Посольство Казахстана в Украине
757 subscribers
722 photos
108 videos
488 links
Мы рады приветствовать вас в Telegram-канале “Посольство Казахстана в Украине” 🇰🇿

Для получения ответов на распространённые вопросы о работе Консульского отдела — переходите по ссылке @ConsulKZinUAbot

Наш сайт:
www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kiev
Download Telegram
🇰🇿🇺🇦 Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев, «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов және Украина Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Геннадий Чижиков онлайн режимде кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Украинадағы кәсіпкерлікті дамыту және іскерлік ахуалдың жай-күйі туралы ақпарат алмасты, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін, Украинаның соғыстан кейінгі инфрақұрылымын қалпына келтіруге қатысу мүмкіндіктері талқылады.

Кездесу нәтижесінде тараптар «Атамекен» ҰКП мен Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді жаңартуға, сондай-ақ жақын арада Львов қаласында қазақстандық және украиналық кәсіпкерлердің бизнес-форумын өткізуге келісті.

🇰🇿🇺🇦 Посол Казахстана в Украине Дархан Калетаев, Председатель Президиума НПП «Атамекен» Раимбек Баталов и Президент Торгово-промышленной палаты Украины Геннадий Чижиков провели онлайн-встречу.

В ходе беседы стороны обменялись информацией о развитии предпринимательства и состоянии бизнес-климата в Казахстане и Украине, обсудили вопросы дальнейшего торгово-экономического сотрудничества двух стран, возможности участия в поствоенном восстановлении инфраструктуры Украины.

По итогам встречи, стороны договорились обновить соглашение о сотрудничестве между НПП «Атамекен» и ТПП Украины, а также провести бизнес-форум казахстанских и украинских предпринимателей в ближайшее время в г.Львове.
🇰🇿🇺🇦 Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Киевтегі Елшілікте Украинаның Мемлекеттік мүлік қоры төрағасының орынбасары Яна Матиеваны қабылдады.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Украинадағы жекешелендіру үдерістері туралы ақпарат алмасты, екі ел арасындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелерін, қазақстандық бизнестің Украинадағы нысандарды жекешелендіруге қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
Я.Матиева жекешелендірудің жаңа ережелері туралы хабардар етіп, жақын арада жекешелендірілетін украиналық нысандардың презентациясын ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Украинаның Мемлекеттік мүлік қоры өкілдерінің қазақстандық және украиналық кәсіпкерлердің жоспарланған бизнес-форумына қатысуы туралы келісті.

🇰🇿🇺🇦 Посол Казахстана в Украине Дархан Калетаев принял в Посольстве в Киеве Заместителя Председателя фонда государственного имущества Украины Яну Матиеву.

В ходе беседы стороны обменялись информацией о процессах приватизации в Казахстане и Украине, обсудили вопросы дальнейшего сотрудничества двух стран, возможности участия казахстанского бизнеса в приватизации объектов в Украине.
Я.Матиева проинформировала о новых правилах приватизации и представила презентацию украинских объектов, подлежащих приватизации в ближайшее время.

По итогам встречи, стороны договорились об участии представителей Фонда государственного имущества Украины в планируемом бизнес-форуме казахстанских и украинских предпринимателей.
🇰🇿 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің қызметкерлері Варшавадағы Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің ғимаратында ашылған №271 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге толық құрамда қатысты.

🇰🇿 20 ноября 2022 года сотрудники Посольства Казахстана в Украине в полном составе приняли участие в голосовании на внеочередных выборах Президента Республики Казахстан на избирательном участке №271, открытом в здании Посольства Республики Казахстан в Республике Польша в г. Варшава.
🇰🇿🇺🇦 2022 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің ғимаратында Қазақстан мен Украина азаматтары арасындағы екі некені Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің консулы Б.Қаткенов салтанатты түрде тіркеді. Жас жұбайларға ашық аспан, ұзақ бақытты ғұмыр тілейміз.

🇰🇿🇺🇦 15 декабря 2022 года в преддверии Дня независимости Республики Казахстан в здании Посольства РК в Украине в торжественной обстановке консулом Посольства Б. Каткеновым были зарегистрированы два брака между гражданами Казахстана и Украины.
Желаем молодоженам мирного неба и долгой счастливой супружеской жизни.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇦Украинаның еңбек сіңірген әртісі Инеш Қадырованың орындауында «Атамекен» әні.
Бровары қаласында тікұшақтың құлауы салдарынан балалардың, азаматтардың және Украина Ішкі істер министрлігі басшылығының мезгілсіз қаза болғаны туралы қайғылы хабарды терең қайғымен қабыл алдық.

Осы қайғылы күндерде біз осы қайғылы оқиғада жақындарынан айырылғандардың қайғысына шын жүректен ортақтасамыз.

