Глава КМГ проверил ход строительства нового ГПЗ в Жанаозене
🏗Во время рабочей поездки в Мангистаускую область председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов посетил строительную площадку нового газоперерабатывающего завода в Жанаозене.
✔️ В настоящее время завершено строительство объекта внешнего электроснабжения, ведется подготовка к проведению пуско-наладочных работ.
✔️ Продолжается строительство инфраструктурных объектов, включая пожарный пост, лабораторию, склады, административно-бытовой корпус, операторные и резервуары.
🏢 На строительную площадку доставлены три сферических резервуара для хранения широкой фракции легких углеводородов объемом 500 м³ и два резервуара для противопожарного запаса воды объемом 6000 м³. Частично осуществлена поставка сферических резервуаров для хранения сжиженных углеводородных газов объемом 2000 м³ (4 ед), оставшееся оборудование в процессе доставки. Подготовка фундаментов для данных сооружений завершена.
🏭 Отметим, что в возведении завода применяется модульный метод строительства, что отличает его от аналогичных предприятий в стране. Основные технологические модули изготавливаются в заводских условиях с последующей доставкой на площадку, где выполняется преимущественно подготовка оснований и фундаментов, а также последующая сборка модулей.
⚙️ На заводе-изготовителе из 259 позиций оборудования длительного цикла произведено 53 позиции.
⚡️ Критически важный элемент будущего предприятия — двигатель газовой турбины Siemens доставлен из Швеции в КНР для дальнейшей совместной сборки с компрессором Siemens.
✔️ Общее количество задействованного персонала на строительной площадке составляет порядка 150 человек.
📌 Крупный проект реализуется по поручению Главы государства и предусматривает создание современного производственного комплекса с мощностью переработки природного и попутного газа 900 млн м³ в год. Завод будет обеспечивать население и промышленные объекты Мангистауской области сухим газом, сжиженным нефтяным газом и пентан-гексановой фракцией.
📱 ҚазМұнайГаз
🏗Во время рабочей поездки в Мангистаускую область председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов посетил строительную площадку нового газоперерабатывающего завода в Жанаозене.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👍4⚡1
Асхат Хасенов Жаңаөзендегі гибридті электр станциясының құрылысымен танысты
🗣 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Жаңаөзен қаласындағы гибридті электр станциясының құрылыс алаңына барды. Бұл ҚМГ мен италиялық Eni S.p.A. компаниясының бірлескен жобасы. Ол ұлттық компанияның төмен көміртекті даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
⚡️ Қуаты 247 МВт болатын электр станциясы күн (50 МВт), жел (77 МВт) және газ (120 МВт) энергиясында жұмыс істейді. Мұндай гибридті жоба Қазақстанда алғаш рет іске асырылуда.
⚡️ Қазіргі уақытта газ электр станциясының құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс алаңына Wartsila компаниясы шығарған барлық алты газ поршенді қондырғылар жеткізілді. Оның төртеуі толығымен құрастырылды. Машина залында қозғалтқыштарды монтаждауды қоса алғанда, негізгі технологиялық жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 110 кВ болатын қосалқы станция, алаңішілік желілер және басқа да нысандар салынуда.
💨 Жел электр станциясы бойынша ерте жұмыстар басталды, жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Sany зауытында жел турбиналарының компоненттері жасалып жатыр.
☀️ Айта кетсек, 2025 жылдың қыркүйегінде ҚМГ мен Eni бірлесіп Жаңаөзенде күн электр станциясын іске қосқан болатын. Осы кезеңнен бастап станция 20 млн кВт·сағ электр энергиясын өндірді. Бұл өңірдегі күн генерациясының тиімділігін дәлелдеп отыр.
🌿 Декарбонизация стратегиясын қолдаудан және көміртегі ізін төмендетуден басқа (гибридті станцияда өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 40%-ы толығымен «жасыл» болады) жаңа нысан бұл өңірдегі ҚМГ-ның еншілес компанияларын, соның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «ҚазГӨЗ» ЖШС-ін энергия қуатымен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
✔️ Құрылыс жұмыстарына 700-ге жуық адам тартылды, нысан пайдалануға берілген соң 70-ке дейін жаңа жұмыс орны ашылады.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5👍3❤1
Асхат Хасенов ознакомился с ходом строительства гибридной электростанции в Жанаозене
🗣 В ходе рабочей поездки в Мангистаускую область председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов посетил строительную площадку гибридной электростанции в г.Жанаозен. Этот совместный проект КМГ и итальянской Eni S.p.A. реализуется в рамках Программы низкоуглеродного развития национальной компании.
⚡️ Электростанция мощностью 247 МВт будет работать на солнечной (50 МВт), ветряной (77 МВт) и газовой (120 МВт) энергии. Гибридный проект такого рода впервые реализуется в Казахстане.
⚡️ В настоящее время продолжается строительство газовой электростанции. На стройплощадку доставлены все шесть газопоршневых агрегатов производства Wartsila, четыре из которых уже полностью собраны. Ведется установка основного технологического оборудования, включая монтаж двигателей в машинном зале. Также возводится подстанция 110 кВ, внутриплощадочные сети и другие объекты.
💨 По ветряной электростанции начаты ранние работы, выполняется разработка проектно-сметной документации. На заводе Sany осуществляется изготовление компонентов ветротурбин.
☀️ Как известно, в сентябре 2025 года КМГ и Eni запустили солнечную электростанцию в Жанаозене. За время работы она выработала более 20 млн кВт·ч электроэнергии, подтвердив эффективность солнечной генерации в регионе.
🌿 Помимо поддержки стратегии декарбонизации и снижения углеродного следа (порядка 40% всей производимой электроэнергии на гибридной станции будут полностью «зелёными»), новый объект позволит наладить стабильное энергообеспечение дочерних компаний КМГ в регионе, в том числе АО «Озенмунайгаз» и ТОО «КазГПЗ».
✔️ В строительстве задействовано порядка 700 человек, после ввода объекта в эксплуатацию будет создано до 70 новых рабочих мест.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6❤4👍3
ҚМГ кадр әлеуетін дамытуда
🗣 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының қызметкерлері Мәскеудегі СКОЛКОВО басқару мектебінде «ДНК Лидерства» бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Мамандардың басқарушылық, операциялық және көшбасшылық құзыреттерін дамытуға бағытталған жоба СИБУР холдингімен серіктестік аясында жүзеге асырылды.
➡️ Бағдарлама 2024 жылдың қараша айында басталып, оған 33 жасқа дейінгі 300 адам қатысты. ҚМГ компанияларынан конкурстық іріктеуге 24 үміткер түсіп, нәтижесінде еншілес ұйымдардың 6 өкілі таңдалды. Атап айтқанда:
🔘 «KPI Inc» ЖШС — Мейірбек Наукенов
🔘 «ПМХЗ» ЖШС — Роман Шептенко және Әділ Рғайбек
🔘 «ПҚОП» ЖШС — Әлібек Жолдасбек
🔘 «Silleno» ЖШС — Бауыржан Өтепқалиев және Руслан Хайдаров.
⚡️ Оқу 1,5 жылға созылып, 6 аралық бағалау модульді қамтыды. Қатысушылар операциялық тиімділікті арттыру құралдары, өндіріс шығындарын азайту әдістері, экономикалық негізделген басқару шешімдерін қабылдау принциптерін зерттеді, сондай-ақ коммуникация, келіссөздер жүргізу және топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдірді.
▪️ Бағдарламаның практикалық бөлігі нақты кейстерді талдауды және өндірістік процестерді жақсартуға бағытталған командалық тапсырмаларды қамтыды.
▪️ Финалдық модуль қорытындысы бойынша ҚМГ және СИБУР өкілдерінен құралған топ 9 команда ішінен 2-орынға ие болды.
🗣 ҚМГ-ның Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Шолпан Жұмағазиева бұл бағдарлама ұлттық компанияның кадрлық әлеуетін нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жобалар заманауи өндірістің талаптарына сай, тиімді шешім қабылдайтын және тұрақты дамуды қамтамасыз ете алатын жас басшыларды даярлауға мүмкіндік береді.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥3❤2
КМГ усиливает кадровый потенциал
🗣 Сотрудники группы компаний АО НК «КазМунайГаз» успешно прошли обучение по программе «ДНК Лидерства» в Московской школе управления СКОЛКОВО. Проект реализован в рамках партнерства с СИБУР Холдингом и направлен на развитие управленческих, операционных и лидерских компетенций специалистов.
➡️ Программа стартовала в ноябре 2024 года и объединила 300 участников в возрасте до 33 лет. От КМГ в конкурсном отборе приняли участие 24 кандидата, по итогам которого были определены 6 представителей дочерних организаций:
🔘 ТОО «KPI Inc» — Меирбек Наукенов
🔘 ТОО «ПНХЗ» — Роман Шептенко и Адиль Ргайбек
🔘 ТОО «ПКОП» — Алибек Жолдасбек
🔘 ТОО «Silleno» — Бауыржан Утепкалиев и Руслан Хайдаров.
⚡️ Обучение длилось 1,5 года и включало 6 модулей с промежуточной оценкой. Участники изучали инструменты повышения операционной эффективности, методы сокращения производственных потерь, принципы принятия экономически обоснованных управленческих решений, а также развивали навыки коммуникации, переговоров и командной работы.
