КРАСНЫЙ АВТОБУС
37 subscribers
2 photos
138 videos
4 links
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысының Жұмай ауылын жұмыссыздық жайлаған. Мұнда жеке қосалқы шаруашылықсыз өмір сүру мүмкін емес. Жергілікті тұрғындар мал өсіріп, жан бағады.

Ауылдың айналасындағы жер жекеменшікке өтіп кеткен. Жер иесі мал жаюға тыйым салған. Тұрғындар тығырыққа тіреліп отыр.

#СУҚАЙДА #SUQAIDA #QHP #ҚХП #НПК #Халықпартиясы #Народнаяпартия #красныйавтобус #қызылавтобус
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Атырау – мұнайдың ғана емес, рұқсат етілмеген полигонның мекені

Қала маңындағы Геолог ауылының тұрғындары тұрмыстық қалдықтың арасында өмір сүріп жатыр. Елдімекенде батпаққа айналған бірнеше қазаншұңқыр бар. Олар көмілмейді, тұрмыстық қоқыспен толтырылады. Бүкіл ауылға тарайтын қоқыстың жағымсыз иісі қолқа қабады.

Қыста «Қызыл Автобус» осы жерде болып, мәселеге назар аударды.
Геолог ауылында балаларға арналған ойын алаңы жоқ. Олар қоқыс үйінділері мен қазаншұңқырлардың жанындағы жерде ойнайды.

Атырау әкімі жазда қазаншұңқырлар мен балалар алаңына қатысты мәселені
шешуге уәде берді. Жаз келді, мәселе шешілген жоқ. Тұрғындар көмек сұрап отыр. Олар полигонның жанында тұру мүмкін емес екенін айтып отыр.
——————————————
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
– Қазақстан Халық партиясы ауылдық округтер мен аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау ел үшін аса маңызды қадам деп санайды. Өкінішке қарай, Үкімет сайлауға дайындық кампаниясын іс жүзінде сәтсіздікке ұшыратты, – деді Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров – Әкімшілік ресурстың сайлаушыларға әсер етуіне және олардың демократиялық реформаға сенімсіздік танытуына жол беруге болмайды.
Әкім – халықтың қызметшісі. Қоғам билікке ықпал еткенде ғана біз демократиялық реформаны қорғай аламыз. Тек осылай болғанда ғана билік еститін, көретін шешім қабылдайтын болады.
– Біз өз ауылының тағдырына алаңдайтын, көшбасшы болуға дайын азаматтарды Қазақстан Халық партиясының «Халық әкімі бол» сайтына жүгінуге шақырамыз! – деді ҚХП төрағасының орынбасары Азат Көшеков. – Сайтты қараңыз, өтінім беріңіз, біз құжат рәсімдеуге көмектесеміз.
—————————
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Халық партиясы жерді жекеменшікке сатуға әу бастан қарсы болды. "Қазақстан жер қатынастарының мұндай түріне дайын емес", - деп санайды ҚХП төрағасы, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров. Бұған жерге қатысты митингтер мен Қоғамдық кеңестердің отырыстары дәлел. Қазір учаскелерді сатуға мораторий жарияланды. Өкінішке қарай, партия төрағасының пікірінше, жергілікті жерлердегі әкімдер заң талабын сақтамайды.
——————————
Народная партия Казахстана всегда была против продажи земли в частные руки. "Казахстан не готов к такому типу земельных отношений," - считает председатель НПК, депутат Мажилиса, Айкын Конуров. Земельные митинги и заседания Общественных Советов только подтвердили его правоту. Сейчас на продажу участков наложен мораторий. Но, к сожалению, как отмечает народник, акимы на местах часто не соблюдают закон.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жер мәселесі - қазіргі таңда еліміздегі аса өзекті тақырыптардың бірі. Жаңа қабылданған Заңнама бойынша жер сатылмайды, жалға немесе жеке меншікке берілмейді. Мәжіліс депутаты Айбек Паяевтың ойынша, кез-келген проблеманы шарықтау шегіне жеткізбей, алдын алып, халықтың мұң-мұқтажына құлақ асқан жағдайда ғана ел түзеледі. Елді мекен тұрғындарының қаншама жылдан бергі сұрақтары енді ғана шешімін тауып жатыр. Яғни, бұл - үкіметтің көпшілік мұқтажына дер кезінде құлақ аспай, себеп-салдармен күресуінің айқын көрінісі.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қызыл автобус әкімдердің көзіне оттай басылып жатыр.

Ауылдарының проблемасын жариялаған тұрғындарға жергілікті билік қоқан-лоққы көрсете бастады.
————————————
Красный автобус стал бельмом в глазу акимов.

Местным жителям, которые рассказывают о проблемах своих сел, начали поступать угрозы от местных властей.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Павлодарцы бьют тревогу. Граждане жалуются, на проблемы с канализацией в жилых домах и застой воды в погребах и подвалах. В квартирах царит сырость, стены покрываются грибком, полы гниют – и так последние пять лет. На жалобы жильцов акимат не реагирует, народ в отчаянии. Городские активисты обратились за помощью к депутатам НПК.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Павлодар облысының Көктөбе, Малайсары ауылдарында ауыз су жоқ. Жарық жиі өшеді. Төрт түлікпен күн көріп отырған тұрғындарға жайылым жер жетіспейді. Әкімдік жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетпейді. Шыдамы таусылған тұрғындар Қызыл автобустан көмек сұрады.
————————————
В селах Коктобе и Малайсары Павлодарской области нет питьевой воды, постоянные проблемы со светом. Острая нехватка пастбищ, а разведение скота здесь - основной источник заработка. Молодые предприниматели не получают поддержки от акимата. Народ возмущается. От безысходности и долгого молчания жители обратились за помощью к Красному автобусу.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ЕРЕЙМЕНТАУЛЫҚТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ЖЫЛДАР БОЙЫ ШЕШІЛМЕЙ КЕЛЕДІ

Ақмола облысы Ерейментау қаласының сапасыз жолы мен жарықсыз көшесі тұрғындарды әбден қажытты. Халық су тапшылығын сезініп отыр. Мұнда балаларға арналған жаңа ойын алаңдары жоқтың қасы. Маршруттық автобус мәселесі де өзекті болып тұр. Адамдардың шыдамы таусылып барады. Ал әкім халықпен кездесуге келмейді.

– Бізде тек әкімдер ғана өзгереді, мәселе шешілмеген күйі қала береді, – дейді наразы адамдар.
———————————————
В ЕРЕЙМЕНТАУ ПРОБЛЕМЫ ГОДАМИ ОСТАЮТСЯ НЕРЕШЕННЫМИ

В городе Ерейментау Акмолинской области накопилось много проблем: разбитые дороги, отсутствует уличное освещение, перебои с водой, нет ни одной новой детской площадки. Даже элементарного рейсового автобуса нет. Терпение людей на пределе. Аким не приходит на встречи с населением.

– У нас только акимы меняются, а проблемы как были, так и есть, - возмущаются люди.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Қызғылт көзілдіріктеріңізді шешіңіздер". Бұл - Павлодар облысы Жетекші ауылы әкімінің тұрғындарға берген жауабы.
Жергілікті атқарушы билік су тапшылығы мен жиі өшетін жарық мәселесін шешпей отыр.

Халық Қызыл автобустан ғана үміт күтеді.
———————————————
"Снимите розовые очки", - это ответ акима на просьбы жителей села Жетекши Павлодарской области. Местная исполнительная власть активно бездействует, не решая проблемы народа. Невзирая на отсутствие воды и перебои с электричеством, акиматчики напористо одергивают жалующихся на проблемы людей.

Красный Автобус - последняя надежда отчаявшихся жителей села.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысы Ерейментау қаласы тұрғындарын қымбатшылық қысып тұр. Халықтың азық-түлік сатып алуға шамасы жетпей жатыр.

Тұрғындар ет пен шұжық алуға  Нұр-Сұлтан қаласына баруға мәжбүр. Бұл - қосымша шығынды талап етеді.
"Нан алып жейтін ақшам жоқ", - дейді тұрғындардың бірі. Қаладағы 5 қабатты апатты тұрғын үйдің бірінде адамдар тұрып жатыр. Бұл үйдің қабырғалары құлап, тұрғындар үйіндінің астында қалуы мүмкін.

Мұндағы балаларға арналған ойын алаңдары Кеңес заманынан қалған. Қала тұрғындарының айтуынша, жаңа ойын алаңына қыруар қаржы бөлінген. Алайда оның құрылысы басталмаған.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Каменный карьер кенті өркениеттен ажырап отыр

Шығыс Қазақстан облысының Каменный карьер кентінде интернет мәселесі өзекті болып тұр. Оқушылар онлайн форматта оқи алмайды: интернет 5 минут қосылады да, жоғалып кетеді. Байланыс ағашқа өрмелеп шықсаңыз немесе көшедегі дәретханаға барсаңыз пайда болады. Ата-аналар балаларының білім ала алмай жатқанына наразы. Жергілікті билік күні бүгінге дейін ауылға дұрыс интернет жеткізген жоқ. Цифрландыру есепте ғана бар, шын мәнісінде жоқ. Адамдар өркениеттен ажырап отыр.
——————————————————
КАМЕННЫЙ ВЕК в Каменном карьере

В поселке Каменный карьер ВКО проблемы с интернетом. Школьники не могут учиться в онлайн формате: интернет появляется на пять минут. Связь ловит, если залезть на дерево или ещё хуже - зайти в уличный туалет. Родители возмущены, их дети практически не получают образование. И всё из-за того, что местные власти до сих пор не наладили в поселке интернет. Цифровизация только в отчётах, а в реальности - люди отрезаны от цивилизации.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
БҮКІЛ АУЫЛҒА БІР ҚҰДЫҚ

Қостанай облысының Талапкер ауылында 550 адам тұрады. Олардың барлығы жалғыз құдықтан су ішеді. Ауылда жайылым жоқ, мал аш. Балалар жаз бойы тезек үйінділерінде ойнайды, себебі оларға арналған ойын алаңы жоқ. Ауыл көшелеріне жарық орнатылмаған.

– Біз не істей аламыз?! – деп налиды ауыл тұрғындары.
———————————————
ОДИН КОЛОДЕЦ НА ВСЕ СЕЛО

В селе Талапкер Костанайской области проживают 550 человек. На такое количество всего один колодец, из которого берут воду. Пастбищ нет, скот голодный. Дети всё лето играют в навозных кучах, потому что нет ни одной игровой площадки. Нет уличного освещения.

-Что мы можем сделать?! - с горечью спрашивают сельчане.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
120 отбасы құлауға таяу қалған тұрғын үйде тұрып жатыр. Тұрғындардың баратын жері жоқ, себебі өкімет тарапынан тұрғын үйлер тек санаулы адамдарға ғана бөлінген. Әзірге үй иелері өз ақшаларына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, күн көріп отыр. Ең қауіптісі - көпқабатты үйдің қабырғалары кез келген сәтте жарылып, құлап кетуі мүмкін. Қызыл автобус өкілдері халықтың жанайқайын назарға алды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Без воды нет жизни. Тысячи казахстанцев сейчас, в XXI веке, вынуждены существовать в нечеловеческих условиях. В регионах республики плохо работают водопроводы, а водопроводные сети либо отсутствуют, либо проведены с нарушением технологий. Бюджетные деньги, затраченные на их строительство, утекли в чужие карманы.
Дополнительным ударом по казахстанским крестьянским хозяйствам стала засуха. Села бедствуют – воды нет ни для питья, ни для полива.

Это ненормально и неправильно!

Мы хотим изменить ситуацию в нашей стране! Народная партия Казахстана призывает всех граждан обращаться на нашу «горячую линию» и сообщать о проблемах с водой на номер 8-700-088-19-17. Так же можно опубликовать на своей странице пост с хэштэгом #СУҚАЙДА #SUQAIDA. Звоните, пишите, обращайтесь к нам – ваша жалоба не останется без внимания!

Вместе мы заставим местные власти работать на благо народа!
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Үлкенге құрмет – бүгінгі қоғамның айнасы

Қостанайлық зейнеткер Нина Разбейкина апатты жағдайдағы үйде тұрады. Ол 10 жылдан бері заң бойынша өзіне тиесілі пәтерге қол жеткізе алмай келеді.
Кейуана сусыз өмір сүруге, қолайсыз жағдайда жуынуға мәжбүр. Ол күн сайын үйінің шатыры құлап кетпеуін тілейді.
Жергілікті әкімдік мәселені біледі, бірақ көмек көрсетуге асықпайды. Зейнеткерді шенеуніктердің шарасыздығы шаршатып жүр.
—————————————————
Отношение к старшим - это зеркало нашего общества

Пенсионерка из города Костанай - Нина Разбейкина живет в аварийном доме и уже 10 лет добивается жилья, положенного ей по закону. Бабушке приходится жить без воды, мыться в тазике, и каждый день она молится об одном - лишь бы не упала крыша. Местный акимат о проблеме знает, но на помощь ей не спешит. Она устала от чиновничьего равнодушия к ее беде.

#СУҚАЙДА #SUQAIDA #QHP #ҚХП #НПК #Халықпартиясы #Народнаяпартия #красныйавтобус #қызылавтобус
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жители Ерейментау массово вступают в Народную партию Казахстана.

На днях в Ерейментау состоялось торжественное вручение партийных билетов и был открыт офис районного филиала НПК.

Красный Автобус Народной партии прибыл в город в рамках поездки по регионам. Депутат Мажилиса от НПК Жамбыл Ахметбеков лично вручил партбилеты новым единомышленникам и пожелал им удачи в дальнейшей работе.

Красный Автобус приехал в Акмолинскую область не случайно – здесь накопилось множество вопросов, которые годами не решают местные власти. Это разрушенные дороги, перебои с водой, инженерные сети, требующие ремонта и т.д. В самом Ерейментау тоже хватает инфраструктурных проблем. Местный Дом культуры продан в частные руки, строительство физкультурно-оздоровительного комплекса тянется уже не первый год. Самого акима горожане в глаза не видели.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Павлодар облысы Ленин ауылының жергілікті билігі Қызыл автобус келгеннен кейін ғана әрекет ете бастады.

Тұрғындар ойынша бұл – көзбояушылық. Ауылда сумен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр: су кесте бойынша беріледі. Қысымның әлсіз болғаны соншалық, су тамшылап жиналады.
Ауылда жел тұрса, жарық өшеді. Жол жоқ, жаңбыр жауса, адамдар тізелеріне дейін батпаққа батады. Балалар алаңы айдалаға салынған. Ата-аналар ол жерге балаларын жібермейді. Халық билікке наразы. Ал билік үндемейді, құр уәдеге тойдырады.