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барлық дос Украина халқына көңіл айтамыз.

З глибоким сумом сприйняли сумну звістку про завчасну загибель дітей, громадян та керівництва Міністерства внутрішніх справ України внаслідок падіння гелікоптера у м. Бровари.

У ці трагічні дні ми щиро поділяємо скорботу тих, хто втратив у цій трагедії своїх рідних та близьких.

Від імені Посольства Республіки Казахстан в Україні висловлюємо співчуття рідним та близьким загиблих, а також усьому дружньому народу України.
🇰🇿🇪🇪 Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Эстония Республикасының Украинадағы Елшісі Каймо Куускпен кездесті.

Кездесуде Елшілер Қазақстан мен Эстония арасындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Екі елдің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екендіктерін білдірді.

🇰🇿🇪🇪 Посол Республики Казахстан в Украине Дархан Калетаев встретился с Послом Эстонской Республики в Украине Каймо Кууском.

На встрече послы обсудили двустороннее сотрудничество между Казахстаном и Эстонией. Главы дипломатических миссий двух стран выразили заинтересованность в дальнейшем расширении сотрудничества в торгово-экономической и культурно-гуманитарной сферах.
🇰🇿🇺🇦 Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в Украине Дархан Калетаев встретился с Первым заместителем Председателя Фонда государственного имущества Украины Дмитрием Клименковым.

Д. Клименков рассказал о работе фонда госимущества и сообщил о предпринимаемых мерах по ее совершенствованию. В частности, Д. Клименков акцентировал внимание на мерах, направленных на совершенствование законодательной базы в сфере приватизации государственного имущества.
Кроме того, Д. Клименков специально остановился на нескольких выставленных на продажу объектах, которые могут заинтересовать казахстанских бизнесменов.

В ходе встречи стороны отметили заинтересованность в развитии сотрудничества в сфере приватизации государственного имущества.
 
🇰🇿🇺🇦 Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Кәлетаев Украина Мемлекеттік мүлік қоры төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Клименковпен кездесті.

Д.Клименков қазіргі таңда мемлекеттік мүлік қорының жұмысымен таныстырып оны жақсарту бойынша атқарып жатқан шаралары туралы баяндады. Атап айтқанда, Д.Клименков мемлекеттік мүлікті жекешелендіру саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру бағытындағы шараларға тоқалып өтті.
Сонымен қатар Д. Клименков қазіргі таңдағы сатылымға шығарылған қазақстандық бизнес өкілдеріне қызығушылық танытуы ықтимал бірнеше нысандарға арнайы тоқталып өтті.

Кездесу барысында тараптар мемлекеттік мүлікті жекешелендіру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендіктерін атап өтті.
🇰🇿🇺🇦 2023 жылғы 21 ақпанда Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев онлайн режимде өткен Қазақстан-Украина бизнес-форумына қатысты.

Шараны Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің қолдауымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.

Шараға Қазақстан мен Украинаның түрлі аймақтарынан 140 қатысушы, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдардың басшылары тіркелді.

Іс-шараға қатысушылар екіжақты ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін, іскер топтар мен мемлекеттік органдар арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың практикалық аспектілерін онлайн форматта талқылай алды.

Шара барысында «Атамекен» ҰКП басшылығының, Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің, Украина Энергетика министрлігінің, Украинаның Аграрлық саясат министрлігінің, Украинаның Қауымдастықтар, аумақтар және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің, екі елдің бизнес өкілдері мен бизнес-қауымдастық топтарының машина жасау, отын-энергетика кешені, телекоммуникациялар, логистика және құрылыс, тамақ өнеркәсібі және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша баяндамалары тыңдалды.

Қазақстан Елшісі Д.Кәлетаев Қазақстан-Украина экономикалық ынтымақтастығының перспективті бағыттарын және іскер топтардың ынтымақтастық орнатуға жоғары қызығушылығын атап өтті.

Шара нәтижесінде екі елдің іскер топтарының ұсыныстары мен мүдделерін ескере отырып, «Атамекен» ҰКП мен Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында Жол картасын әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді.

🇰🇿🇺🇦 21 февраля 2023 года Посол Казахстана в Украине Дархан Калетаев принял участие в казахстанско-украинском бизнес-форуме, который прошел в онлайн формате.

Организаторами мероприятия выступили Национальная палата предпринимателей «Атамекен» и Торгово-промышленная палата Украины при поддержке Посольства Республики Казахстан в Украине.

На мероприятии было зарегистрировано 140 участников с различных регионов Казахстана и Украины, а также руководители государственных органов и частных организаций.

Участники мероприятия смогли в онлайн-формате обсудить актуальные вопросы развития двустороннего сотрудничества, практические аспекты двустороннего сотрудничества между деловыми кругами и государственными органами.

В ходе мероприятия прошли выступления руководства НПП «Атамекен», ТПП Украины, Министерства торговли и интеграции РК, Министерства энергетики Украины, Министерства агрополитики Украины, Министерства развития общин, территорий и инфраструктуры Украины, представителей бизнеса и объединений предпринимателей двух стран по вопросам взаимодействия в сфере машиностроения, топливно-энергетического комплекса, телекоммуникаций, логистики и строительства, пищевой промышленности и аграрно-промышленного комплекса.

Посол Казахстана Д.Калетаев отметил перспективные направления казахстанско-украинского экономического взаимодействия и высокий интерес бизнес кругов к налаживанию сотрудничества.

По итогам мероприятия планируется разработка Дорожной карты между НПП «Атамекен» и ТПП Украины с учетом предложений и интересов деловых кругов двух стран.
🇰🇿🇺🇦 Қазақстанның Елшісі Дархан Кәлетаев Николаев облысының басшысы Виталий Киммен кездесу өткізді.

В.Ким Николаев облысындағы қазіргі жағдай, өңірді одан әрі дамыту жоспарлары туралы айтты.

Әңгімелесушілер өңіраралық сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін, қазақстандық бизнестің Николаев облысының инфрақұрылымын қалпына келтіруге қатысу мүмкіндігін талқылады.

В.Ким Қазақстанмен байланысы туралы айтты. В.Кимнің әкесі баскетболдан еңбек сіңірген жаттықтырушы, КСРО жастар құрамасының ойыншысы болған, ұзақ уақыт Қызылорда қаласында тұрған.

🇰🇿🇺🇦 Посол Казахстана Дархан Калетаев провел встречу с главой Николаевской области Виталием Кимом.

В.Ким рассказал о текущей ситуации в Николаевской области, планах по дальнейшему развитию региона.

Собеседники обсудили вопросы межрегионального торгово-экономического и культурно-гуманитарного сотрудничества, возможности участия казахстанского бизнеса в восстановлении инфраструктуры Николаевской области.

В.Ким рассказал о своих связях с Казахстаном. Отец В.Кима - заслуженный тренер по баскетболу, являлся игроком молодёжной сборной СССР, жил долгое время в Кызыл-Орде.
🇰🇿🇺🇦Қазақстанның Украинадағы Елшілігі «Жаңа Қазақстан – реформалар жолында» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.Кәлетаев ашты. Қазақстан тарапынан онлайн режимде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Сарым мен саясаттанушы Т.Қалиев қатысты.
Украина тарапынан – Украина Жоғарғы Радасының халық депутаты, «Украина-Қазақстан» парламентаралық достық тобының жетекшісі С.Нагорняк, Украина Жоғарғы Радасының халық депутаты А.Герус, Украинаның сауда және өнеркәсібі палатасының вице-президенті В.Корол, Украинаның Ұлттық ғылыми академиясының И.Ф. Курас атындағы Саяси және этноұлттық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері Р.Балабан, саясаттанушы И.Рейтерович және т.б. қатысты.

Іс-шара барысында қазақстандық сарапшылар Қазақстандағы саяси реформалар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаты А.Сарым Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттарды құрудың жаңа моделі, тиімдірек жұмыс істеу үшін Мәжіліс регламентін өзгерту, 2022-2023 жылдардағы сайлау үдерістерінің қорытындылары туралы және Мемлекет басшысы белгілеген Үкімет пен Парламенттің алдағы міндеттері туралы айтты.
Саясаттанушы Т.Қалиев Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгертулер, Конституциялық Соттың қызметін қалпына келтіру, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің конституциялық мәртебесін беру, саяси және әлеуметтік-экономикалық процестерді дамытуға бағытталған заңнамалық өзгерістерге шолу жасады.

Украиналық сарапшылар Қазақстандағы саяси қайта құруларды, атап айтқанда, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістерді дамытуға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.
Украина Жоғарғы Радасының халық депутаттары С.Нагорняк пен А.Герус қазақстандық тарапқа көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғыстарын білдірді, қазақстандық бизнесті Украинаны қалпына келтіруге белсенді қатысуға шақырды. Қазақстандағы саяси үдерістерге, атап айтқанда, сот жүйесіндегі реформаларға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы тарифтерді қалыптастыруға үлкен қызығушылық танытты.
Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті В.Корол сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы айтты. Ол логистикадағы қиындықтарға қарамастан, Украина мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы өткен жылы (Украина статистикасы бойынша) 800 миллион долларға жеткенін атап өтті. Украин тарапы көмірсутек секторы, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі және т.б. салалардағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.

Іс-шараның қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар өзара іс-қимылдың әртүрлі салаларында Қазақстан-Украина қарым-қатынастарын дамыту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.