ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
6.95K subscribers
5.04K photos
655 videos
8 files
2.24K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақтау битум зауытын жаңғырту жұмыстары мерзімінен бұрын жүргізілуде

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысындағы «CASPI BITUM» БК» ЖШС-нің Ақтау битум зауытына барды.

ҚМГ басшысы мұнай өңдеу қуатын жылына 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі жобаны іске асыру барысын тексерді. Жоба жол битумын шығару көлемін жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

2024 жылы қараша айында басталған жұмыстарды бас мердігер — CITIC Construction (CITIC Group) компаниясы жүргізуде.

📌Жұмыстар кестеде белгіленген уақытынан озып келе жатыр: 17 сәуірдегі жағдай бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын нақты орындау көрсеткіші 98%-ға жетті. Іске қосу-баптау іс-шараларына дайындық жұмыстары қарқын алды. Атап айтқанда, жабдықтар жеке-жеке сынақтан өтті, 23 мың тонна көлемінде мұнай жеткізілді, ал сәуірде мұнай жеткізудің жалпы көлемі 35 мың тонна құрайтын болады.

🔵Қазақстанда жол битумы өніміне сұраныс үнемі өсіп келе жатқанын ескерсек, отандық битумның негізгі жеткізушілерінің бірі — Ақтаудағы «CASPI BITUM» зауытын модернизациялау автожол саласын дамытуда стратегиялық маңызға ие.

Зауытты модернизациялау жобасын іске асыруға 260-тан аса қызметкер мен 13 арнайы техника жұмылдырылды.

⚙️Асхат Хасенов «CASPI BITUM» БК» ЖШС басшылығына зауытты қауіпсіз іске қосып, технологиялық режимге шығаруды тапсырды.

Зауытты модернизациялаудың негізгі кезеңі туралы мына жерден оқи аласыздар.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM