ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.68K subscribers
12.9K photos
1.81K videos
6.49K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
Дастан Жұмақұлов ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды
 
Қазақстан Республикасы көлік министрінің бұйрығымен Дастан Рахымжанұлы Жұмақұлов Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, сондай-ақ Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын тәмамдаған.

2008–2013 жылдары көліктік бақылау саласында қызмет етіп, Астана қаласы және Қарағанды облысы бойынша «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясында заңгер, өтініштерді қабылдау жөніндегі нұсқаушы, жетекші маман, құқық және кадр жұмысы бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

2013–2023 жылдары көліктік бақылау жүйесінде еңбек етіп, Қарағанды облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясында бөлімдердің басшысынан инспекция басшысының орынбасарына дейінгі қызметте болды.

2023 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Талдықорған қаласында ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы қызметін атқарды.

🔹🔹🔹

Дастан Жумакулов назначен председателем Комитета автомобильного транспорта и транспортного контроля МТ РК

Приказом Министра транспорта Республики Казахстан Жумакулов Дастан Рахымжанович назначен на должность председателя Комитета автомобильного транспорта и транспортного контроля ведомства.

Родился в 1987 году в Восточно-Казахстанской области. Окончил Карагандинский государственный университет им. академика Е. А. Букетова, Казахский автомобильно-дорожный институт им. Л.Б. Гончарова.

С 2008 по 2013 гг. работал в сфере транспортного контроля, занимая должности юриста, инструктора по приему обращений, ведущего специалиста, а также начальника отдела юридической и кадровой работы в Межрегиональной инспекции транспортного контроля «Сарыарқа» по Карагандинский области и городу Астана.

С 2013 по 2023 гг. занимал различные руководящие должности в системе транспортного контроля — от руководителя отделов до заместителя руководителя Инспекции транспортного контроля по Карагандинской области.

С декабря 2023 года по настоящее время руководитель Инспекции транспортного контроля по области Жетісу Комитета автомобильного транспорта и транспортного контроля МТ РК,
г. Талдыкорган.
🔹Душанбе қаласында Авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі кеңестің 48-ші сессиясы өтті
 
Авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі кеңестің 48-ші сессиясы алғаш рет Тәжікстан аумағында Тәжікстан Республикасы Азаматтық авиация агенттігінің директоры Хабибулло Назарзоданың төрағалығымен өтті.

Іс-шара қатысушыларына Тәжікстан Республикасының Көлік министрі Әзім Иброхим құттықтау сөз сөйледі. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев басқарды. Сессия жұмысына қатысушы мемлекеттердің өкілдері ретінде Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары Владимир Потешкин, Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрінің орынбасары Армен Симонян, Өзбекстан Республикасы Азаматтық авиация агенттігінің директоры Тахир Назаров, Беларусь Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің авиация департаментінің директоры Игорь Голуба, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекетаралық авиация комитеті (МАК)басшылығы қатысты.

МАК баяндамасына сәйкес, 2025 жылы авиациялық жұмыстар мен тасымалдардың барлық түрлері бойынша ұшу қауіпсіздігінің абсолюттік көрсеткіші (31 авиациялық оқиға) 2024 жылмен салыстырғанда (46 авиациялық оқиға) айтарлықтай жақсарған.

Алдын ала бағалау бойынша, 2025 жылы жұмыстың барлық түрлері бойынша «адами факторға» байланысты авиациялық оқиғалар шамамен 70%-ды құрайды. Келісімге қатысушы мемлекеттердің коммерциялық азаматтық авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен апаттар бойынша ұшу қауіпсіздігінің салыстырмалы көрсеткіштері 2021–2025 жылдар кезеңіндегі ең үздік нәтижені көрсетті.

Қазақстан тарапы Орталық Азиядағы ИКАО талаптарына сәйкес келетін алғашқы ұйым саналатын «Көліктік оқиғалар мен оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру орталығы» АҚ-ның даму тұжырымдамасын таныстырды.

Сессия алаңында Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдерімен екіжақты келіссөздер жүргізілді.

Кеңестің 48-ші сессиясының қорытындысы бойынша қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және азаматтық авиация саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды.
 
Анықтама: Мемлекетаралық авиация комитеті (бұдан әрі – МАК) посткеңестік мемлекеттердің азаматтық авиация саласындағы қызметін үйлестіру үшін 1991 жылғы Азаматтық авиация және әуе кеңістігін пайдалану туралы үкіметаралық Келісімнің (бұдан әрі – Келісім) негізінде құрылған.

МАК - Келісімді іс жүзінде іске асыруды жүзеге асыратын, авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі Кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) жұмысын және оның шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін мемлекетаралық атқарушы орган болып табылады. Келісімге қатысушы мемлекеттер өздерінің өкілетті өкілдері арқылы МАК жұмысына қатысады және оның қызметін бақылауды жүзеге асырады.

2026 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша Келісімге қатысушы мемлекеттер: Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркменстан және Өзбекстан Республикасы.
🔹В Душанбе состоялась 48-я сессия Совета по авиации и использованию воздушного пространства
 
48-я сессия Совета по авиации и использованию воздушного пространства впервые состоялась на территории Таджикистана под председательством директора Агентства гражданской авиации Республики Таджикистан Хабибулло Назарзода.

С приветственным словом к участникам события обратился Министр транспорта Республики Таджикистан Азим Иброхим. Казахстанскую делегацию возглавил Вице-министр транспорта Республики Казахстан Талгат Ластаев. В работе сессии также приняли участие представители государств – участников в лице Заместителя министра транспорта Российской Федерации Владимира Потешкина, Заместителя министра территориального управления и инфраструктуры Республики Армения Армена Симоняна, директора Агентства гражданской авиации Республики Узбекистан Тахира Назарова, директора Департамента по авиации Министерства транспорта и коммуникации Республики Беларусь Игоря Голуба, а также руководство Межгосударственного авиационного комитета (МАК).

Согласно докладу МАК в 2025 г. абсолютный показатель безопасности полетов по всем видам авиационных работ и перевозок (31 авиационных происшествий) значительно улучшился относительно 2024 г. (46 авиационных происшествий).

По предварительной оценке, в 2025 г. авиационные происшествия по всем видам работ, обусловленные «человеческим фактором», составляет около 70%. Относительные показатели безопасности полетов в коммерческой гражданской авиации государств-участников Соглашения по авиационным происшествия и катастрофы – лучшие за период 2021–2025 гг.
Казахстанская сторона презентовала концепцию развития АО «Центр по расследованию транспортных происшествий и инцидентов», являющейся первой организацией в Центральной Азии, соответствующей требованиям ИКАО.

На площадке сессии состоялись двусторонние переговоры с представителями России, Таджикистана и Узбекистана.

По результатам 48-й сессии Совета приняты решения, направленные на дальнейшее развитие сотрудничества государств-участников, повышение уровня безопасности полетов и совершенствование нормативной правовой базы в сфере гражданской авиации.
 
Справочно: Межгосударственный авиационный комитет (далее – МАК) образован на основании межправительственного Соглашения о гражданской авиации и об использовании воздушного пространства 1991 года (далее – Соглашение) для координации деятельности государств постсоветского пространства в области гражданской авиации.

МАК является постоянно действующим межгосударственным исполнительным органом, осуществляющим практическую реализацию Соглашения и обеспечивающим работу Совета по авиации и использованию воздушного пространства (далее – Совет) и выполнение его решений.
Государства–участники Соглашения участвуют в работе МАК через своих полномочных представителей и осуществляют контроль его деятельности.

