне қайдан сыйсын?!”, — дейді.
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Ең осал адам — ашуға тез берілетін адам.
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Бізді Құдайға сүйкімді қылып тұрған құлшылығымыздан бұрын тәубеміз! Құлшылықты періштелер де істейді. Тіпті бізден де артық, біздікінен де абзал қылып істейді.
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Яхия ибн Муғаз деген ғұлама айтады (Алла рахымына алсын):

“Жүрек дерттерінің дауасы мына бес нәрседе:

1) Құранды ой жүгіртіп отырып оқу,

2) аш жүру (немесе тоймай жеу),

3) түнгі намаз оқу,

4) сәресі уақытында Аллаға жалбарыну,

5) салихалылармен бірге отыру (сұқбаттасу)”.
Forwarded from Абылай Кенжалы
Адамдар сыртымнан жамандаса не істеймін?

Жаңа рилс.
Forwarded from Абылай Кенжалы
Тәкәппарлықтан қалай арыламын?

Жаңа рилс.
Forwarded from Абылай Кенжалы
Таңғы береке…

Жап-жаңа рилс.
Forwarded from Абылай Кенжалы
Уақыты өтіп, күн сайын қартайып бара жатқан жалғыз сен емес. Саған үміт артып отырғандар да қартайып жатыр…

#ұмтыл
Forwarded from Абылай Кенжалы
Адамдардың ар-абыройы – тозақ шұңқырларының бір шұңқыры.

©️Хасан әл-Басри (рахимаһулла)

Басқаларды кемсіту, мазақ ету, ары мен абыройына нұқсан келтіру – тозақ шұңқырына жетелер бір жол.
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Бәрі де бір Алланың қолында екенін түсінгенде барып жүрек тыныштық табады.
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Өзіңізді мазалайтын діни мәселелердің пәтуасын осы сайттан іздеп көріңіз. Егер жоқ болса “сауал жолдау” деген жерін басып жолдауыңызға болады.

https://fatua.kz/kk/
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Тіпті сөзбен айтып жеткізе алмайтын тілектеріңді де Алла естиді!

@454е
Forwarded from Olzhas Hanafin (Olzhas Hanafin)
Біліп қой! Нәпсіге беріліп күнә жасап қойсаң, оның төленетін ақысы жүрегіңнің сол күнәға дейінгі тазалығы.

©️ Ахмад Сайид