ҚМГ басшысы Өзенмұнайгазда өндіріс мәселелеріне арналған жиын өткізді
🗣 Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновке «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның (ӨМГ) 2026 жылғы 1-тоқсанда атқарған жұмысының нәтижесі, бизнес-процестерді жақсарту жоспарлары және цифрландыруға қатысты қабылданып жатқан шаралар бойынша есеп берілді.
⬇️ ӨМГ кен орындарын оңалту аясындағы басымдық — ресурстық базаны толықтыру болып қала береді. Биыл терең көкжиектерді бағалауға ерекше назар аударылады. Батыс Теңге және Өзен кен орындарында 2-тоқсаннан бастап триас шөгінділерін зерттеу үшін бағалау ұңғымаларын бұрғылау жоспарлануда.
↗️ Жерасты жабдықтарын диагностикалау және жөндеу цехын қоса алғанда жерүсті инфрақұрылымын жаңғырту жүріп жатыр, сондай-ақ альб-сеноман суын айдауға көшу үшін көлемі 10 мың м³ резервуарлар салынуда. Бұл іс-шараларды іске асыру жабдықты пайдалану сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
◾️ Мұнай өндіру көлемін арттыру үшін ұңғымалардың жөндеуаралық кезеңін ұлғайту шаралары іске асырылып жатыр, оның ішінде жабыны бар сорғы-компрессорлық құбырлар мен коррозияға қарсы штангаларды енгізу.
📌 Өзен және Қарамандыбас кен орындарында мұнай өндіруді арттырудың негізгі әдісі – қабатты гидравликалық жару болып қала береді. Бұл әдісті қолданудың тиімділігін жоғарылату үшін технологияны жетілдіруге және операцияларды жүргізу параметрлерін оңтайландыруға қатысты тапсырмалар берілді.
✔️ Slimhole технологиясын енгізу жалғасуда: биыл 122 ұңғыманы енгізу жоспарда, үнемдеу мөлшері 12 млрд теңгеден асады деп күтілуде.
✔️ Ұңғыма қорымен жұмыс істеу үшін оқпандарды тазартуға ден қойылып отыр, сондай-ақ жұмыс істемей тұрған 60 ұңғыманы жыл соңына дейін іске қосу көзделген.
💻 Сонымен қатар цифрлық шешімдер белсенді іске асырылып келеді. ӨМГ өндіруші кәсіпорындардың арасында алғашқылардың бірі болып «Сапарларды басқару» жобасы аясында «Көлікке электрондық өтінім беру» жүйесін енгізуде. Бұл көлікке өтінімді беру, келісу және орындау процестерін цифрландыруға, сондай-ақ ашық есепті және онлайн сараптаманы қамтамасыз етуге көмектеседі.
✔️ «ABAI» жүйесінің «Су айдауды басқару» модулінің көмегімен геологиялық-техникалық іс-шаралар орындалып жатыр. Бұл сараптама жасауды едәуір жеделдетіп, қабылданған шешімдердің орындылығын арттырды. Модульдің көмегімен 2026 жылдың 1-тоқсанында 44 іс-шара іріктелді.
✔️ Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылады. Электрондық наряд-рұқсаттар жүйесі кәсіпорындағы қаупі жоғары жұмыстарды бақылауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, TUMAR интеллектуалды жүйесі ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу жұмыстары кезінде қауіпті технологиялық операциялар жүргізілгенде онлайн режимде жұмысшылардың бұзушылықтарын, қауіпті әрекеттерін автоматты түрде анықтайды және қауіп төнген жағдайда дыбыстық сигнал береді. Қазіргі уақытта жүйе ӨМГ-ның ұңғымаларды жерасты жөндеудің 79 бригадасында, ұңғымаларды күрделі жөндеудің 4 бригадасында енгізілуде.
✔️ Бұл жобалар Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында ерекше маңызға ие.
📌 Жиын қорытындысы бойынша ӨМГ басшылығының алдына басқарудың операциялық моделін жетілдіру, биыл жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу және цифрлық жобаларды белсенді енгізу бойынша нақты міндеттер қойылды.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍2🔥2 1
Глава КМГ провел производственное совещание в Озенмунайгазе
🗣 В ходе рабочей поездки в Мангистаускую область председателю Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхату Хасенову представили итоги деятельности АО «Озенмунайгаз» (ОМГ) за 1 квартал 2026 года, планы по улучшению бизнес-процессов и принимаемые меры по цифровизации.
⬇️ В рамках реабилитации месторождений ОМГ приоритетом остается восполнение ресурсной базы. В текущем году упор делается на оценке глубоких горизонтов. На месторождениях Западный Тенге и Узень со 2 квартала планируется бурение оценочных скважин на триасовые отложения.
↗️ Проводится модернизация наземной инфраструктуры, включая цех по диагностике и ремонту подземного оборудования и строительство резервуаров объемом 10 тыс. м³ для перехода на закачку альб-сеноманской воды. Реализация данных мероприятий повысит надежность эксплуатации оборудования.
◾️ Для увеличения добычи нефти реализуются меры по повышению межремонтного периода скважин, в том числе внедрение насосно-компрессорных труб с покрытием и антикоррозионных штанг.
📌 На месторождениях Узень и Карамандыбас ключевым методом повышения нефтеотдачи остается гидроразрыв пласта. В целях повышения эффективности применения ГРП даны поручения по совершенствованию технологии и оптимизации параметров проведения операций.
✔️ Продолжается внедрение технологии Slimhole: в текущем году планируется ввод 122 скважин, ожидаемая экономия более 12 млрд тенге.
✔️ Для работы с фондом скважин основной акцент направлен на очистку забоев, а также предусмотрен ввод из бездействия 60 скважин до конца года.
💻 Кроме того, продолжается активная реализация цифровых решений. ОМГ одним из первых среди добычных предприятий внедряет «Электронные заявки на транспорт» в рамках проекта «Управление поездками». Это поможет оцифровать процессы подачи, согласования и исполнения заявок на транспорт, а также обеспечить прозрачный учет и онлайн-аналитику.
✔️ С помощью модуля «Управление заводнением» системы «ABAI» формируются геолого-технические мероприятия. Это существенно ускорило анализ и повысило обоснованность принимаемых решений. Так, при помощи модуля за 1 квартал 2026 года подобрано 44 мероприятия.
✔️ Особое внимание уделяется и обеспечению безопасности. Система электронных нарядов-допусков позволяет контролировать работы повышенной опасности на предприятии. В свою очередь, интеллектуальная система TUMAR при проведении опасных технологических операций во время подземного и капитального ремонта скважин в режиме онлайн автоматически распознает нарушения, небезопасные действия работников и включает звуковые сигналы в случае угрозы. В настоящее время система внедряется на 79 бригадах подземного ремонта скважин, 4 бригадах капитального ремонта скважин ОМГ.
✔️ Данные проекты имеют особую актуальность в объявленный Главой государства Год цифровизации и искусственного интеллекта.
📌 По итогам прошедшего совещания перед руководством ОМГ поставлены конкретные задачи по совершенствованию операционной модели управления, достижению плановых показателей в текущем году и активному внедрению цифровых проектов.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥3❤2 2
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
ҚМГ басшысы Өзенмұнайгазда өндіріс мәселелеріне арналған жиын өткізді 🗣 Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновке «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның (ӨМГ) 2026 жылғы 1-тоқсанда атқарған жұмысының нәтижесі, бизнес-процестерді…
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🔥1 1
ҚМГ өңірлерді көгалдандыру жұмыстарына өз үлесін қосуда
🌳 Бүгін Жаңаөзен қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы және ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) өкілдері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу шарасына қатысты. Көшеттер «Өзенмұнайгаз саябағы» аумағына егілді.
🌿 Саябаққа жергілікті климатқа бейімделген, құрғақшылыққа төзімді ағаш түрлері — акация, айлант және жапон софорасы отырғызылды.
📍 ӨМГ паркі қалалық стелла ауданында орналасқан, оның аумағы 1,7 гектарды құрайды. 2025 жылы мұнда 150 ағаш егілсе, 2026 жылдың соңына дейін қосымша 1000-нан астам көшет егу жоспарланып отыр.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4👍3❤1
КМГ продолжает вносить свой вклад в озеленение регионов
🌳 Сегодня в Жанаозене в рамках общенациональной экологической акции «Таза Қазақстан» руководство АО НК «КазМунайГаз» и представители дочерней компании КМГ — АО «Озенмунайгаз» (ОМГ) приняли участие в посадке деревьев на территории парка «Өзенмұнайгаз саябағы».
🌿 Для посадки использовались засухоустойчивые деревья, адаптированные к местным климатическим условиям, такие как акация, айлант и японская софора.
📍 Парк ОМГ расположен на участке площадью 1,7 га в районе городской стеллы. В 2025 году здесь было высажено 150 деревьев, до конца 2026 года планируется дополнительно высадить более 1000 саженцев.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤2🔥1👏1
ҚМГ басшысы Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауыты құрылысының барысын тексерді
🏗«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында болды.
✔️ Қазіргі уақытта сыртқы электрмен жабдықтау нысаны салынып бітті, іске қосу мен баптау іс-шараларын өткізу үшін дайындық жүріп жатыр.
✔️ Инфрақұрылымдық нысандарды, соның ішінде өрт сөндіру бекеті, зертхана, қоймалар, әкімшілік-тұрмыстық корпус, оператор бөлмелері және резервуарларды салу жұмыстары жалғасуда.
🏢 Құрылыс алаңына жеңіл көмірсутектің кең фракциясын сақтауға арналған көлемі 500 м³ болатын үш сфералық резервуар және өртке қарсы су қорына арналған көлемі 6000 м³ екі резервуар жеткізілді. Сұйытылған көмірсутек газын сақтау үшін көлемі 2000 м³ төрт дана сфералық резервуарлардың бір бөлігі жеткізілді, қалғаны жолда келе жатыр. Бұл жабдықтарға арналған іргетас толық дайын болды.
🏭 Айта кетсек, зауытты салу кезінде модульдік құрылыс әдісі қолданылуда, бұл оны елдегі осыған ұқсас басқа кәсіпорындардан ерекшелендіреді. Басты технологиялық модульдер тапсырыс берілген зауытта дайындалып, кейін құрылыс алаңына жеткізілетін болады. Ол жерде олардың іргетасы мен негізі қаланып, сондай-ақ модульдерді құрастыру жұмыстары орындалады.
⚙️ Өндіруші зауытта ұзақ уақыт дайындалатын 259 жабдық позициясының 53-і жасалды.
⚡️ Болашақ кәсіпорынның айрықша маңызды элементі — Siemens газ турбинасының қозғалтқышы Швециядан ҚХР-ға жеткізіліп, сонда Siemens компрессорымен бірге құрастырылатын болады.
✔️ Құрылыс алаңына тартылған персоналдың жалпы саны шамамен 150 адамды құрайды.
📌 Ірі жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылуда және жылына 900 млн м³ дейін табиғи және ілеспе газды өңдей алатын заманауи өндірістік кешен құруды көздейді. Зауыт Маңғыстау облысының халқы мен өнеркәсіптік нысандарын құрғақ газбен, сұйытылған мұнай газымен және пентан-гексан фракциясымен қамтамасыз етеді.
📱 ҚазМұнайГаз
🏗«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында болды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5👍3❤1⚡1