По состоянию на апрель 2026 г. государствами – участниками Соглашения являются: Азербайджанская Республика, Республика Армения, Республика Беларусь, Республика Казахстан, Кыргызская Республика, Российская Федерация, Республика Таджикистан, Туркменистан и Республика Узбекистан.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✈️24KZ телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Сәрсен Жарылғасовтың қатысуымен азаматтық авиация саласындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

📹: 24KZ
Шекарадағы кезекті азайту үшін жаңа күту аймақтарына талаптар енгізіледі
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде күту аймақтарының инфрақұрылым параметрлерін, жол қозғалысын ұйымдастыру тәртібін және техникалық жабдықталу деңгейін егжей-тегжейлі реттейтін құжат қаралуда.

Күтуге арналған сервистік аймақтарды жобалау кезінде олардың географиялық орналасуы, бекеттердің өткізу қабілеті, болжамды көлік ағындары, сондай-ақ жер бедері мен климаттық жағдайлар ескеріледі.

Жол-көлік сызбасы көлік құралдарының барынша жоғары өткізу қабілетін қамтамасыз етіп, қауіпсіз маневр жасауға мүмкіндік беруі тиіс. Бұл ретте қозғалыс ағындары кіру, сәйкестендіру, күту, қызмет көрсету және шығу кезеңдеріне бөлінеді.

Сервистік күту аймақтары үш функционалдық блоктаң тұрады: тұрақ, коммерциялық және әкімшілік аймақтар. Тұрақ аймағында жүк және жеңіл көліктер бөлек орналастырылады, ал электрондық кезек терминалдар мен мобильді қосымшалардағы тіркелу жүйесі арқылы жүзеге асатын болады. Тұрақ аймағының ең төменгі сыйымдылығы кемінде 200 жүк көлігіне есептелуі тиіс.
Коммерциялық аймақта жүргізушілер мен тасымалдаушыларға арналған сервистік нысандар орналастырылады. Әкімшілік аймақ операторларды және, қажет болған жағдайда, мемлекеттік органдардың бөлімшелерін орналастыруға арналған.

Жеке талаптар блогы техникалық жабдықталуға қатысты. Сервистік аймақтарға кіру және шығуды бақылайтын автоматтандырылған жүйелермен, мемлекеттік нөмірлік белгілерді тану функциясы бар көлік құралдарын есепке алу жүйелерімен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау мүмкіндігімен жабдықталуы тиіс. Сонымен қатар қауіпсіздік жүйелері, тұрақты мобильді байланыс және интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілуі қажет.

Аталған жаңашылдық сервистік күту аймақтарының сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, көлік ағындарын тиімді басқаруға, сондай-ақ транзиттік тасымалдар кезінде қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл талаптар жаңа нысандарды салу кезінде де, қолданыстағы күту алаңдарын жаңғырту барысында да қолданылады. Жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15803558
Новые требования к зонам ожидания помогут сократить очереди на границе
 
В Министерстве транспорта Республики Казахстан на рассмотрении находится документ, детально регламентирующий параметры инфраструктуры, организацию дорожного движения и уровень технического оснащения таких объектов.

При проектировании сервисных зон ожидания предусматривается учет географического положения, пропускной способности пунктов пропуска, прогнозируемых транспортных потоков, а также рельефа местности и климатических условий.

Дорожно-коммуникационная схема должна обеспечивать максимальную пропускную способность и безопасное маневрирование с разделением потоков на этапы въезда, идентификации, ожидания, сервиса и выезда.

Сервисные зоны ожидания будут включать три функциональных блока — парковочный, коммерческий и административный. Парковочная зона предусматривает раздельное размещение грузового и легкового транспорта, внедрение системы электронной очереди с регистрацией через терминалы и мобильные приложения.

Минимальная вместимость парковочной зоны должна составлять не менее 200 грузовых транспортных средств.

В коммерческой зоне предусматривается размещение объектов сервиса для водителей и перевозчиков. Административная зона предназначена для размещения оператора и при необходимости, подразделений государственных органов.

