ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
📢Ұтыс ойынымыз жалғасуда! Құрметті достар! Біз сыйлық ойнатылатын ұтыс ойындарын жалғастырамыз. Сіздің мұнай мұнарасы түріндегі органайзер ұтып алу мүмкіндігіңіз бар! Ол үшін мына шарттарды орындаңыз: ✅Біздің арнамызға жазылыңыз; ✅Он досыңызды @kmgpress…
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Біздің жеңімпазымыз — Rus
Жақында сізбен жеке чат арқылы хабарласамыз!
***
Наш победитель — Rus
Мы свяжемся с вами в личном чате!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍3🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгінгі біздің кейіпкеріміз — «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) №1 цехының жеңіл нафтаны изомерлеу қондырғысының механигі Бәйденов Өркен Серікұлы.
Өркен өз мамандығын және осындай ірі өндіріс орнында жұмыс істейтінін мақтан тұтады. Ол «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында өткізілетін «Үздік маман» конкурсында бірнеше рет жүлдегер болған.
***
Сегодняшний наш герой — механик установки изомеризации легкой нафты цеха №1 ТОО «ПетроКазахстан Ойл Продактс» (ПКОП) Бәйденов Өркен Серікұлы.
Өркену нравится его профессия и работа на таком крупном предприятии. В рамках своей специальности он несколько раз становился призером конкурса «Үздік маман» среди группы компаний «КазМунайГаз».
#ЖұмысшыМамандықтарЖылы
#ГодРабочихПрофессий
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤3🔥2
Каспий құбыр консорциумы Атырауда 900 орынға арналған жаңа мектеп ашты
📌 Атырау қаласында жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов және Каспий құбыр консорциумының (КҚК) бас директоры Николай Горбань қатысты.
🏗Талқайран шағын ауданында 900 орынға арналған мектептің құрылысы 2022 жылы басталған. Содан бері КҚК қаражатына жалпы ауданы 12 мың шаршы метрден асатын үш қабатты ғимарат салынып бітті.
🏢 Мектепте әрқайсысы 25 адамға есептелген 36 сынып бар. Барлық аудитория заманауи жабдықтармен жабдықталған. Зертханаларда су құбыры, қосымша желдету жүйелері мен компрессорлар қойылды. Шет тілдер кабинеттерінде лингафон-мультимедиялық жабдықтар орнатылды. Сонымен қатар мектепте бірнеше шеберхана мен аспаздық кабинеті бар.
⏩ Мектепте оқу сыныптарынан басқа екі кітапхана, медициналық пункт, екі спорт залы, 210 адамға арналған акт залы және 312 орындық асхана жұмыс істейді.
⏩ Үш гектарды алып жатқан мектеп жанындағы аумаққа футбол стадионы, жүгіру жолақтары, спорттық тренажерлар аймағы, теннис корты және волейбол алаңы кіреді.
✔️ КҚК сондай-ақ алдағы үш жылда Атырауда Жастар үйін салуды жоспарлап отыр. 2001 жылдан бастап Консорциум Қазақстанда жыл сайын қайырымдылық жобаларына шамамен $3 млн бөледі. Мұндай жобалардың ішінде мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелерді салу және реконструкциялау жобалары бар.
Атырау облысының аумағында КҚК мұнай тасымалдау нысандары орналасқан, солардан тек 2024 жылы ел бюджетіне салық төлемдері түрінде $85 млн аударылды.
📱 ҚазМұнайГаз
🏗Талқайран шағын ауданында 900 орынға арналған мектептің құрылысы 2022 жылы басталған. Содан бері КҚК қаражатына жалпы ауданы 12 мың шаршы метрден асатын үш қабатты ғимарат салынып бітті.
Атырау облысының аумағында КҚК мұнай тасымалдау нысандары орналасқан, солардан тек 2024 жылы ел бюджетіне салық төлемдері түрінде $85 млн аударылды.
Анықтама:
КҚК құбыр жүйесі — ТМД аумағындағы энергетика саласының ірі жобаларының бірі. Теңіз—Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 км. Бұл бағыт бойынша экспортқа жөнелтілетін Қазақстан мұнайының үштен екі бөлігінен астамы, сондай-ақ Ресей кен орындарынан, соның ішінде Каспийде орналасқан кен орындарынан шикізат тасымалданады.
КҚК акционерлері:
Ресей Федерациясы — 24%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC — 1,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company — 15%, Лукойл Интернешнл Гмбх — 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company — 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited — 7,5%, «КТК компаниясы» МК (ЖШҚ) — 7%, BG Overseas Holdings Limited — 2%, Eni International N.A.N.V. S. ar.l. — 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC — 1,75.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🤝2👏1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝5👏2👍1
Каспийский трубопроводный консорциум открыл новую школу на 900 мест в Атырау
📌 В городе Атырау состоялось открытие новой школы с участием акима Атырауской области Серика Шапкенова и генерального директора Каспийского трубопроводного консорциума (КТК) Николая Горбаня.
🏗Строительство школы на 900 мест в микрорайоне Талгайран началось в 2022 году. За это время на средства КТК было возведено трехэтажное здание общей площадью свыше 12 тыс. кв. метров.
🏢 Школа включает 36 учебных классов, рассчитанных на 25 человек каждый. Все аудитории оснащены современным оборудованием. В лабораториях подведены водопровод, дополнительные вентиляционные системы и компрессоры. В кабинетах иностранных языков установлено лингафонно-мультимедийное оборудование. Также имеются несколько школьных мастерских и кабинет кулинарии.
⏩ Помимо учебных классов, в школе работают две библиотеки, медицинский пункт, два спортзала, актовый зал на 210 человек и столовая на 312 мест.
⏩ Пришкольная территория занимает 3 гектара и включает стадион с футбольным полем, беговой дорожкой, зоной спортивных тренажеров, теннисным кортом и волейбольной площадкой.
✔️ Также КТК в течение трех лет планирует построить Дом молодежи в г.Атырау. С 2001 года Консорциум ежегодно выделяет на благотворительные проекты в Казахстане около $3 млн. Среди таких проектов — строительство и реконструкция школ, детских садов и медицинских учреждений.
На территории Атырауской области расположены нефтетранспортные объекты КТК, и только в 2024 году в бюджет страны поступило $85 млн в виде налоговых платежей.
📱 ҚазМұнайГаз
🏗Строительство школы на 900 мест в микрорайоне Талгайран началось в 2022 году. За это время на средства КТК было возведено трехэтажное здание общей площадью свыше 12 тыс. кв. метров.
На территории Атырауской области расположены нефтетранспортные объекты КТК, и только в 2024 году в бюджет страны поступило $85 млн в виде налоговых платежей.
Справочно:
Трубопроводная система КТК — один из крупнейших проектов в энергетической сфере на территории СНГ. Протяженность трубопровода Тенгиз — Новороссийск составляет 1 511 км. По этому маршруту транспортируется более двух третей всей экспортной нефти Казахстана, а также сырье с российских месторождений, в том числе расположенных на Каспии.
Акционеры КТК:
Российская Федерация — 24%, АО НК «КазМунайГаз» — 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC — 1,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company — 15%, Лукойл Интернешнл Гмбх — 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company — 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited — 7,5%, МК «КТК Компани» (ООО) — 7%, BG Overseas Holdings Limited — 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. — 2% и Oryx Caspian Pipeline LLC — 1,75%.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9👏2🤝2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Күн мен түн теңеліп, табиғаттың жаңару шағы әрбір шаңыраққа жақсылық, ырыс-береке әкелсін.
⚜️ Мұнай-газ саласында атқарылып жатқан маңызды жұмыстарға біздің мыңдаған еңбек ұжымы өз үлесін қосып отыр. Еліміздің қазынасын молайтып, экономикамызды нығайтуға және ұлттық компанияның даму жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге алғысымды білдіремін.
🛖 Ұлыстың ұлы күнінде ұрпақтар сабақтастығы, достық қарым-қатынастар мен қонақжайлық салты дәріптеледі. Халқымыздың бірлігін, бауырластығы мен ынтымақтастығын арттырып отырған — тамыры терең әз Наурыз құтты болсын.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Ұлыс оң, ақ мол болсын!
Ізгі ниетпен, Асхат Хасенов
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы
📱 ҚазМұнайГаз
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Күн мен түн теңеліп, табиғаттың жаңару шағы әрбір шаңыраққа жақсылық, ырыс-береке әкелсін.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Ұлыс оң, ақ мол болсын!
Ізгі ниетпен, Асхат Хасенов
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍26❤3🎉3🕊2
Кендірлі аймағындағы теңіз суын тұщыту зауыты: құрылыстың соңғы кезеңі
📍 Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Кендірлі аймағындағы теңіз суын тұщыту зауытының құрылыс барысын тексерді.
✔️ Қазіргі уақытта негізгі құрылыс жұмыстары толық орындалды, соның ішінде автожолдар, магистральды су құбыры, сорғы станциялары, электр беру желілері, қосалқы станциялар және ішкі инженерлік тораптар салынды. Кәсіпорын аумағын абаттандыру және технологиялық жабдықты монтаждау жұмыстары аяқталып қалды.
⚡️ Қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын жаңа зауыт Жаңаөзен тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ, «Астрахань — Маңғышлақ» магистральды су құбырына жүктемені азайтып, өңірде өнеркәсіпті дамытуға мүмкіндік береді.
📌 Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Зауыт 2025 жылдың мамыр айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤2👏2🔥1