КТК жаңалықтары
1.64K subscribers
1.51K photos
1.54K videos
59 files
4.66K links
Download Telegram
2022 жылғы 12 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін біраз уақыт елорда «сары» аймақта болған еді.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1643 жағдай тіркелді.

2186 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылып, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Жазатайым оқиға 12 тамызда сағат 02:00 шамасында Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында «Балқаш-Гүлшат» автожолында болды.

«Subaru жеңіл көлігінің 65 жастағы жүргізушісі ескерту белгілерінің болуына қарамастан, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан жабық жолға шығып кетіп, 47 жастағы ер адамның басқаруындағы Shacman жүккөлігімен соқтығысты. Бұл уақытта жүк көлігі жолдың осы бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Көлік апаты салдарынан «Subaru» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен жаңа мешіттің салтанатты ашылуы өтті.

Жаңа мешіт Қабанбай батыр даңғылы мен Мәңгілік Ел арасындағы аумақта, Хусейн бен Талал көшесі маңында орналасқан.

Мешіт Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен үш жылдың ішінде салынды. Мешіт орналасқан жер учаскесінің алаңы – 10 гектар. Оның жалпы алаңы – 68 062 шаршы метр. Үлкен күмбездің биіктігі – 83,2 метр, диаметрі – 62 метр. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Оның биікті – 130 метр.

Сонымен қатар, мешіттің жерасты қабатында 440 орындық банкет залы, 405 орындық жабық паркинг, вестибюль, дәретхана, техникалық, ритуалдық қызмет көрсету орны, құрбан шалу орны және басқа бөлмелер орналасқан.

Бірінші және екінші қабаттарда намаз оқитын орыннан бөлек сыныптар, конференц-зал, неке қию залы, Құран оқитын бөлме, телестудия, кеңселер, қызметтік бөлмелер, дүкендер, мұражай және техникалық бөлмелер бар.

Мешіттің жалпы сыйымдылығы 235 000 адамды құрайды, яғни бір мезетте осынша адам сапта тұрып намаз оқуға мүміндігі бар. Ашық алаңда шамамен 200 мың адам, яғни: подиум мен сахан аймағында 30 мың адам, мешіт ауласында 170 мың адам бір мезетте құлшылық жасауға мүмкіндік бар. Мешіт ішінде 35 мың адам, яғни: ерлерге арналған орында 30 мың адам; әйелдерге арналған орында 5 мың адам намаз оқи алады.

Мешіттің сыйымдылығы бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық Бас мешіт әлемдегі ең үлкен 10 мешіттің қатарына енді.
Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында спорттық гимнастикадан қазақстандықтар төрт медаль жеңіп алды.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2022/08/12/219952/
Ақтөбелік ұландар жоғалған баланы ата-анасына қайтарды

Қызметті атқару кезінде Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Улыбка» дүкенінің манынан үлкендердің қарауынсыз қалған баланы көреді.

Әскери жасақ бастығы капитан Асан Нұрсейітов патрульшілер қатардағы Рамазан Мейраш, Бектемір Кажығалиев және Денис Ковалевпен бірге тез арада патрульді топ бастығына баяндайды.

Араға біраз уақыт салып баланың анасы да табылады. Әйел ұландықтарды қырағы қызметі және баланы аман-есен қайтарғаны үшін зор алғысын білдірді.
🌦Синоптиктер 13, 14 және 15 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Болжамға сәйкес, алдағы тәулікте, Қазақстанның солтүстігінде температура біртіндеп төмендейды. Мұның себебі - Солтүстік-Батыс антициклоны.

"Ол республиканың барлық аумағында таралса да, батыста ыстық ауа райы сақталады. Сонымен қатар, фронталь бөліктер Республиканың орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына ауысады, солайша жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауып, қатты жел болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
💵 Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,45 теңгеге төмендеп, 1 доллар 476, 01 теңге болды.

Ұлттық банктің 12 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 477, 67 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 477,5 теңге, сатып алу – 481 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңгеден болса, сатып алу – 478.

Ресей рублі 7,25- 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Қорғаныс министрінің тапсырмасына сәйкес құрылған арнайы комиссия келісімшарт бойынша әскери қызметші А.Б. Елшібаеваның Қарулы күштер қатарынан заңсыз шығарылуы және батальон командирі тарапынан оған оғаш қылық көрсетуі туралы әлеуметтік желіде жарияланған жазбаға қатысты қосымша тексеруді аяқтады.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2022/08/12/219968/
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2022/08/12/219970/
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды

Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды. Құрылысы үш жылға созылған Алланың үйінде бүгін алғаш рет жұма намазы оқылды. Үздік шеберлердің қолы тиген ғимараттың ерекшелігі көп. Кіреберіс есігінен бастап, төселген кілеміне дейін ерекше.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Үйде жалғыз қалған 3 және 5 жасар қыз өрттен қаза тапты – Ақмола облысы

Ақмола облысында жер үйде өрт шығып, 3 және 5 жасар қыз бала қаза тапты. Олар түтінге тұншығып қылған. Балақайлар үйде жалғыз болған.
🦠Өткен тәулікте 1452 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
12 тамызда Қарасай ауданының Шамалған ауылында қайғылы оқиға орын алды.

Анасы үлкен ұлын балабақшаға шығарып салу үшін сыртқа шыққан. Кіші ұлы қасында ойнап жүрген. Бір уақытта балаларды тасымалдаумен айналысатын автобус қастарына келіп тоқтайды. Автобус қайта қозғалғанда кіші баласын қағып кетеді.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-ші бабының үшінші бөлімі (Абайсызда адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Көлік тізгінінде 69 жастағы ер адам болған.
Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло V Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль алды.

Чиншанло 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол жалпы 220 кг (95+125) көтерді.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Зульфия үшінші талпыныста 130 келіні еңсере алмаған. Дегенмен Нигериялық қарсыласынан 18 келіге озып кеткен.
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Ақтау-Жетібай трассасынан 35 км қашықтықта болған. 

1995 жылғы Nissan Maxima көлігінен өрт шыққаны туралы хабар 12 тамыз күні 20-23-те түскен. 

«Оқиғаның салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 20:58-де толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге бір техника мен бес адам жұмылдырылды. Оттың шығу себебі анықталып жатыр», - делінген ақпаратта.