▪️ Практическая часть программы включала решение реальных кейсов и командные вызовы, направленные на совершенствование производственных процессов.
▪️ По итогам финального модуля сборная команда с участием представителей КМГ и СИБУР заняла 2 место среди 9 команд.
🗣 По словам директора Департамента управления человеческими ресурсами КМГ Шолпан Джумагазиевой, участие в программе стало важным этапом в укреплении кадрового потенциала национальной компании и подготовке молодых руководителей, способных эффективно решать задачи современного производства, внедрять улучшения и обеспечивать устойчивое развитие бизнеса.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12🔥6❤2
Anonymous Quiz
21%
25,9 млн т
32%
26,2 млн т
24%
26,5 млн т
24%
27,1 млн т
🔥3❤2💯1
ҚМГ басшысы Қаражанбас кен орнындағы негізгі өндірістік нысандарды аралады
📌 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қаражанбас кен орнының Теңіз жағалауы аймағында болды.
⬇️ Теңіз жағалауы аймағын дамыту – «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның (ҚБМ) ресурс қорын толықтыру мен кен орнын игерудің тиімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Қазіргі уақытта учаскеде 4 пайдалану ұңғымасы бұрғыланды, бесінші ұңғыманы бұрғылау жүріп жатыр. Биыл Теңіз жағалау аймағында мұнай өндіру көлемі 34 мың тоннаны құрайды. Бұрғылаудың нәтижелері табысты болған жағдайда геологиялық қор 12 млн тоннаға дейін, өндірілетін қор 3 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп күтіледі. Сонымен қатар өндірістік нысандарды қорғау үшін бөгет салу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.
◾️ Сондай-ақ А.Хасенов 37-ТӨҚ топтық өлшеу қондырғысының құрылысымен танысты. Бұл қондырғы өнімді жинау мен тасымалдау жүйесінің тиімділігін арттырып, қазіргі кезде шамадан тыс қуатында жұмыс істеп тұрған 12-ТӨҚ жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Қарсы қысымды төмендету есебінен жыл соңына дейін қосымша 12 мың тоннадан астам мұнай өндірілетін болады.
🏭 ҚМГ басшысы тәулігіне орташа есеппен 13 мың текше метр су шығаратын ілеспе қабат суын тұщыту зауытында болды. Кәсіпорынның жұмысы Астрахань-Маңғышлақ магистралды су құбыры арқылы келетін судың едәуір көлемін өңір халқының қажеттілігі үшін босатуға мүмкіндік берді.
▪️ Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар аясында ББЗ-полимерлі су айдау жобасы іске асырылуда. Қазір жабдық жұмыс режиміне қосылып жатыр. Зертханалық сынақтардың нәтижесі бойынша мұнайды шығару коэффициенті 30% дейін артады деп күтіледі.
▪️ Сонымен қатар А.Хасенов компанияның Орталық инженерлік-технологиялық қызметіне барды. Мұнда нақты уақыт режимінде өндіру процестері басқарылады, ұңғымалардың жұмысы бақыланады және өндірістік бөлімшелердің жұмысы үйлестіріледі.
▪️ Өндіріс мәселелеріне арналған жиында ҚБМ-ның 2026 жылғы 1-тоқсанда атқарған қызметінің қорытындысы және кен орнын игеру тиімділігін арттыру бағытында қабылданып жатқан шаралары тыңдалды.
🅰️ Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында ҚБМ технологиялық жаңғыртуға бағытталған цифрлық шешімдер кешенін қолға алды. Маусым айында «Көлікке электрондық өтінім беру» жүйесі іске қосылып, автопарк жұмысын толық цифрландыруды қамтамасыз етеді. ABAI ақпараттық жүйесі аясында жыл соңына дейін өндірісті оңтайландыру және инженерлік есептердің дәлдігін арттыру үшін ЖИ алгоритмдері іске қосылады. Сондай-ақ аса қауіпті жұмыстарға рұқсат беру процесін автоматтандыру үшін «Электрондық наряд-рұқсат» модулі сынақтан өтіп жатыр. Еңбекті қорғау талаптарының бұзушылықтарын анықтайтын TUMAR бейне сараптама жүйесін тарату жалғасуда. Сынақ іс-шараларынан кейін ол ұңғымаларды жерасты жөндеудің 21 бригадасына енгізіледі.
📌 А.Хасенов ҚБМ басшылығына операциялық тиімділікті арттыру, мұнай өндіру деңгейін ұстап тұру және цифрландыру жұмыстарын жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤1⚡1🔥1 1