Для себя
2 subscribers
18 files
31 links
Ұл болсаң шоқ бол,
Шоқ болмасаң жоқ бол
Download Telegram
Forwarded from Абылай Кенжалы
Ниетіңді түзеуден артық мотивация жоқ.
Forwarded from Абылай Кенжалы
Мотивация жетпей жатса, ниетіңді түзе. Неге о баста шабытың болып, ал қазір шабытың жоқ?

Бәлкім, сол бір істің басында ниетің түзу болды…
Forwarded from Абылай Кенжалы
Пайғамбарымыз ‎ﷺ өзінің бір хадисінде:

«Кімде-кім таң атқан кезде:

Ләә иләһә иллә Аллаһ, уахдаһу ләә шәриикә ләһу, ләһул мулк, уә ләһул хамд, уә Һуә ғәлә кулли шәйин қадиир


деп 10 мәрте айтса, оған жүз жақсылық жазылып, жүз күнәсі өшіріліп, құл азат еткендей сауап алып, осы дұғаны айтқан сәттен кеш батқанша амандықта болады» дейді.

(Муснәд Ахмад📚)

Жұма қабыл болсын🤲🏻

Таңертең айтуды ұмытпаңыз.
Forwarded from Абылай Кенжалы
Бүгін – ендігі қалған ғұмырыңның алғашқы күні.
Для себя pinned «Бүгін – ендігі қалған ғұмырыңның алғашқы күні.»
Forwarded from Абылай Кенжалы
Өзіңді алға жетектеймін десең, ақылыңды қолдан. Басқаларды жетектеймін десең, жүрегіңді қолдан.

©️Шейх Юсуф Хаттар (хафизаһулла)
Forwarded from Абылай Кенжалы
Қараңғылықты сөге бергенше, шырақты жағуға тырыс.

(Әз-зәкә әл-ғатыфи📚)
Forwarded from Абылай Кенжалы
Сапар – ризық арттырады.

©️Нұрсұлтан Рысмағанбет😁

#сапарға_шық
Forwarded from Абылай Кенжалы
Адамды ең әбігерге салатын нәрсе – басқалар үшін өзінің болмысын өзгертуге тырысу. Өзіңнің табиғатыңа сай бол.

(Әз-Зәкә әл-ғатыфи📚)

Өзіңді қинап тұйық болма. Өзіңді қинап ашық адам болма. Өзіңмен-өзің болуға тырыс. Барлығы уақыт өте өз орнына келеді.
Forwarded from Абылай Кенжалы
Кім өзін таныса, Раббысын да таныды.

©️Яхия ибн Муғаз

Өзіңді тұншықтырма. Қабілеттеріңді аш. Өзіңді терең таны. Нәпсіңді тізгінде. Тұлғалығыңды зертте.
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Ғалымдар айтады: Төрт нәрсе ризықты кемітеді: таңертеңгі ұйқы, аз намаз оқу, жалқаулық және қиянат.

Яғни, ерте тұрмау, түске дейін ұйықтау, нәпіл намаздарды аз оқу немесе парыз намаздарды тез-тез оқу…
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Баяғы ғалымдардың айтуынша, егер пенденің күнәсі көбейіп кетсе және оны жуып-шаятын сауапты істері болмаса, Алла Тағала оған уайым-қайғы жіберіп, сол арқылы күнәларын азайтады екен...

#шексіз_мейірім
Күнә-ішке жұтқан ине секілді,жай кетпейді, әйтеуір бір жеріндітесіп шығады
Ықылас сүресі

Бұл сүрені оқу, Құран кәрімнің үштен бір бөлігімен оқығанмен тең.


Уақиға сүресі

Сүрені түнгі уақыттарда оқыған адам кедейлік көрмейді.


Ясин сүресі

Оқыған адамға шапағат етеді, ал тыңдағанның кешірілуіне себеп болады.


Фатиха сүресі

Барлық дертке дауа.


Мүлік сүресі

Қабір азабынан сақтайды.
Forwarded from Абылай Кенжалы
Қиындыққа душар болудың жалғыз жолы – күнә.

Қиындықтан шығудың жалғыз жолы – тәубе.

©️Али (радиаллаһу анһу)
Forwarded from Абылай Кенжалы
Жалығу – мінездің нашарлығынан.

Сахаба Ғәмр ибн әл-Ас өзінің бір сөзінде:

«Киюге әлі жарамды киімімнен жалықпаймын. Достығымыз берік болған жұбайымнан жалықпаймын. Мені мінгестіріп жүрген жануардан да жалықпаймын. Расында жалығу – мінездің нашарлығынан».

(Мәкәрим әл-Ахләқ, Хараити📚)
Forwarded from Абылай Кенжалы
Жүректі тазалау үшін.

Пайғамбарымыз ‎ﷺ өзінің бір хадисінде былай деді:

«Жүректегі уахарды (ашу,ыза,жеккөру) кетіретін нәрсені айтайын ба?

Әрбір айда үш күн ораза ұстау».

(Жәмиғ әс-Суютый📚)
Forwarded from Абылай Кенжалы
Достықтың ақысы қандай?

Достық пен бауырмалдықтың ақысы – досыңды біреу мақтаса: “Пәленше сені мақтады” деп, досыңа қуанышпен жеткізіп бару.

Ал оны жасырып қалу – көреалмаушылықтың белгісі.

©️Имам әл-Ғаззали (рахимаһулла)

(Ихия ғулум әд-дин📚)
Forwarded from Абылай Кенжалы
Басыңа жақсы ойлар көп келе берсе – жаз. Ойлар мүлде келмесе – оқы.
Forwarded from Абылай Кенжалы
Мінсіз болуға тырыспа. Шынайы болуға тырыс.