ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
4.51K subscribers
2.88K photos
336 videos
8 files
950 links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы
Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана
Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Өзенмұнайгаз» АҚ. Қабат қысымын сақтап тұру үшін су қоймасына үздіксіз және тұрақты су айдауды қамтамасыз ету, операциялық шығынды азайту, теңіз суынан бас тарту және жер қабатына альбсеноман суын айдауға көшу мақсатында компания басшылығының қолдауымен №2, 4 МГӨБ аумағында «Альбсеноман» жобасы қолға алынған болатын.

Қазіргі таңда екі кезеңге жоспарланған құрылыстың бірінші кезеңі – 16 су скважинасы жоспарға сәйкес өндіріске қосылған. Бүгінде бұл сораптар тәулігіне 1 500 куб су өндіреді.

Екінші кезеңге сәйкес, биылғы жылдың сәуір айынан бастап 11 су скважинасы қосылып, келесі жылы тағы 11 су скважинасы өз кезегін күтіп тұр.

Альбсеноман скважиналарының экономикалық тұрғыда теңіз суына қарағанда тиімді әрі бірнеше артықшылығы бар екені сөзсіз.

✓ альбсеноман қабаты суы әлдеқайда аз минералданған, бұл коррозия процесін төмендетеді;

✓ рН 8-ден жоғары, бұл карбонатты және гидрокарбонатты аниондардың жоқтығын және қыздыру кезінде карбонатты тұндыру қаупі нөлге тең екенін көрсетеді;

✓ судың құрамындағы сульфат аниондары қабат суымен араласқанда барий сульфаттарының тұнбасы пайда болады. Бұл шөгінді көлемін үш есеге кемітіп, мұнай өндіру кезінде операциялық шығынын төмендетеді.

🖥 #ҚалайЖұмысІстейді

Жазылыңыз // Подпишитесь: https://t.me/kmgpress
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
«Өзенмұнайгаз» АҚ. Қабат қысымын сақтап тұру үшін су қоймасына үздіксіз және тұрақты су айдауды қамтамасыз ету, операциялық шығынды азайту, теңіз суынан бас тарту және жер қабатына альбсеноман суын айдауға көшу мақсатында компания басшылығының қолдауымен №2…
АО «Озенмунайгаз». Проект «Альбсеноман» реализован на территории нефтегазодабывающих управлений №2, 4 с целью обеспечения непрерывной и стабильной закачки воды в пласт для поддержания в нефтяном месторождении пластового давления, снижения эксплуатационных затрат, отказа от морской воды и перехода на закачку альбсеноманской воды в грунт.

Первая очередь строительства рассчитана на два этапа, при этом в эксплуатацию введено 16 водяных скважин. Сегодня эти насосы производят 1500 кубометров воды в сутки.

По второму этапу с апреля текущего года подключено 11 водозаборных скважин, еще 11 таких скважин ждут своей очереди в следующем году.

Нет сомнений в том, что скважины Альбсеномана экономически более эффективны и имеют ряд преимуществ перед морской водой.

✓ вода альбсеноманского горизонта значительно менее минерализована, что снижает процесс коррозии;

✓ pH выше 8, что свидетельствует об отсутствии карбонат- и бикарбонат-анионов и риск выпадения карбонатов при нагревании равен нулю;

✓ При смешивании сульфат-анионов в воде с пластовой водой образуется осадок сульфатов бария. Это уменьшает количество осадков в три раза и снижает эксплуатационные затраты при добыче нефти.

🖥 #КакЭтоРаботает

Жазылыңыз // Подпишитесь: https://t.me/kmgpress
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
По инициативе АО НК «КазМунайГаз» с июня 2022 года был произведен запуск нового бренда нефти KEBCO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil).

Сегодня новый бренд не только подчеркивает казахстанское происхождение сырья, но и пользуется спросом на мировом рынке — цены на KEBCO идут вверх.

Предлагаем ознакомиться с материалом Информбюро и мнением эксперта о том, как казахстанский сорт нефти вошёл в ТОП-3 основных поставщиков в Европе.

🖥 #СМИоКМГ

Жазылыңыз // Подпишитесь:
https://t.me/kmgpress
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
М.Мырзағалиев Каспий құбыр консорциумының бас директорымен кездесті

16 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «Каспий құбыр желісі консорциумы» АҚ (КҚК) бас директоры Николай Горбаньмен кездесу өткізді.

Тараптар КҚК халықаралық жобасы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде 2024 жылдың алғашқы айларындағы Консорциум қызметінің қорытындысын, Теңіз – Новороссийск мұнай құбырының өндірістік нысандарын жаңғырту және сенімділігін арттыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру барысын талқылады.

КҚК бас директоры ҚМГ басшысына жуырда мұнай құбырының жұмысын жоспарлы тоқтату кезінде атқарылған іс-шаралары туралы мәлімет берді.

Сонымен қатар қос тарап Атырау облысындағы су тасқыны мәселесін талқылады. КҚК өндірістік бөлімшелері және оның мердігер ұйымдары су тасқыны кезеңінен өтуге дайындық аясында жергілікті басқару органдарына жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.

* * *

М.Мирзагалиев провел встречу с генеральным директором КТК

16 апреля председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) Магзум Мирзагалиев провел встречу с Генеральным директором АО «Каспийский Трубопроводный Консорциум» (КТК) Николаем Горбанем.

Стороны обсудили широкий круг вопросов сотрудничества в рамках международного проекта КТК, в том числе итоги деятельности Консорциума за первые месяцы 2024 года, ход реализации программ по модернизации и повышению надежности производственных объектов нефтепроводной системы Тенгиз – Новороссийск.

Гендиректор КТК проинформировал главу КМГ об объеме выполненных работ на нефтепроводе в ходе недавней плановой остановки.

Вместе с тем, стороны обсудили вопрос паводковой обстановки в Атырауской области. Подразделения КТК и его подрядных организаций оказывают посильную помощь местным органам управления для подготовки к прохождению паводкого периода.

Жазылыңыз // Подпишитесь: https://t.me/kmgpress
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлері KMG Volunteer еріктілер қозғалысының бастамасымен көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін Атырауға гуманитарлық көмек жіберді.

«Ембімұнайгаз» АҚ және "KPI" ЖШС әріптестерімізге көмек ретінде жағалауды нығайту үшін «Helios 245» үрлемелі қайығы және 10 мың дана қап жіберілді. Еріктілер сонымен бірге азық-түлік, консервіленген тағамдар, өсімдік майы, гигиеналық заттар мен нәрестелердің памперстерін жіберді.

ҚМГ еріктілері қайырымдылық акциясының барлық қатысушыларына жомарт жүректері және қолдау қажет жандарға көмектескендері үшін ризашылық білдіреді. Сондай-ақ, «Air Astana» авиакомпаниясына біздің жүктерді Атырау қаласына дейін тегін жеткізуге көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

🖥 #КүшімізБірлікте

* * *

Сотрудники АО НК «КазМунайГаз» по инициативе волонтерского движения KMG Volunteer, продолжая поддержку, направили гуманитарную помощь в Атырау для семей, пострадавших от паводков.


Была передана надувная лодка «Helios 245» и 10 тысяч мешков для укрепления набережной в помощь нашим коллегам из АО «Эмбамунайгаз» и ТОО «KPI». Волонтеры также приобрели продукты питания, консервированные изделия, растительное масло, гигиенические средства и детские памперсы.

Волонтеры КМГ выражают благодарность всем участникам благотворительной акции за щедрое сердце и готовность помочь тем, кто нуждается в поддержке. Также выражаем благодарность авиакомпании «Air Astana» за безвозмездную помощь в доставке нашего груза в г.Атырау.

🖥 #СилаВединстве

Жазылыңыз // Подпишитесь:
https://t.me/kmgpress
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚМГ-Аэро өңірлердегі ҚР Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның эвакуациялық тікұшақтарын авиакеросинмен қамтамасыз етуді жалғастыруда

Қазақстанның солтүстігінде су тасқыны аймағында тұратын жергілікті халықты эвакуациялау жалғасып жатыр. «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның эвакуациялық тікұшақтарын жанармаймен қамтамасыз ету үшін облысқа арнайы техника жөнелтті.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының шалғайдағы Нұра, Тәуіп ауылдарының халқын эвакуациялауға және жолсыз қалған елді мекендерге азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге жұмылдырылған тікұшақтар жанармаймен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар облыс әкімдігінің тапсырысы бойынша 3 млн теңгеге 10 тонна жазғы дизель отыны бөлінді.

13-15 сәуірде Атырау облысына 15,4 млн теңгеге 53,8 тонна жазғы дизель отыны жөнелтілді. Карта жүйесі арқылы 3 млн теңгеге АИ-92 маркалы 15 мың литр бензин берілді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша жалпы сомасы шамамен 37 млн теңгеге 100 тоннадан астам жазғы дизель отыны мен 10 мың литр АИ-92 бензині жеткізілді.

🖥 #КүшімізБірлікте

* * *

КМГ-Аэро продолжает обеспечивать авиатопливом эвакуационные вертолеты Минобороны и Нацгвардии РК

На севере Казахстана продолжается эвакуация местных жителей в зоне подтоплений. ТОО «КазМунайГаз-Аэро» (дочерним предприятием КазМунайГаза) направлена спецтехника для заправки «в крыло» вертолетов Минобороны и Нацгвардии РК.

В Иргизском районе Актюбинской области заправляются вертолеты, эвакуирующие жителей отдаленных населенных пунктов Нура, Тауп и доставляющие продукты в оставшиеся без дорог села. Кроме того, по запросу акимата области предоставлено 10 тонн летнего дизтоплива на 3 млн тенге.

В Атыраускую область с 13 по 15 апреля доставлено 53,8 тонны летнего дизтоплива на сумму 15,4 млн тенге. По карточной системе предоставлено 15 тыс. литров бензина марки АИ-92 на сумму 3 млн тенге.

По обращению акимата ЗКО доставлено более 100 тонн летнего дизтоплива и 10 тыс. литров бензина марки АИ-92 на общую сумму порядка 37 млн тенге.

🖥 #СилаВединстве
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️КазМунайГаз предупреждает казахстанцев о появлении фейкового видео на страницах в социальных сетях.

КазМунайГаз призывает казахстанцев быть осторожными в сети Интернет и не поддаваться на уловки мошенников.


Важно всегда проверять официальные источники информации, такие как официальный сайт и официальные аккаунты в социальных сетях, чтобы быть уверенными в достоверности предлагаемых инвестиционных возможностей или других предложений.

Достоверная информация о деятельности компании размещается только на официальном сайте kmg.kz, а также на официальных аккаунтах в социальных сетях, ссылки на которые можно увидеть здесь: kmg.kz/soc.html. Все остальные ресурсы, действующие от имени национальной компании «КазМунайГаз», являются мошенническими.

По всем фактам интернет-мошенничества КазМунайГаз обращается в правоохранительные органы и уполномоченный орган.

Жазылыңыз // Подпишитесь: https://t.me/kmgpress
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері су тасқынына қарсы бірнеше бөгеттің құрылысын аяқтап қалды

Атырау мұнай өңдеу зауытының және мердігер компаниялардың жедел штабы мен жұмылдыру тобы су тасқынына қарсы іс-шараларды жалғастыруда.

Кәсіпорын қызметкерлері Соколок каналы аймағында («Сасық сай» булану алқабы) екі қорғаныс бөгетін салып жатыр. Ұзындығы 660 метр бір бөгет тұрғызылып, оның биіктігін 2,1 метрге жеткізу жұмыстары жүруде. Екінші 925 метрлік бөгетті салу шаралары аптаның соңында аяқталмақ.

Геолог және Томарлы кенттері маңында ұзындығы 1 690 метрлік бөгет салынуда. Жайық жағасының бойында бөгетті тұрғызу, тығыздау және биіктігін көтеру жұмыстары аяқталды. Қалған 625 метрін салу 95%-ға орындалды.

🖥 #КүшімізБірлікте

* * *

Сотрудники АНПЗ завершают строительство противопаводковых дамб

Оперативный штаб и мобилизационная группа Атырауского нефтеперерабатывающего завода и подрядных компаний продолжают противопаводковые мероприятия в регионе.

Так, сотрудники АНПЗ строят две защитные дамбы в районе канала Соколок (поля испарения «Тухлая балка») на случай его разлива. Возведен земляной вал длиной 660 метров, проводятся работы по наращиванию уровня дамбы до 2,1 метра. Строительство 925-метровой дамбы планируется завершить в конце недели.

В районе поселков Геолог и Томарлы завершается возведение дамбы протяженностью 1 690 метров. Окончены строительство, уплотнение и наращивание высоты вала вдоль береговой линии Урала. На 95% закончено возведение оставшегося 625-метрового отрезка дамбы.

🖥 #СилаВединстве

Жазылыңыз // Подпишитесь: https://t.me/kmgpress
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✔️ ҚазМұнайГаз еліміздің мұнай газ саласындағы кешенді экологиялық рұқсатқа көшу рәсімдерін талқылауға қатысты

Қазақстан Республикаcының Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы Жұмыс тобы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Экологиялық кодексімен талап етілетің елдің ірі өндірістік кәсіпорындарының кешенді экологиялық рұқсаттарға (КЭР) көшуі жөніндегі Жол картасын әзірлейді.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен ү.ж. 16 сәуірде Астанада өткен дөңгелек үстелге қатысушылар — Өтпелі алгоритм мүдделі тараптардың пікірін ескере отырып әзірленетін болады деген келісімге келді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) іс-шарада «ҚМГ компаниялары тобында кешенді экологиялық рұқсат алудағы ағымдағы сын-қатерлер» атты баяндама жасап, КЭР алуға дайындық бойынша ағымдағы жағдайды, сондай-ақ жаңа экологиялық рұқсатты рәсімдеуге және одан әрі реттеуге байланысты жекелеген мәселелерді талқылады.

* * *

✔️ КазМунайГаз принял участие в обсуждении процедур перехода на комплексное экологическое разрешение в нефтегазовой отрасли страны

Рабочая группа при Министерстве экологии и природных ресурсов РК разработает Дорожную карту по переходу крупных производственных предприятий страны на комплексные экологические разрешения (КЭР), которые с 1 января 2025 года требуются Экологическим кодексом РК.

Алгоритм перехода будет разрабатываться с учетом мнения заинтересованных сторон. К такой договоренности 16 апреля пришли участники круглого стола в Астане, прошедшего по инициативе министерства.

На мероприятии АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) выступил с презентацией «Текущие вызовы для получения комплексного экологического разрешения в группе компаний КМГ», озвучив текущую ситуацию по подготовке к получению КЭР, а также отдельные вопросы, связанные с процедурой и дальнейшим регулированием нового экологического разрешения.

Жазылыңыз // Подпишитесь: https://t.me/kmgpress
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⭐️ Райхан Ақтаев — «Өріктау Оперейтинг» ЖШС механика және энергетика бөлімінің бастығы

Р.Ақтаев 1961 жылы Ақмола облысында кеншілер отбасында дүниеге келген. 1978-1983 жылдары В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында «Мұнай және газ кәсіпшіліктерінің машиналары мен жабдықтары» мамандығының "Инженер-механик" квалификациясы бойынша білім алды.

Еңбек жолын Жаңажол кен орнында пайдалану жөніндегі инженер болып бастаған. Ұзақ уақыт бойы «СНПС-Ақтөбемұнайгазда» қарапайым инженерден бастап басшылыққа дейін қызмет атқарды.

Сонымен бірге шетелдік мұнай компанияларында да жұмыс істеді. Ақжар Кеңқияқ мұнай құбырының құрылысында, мұнай жинау жүйесі және мұнай өңдеу қондырғыларының құрылысында, Кеңқияқ, Әлібекмола, Ташир, Қырыққұдық, Бозоба кен орындарының тұз асты ұңғымаларын барлау жобаларында жұмыс істеп, өзінің елеулі үлесін қосты.

2012 жылдан бастап «Өріктау Оперейтинг» ЖШС бас механик болып жұмыс істейді. Өнеркәсіптік базаны салу, кен орнын жайластыру, У1-У4, ВУ1-ВУ4 барлау ұңғымаларын салу жобаларына қатысып, Шығыс Өріктау кен орнын сынамалық және өнеркәсіптік пайдалану кезінде жауапты қызмет атқарды.

Райхан Құмарұлы 40 жылдан астам уақыт бойы өңірдің мұнай-газ саласының дамуына өзінің зор үлесін қосқан жан. 2024 жылдың соңында зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметті демалысқа шығуды жоспарлап отыр. Ол «Өріктау Оперейтинг» ЖШС атқарған адал еңбегі үшін «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерейтойлық медалі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төсбелгісі, «Шығыс Өріктау кен орнын өнеркәсіптік пайдалануға беру» медалі сияқты бірнеше марапаттарға ие болды.

Райхан Құмарұлы үлгілі отбасының иесі, екі баланың әкесі және екі сүйікті немересінің атасы. Спортпен белсенді түрде айналысады, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС волейболдан құрама командасының капитаны. Үлгілі азамат ретінде жас ұрпақты спортқа, салауатты өмір салтына ынталандырады.

ҚМГ: Адамдар – басты құндылығымыз!

🖥 #ҚМГадамдары

Жазылыңыз: https://t.me/kmgpress
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
⭐️ Райхан Ақтаев — «Өріктау Оперейтинг» ЖШС механика және энергетика бөлімінің бастығы Р.Ақтаев 1961 жылы Ақмола облысында кеншілер отбасында дүниеге келген. 1978-1983 жылдары В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында «Мұнай және газ кәсіпшіліктерінің…
⭐️ Райхан Актаев — начальник отдела механики и энергетики ТОО «Урихтау Оперейтинг»

Р.Актаев родился в 1961 году в Акмолинской области в семье шахтеров. С 1978 года по 1983 год обучался в Казахском политехническом институте им. В.И. Ленина по специальности «Машины и оборудование нефтяных и газовых промыслов», получив квалификацию «инженер-механик».

Начинал свою трудовую деятельность инженером по эксплуатации на месторождении Жанажол, долгое время проработал в «СНПС-Актобемунайгаз»: начиная от простого инженера до руководителя.

Работал в частных иностранных нефтяных компаниях, внес большой вклад при строительстве нефтепровода Акжар ПСП Кенкияк, в систему сбора нефти и строительство УПН, в проектах разведки подсолевых скважин месторождений Кенкияк, Алибекмола, Ташир, Кырыккудук, Бозоба.

С 2012 года работает в ТОО «Урихтау Оперейтинг» главным механиком, участвовал в проектах строительства промышленной базы, обустройства месторождения, разведочных скважин У1-У4, ВУ1-ВУ4, внес значительный вклад при пробной и промышленной эксплуатации месторождения Восточный Урихтау.

Райхан Кумарович, более 40 лет вносит свой вклад в развитие нефтегазовой отрасли региона. В конце 2024 года планирует выйти на заслуженный отдых. Его работа была многократно отмечена: юбилейная медаль «120-лет казахстанской нефти», нагрудной знак «АО «НК «КазМунайГаз», медаль за ввод месторождения Восточный Урихтау в промышленную эксплуатацию.

Райхан Кумарович примерный семьянин, отец двоих детей и дедушка двух любимых внуков. Активно занимается спортом, является капитаном команды сборной по волейболу ТОО «Урихтау Оперейтинг» и своим примером мотивирует молодое поколение к спорту здоровому образу жизни.

КМГ: Ценность в людях!

🖥 #ЛицаКМГ

Подпишитесь: https://t.me/kmgpress
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
КРІ-дан су тасқынына қарсы іс-шараларға 200-ден астам қызметкер мен 60-қа жуық техника жұмылдырылды

Атырау қаласы әкімдігі бекіткен аумақтар — Айнаш Байжігітова, Бейбітшілік, Бауыржан Момышұлы, Асқар Бисекенов көшелері мен ҰИМТ аймағында «КРІ» ЖШС және мердігер компаниялардың қызметкерлері, сондай-ақ бөлінген арнайы техникалар жұмыс жасап жатыр.

Бүгінде Балықшы аумағының ұзындығы 1700 метр болатын Жайық жағалауын нығайту жұмыстары 90%-ға аяқтады.

Жасақ тәулік бойы екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. ҰИМТ аумағына бөгет салу да қарқынды жалғасуда.

КРІ-ға Соколок арнасының тасуынан туындайтын қауіпті сейілту мақсатындағы бөгет салу жұмысына «Өзенмұнайгаз», «ҚазТрансОйл» және «Қазстройсервис» компанияларының еңбек ресурстары мен арнайы техникалары көмектесіп жатыр.

🖥 #КүшімізБірлікте

* * *

200 сотрудников КРІ и порядка 60 единиц техники задействованы в противопаводковых мероприятиях

Работники ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» и подрядных компаний, а также выделенная техника участвуют в работах по закрепленным акиматом Атырау районам — улицы Айнаш Байжигитовой, Бейбитшилик, Бауыржана Момышулы, Аскара Бисекенова и СЭЗ НИНТ.

На сегодня выполнено 90% работ по укреплению береговой линии Урала в районе поселка Балыкшы длиной 1700 метров. Бригады работают в две смены круглосуточно. Интенсивно возводится дамба на территории СЭЗ НИНТ.

При строительстве дамбы для устранения угрозы затопления при розливе канала Соколок помощь KPI трудовыми ресурсами и спецтехникой оказывают компании «Озенмунайгаз», «КазТрансОйл» и «Казстройсервис».

🖥 #СилаВединстве

Жазылыңыз // Подпишитесь: https://t.me/kmgpress
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM