ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.58K subscribers
11.8K photos
1.72K videos
6.36K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
⚜️Құрметті әріптестер! Халықаралық азаматтық авиация күні құтты болсын!

Елдегі авиацияның өркендеуі мен дамуына қомақты үлес қосып келе жатқан азаматтық авиация саласы қызметкерлерінің құрметіне орай бекітілген бұл күн Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының шешімімен аталып өтуде.

Кәсіби мереке халықаралық азаматтық авиация жөніндегі Конвенцияның қол қойылғанына 50 жыл толуына орай 1994 жылғы 7 желтоқсаннан бастап мерекелене бастады. Аталған конвенцияға сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемесі Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) құрылған болатын.

Жыл басынан еліміздің авиация саласында орын алған жақсы көрсеткіштер жетерлік. Соның бірқатарына тоқталып өтсем.

Жылдың қорытындысы бойынша отандық әуежайлардағы жолаушылар ағыны 25 млн-нан астам жолаушы болады деп күтілуде, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 22 пайызға артық. Ішкі тасымалдау көлемі толығымен қалпына келтіріліп, аптасына 50 бағыт бойынша 640 рейсті құрайды.

Жалпы жыл көлемінде отандық әуе паркі 9 бірлік ұшақпен толықтырылды. Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көліктік қолжетімділігін арттыру мақсатында 7 облыстағы 23 ішкі әуе маршруты субсидияланады.

Бүгінгі таңда Қазақстан 28 елмен халықаралық әуе қатынасын орнатқан. Оның ішінде, биыл 13 елге аптасына 57 рейс жиілігімен 23 бағыт бойынша жаңа рейстер ашылып, қайта іске қосылды. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қол жеткізілген деңгейін одан әрі жетілдіру және өңірлік ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту шеңберінде еліміз бойынша 4 нысанда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жеке инвестициялар есебінен Алматы, Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар Қостанай әуежайында аэровокзалды телескопиялық трап құрылғысымен қамту сынды қайта жаңарту жұмыстары мәресіне жетуге дайын. Жоғарыда көрсетілген инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолаушылар тасымалының өткізу қабілетін арттыра түсетіні анық.

Әлемдік тәжірибе негізінде еліміздің 6 әуежайында (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе және Қарағанды) арнайы экономикалық аймақтар режимін енгізу ұсынылады. Бұдан басқа, Jet A-1 авиациялық отын стандарттарына көшу бойынша инфрақұрылымды дайындау мәселесі пысықталуда.

Жалпы жыл көлемінде атқарылған нәтижелі жұмыс көлемі аз емес. Осы атаулы күні саланың барлық қызметкерін құттықтай отырып, салаға қосқан үлестері үшін алғыс айтамын. Авиация өте күрделі сала, сонысымен де қызық.

Аталған салада кәсібилігі мен жауапкершілігі жоғары мамандар еңбек етеді. Азаматтық авиация саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби жетістіктер тілеймін!

Марат ҚАРАБАЕВ, Қазақстан Республикасының Көлік министрі
⚜️Уважаемые коллеги! С Международным днём гражданской авиации!

Этот профессиональный праздник учрежден в честь работников гражданской авиации, которые внесли значительный вклад в развитие отрасли, и отмечается по решению Генеральной Ассамблеи ООН с 7 декабря 1994 года по случаю 50-летия подписания Конвенции о международной гражданской авиации.
Согласно этой конвенции было создано специальное агентство ООН — Международная организация гражданской авиации (ИКАО).

В этом году авиационная отрасль Казахстана имеет много хороших показателей. Позвольте мне отметить некоторых из них.
За год отечественный авиапарк пополнился 9 новыми бортами. К концу года казахстанские аэропорты обслужат более 25 млн пассажиров, что на 22% больше, чем в 2022 году.

Объем внутренних перевозок полностью восстановлен и составляет 640 рейсов по 50 маршрутам в неделю.
Международное воздушное сообщение налажено с 28 странами. В этом году возобновлены и открыты новые рейсы в 13 стран по 23 маршрутам.

Продолжается работа по дальнейшему повышению достигнутого уровня безопасности полетов и укреплению регионального сотрудничества.

В рамках модернизации авиационной инфраструктуры ведется строительство новых пассажирских терминалов в аэропортах Алматы, Шымкента и Кызылорды, завершается реконструкция аэровокзала в Костанае. Реализация этих проектов позволит увеличить пропускную способность объектов отечественной авиации.

Также прорабатывается вопрос подготовки инфраструктуры наших аэропортов к переходу на стандарты авиа топлива Jet А-1.

В целом, за год сделано много важных шагов для укрепления и роста сферы воздушного транспорта. Поэтому в этот особенный день хочу поблагодарить всех работников авиации за большой вклад в развитие отрасли.

Ваше дело очень сложное и очень интересное. Оно под силу только беззаветно преданным ему людям, крепким специалистам с высоким уровнем профессионализма и ответственности.

Поздравляя работников гражданской авиации с профессиональным праздником, желаю всем им крепкого здоровья, благополучия в семье и профессиональных успехов!

Марат КАРАБАЕВ, Министр транспорта Республики Казахстан
🚕2025 жылдан бастап таксиге қойылатын талаптардың сақталуын мобильдік қосымшаның операторы бақылайды
 
Осы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі шеңберінде «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына бірқатар түзету енгізілді

Атап айтқанда, таксимен жолаушыларды тасымалдауды жергілікті атқарушы органдардың ресми такси тасымалдаушылары бойынша тізіліміне хабарлама берген жеке тұлғалар жүзеге асыра алады. Соынмен бірге жергілікті атқарушы органдардың ресми такси тасымалдаушылары бойынша тізіліміне енгізілген такси тасымалдаушысына, яғни жеке тұлғаны оның таксиге қойылатын талаптарды сақтауы бойынша бақылау таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасының операторына (таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметіне) жүктеледі. Аталған түзетулер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енетінін айта кеткен орынды.

📌Толығырақ - www.gov.kz

⚪️

🚕Ответственность за соблюдение водителями требований к такси возложат на операторов мобильных приложений
 
Сегодня в Казахстане работают такие мобильные приложения заказа такси, как Яндекс, InDrive, Maxim, Апару, Tappy Taxi и др. Их деятельность находится в конкурентной среде и регламентирована законом «Об автомобильном транспорте» и Правилами перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом.

Операторы мобильных приложений заказа такси определены как информационно-диспетчерские службы, которые имеют право обслуживать только официальных перевозчиков такси – ИП или юр.лиц РК, подавших уведомление в местные исполнительные органы.

Также, 1 января 2025 года ожидается вступление в силу поправок в закон «Об автомобильном транспорте», которые позволят причислить к официальным перевозчикам такси и физических лиц.

📌Подробнее - www.gov.kz
📢КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА!
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді
 
2023 жылғы 9 желтоқсан күні ҚР Көлік министрі Қарабаев Марат Кәрімжанұлы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездеседі.

Күн тәртібіне сәйкес ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады.

📍Кездесу сағат 10:00-да Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55 мекенжайы бойынша орналасқан «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің» ғимаратында өтеді (5-корпус).

🔸Өңір тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кездесуге шақырамыз.

📱Толық ақпарат үшін телефон: +7 707 808 60 70, Дәулет Сәмбетбаев
📢АНОНС
 
Министр транспорта Республики Казахстан Марат Карабаев проведёт встречу с жителями Восточно-Казахстанской области
 
9 декабря 2023 года Министр транспорта РК Карабаев Марат Каримжанович проведёт встречу с жителями Восточно-Казахстанской области.

На повестке дня будут рассмотрены вопросы, относящиеся к компетенции Министерства транспорта РК.

📍Встреча пройдёт в 10:00 час. в здании «Восточно-Казахстанского университета им. С. Аманжолова» (5-корпус), расположенном по адресу г.Усть-Каменогорск, ул. Казахстан, 55.

🔹Приглашаем жителей региона и представителей СМИ принять участие во встрече.

📱Для получения более подробной информации обращайтесь по телефону +7 707 808 60 70, Даулет Самбетбаев.
🔹Көлік министрі Жамбыл облысындағы Бесағаш, Қордай және Қарасу өткізу пунктерінің жұмысын тексерді

Көлік министрлігі басшылығының өңірлер бойынша 10 күндік жұмыс сапары жалғасып жатыр. Ведомство басшысы Жамбыл облысына келіп, көлік инфрақұрылымының бірнеше маңызды нысанын тексеріп, халықпен кездесу өткізді.

Шымкенттен Таразға барар жолда Марат Қарабаев екі қаланы жалғайтын автожолдың ақылы учаскесін қарап, Шақпақ баба ауылы маңындағы қос жолды тоннель құрылысының барысын тексерді.

Қазіргі уақытта тоннельде бетон жұмыстары аяқталып, аркалардың бетін тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «ҚазжолҒЗИ» АҚ техникалық қадағалау қызметінің ақпараты бойынша, сол жақ тоннельдегі асфальтбетон жұмыстары 100 пайызға, оң жақтағысы жартылай аяқталған.

📌Толығырақ - www.gov.kz

⚪️

🔹Министр транспорта проверил работу пунктов пропуска Бесагаш, Кордай и Карасу в Жамбылской области
 
Продолжается 10-дневная рабочая поездка руководства Министерства транспорта по регионам. Глава ведомства прибыл в Жамбылскую область, где проверил несколько важнейших объектов транспортной инфраструктуры и провел встречи с населением.

По пути из Шымкента в Тараз Марат Карабаев осмотрел платный участок автодороги, соединяющий два города, а также проверил ход строительства двухпутного тоннеля близ поселка Шакпак баба.

На данный момент в тоннеле завершены бетонные работы, проводится шлифовка поверхности арок. По информации службы технадзора АО «КаздорНИИ», асфальтобетонные работы в левом тоннеле завершены на 100%, в правом – на половину.

📌Подробнее - www.gov.kz
«Қазавтожолға» «ЗЕ-ЗК» автожолының бойындағы сервисті белсенді дамыту тапсырылды
 
Өңірлер бойынша жұмыс сапары барысында көлік министрі Қызылорда қаласынан Алматыға дейінгі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің учаскесін қарап шықты.

Сапар барысында Көлік министрлігінің басшысы мердігер ұйымдардың өкілдерімен, ұлттық жол активтері сапасы орталығының сарапшыларымен және жол ғалымдарымен бірге жол төсемі мен жол инфрақұрылымының жай-күйін тексерді.

📌Толығырақ - www.gov.kz

⚪️

«Казавтожолу» поручено активнее развивать придорожный сервис на дороге «ЗЕ-ЗК»
 
В ходе рабочего турне по регионам республики министр транспорта осмотрел участок международного транспортного коридора «Западная Европа-Западный Китай» от города Кызылорды до Алматы.

В ходе поездки руководитель Минтранспорта вместе с представителями подрядных организаций, экспертами Национального центра качества дорожных активов и учеными-дорожниками проверил состояние полотна и дорожной инфраструктуры.

📌Подробнее - www.gov.kz