🎓2025 жылы колледждер мен жоғары оқу орындары студенттері арасынан
79 тағылымгер «Ембімұнайгаз» АҚ (ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы)
өндірістік алаңдарында дуалды жүйе бойынша оқытылады. 📚Дуалды білім беру жүйесі екі негізгі кезеңнен тұрады:
теория және тәжірибе. Яғни, студенттер оқу орындарының қабырғасында теориялық білім алса, кен алаңдарында тәжірибе жинақтайды. Өз тиімділігін дәлелдеген, серіктестікті нығайтуды көздеген бұл бағдарлама 2015 жылдан бері қолданылып келеді.
Жоба мұнай-газ саласындағы кәсіби кадрларды даярлауда жоғары нәтиже көрсетуде. 👨🎓👩🎓Жобаға колледждер мен жоғары оқу орындарының 3-4 курс студенттері қатыса алады.
🏢Дуалды жүйе аясында
2015-2024 жылдар аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ аймақтық
алты оқу орынмен ынтымақтастық орнатты: С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, APEC Petro Technic жоғары колледжі, Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі, Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі, Қызылқоға аграрлық-техникалық колледжі.
📌Жоба қолданысқа енгізілген
9 жыл ішінде 384 адам дуалды оқытудан өтті. Соның
92-і Ембі өндірісіне
жұмысқа орналасты. Дуалды оқыту кезеңі
студенттің еңбек өтілі ретінде есептелетінін айта кеткен маңызды.
📱 ҚазМұнайГаз