Отдельный блок требований касается технического оснащения. Сервисные зоны должны быть оборудованы автоматизированными системами контроля въезда и выезда, системами учета транспортных средств с распознаванием государственных номерных знаков и возможностью интеграции с информационными системами госорганов. Также должны быть предусмотрены системы безопасности, а также устойчивой мобильной связи и доступа в интернет.

Нововедение позволит обеспечить надежность функционирования сервисных зон ожидания, эффективное управление транспортными потоками, а также повысить качество обслуживания при осуществлении транзитных перевозок.

Требования будут применяться как при строительстве новых объектов, так и при модернизации действующих площадок ожидания. Проект приказа опубликован на портале «Открытые НПА» по ссылке: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15803558
🔹Олжас Бектенов Президенттің көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді
 
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту бағытындағы тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес өткізді.

Жиында инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық шешімдер енгізу және саланың ел экономикасындағы үлесін арттыру бойынша қойылған міндеттердің сапасы мен мерзімінде орындалуына назар аударылды.

Кеңес барысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша көлік және қоймалау саласындағы жалпы өнім көлемі 12,2 трлн теңгені құрағаны аталып өтті. Биылғы қаңтар-наурыз айларында саланың өсімі 12,8%-ға жетті.

Өткен жылы автокөлікпен ел ішінде 353 млн тонна жүк тасымалданды, «Қалбатау – Майқапшағай», «Талдықорған – Өскемен», «Атырау – Астрахан» және «Қарағанды – Алматы» бағыттары бойынша жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын 4 ірі жоба жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта «Ақтөбе – Қызылорда», «Бейнеу – Сексеуіл», «Орталық – Батыс», «Қарағанды – Жезқазған» және Сарыағаш айналма жолы бағыттарын қамтитын транзиттік дәліздерді дамыту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, жол жөндеу жұмыстарының қамту көлемі 13 мың шақырымға жеткізілді.

ЕАЭО ішкі шекараларындағы автокөлік өткізу пункттерін жаңғырту аясында өткен жылы 2 учаскеде жұмыс аяқталды. Қазіргі таңда 37 нысан құрылыс жұмыстарымен қамтылған, оларды толық аяқтау 2027 жылға жоспарланған.

Транзиттік әлеуетті кешенді дамыту аясында теміржол көлігін дамыту мәселелері қаралды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдау көлемі 33 млн тоннаға жетті, бұл 2024 жылғы деңгейден 20%-ға жоғары. Транзиттік тасымал үлесі жалпы көлемнің 10%-ын құрады. 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында транзит тағы 14%-ға өсіп, 8 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін жетті, бұл ретте контейнерлік тасымал 6%-ға ұлғайды.

Кеңесте Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға назар аударылды. ТХКБ бойынша жеткізу мерзімдерін қысқарту, «Алтынкөл – Поти/Батуми» бағытында өтпелі тарифтер енгізу, Әзербайжан мен Грузиядағы серіктестермен цифрлық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 3,9 мың шақырым теміржолда ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда, оның ішінде «Мойынты – Қызылжар» және «Бақты – Аягөз» желілерін салу, сондай-ақ «Алтынкөл – Жетіген», «Шалқар – Бейнеу», «Бейнеу – Маңғыстау» және басқа да бағыттар учаскелерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Ал теңіз инфрақұрылымын дамыту бойынша Ақтау және Құрық порттарын пайдалана отырып тасымалды жандандыра түсу жөніндегі жұмыстар туралы баяндалды. Осы жылы Ақтау портында су түбін 1,3 млн текше метрге дейін тереңдету жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.

Азаматтық авиация саласына келсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнда 20,8 млн жолаушы тасымалданды, әуежайларда 31,8 млн адамға қызмет көрсетілді, олардың ішінде Астана (9,2 млн адам) және Алматы (12 млн адам) әуежайлары бар. 2028 жылға дейін 11 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру көзделген, оған 4 жаңа әуежай, 2 ұшу-қону жолағы, сондай-ақ 5 қаладағы инфрақұрылымдарды жаңғырту жұмыстары кіреді. Биыл халықаралық маршруттық желіні 30 елде 135 маршрутқа дейін кеңейту жоспарланып отыр (2024 жылы – 115 маршрут).

Жиында Президент тапсырмасы бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде қазақстандық әуе компаниялар үшін отандық авиаотын құнының төмендетілгені баяндалды. Бүгінгі таңда еліміздің әуежайларында бір тонна отынның бағасы шамамен $800 тұрады, бұл оны көрші елдермен салыстырғанда тартымды ете түседі. Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде Қазақстан әуежайларына жаңа шетелдік компаниялар келе бастады, олардың ішінде Centrum Air (Өзбекстан), Shiraq Avia (Армения), Martinair (Нидерланд), One Air (Ұлыбритания), Atlas Air (АҚШ), MNG Airlines (Түркия) және тағы да басқалары бар.
 
Кеңесте саланы цифрландыру мәселелері де қаралды. Қазіргі уақытта көлік қатынасы әлемнің 42 елімен жүзеге асырылуда, тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат бланкілерінің саны 2022 жылмен салыстырғанда 3 есеге өскен. Бұл процедураны жеңілдету және жеделдету үшін бланкілерді беру процесі электронды форматқа ауыстырылды.
CarGoRuqsat жүйесі енгізілді, Қытаймен шексіз алмасу қамтамасыз етілді, шетелдік рұқсат бланкілерінің 70%-ы цифрландырылды. 2026 жылдың наурызында Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) елдерімен e-Permit пилоттық жобасы іске қосылды, сондай-ақ халықаралық тасымалдарға арналған e-CMR пилоттық жобасы жүзеге асырыла басталды. Қабылданған шаралар рәсімдердің ашықтығын арттыруға, мерзімдерін қысқартуға және әкімшілік шығындарды азайтуға бағытталған.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындауды, сондай-ақ барлық жобалардың уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
🔹Олжас Бектенов провел совещание по исполнению поручений Президента в области транзитно-транспортного развития
 
Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по исполнению поручений Главы государства в области развития транзитно-транспортного потенциала страны.

Внимание было акцентировано на качестве и сроках исполнения задач, поставленных по модернизации инфраструктуры, внедрению цифровых решений и увеличению доли отрасли в структуре экономики страны.

В ходе совещания отмечено, что валовый выпуск в сфере транспорта и складирования по итогам 2025 года составил 12,2 трлн тенге. В январе–марте текущего года рост отрасли составил 12,8%.

Автомобильным транспортом за прошедший год перевезено 353 млн тонн грузов внутри страны. В прошлом году были завершены работы по 4 крупным проектам: «Калбатау – Майкапчагай», «Талдыкорган – Усть-Каменогорск», «Атырау – Астрахань» и «Караганда – Алматы» общей протяженностью 2 тыс. км.

В настоящее время ведется развитие транзитных коридоров, включая маршруты «Актобе – Кызылорда», «Бейнеу – Саксаульский», «Центр – Запад», «Караганда – Жезказган» и обход Сарыагаш. В целом ежегодный охват дорожными работами доведен до 13 тыс. км.

В рамках модернизации автомобильных пунктов пропуска на внутренних границах ЕАЭС в прошлом году завершены работы на 2 объектах. На сегодня строительными работами охвачено 37 объектов с полным завершением в 2027 году.

В рамках комплексного развития транзитного потенциала рассмотрены вопросы развития железнодорожного транспорта. По итогам 2025 года объем транзитных перевозок достиг 33 млн тонн, что на 20% выше уровня 2024 года. Доля транзита в общем объеме перевозок составила 10%. За январь–март 2026 года транзит вырос еще на 14% — с 8 до 9 млн тонн, при этом контейнерные перевозки увеличились на 6%.

Внимание уделено развитию Транскаспийского международного транспортного маршрута. Ведется работа по сокращению сроков доставки по ТМТМ, введению сквозных тарифов по маршруту «Алтынколь – Поти/Батуми», интеграции цифровых систем с партнерами в Азербайджан и Грузия.

В настоящее время реализуются крупные инфраструктурные проекты на железной дороге общей протяженностью 3,9 тыс. км. В их числе строительство линий «Мойынты – Кызылжар» и «Бахты – Аягоз», а также модернизация участков «Алтынколь – Жетыген», «Шалкар – Бейнеу», «Бейнеу – Мангистау» и др.

В части развития морской инфраструктуры доложено о проводимой работе по развитию перевозок с использованием портов Актау и Курык. Отмечена важность проведения в текущем году дноуглубительных работ в порту Актау объемом 1,3 млн кубометров.

В сфере гражданской авиации по итогам 2025 года перевезено 20,8 млн пассажиров, в аэропортах обслужено 31,8 млн человек, включая аэропорт Астана (9,2 млн человек) и Алматы (12 млн человек). До 2028 года предусмотрена реализация 11 инфраструктурных проектов, среди которых 4 новых аэропорта, 2 взлетно-посадочные полосы, а также модернизация имеющейся инфраструктуры в 5 городах. На текущий год запланировано расширение международной маршрутной сети до 135 маршрутов в 30 стран (в 2024 году — 115 маршрутов).

На совещании было доложено, что в результате принятых по поручению Президента мер обеспечено снижение стоимости отечественного авиатоплива для казахстанских авиакомпаний. На сегодня цена в аэропортах РК составляет порядка $800 за тонну топлива, что делает ее более привлекательной по сравнению с соседними странами. В результате принятых комплексных мер в аэропорты Казахстана привлечены новые иностранные компании, среди которых Centrum Air, Shiraq Avia, Martinair, One Air, Atlas Air, MNG Airlines и др.

Также на совещании рассмотрены вопросы цифровизации отрасли. В настоящее время перевозки осуществляются с 42 странами мира, количество иностранных бланков разрешений на перевозки по сравнению с 2022 годом выросло в 3 раза. Для упрощения и ускорения процедуры процесс их выдачи переведен в электронный формат. Внедрена система CarGoRuqsat, с Китай обеспечен безлимитный обмен, оцифровано 70% иностранных бланков разрешений.
2
В марте 2026 года запущен пилот e-Permit со странами ОТГ, а также начата реализация пилота e-CMR для международных перевозок. Принимаемые меры направлены на повышение прозрачности процедур, сокращение сроков оформления и снижение административных издержек.

По итогам совещания Премьер-министр поручил обеспечить качественное исполнение поручений Главы государства, а также своевременную реализацию всех проектов.
🔹Көлік министрі еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев министрліктің басшылық құрамымен еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша 2026 жылғы 13 сәуірде өткен кеңесте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов берген тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша жедел ведомстволық кеңес өткізді.

Кеңес барысында көлік саласының тиімділігін арттыру, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жеделдету, процестерді цифрландыру, сондай-ақ Президент пен Үкімет тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі басым міндеттер қаралды. Орындау мерзімдерін сақтау мен жұмыстың сапасына, сондай-ақ нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін басшылардың жеке жауапкершілігін күшейтуге ерекше назар аударылды.

Министр транзит көлемін 55 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жедел әрі үйлестірілген шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Қойылған міндеттерге сәйкес негізгі транзиттік дәліздерді дамыту, көлік инфрақұрылымын жаңғырту және Қазақстанның Еуразиядағы жетекші транзиттік хабретіндегі рөлін нығайту үшін стратегиялық маңызы бар жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

Теміржол жобаларын іске асыруға, автомобиль өткізу бекеттерін жаңғыртуды жеделдетуге, теңіз инфрақұрылымын дамытуға және халықаралық тасымалдарда цифрлық шешімдерді ілгерілетуге ерекше басымдық берілді.

Кеңес қорытындысы бойынша министр бекітілген іс-қимыл жоспарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді, негізгі бағыттар бойынша күнделікті бақылау орнатуды және мерзімдердің бұзылуына жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

«Мемлекет басшысы мен Үкімет алдындағы жауапкершілік айрықша жоғары. Негізгі міндет — әрбір жобаның сапалы, уақтылы әрі нәтижелі іске асырылуын қамтамасыз ету. Барлық бағыттар бойынша ресурстарды барынша жұмылдыру және қатаң атқарушылық тәртіп қажет»,

— деп атап өтті министр.
🔹Министр транспорта провел совещание по вопросам развития транзитно-транспортного потенциала
 
Министр транспорта Республики Казахстан Нурлан Сауранбаев провел оперативное ведомственное совещание с руководящим составом министерства по вопросам реализации поручений, данных Премьер-министром Республики Казахстан Олжасом Бектеновым на совещании по исполнению поручений Главы государства в области развития транзитно-транспортного потенциала страны 13 апреля 2026 года.

В ходе совещания были рассмотрены приоритетные задачи по повышению эффективности работы транспортной отрасли, ускорению реализации инфраструктурных проектов, цифровизации процессов и обеспечению безусловного исполнения поручений Президента и Правительства. Особое внимание было уделено соблюдению сроков и качества исполнения, а также усилению персональной ответственности руководителей за достижение конкретных результатов.

Министр подчеркнул необходимость принятия оперативных и скоординированных мер для достижения целевых показателей по наращиванию транзитных объемов до 55 млн тонн. В соответствии с поставленными задачами поручено активизировать работу по развитию ключевых транзитных коридоров, модернизации транспортной инфраструктуры и сопровождению проектов, имеющих стратегическое значение для укрепления роли Казахстана как ведущего транзитного хаба Евразии.

Отдельный акцент сделан на реализации железнодорожных проектов и ускорении модернизации автомобильных пунктов пропуска, развитии морской инфраструктуры, продвижению цифровых решений в международных перевозках.

По итогам совещания министр поручил обеспечить неукоснительное исполнение утвержденного плана действий, установить ежедневный контроль по ключевым направлениям и принять дополнительные меры по недопущению срыва сроков.

«Ответственность перед Главой государства и Правительством является исключительно высокой. Ключевая задача — обеспечить качественную, своевременную и результативную реализацию каждого проекта. По всем направлениям необходима максимальная мобилизация ресурсов и строгая исполнительская дисциплина», -

отметил министр.
📌Көлік министрлігі инватакси қызметін көрсету тәртібін жетілдіруде
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі.

Бұл құжат мүмкіндігі шектеулі жандарға көліктің қолжетімді болуын, тасымалдау жұмысын жақсартуды және талаптарды бүгінгі заманға сай жаңартуды көздейді.

Инватакси қызметіне қатысты өзгеріс бар: енді оны кімдер ала алатыны нақтыланады. Ол үшін арнайы тізім (қосымша) жасалады, онда инватаксиге құқық беретін медициналық көрсеткіштер нақты жазылады. Бұл аталған қызметті алушыларды айқындауда бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жергілікті атқарушы органдардың инватаксимен сапар ұзақтығын айқындау жөніндегі өкілеттіктері кеңейтіледі. Бұл тәсіл халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, реттеуді неғұрлым икемді жүргізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ 18 жасқа толған мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшілердің алып жүру мүмкіндігі бекітіледі.

Сонымен қатар автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізіледі. Қоғамдық көліктің жүктемесі жоғары болған жағдайда балалар арбаларын алып жүру шарттары нақтыланып, автобустардағы бағыттық көрсеткіштерді рәсімдеуге қойылатын талаптар өзектендіріледі.

Конкурстық рәсімдерді жетілдіру аясында тасымалдаушыларды бағалаудың қосымша өлшемшарттарын енгізу көзделген. Атап айтқанда, электрлі және гибридті қозғалтқыштары бар автобустарды қоса алғанда, экологиялық көлікті пайдалану ынталандырылады. Бұл жылжымалы құрамды жаңартуға және қоршаған ортаға түсетін әсерді азайтуға бағытталған.

Сондай-ақ, өңірлердегі автовокзалдардың атаулары мен орналасқан жері нақтылана отырып, тексеру жүргізілетін көлік инфрақұрылымы нысандарының тізімі нақтылануда.

Бұйрық жобасы 2026 жылғы 8 сәуірде «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылды.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15803306

🔹🔹🔹

📌Минтранс совершенствует порядок предоставления услуг инватакси

Министерством транспорта Республики Казахстан разработан проект приказа, предусматривающий внесение изменений в действующие нормативные правовые акты в сфере автомобильных перевозок пассажиров.

Документ направлен на повышение доступности транспортных услуг для лиц с инвалидностью, совершенствование организации перевозок, а также актуализацию отдельных требований с учетом современных условий.

В части оказания услуг инватакси предлагается систематизировать и конкретизировать основания для их предоставления. Для этого вводится отдельное приложение, в котором будет закреплен перечень медицинских показаний, дающих право на получение услуги инватакси. Это позволит обеспечить единый подход при определении получателей данных услуг.

Расширяются полномочия местных исполнительных органов по определению продолжительности поездки на инватакси. Такой подход обеспечит более гибкое регулирование с учетом потребностей населения.

Также закрепляется возможность сопровождения индивидуальными помощниками лиц с инвалидностью в возрасте 18 лет и старше.

Вместе с тем вносятся изменения в Правила перевозок пассажиров автомобильным транспортом. Уточняются условия провоза детских колясок в общественном транспорте при высокой загрузке, а также актуализируются требования к оформлению маршрутных указателей на автобусах.

В рамках совершенствования конкурсных процедур предусматривается введение дополнительных критериев оценки перевозчиков. В частности, стимулируется использование экологичного транспорта, включая автобусы с электрическими и гибридными двигателями. Это направлено на обновление подвижного состава и снижение воздействия на окружающую среду.

Кроме того, актуализируется перечень объектов транспортной инфраструктуры, на которых осуществляется досмотр, с уточнением наименований и местоположения автовокзалов в регионах.

Проект приказа размещен на интернет-портале открытых нормативных правовых актов «Открытые НПА» 8 апреля 2026 года.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15803306
Forwarded from UKIMET
Көлік саласының алдында ірі стратегиялық жобаларды жүзеге асыру міндеттері тұр: Олжас Бектенов инфрақұрылымды жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында көлік саласындағы негізгі көрсеткіштердің өскенін, бірақ өткізу қабілетін одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.

«Көлік саласында оң динамика қалыптасып, негізгі көрсеткіштердің өсуіне қол жеткізілді.

Сонымен қатар теміржол желісінің өткізу қабілетін жүйелі түрде арттыру қажет.

Бекітілген жобалардың құрылысы мен жаңғырту жұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін және порттардың инфрақұрылымын дамытуға да көңіл бөлінді.

«Бүгінгі таңда Транскаспий халықаралық көлік бағыты – қарқынды дамып келе жатқан дәліздердің бірі. Ақтау мен Құрық порттарының инфрақұрылымын жаңғыртуды жеделдету қажет.

Автожол саласының алдында өңірлердің көлік байланысын арттыру үшін аса маңызды ірі стратегиялық жобаларды іске асыру міндеті тұр.

Биыл 11 мың шақырым автомобиль жолын құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамту қажет»,

— деп атап өтті Премьер-министр.

Бұл ретте Олжас Бектенов бірқатар жобаларды даярлау қарқынына назар аударды.

«Сондай-ақ мемлекеттік кепілдік есебінен қаржыландыру жоспарланған автожол жобалары бойынша құжаттаманы сүйемелдеу процесі баяу жүріп жатыр»,

— деп атап өтті ол.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM