ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
8.44K subscribers
8.05K photos
924 videos
8 files
3.72K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Астанада Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

🌷Ғылым қызметкерлері күні және Қаныш Сәтбаевтың туғанына 127 жыл толуына орай елордада Қазақстанның көрнекті ғалымы, академик әрі қоғам қайраткерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атынан ҚМГ Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ҚР ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, геология-минералогия ғылымдарының докторы Құрманғазы Есқазиев қатысты.

▪️Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, геолог-ғалым, ғылымды ұйымдастырушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандағы металлогения мектебінің негізін қалаушы, отандық ғылымның қалыптасуына зор үлес қосқан бірегей тұлға. Ол еліміздің мұнай-газ саласының ғылыми іргетасын қалыптастырудың бастауында тұрды.

✔️Айта кетсек, ҚазМұнайГаз Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер аясында геологияға, мұнай-газ кен орындарын игеруге, сондай-ақ мұнай-газ химиясына ерекше ден қоя отырып, 80 ғылыми-зерттеу тақырыбын қамтитын ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша ауқымды жобаларды іске асыруда. Сонымен қатар бүгінде ҚМГ білім беру мен зерттеу бағыттары бойынша 35 жетекші жоғары оқу орнымен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🔥32
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
Астанада Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды 🌷Ғылым қызметкерлері күні және Қаныш Сәтбаевтың туғанына 127 жыл толуына орай елордада Қазақстанның көрнекті ғалымы, академик әрі қоғам қайраткерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс…
В Астане возложили цветы к памятнику Каныша Сатпаева
 
🌷В честь Дня работников науки и 127-летия со дня рождения Каныша Сатпаева, в столице состоялась церемония возложения цветов к памятнику выдающегося казахстанского ученого, академика и общественного деятеля. В мероприятии от имени АО НК «КазМунайГаз» принял участие первый заместитель Председателя КМГ, лауреат государственной премии РК в области науки и техники, доктор геолого-минералогических наук Курмангазы Исказиев.  
 
▪️Каныш Имантаевич Сатпаев – первый президент Академии наук Казахской ССР, ученый-геолог, организатор науки, доктор геолого-минералогических наук, профессор, основоположник школы металлогении в Казахстане, сыгравший ключевую роль в становлении отечественной науки. Он стоял у истоков формирования научной основы нефтегазовой отрасли страны. 
 
✔️Отметим, что в рамках задач, поставленных Главой государства, КазМунайГаз реализует масштабные проекты НИОКР, охватывающие 80 научно-исследовательских тематик с акцентом на геологию, разработку месторождений нефти и газа, а также нефтегазохимию. Кроме того, КМГ активно взаимодействует с 35 ведущими вузами по образовательным и исследовательским направлениям.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍43🔥2👏1
⚡️Өткен аптаның басты оқиғалары — #KMGapta топтамасында

➡️ ҚМГ мұнай сервисі сапасын арттыруда: Мұнайтелеком халықаралық стандартқа сәйкестігін растады;

➡️ Қазақстанның болашақ теңізшілеріне арналған білім беру бағдарламасының екінші легіне қабылдау басталды;

➡️ ҚМГ басшысы Өзенмұнайгазда өндіріс мәселелеріне арналған жиын өткізді;

➡️ ҚМГ өңірлерді көгалдандыру жұмыстарына өз үлесін қосуда;

➡️ ҚМГ басшысы Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауыты құрылысының барысын тексерді;

➡️ Асхат Хасенов Жаңаөзендегі гибридті электр станциясының құрылысымен танысты;

➡️ ҚМГ кадр әлеуетін дамытуда;

➡️ ҚМГ басшысы Қаражанбас кен орнындағы негізгі өндірістік нысандарды аралады;

➡️ Еңбек адамы: Бақытжан Аяпов — «Қазгермұнай» БК» ЖШС Ақшабұлақ кен орнының мұнай және газ өндіру операторы;

➡️ ҚМГ мен KNOC ынтымақтастық перспективаларын талқылады;

➡️ Асхат Хасенов Маңғыстау облысындағы Жетібай кен орнында болды;

➡️ Аяулым Абдулла — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының «Жарқын Болашақ» бағдарламасының грант иегері;

➡️ ҚМГ мұнай-газ саласындағы отандық өндірушілерді қолдауды күшейтуде;

➡️ Қазақстан мұнайының бесігі: Ембі Доссорда заманауи музей-кітапхана кешенін салып берді;

➡️ Астанада Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Ключевые события недели — в подборке #KMGapta

➡️ КМГ повышает качество нефтесервиса: Мунайтелеком подтвердил соответствие международному стандарту;

➡️ Открыт прием на второй поток образовательной программы для будущих моряков Казахстана;

➡️ Низкоуглеродный водород: опыт КазМунайГаза;

➡️ Глава КМГ провел производственное совещание в Озенмунайгазе;

➡️ КМГ продолжает вносить свой вклад в озеленение регионов;

➡️ Глава КМГ проверил ход строительства нового ГПЗ в Жанаозене;

➡️ Асхат Хасенов ознакомился с ходом строительства гибридной электростанции в Жанаозене;

➡️ КМГ усиливает кадровый потенциал;

➡️ Глава КМГ осмотрел ключевые производственные объекты на месторождении Каражанбас;

➡️ Человек труда: Бахытжан Аяпов — оператор по добыче нефти и газа на месторождении Акшабулак в ТОО «СП «Казгермунай»;

➡️ КМГ и KNOC рассмотрели перспективы сотрудничества;

➡️ Асхат Хасенов посетил месторождение Жетыбай в Мангистауской области;

➡️ КазМунайГаз усиливает поддержку отечественных производителей в нефтегазовой отрасли;

➡️ Колыбель казахстанской нефти: Эмба построила современный музейно-библиотечный комплекс в Доссоре;

➡️ В Астане возложили цветы к памятнику Каныша Сатпаева.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥21👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
70-ке жуық маңғыстаулық жеткіншек Қостанайда сапалы білім алуда

👍«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының «Жарқын болашақ» бағдарламасымен Маңғыстау өңірінің жастары информатика, бағдарламалық қамтамасыз ету, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, теміржол көлігімен жүк тасымалдарын ұйымдастыру және қозғалысты басқару мамандықтарының қыр-сырын үйреніп жатыр.

▪️Сонымен қатар олар бастауыш пен негізгі орта білім беру педагогикасы және әдістемесі, халықтық көркем өнер шығармашылығы және медицина мамандықтары бойынша білім алуда.

😌Толығырақ QOSTANAI TV сюжетінен көре аласыз.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥61👍11
Елдің ішкі нарығында KPI өндірген полипропиленді сату көлемі өсуде

🗣ҚазМұнайГаз Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында көмірсутек шикізатын терең өңдеуге және қосылған құны жоғары өнім өндіруге басымдық бере отырып, мемлекеттік өнеркәсіптік саясатқа сәйкес мұнай-газ химиясы саласын дамытып келеді.

🏭Ішкі нарықты сапалы полимер шикізатымен қамтамасыз етуде ҚМГ-ның еншілес ұйымы — Kazakhstan Petrochemical Industries Inc (KPI) маңызды рөл атқарады.

✔️KPI қазақстандық өндірушілерді қолдауды жүйелі түрде кеңейтуде. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік қоймалар желісін құру логистика тізбегін барынша қысқартып, отандық қайта өңдеушілердің сұраныстарына жедел жауап беруге жол ашты.

📈Компанияның барлық алаңынан (Атырау қаласындағы зауыт қоймасын қоса алғанда) 2026 жылдың бірінші тоқсанында ішкі нарыққа жөнелтілген өнім көлемі шамамен 10 мың тонна полипропиленді құрады. Бұл көрсеткіш былтыр 8 мың тоннаға жуық болды. Бір тоқсан ішінде сату көлемінің шамамен 2000 тоннаға артуы - тиімді логистиканың қалыптасуы отандық полипропиленді пайдаланатын өндірушілердің белсенділігін тікелей ынталандыратынын көрсетіп отыр.

▪️Елдің оңтүстігі мен шығысындағы кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ететін Алматы қоймасы 2025 жылдың бірінші тоқсанында 990 тонна өнім жөнелткен болатын. 2026 жылдың осындай кезеңінде бұл көрсеткіш үш еседен астам өсіп, 3 мың тонна полипропиленге жетті. Өсім жалпы сұраныстың артуымен қатар, жергілікті өндірушілердің қажеттіліктеріне сай қойма қорларын тиімді жоспарлау нәтижесінде қамтамасыз етілді.

▪️Астанадағы қойма да тұрақты өсім көрсетіп отыр. 2026 жылдың бірінші тоқсанында бұл алаңнан 603 тоннадан астам өнім жөнелтілді. Бұл 2025 жылдың осындай кезеңіндегі 276 тоннаға жуық көлеммен салыстырғанда екі есе көп. Елдің орталық және солтүстік аймақтарында өнімді өткізу деңгейінің артуы құрылыс пен қаптама салаларында отандық полипропиленге деген сұраныстың жоғары екенін айқындайды.

▪️KPI логистикалық инфрақұрылымы үшін 2026 жылғы ақпанда Шымкентте ашылған қойманың маңызы зор. 2026 жылдың алғашқы айлардың қорытындысы бойынша жаңа филиал 645 тоннадан астам өнім жеткізді. Нәтижесінде, Шымкент хабы қысқа уақыт ішінде сату көлемі жағынан елордадағы алаңмен тең деңгейге жетті. Оңтүстік бағыттағы қарқынды өсім жаңа қойма үшін осы локацияның стратегиялық тұрғыдан дұрыс таңдалғанын көрсетеді.

✔️Логистикалық тізбектердің дамуы отандық қайта өңдеушілерді үздіксіз шикізатпен қамтамасыз етіп, жаңа өндірістерді іске қосуға қолайлы жағдай жасады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша клиенттік база 105-тен 150 компанияға дейін өсті. Ал 2026 жылдың бірінші тоқсанында бұл үрдіс жалғасып, қазақстандық клиенттер саны 165 кәсіпорынға жетті.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍522🔥1
Растут объемы реализации полипропилена KPI на внутреннем рынке страны

🗣Во исполнение поручений Главы государства КазМунайГаз продолжает развивать нефтегазохимическую отрасль Казахстана в рамках государственной промышленной политики, ориентируясь на углубление переработки углеводородного сырья и выпуск продукции с высокой добавленной стоимостью.

🏭Ключевую роль в обеспечении внутреннего рынка качественным полимерным сырьем играет дочерняя организация КМГ - Kazakhstan Petrochemical Industries Inc (KPI).

✔️KPI последовательно расширяет поддержку казахстанских производителей. Создание сети региональных складов в Астане, Алматы и Шымкенте позволило максимально сократить логистические издержки и оперативно реагировать на запросы отечественных переработчиков.

📈 Совокупный объем отгрузок продукции на внутренний рынок со всех площадок компании (включая заводской склад в Атырау) за первый квартал 2026 года составил порядка 10 тыс. тонн полипропилена. В прошлом году было около 8 тыс. тонн. Рост объемов реализации почти на 2000 тонн за квартал наглядно показывает, что создание удобной логистики напрямую стимулирует активность казахстанских производителей товаров из полипропилена.

▪️Склад в Алматы, обеспечивающий сырьем предприятия юга и востока страны, в первом квартале 2025 года отгрузил 990 тонн. За аналогичный период 2026 года объем реализации вырос более чем в три раза, достигнув 3 тыс. тонн полипропилена. Столь значительный рост обусловлен не только общим увеличением спроса, но и оптимизацией складских запасов под потребности локальных производителей.

▪️Столичный склад в Астане также продемонстрировал уверенное развитие. Объем отгрузок продукции с этой площадки в первом квартале 2026 года составил более 603 тонн, что более чем в два раза превышает результат первого квартала 2025 года, когда потребителям было направлено около 276 тонн. Расширение сбыта в центральном и северном регионах страны подтверждает востребованность отечественного полипропилена в строительном и упаковочном секторах.

▪️Особое значение для логистической инфраструктуры KPI приобрел запуск в феврале 2026 года склада в Шымкенте. По итогам первых месяцев 2026 года новый филиал уже обеспечил отгрузку более 645 тонн продукции. Таким образом, шымкентский хаб за короткий срок сравнялся по объемам реализации со столичной площадкой. Столь интенсивное развитие южного направления подтверждает стратегическую правильность выбора локации для нового склада.

✔️Развитие логистических мощностей обеспечило бесперебойное снабжение отечественных переработчиков и создало условия для запуска в стране новых предприятий. По итогам 2025 года общая клиентская база выросла со 105 до 150 компаний. Динамика первого квартала 2026 года подтверждает этот тренд: за первые три месяца число казахстанских клиентов увеличилось до 165 компаний.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍732🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы алдын алу жұмыстарының барысы

🏭«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де 2026 жылғы 27 наурызда басталған жоспарлы алдын алу жұмыстары жалғасуда. Техникалық іс-шаралар бекітілген кестеге сәйкес қатаң түрде жүргізіліп жатыр. Аталмыш жұмыстарға барлығы 2 мыңнан астам адам және 222 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

✔️Отынмен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты. Мұнай өнімдері бұған дейін жинақталған қор есебінен жөнелтілуде. Биылғы 20 сәуірден бастап технологиялық қондырғыларды кезең-кезеңімен пайдалануға беру жоспарланған.

***

Как проходят планово-предупредительные работы на Шымкентском нефтеперерабатывающем заводе


🏭На ТОО «ПетроКазахстан Ойл Продактс» продолжаются планово-предупредительные работы (ППР), начатые 27 марта 2026 года. Технические мероприятия проводятся в строгом соответствии с утвержденным графиком. Всего в ППР задействованы более 2-х тыс. человек и 222 единиц спецтехники.

✔️Ситуация с обеспечением топлива стабильная. Отгрузка нефтепродуктов осуществляется из ранее накопленных резервов. С 20 апреля текущего года запланирован поэтапный ввод в эксплуатацию технологических установок.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥621👍1
ҚМГ мен COSL мұнай сервисіндегі ынтымақтастықты нығайтуда

🗣Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «China Oilfield Services Limited» компаниясының (COSL – China National Offshore Oil Corporation (CNOOC) еншілес ұйымы) бас атқарушы директоры Чжао Шуньцянмен кездесті.

▪️Тараптар мұнай сервисі қызметтерін көрсету, ғылым мен технология және кадр әлеуетін дамыту салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, қазіргі уақытта «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС мен COSL компаниясы кен орындарды игеруге, ұңғымаларды бұрғылау мен күрделі жөндеу жүргізуге жаңа технологияларды енгізу бойынша бірлескен жұмысты бастады.

▪️Сондай-ақ ҚМГ тобының мамандарын Қытай компаниясының өндірістік нысандарында оқытуды ұйымдастыру жоспарлануда.

▪️А.Хасеновтің айтуынша, CNOOC ҚазМұнайГаз үшін геологиялық барлау саласындағы негізгі серіктестердің бірі. Ал COSL-мен екіжақты байланысты кеңейту бағытында ҚХР серіктестерінің қолдауымен қазақстандық мұнай сервисі компаниялардың құзыреттерін дамыту мәселесі қарастырылып отыр.

✍️Кездесу соңында ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы — «KMG Drilling & Services» және COSL арасында ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойылды. Құжат Қазақстан аумағында бұрғылау және сервис қызметтері саласындағы байланыстарды нығайтуды көздейді. Келісімде бұрғылау, ұңғыма сервистері, жобаларға бірлесіп қатысу, сондай-ақ технологиялар трансфері және жергілікті қамтуды дамыту сияқты ынтымақтастықтың басты бағыттары айқындалған.

Анықтама:
China Oilfield Services Limited
(COSL) 2001 жылы құрылған. China National Offshore Oil Corporation (CNOOC) тобына кіретін ірі халықаралық мұнай сервисі компанияларының бірі.

COSL мұнай қызметтерінің толық спектрін ұсынады, соның ішінде бұрғылау, геофизикалық зерттеулер және сейсмикалық барлау, бұрғылау ерітінділері мен цементтеу, өндіру деңгейін күшейту, сондай-ақ интеграцияланған қызмет көрсету және инженерлік шешімдер.

Компания ірі мұнай-газ корпорациялары үшін интеграцияланған қызмет көрсететін мердігер ұйым ретінде жұмыс істеп, Азия, Таяу Шығыс, Африка және Еуропа елдерінде жобаларды жүзеге асыру арқылы халықаралық байланыстарын нығайтып келеді.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍53🔥1🤝1
КМГ и COSL укрепляют сотрудничество в нефтесервисе

🗣В Астане состоялась встреча председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхата Хасенова с главным исполнительным директором «China Oilfield Services Limited» (COSL — дочерняя компания China National Offshore Oil Corporation (CNOOC) Чжао Шуньцянем.

▪️Обсуждены вопросы расширения взаимодействия в области нефтесервисных услуг, научно-технологической сфере и развитии кадрового потенциала. В частности, в настоящее время ТОО «КМГ Инжиниринг» и COSL приступили к совместной работе по внедрению новых технологий в разработке, бурении и капитальном ремонте скважин.

▪️Также планируется организация обучения специалистов группы КМГ на производственных объектах китайской компании.

▪️Как отметил А.Хасенов, CNOOC является для КазМунайГаза одним из ключевых партнеров в геологоразведке. Что касается COSL, то особый интерес представляет продвижение компетенций казахстанских нефтесервисных компаний при содействии партнеров из КНР.

✍️По завершению встречи состоялось подписание Рамочного соглашения о сотрудничестве между дочерней компанией КазМунайГаза — «KMG Drilling & Services» и COSL. Документ предусматривает укрепление партнерства в области буровых и сервисных услуг на территории Казахстана. Соглашением определены такие ключевые направления сотрудничества как бурение, скважинные сервисы, совместное участие в проектах, а также трансфер технологий и развитие местного содержания.

Cправочно:
China Oilfield Services Limited
(COSL) основана в 2001 году. Является одной из крупнейших международных нефтесервисных компаний. Входит в группу China National Offshore Oil Corporation (CNOOC).

COSL предоставляет полный спектр нефтесервисных услуг, включая бурение, геофизические исследования и сейсморазведку, буровые растворы и цементирование, интенсификацию добычи, а также интегрированные сервисные и инженерные решения.

Компания активно развивает международное присутствие и реализует проекты в странах Азии, Ближнего Востока, Африки и Европы, выступая как интегрированный сервисный подрядчик для крупнейших нефтегазовых корпораций.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🔥2🤝1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық құрылысшылар полиэтилен зауыты жобасын іске асыруға белсенді қатысуда

🏭Жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіруге арналған зауыт 2029 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аталған жоба – Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласын дамытудағы негізгі бағыттардың бірі.

✔️Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде мұнай-газ-химиясы кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында іске асырылуда және Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі саласындағы ең ірі нысандардың бірі.

✔️Қазақстандық қамту үлесін арттыру – Силлено компаниясының басым міндеттерінің бірі. Құрылыс жұмыстарының бастапқы кезеңінен бері негізгі технологиялық қондырғылар мен инфрақұрылым нысандарындағы жалпы құрылыс, қада қағу және бетон жұмыстарының 90%-дан астамын отандық мердігер компаниялар орындауда.

✔️2025 жылдың наурыз айынан бастап пиролиз қондырғысында қазақстандық компаниялар жалпы құрылыс жұмыстарын, сондай-ақ құбыр эстакадаларын орнатуға арналған жерүсті құрастырмалы темірбетон конструкцияларын монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Ал 2025 жылдың қазан айынан бастап полимерлеу қондырғысында қада қағу және жер жұмыстары басталды.

👥 Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына шамамен 1 500 адам (оның ішінде 90%-дан астамы – Қазақстан азаматтары) және 345 техника жұмылдырылған.

🟦Биыл ірі габаритті жабдықтардың алғашқы легі, оның ішінде салмағы 1,5 мың тоннаға жуық және биіктігі 101 м болатын этиленді фракциялау бағаналары жеткізіліп, монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Олар АтырауМұнайМаш зауытында дайындалуда. Сондай-ақ металл конструкциялары мен технологиялық құбырларды монтаждау басталады.

📌Отандық компаниялардың қатысуы жобаға қойылған міндеттерді орындап қана қоймай, елде болашақта жүзеге асырылатын индустриялық жобалар үшін өндірістік құзыреттің қалыптасуына ықпал етпек.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥31
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
Қазақстандық құрылысшылар полиэтилен зауыты жобасын іске асыруға белсенді қатысуда 🏭Жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіруге арналған зауыт 2029 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аталған жоба – Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласын дамытудағы…
Казахстанские строители активно участвуют в реализации проекта полиэтиленового завода

🏭Завод мощностью 1,25 млн тонн полиэтилена в год запланирован к вводу в эксплуатацию в 2029 году и является одним из ключевых направлений развития нефтегазохимической отрасли Казахстана.

✔️Проект реализуется в рамках поручения Главы государства Касым-Жомарта Токаева по развитию нефтегазохимического кластера в стране и является одним из крупнейших в обрабатывающей промышленности страны.

✔️Увеличение доли казахстанского содержания в проекте является одной из приоритетных задач для Силлено. С начального этапа строительства более 90% общестроительных, свайных и бетонных работ на ключевых технологических установках и объектах инфраструктуры выполняются отечественными подрядными организациями.

✔️С марта 2025 года на установке пиролиза казахстанские компании выполняют общестроительные работы, также монтаж наземных сборных железобетонных конструкций для последующей установки трубных эстакад. С октября 2025 года на установке полимеризации ведутся свайные и земляные работы.

👥На сегодняшний день к строительным работам привлечено почти 1 500 человек (свыше 90% — граждане Казахстана) и 345 единиц техники.

🟦В текущем году будет проведена поставка и монтаж первых единиц крупногабаритного оборудования, в том числе колонны фракционирования этилена весом почти 1,5 тыс. тонн и высотой 101 м, которые изготавливаются на заводе АтырауНефтеМаш. Также начнется монтаж металлоконструкций и технологических трубопроводов.

📌Привлечение отечественных компаний обеспечивает не только выполнение текущих задач проекта, но и формирование производственных компетенций для будущих индустриальных проектов в стране.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥33👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Еңбек адамы

▪️Жан Киікбаев «Өзенмұнайгаз» АҚ №4 Мұнай газ өндіру басқармасында аға шебер болып еңбек етеді. Ол мұнай саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар білікті маман.

⚡️Ж.Киікбаев еңбек ететін Шоғырланған сораптар станциясының өндірістегі маңызы зор. Нысан ұңғымаларға су айдау, мұнайды тасымалдау және технологиялық сұйықтықтарды жеткізу арқылы кен орнындағы өндіріс қарқынын арттыруға ықпал етеді. Мұндай күрделі технологиялық тізбектің үздіксіз әрі қауіпсіз жұмыс жасауы қызметкердің кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты.

— Мен 1996 жылы осы мекемедегі қабат қысымын сақтау цехына слесарь-жөндеуші болып жұмысқа орналастым. Міне, содан бері 30 жыл өтті. Кез келген жұмыс төзім мен жауапкершілікті талап етеді. Әр маман өз ісін жетік білсе, жұмысына адал қарап, сапаны бірінші орынға қойса нәтиже болады. Жастарға үнемі тәжірибемді бөлісіп, үйретуден жалықпаймын, — дейді ол.


Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін қадірлейміз, олардың маңдай терін мақтан етеміз.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍64🔥31
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎓Мейрамбек Отарғазы — Жаңаөзен қаласының тумасы. ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының «Жарқын Болашақ» білім беру бағдарламасының грант иегері.

🚗Қазіргі таңда Мейрамбек Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінің 4-курс студенті. Ол өзі таңдаған техник-механик мамандығы бойынша жан-жақты білім алуда. Қазақстандық автомобиль компанияларында тәжірибеден өтіп, кәсіби дағдыларын шыңдауда. Техникаға деген қызығушылығы мен алған білімінің арқасында Мейрамбек болашақта өз ісінің шебер маманы болуды армандайды.

✔️«Жарқын Болашақ» бағдарламасы маңғыстаулық жастарға сұранысқа ие мамандықтарды игеруге мүмкіндік беріп, олардың болашағына жол ашып келеді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥21👍1