Kazakhstan Tennis Federation
2.16K subscribers
2.55K photos
239 videos
350 links
Download Telegram
Жанкүйерлерге ұмытылмас әсер сыйлаған ойын үшін алғысымызды білдіреміз. Соңына дейін беріспей, шынайы күрес көрсеттіңіздер 🔥

#DavisCup
👏82
Саша барынша күресіп бақты, бірақ шешуші сәттерде сәттілік қарсылас жағына ауысты.
8👏7🤡3👍2😢1
🏆 Еревандағы жарқын жеңіс

Ереван қаласында өткен Tennis Europe сериясының 12 жасқа дейінгі турнирінің финалында біздің спортшымыз Брегвадзе Габриель жеңіске жетті. Шешуші кездесуде ол Ресейден келген теннисшіні 7/5, 6/2 есебімен сенімді түрде ұтты.

Габриель Тихомирова Брегвадзе Вера Рафаиловнаның жетекшілігімен жаттығады. Спортшымызға алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз 🎾
7🔥3👍1👏1🍾1
🏆 ITF Juniors санатындағы алғашқы титул

Бахрейнде өткен ITF Juniors J30 турнирінде Ахмади Маханов чемпион атанып, халықаралық деңгейдегі алғашқы титулын жеңіп алды.

Бұл жетістік алдағы үлкен жеңістердің бастауы болсын деп тілейміз!
🔥94👍2👏1🍾1
Елена Рыбакина Дохада өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы Qatar TotalEnergies Open турнирінде қытайлық Ван Синьюйді 6:2, 6:4 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
28👏1
Анна Данилина серіктесі Александра Круничпен бірге Дохадағы жұптық сында Лейла Фернандес пен Кристина Младенович дуэтін 6:2, 4:6, 10:4 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды 🔥
🔥142🍾2👏1
#LetsGO 🔥
Александр Бублик ABN AMRO Open турнирінде Хуберт Хуркачты 6:7, 7:6, 7:5 есебімен жеңіп, жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.
23🏆6🔥2
Елена Рыбакина үш сетке созылған тартысты кездесуде қытайлық теннисші Чжэн Циньвэньді 4:6, 6:2, 7:5 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды #Alga
🔥2313💘1
🔥 Жеңіс жолы жалғасуда!
Данилина мен Крунич Дохадағы турнирдің ширек финалында Хантер/Джойнт дуэтін 6:2, 4:6, 10:4 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.
🔥22🍾21
✔️ Александр Бублик Роттердам турнирінде алғаш рет ширек финалға жолдама алды.

🇰🇿 Қазақстандық теннисші кезекті тартысты ойында неміс спортшысы Ян-Леннард Штруффтың қарсылығын жеңіп шықты. Кездесу 7:6(2), 4:6, 6:3 есебімен аяқталды.

Осы жеңіс арқылы Саша 2026 маусымында он жеңіске алғаш болып жеткен ойыншы атанды.

Келесі қарсыласы Хауме Мунар.

#LetsGO
24
🇰🇿Данилина мен 🇷🇸Крунич Дохадағы WTA 1000 турнирінің финалында!

Шешуші ойында сәттілік тілейміз!
28🔥7
Александр Бублик Роттердамда өткен турнирдің ширек финалында тартысты ойында испаниялық Хауме Мунарды жеңіп, кәсіби мансабындағы 🔥 200-ші жеңісін тіркеді 🔝
22🔥11
Қазақстан теннис федерациясы Михаил Шайдоровты XXV Қысқы Олимпиада ойындарындағы тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтайды.

Бұл жетістік қазақстандық спорттың жоғары деңгейін айқын көрсетіп, еліміздің халықаралық аренадғы беделін нығайта түсті.

Аталған жеңіс жас спортшыларға шабыт беріп, жаңа биік мақсаттарға жетелейді деп сенеміз.

Жарқын жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!
30🍾7🙏5
🏆 WTA 1000 Doha | Doubles Champions
Анна Данилина мен Александра Крунич турнир жеңімпаздары!
🔥4113
Қазақстан теннисі әлемдік рейтингтерде өз орнын айқындап келеді.

🌟 Анна Данилина WTA жұптық рейтингінде 7-ші орынға дейін көтеріліп, мансабындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

🎾 Амир Омарханов ATP рейтингінде 31 сатыға жоғарылап, 774-ші орынға көтерілді. 18 жастағы қазақстандық үшін бұл жеке рекорд әрі ересектер турындағы алғашқы толық маусымдағы маңызды белес.
16🍾4
Елена турнирдің келесі айналымына сенімді түрде шықты.
28🔥6🐳1
Анна Данилина Dubai Tennis Championships турнирінің жұптық сайысында келесі кезеңге жолдама алды
•••
Doubles next round secured for Anna Danilina at the Dubai Tennis Championships
🔥155
Анна Данилина мен Александра Крунич турнирдің алғашқы жартылай финалистері 🔥
👏9🔥64