Kozybayev
2.15K subscribers
1.1K photos
62 videos
27 files
635 links
Бизнеске инвестиция жасаймын, жобалармен бөлісемін! Қазақстанның бірінші крипто-қауымдастығының негізін қалаушы.
Инвестиция, технология, ғылым, қаржы, политика, криптовалюта жайында, және жеке ойларымды жазамын.
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Инвесторларға хабарландырма:
Бірінші партия қоймамызға келді!

Құтты болсын!
🇺🇸АҚШ-тың инфляциясы 2.9%-ға дейін өсті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа инвест-жоба!

Бізден жиі инвестиция алып тұратын, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер тағы инвестиция үшін келді.

Өзіңіз білетіндей Алматы облысында малдары бар, оны ет сатушыларға сатумен айналысқаннан көрі, сойып ет қылып сатқысы келеді. Маржасын өсірмекші.

Ол Алматының ортасында ет дүкенін ашқысы келеді.

Өз күшімен 17 млн салмақшы.
Бізден 10 млн сұрап тұр.
30% жылдық мөлшерлемеде, облигациялық қарызға алмақшы.
Мерзімі: 1 жыл.
Соммасы: 10 млн.
Пайызы: айына 2.5% {30% бір жылда}.
Минималды инвестиция: 2млн.

Ақша жиналды 14:00
#инвестпроект
Инвестжоба шорт лист:

10/10
Дархан Б. 2М ⚙️
Арман К. 2М ✔️
Мурат Д. 2М ✔️
Бибигуль Б. 4М ✔️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
mr. Beast ТикТокты сатып алмақшы. Мынау жігіттің жазылушылары любой затты сатып алады.
Таңертең жариялаған жобаға 6 сағатта ақша жиналды. Барлықтарыңызға рақмет 🤝
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Кеше логистикалық компаниялардың директорларымен жиналыста болдым. Бұл біздің интернет магазинге байланысты кездесу болды.

Талқылаған заттар: Логистикалық орталыққа инвестиция, авия және авто жүк тасымалдау, кеден операциялары, жүк сақтау, соңғы миль жеткізулер.
🇺🇸 Бүгіннен бастап TikTok АҚШта ресми банға кетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін досыммен кездестім. Біз бірге оқыған едік, ол диқаншы. Оның отбасында 10,000 га жері бар. Әртүрлі дәнді дақылдарды егеді. Соңғы он жылда оларға тек қытайлар инвестиция жасайды. Мен біздің қауымдастық инвестиция жасаса бола ма деп сұрастырдым.

Қысқаша жазғанда:
1. Тест ретінде 1000 немесе 500 га жерге инвестиция жасап лён өсіруге болады.
2. 1000 га-ға шамасы 140 млн теңге керек, 500 га-ға 70 млн.
3. Таза табыстан инвесторға 80% өздеріне 20% алып қалады екен.
4. Инвестицияға не алынады: Егілетін дәндер, жанармай, техниканың арендасы, адамдардың жалақысы, пестицидтер.
5. Табыс инвестицияны 3 есе ақтайды екен.
6. Рисктері: Климаттық жағдай, өспей қалуы мүмкін, су тасқыны сияқты жағдайлар.
7. Плюстері: Еліміз субсидия жасайды, кейбір шығындарды 70%-ға дейін субсидиялайды екен.

Болашақта омыртқамыз қатайғанда, осындай бизнеске кіріп, қытайлардың орнына өзіміздің елде өзіміз инвестиция жасап, табысты елде қалдырсақ, жақсы болар еді деп ойлаймын.
Ет дүкеніне инвестиция жасаған инвесторлар онлайн жүйеде қол қойыңыздар, құжаттар жіберілді.
Инвесторларға хабарландыру!

Екінші партияны жүк көлігіне тиеп тастадық. Көлік Қорғасқа қарай шықты.
Өте қиын екі апта болды. Интернет магазинды толықтай бітіріп, бизнес процесстердің архитектурасын ойластырдым. Осының бәріне қоса серіктестермен қызу пікір таластық. Әрине даудың бәрі ақшаға тіреледі.

Қорытындылап кетсем қандай келісімге келдім:
1. Заказ жинау операциясының құнын 5.5 есе түсірдім;
2. Әр тауардың стикерлеуінің бағасын бастапқысынан 4 есе түсірдім;
3. Операциялық шығындарды миллиондаған теңгеге азайттым.

Қысқаша айтқанда бұл екі апта өте қызық болды.
Бүгін 31-ге толдым 🥲
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Құттықтауларыңызға көп рақмет!
Бағым туралы қысқаша айтқанда:

Жаңа бизнес бастаған едім, бір аптадан кейін доллардың бағасы өсті. Оған қоса біраздан соң мемлекет НДС-ты көтеремін деп шешті 😂

Оның бәрі Трамп президенттікке келгені үшін, оның бір қағазы және бір сөйлемі бәрін тыштыртты: «We will drill baby drill». АҚШтың жеке мұнай өндірісінің өсуіне сілтеп айтқаны.

Ресей мен Украина арасындағы соғысты тезірек тоқтату үшін, СССР-дың ыдырауына себепкер болған стратегияның бірін қайталағысы келіп тұр - ол мұнайдың бағасының күрт құлауы.

Бағаны құлату үшін нарықта мұнай көп болу керек.
Ал біздің бюджеттың 2/3 бөлігі мұнайдан келген табыстан тұратынын ескерсек, Трамптың шешімі біздің экономиканы шайқатып жіберетіні айдан анық.

Тек НДС +66% өседі. Имортталған әр тауардың құны шамасы тағы 7-8% - ға өсетіні ықтимал.
Елімізде жанармай қымбаттайды, демек тауарлардың бағалары қымбаттайды деген сөз. Энергетика Министры бүгін арнайы құжатқа қол қойды. 00:00 ден бастап бұл үкім өз күшіне енеді.
🛍Пилатес студиясына ақша салған барлық инвесторларға алтыншы купон түсті ✔️ 6/12

ЖӘНЕ

2 млн. тенге үстінен қарызын жапты. Алфавит бойынша.

Аман ~1 млн.
Бибигуль ~1 млн.

#инвестпроект #купон #хабарландыру
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM