Для себя
2 subscribers
18 files
31 links
Ұл болсаң шоқ бол,
Шоқ болмасаң жоқ бол
Download Telegram
Forwarded from Абылай Кенжалы
«Кімде-кім мешітке келсе, Аллаға қонақ болып, Оны зиярат еткені.

Расында, кез келген үй иесі өз қонағын құрметтеп, оған үйіндегі бар жақсылығын беруге даяр”.

[Хадис, ибн Хиббан📚]

Алла Тағала өз қонағын сый-сыяпатсыз қалдырмайды🤍
Forwarded from Абылай Кенжалы
Тәуекел жайлы айтылған ең көркем сөздің бірі:

«Тәуекел – иманның тәртіп жүйесі, таухидттің жан серігі.

Тәуекел – кедейлікті болдырмай, тыныштықты болдыратын жан дауасы».

©️имам ибн Хиббән
[Раудатул ғуқалә📚]
Forwarded from Абылай Кенжалы
«Кімнің ойына кенеттен дұға қылу келсе, Алла оны қабыл еткісі келгені.

Кімнің ойына истиғфар айту келсе, Алла оны кешіргісі келгені.

Ал кімнің ойына Аллаға шүкір ету келсе, Алла оған арттырып бергісі келгені».

[Нәфәхат рухания📚]

#әлі_өзекті
Forwarded from Olzhas Hanafin (Olzhas Hanafin)
رَبِّ إِنِّى لِمَآ أَنزَلْتَ إِلَىَّ مِنْ خَيْرٍ فَقِيرٌ

«Уа, Раббым! Шүбәсіз, маған берер қандай жақсылығыңа, нендей нығметіңе болса да мұқтажбын!».

«Қасас» сүресі, 24 аят.

©️ Мұса пайғамбардың дұғасы.
Forwarded from Nurbakhyt Aidosuly
"Кімде-кім өз мамандығымен Раббысына жақындайтын болса, күтпеген ризықтарға бөленеді".

© Мәлик ибн Динар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Olzhas Hanafin (Olzhas Hanafin)
قيمة الإنسان ما يحسنه

Адамның қадірі қолынан келетін ісінде.

📚 Әл-ләмияту ибн әл-Уәрди

Демек бұл өмірде адамның қолынан ешнәрсе келмесе, қадірі болмайды.
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Таң атса кештің батуын күтпе, кеш батса таңның атуын күтпе: ауырмай тұрып сау кезіңді, өлмей тұрып тірі кезіңді пайдалан!

Ибн Омар (Алла разы болсын)
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Кімде-кім аманатқа берік болса, мұсылмандардың ар-намысына тимесе, міне сол — нағыз ер!

Әзірет Омар (Алла разы болсын)

📚 Бәһжат әл-Мажалис
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Ашу келгенде үндемеңдер!

📚 Хадис. Әл-Жәмиғус Сағир
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Аллаға, ақирет күніне иман келтірген адам жақсы сөз айтсын, болмаса үндемесін!

📚 Хадис

Мұсылман болсаң, тек қана жақсы сөз айтуға міндеттісің! Ал айтатын жақсы сөзің болмаса, үндемеуге қақың бар!
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Күнә — мінезді бұзады, ғибадатты бүлдіреді және ризық-несібені азайтады.

#дейді_ғалымдар
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Егер пенде:

“Раббым, күнәларымды кешіре көр! Расында күнәларды Сенен басқа ешкім кешіре алмайды”,


— деп айтса, пенденің бұл ісіне Алла Тағала қатты риза болады.

📚 Хадис. Тирмизи
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Егер намазым пайда берсін десең, мүмкін осы ең соңғы намазым шығар деп оқы…

Табиғин ғұлама Бәкір әл-Музани

📚
Ибн Әбуд-Дуния
1
Forwarded from Abylaikhan Nurlanuly📚 (Abylaikhan Abdirassilov)
ليس من الحكمة تضييع الموجود في طلب المفقود…

Жоқ нәрсеге жетемін деп, қолдағыдан айырылу ақымақтық.

Үйленгенде емес… бай болғанда емес… білімдірек болғанда емес… күштірек, не лауазымдырақ болғанда да емес… Дәл қазір қолдағыны қадір тұтып, қанағат қылып Раббыңнан, саған берген тағдырынан разы болып өмір сүре біл! Сонда Раббың арттырып береді…
Forwarded from Абылай Кенжалы
Бірнәрсе күтпесе өмірінен мән таба алмай кететін адамдар көп. Қазіргі өмірінің басты мәні – келесі айдағы чемпионат, финал, екі боксердің сайысы және т.б.

Келесі айға дейінгі өміріндегі басты мән сол.

– Не істеп жүрсің?

– Сол бір матчты күтіп жүрмін.

Оған дейінгі өміріңде еш мән жоқ па сонда…
Forwarded from Абылай Кенжалы
Нені күтіп жүрсің?!

Пайғамбарымыздың ‎ﷺ мына бір хадисіне назар аударыңыз:

«Бастарыңа 7 түрлі бәле келмей тұрғанда салиқалы амал-әрекеттеріңді жасауға асығыңдар.

Әлде салиқалы амалдарды ұмыттыратын кедейлікті күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлде сендерді азғындыққа итермелейтін байлықты күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлде сендердің ағзаларыңды құртатын ауруды күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлде қаусаған кәрілікті күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлде аяқ-асты келе қалатын өлімді күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлде жаманшылықтың бастауы дәжжәлді күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлде қиямет сағатын күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлбетте, қиямет сағаты одан да ауыр…»

(сунан әт-Термизи)
Forwarded from Абылай Кенжалы
Бастаған істі аяқтау – жаңа істі бастаудан хайырлы.

©️Шейх Махмуд Дахла
(хафизаһуалла)
Forwarded from Абылай Кенжалы
Ниетіңді түзеуден артық мотивация жоқ.
Forwarded from Абылай Кенжалы
Мотивация жетпей жатса, ниетіңді түзе. Неге о баста шабытың болып, ал қазір шабытың жоқ?

Бәлкім, сол бір істің басында ниетің түзу болды…
Forwarded from Абылай Кенжалы
Пайғамбарымыз ‎ﷺ өзінің бір хадисінде:

«Кімде-кім таң атқан кезде:

Ләә иләһә иллә Аллаһ, уахдаһу ләә шәриикә ләһу, ләһул мулк, уә ләһул хамд, уә Һуә ғәлә кулли шәйин қадиир


деп 10 мәрте айтса, оған жүз жақсылық жазылып, жүз күнәсі өшіріліп, құл азат еткендей сауап алып, осы дұғаны айтқан сәттен кеш батқанша амандықта болады» дейді.

(Муснәд Ахмад📚)

Жұма қабыл болсын🤲🏻

Таңертең айтуды ұмытпаңыз.
Forwarded from Абылай Кенжалы
Бүгін – ендігі қалған ғұмырыңның алғашқы күні.