ӘЙЕЛДЕРГЕ НАМАЗ ҮЙРЕНУ.
431 subscribers
1 photo
4 videos
1 file
14 links
Download Telegram
ыңды, тақуалықты, (күнәдан жаман қылықтардан) пәктікті және байлықты сұраймын»[8].
(Аллаһумма, инни асәалюкаль-Һуда, уа туқа, уаль-ъафафа уальғина)

ЖОҚШЫЛЫҚТАН, АУРУ-СЫРҚАУДАН СЫЙЫНУ

Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ, қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.
(Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһум- мә ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи бәсари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқри, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабри, лә иләһә иллә ә

КЕДЕЙЛІКТЕН, ЖАМАН МІНЕЗДЕН СЫЙЫНУ

Я, Алла! Менің дінімді дұрыс, үйімді кең, ризығымды берекелі қылғайсың. Уа, Алла! Қатыгездіктен, бейқамдықтан, қорлықтан және кедейліктен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Кәпірліктен, пасықтықтан, мақтаншақтықтан, сұмғадан және риядан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Керең, сақау, алапес болуымнан және жаман аурулардан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын.
(Аллаһумма әслих ли дини уә уәссиъ ли дәри, уә бәрик ли фи ризқи. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-қасуати уәл-ғафләти уәз-зулләти уәл-мәскәнәти, уә әъузу бикә минәл-куфри, уәл-фусуқи уәш шиқақи уәс-сумъати уәр-рия-и уә әъузу бикә минәс-сумми уәл-букми уәл-жузәми уә сәи-йил-әсқам).
 
РИЗЫҚ СҰРАУ

Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма. Уа, Алла! Барлық істерімнің соңын жақсарт. Дүние қорлығынан және ақырет азабынан құтқар.
(Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә лә ту-әссир ъаләйнә. Аллаһумма әхсин ъақибәтәнә фил-умури куллиһә, уә әжирнә мин хизид-дуния уә ъазәбил-әхира).
[10.03, 12:38] Менің Активі: Бүгінгі сабақ.
[10.03, 12:39] Менің Активі: НАМАЗДЫҢ СҮННЕТТЕРІ
1) Әр намаздың ифтитах тәкбірінде, үтір намазының құныт тәкбірінде және айт намазының қосымша тәкбірлерінде қолды көтеру (ер адамдардың қолдарының бас бармағы құлағына келетіндей көте- руі; әйелдер саусақ ұштары иықтарына келетіндей етіп қолдарын кө- тереді).
2) Бес уақыт намаз бен жұма намазы үшін азан шақыру және қамат түсіру (әйелдер үшін азан мен қамат сүннет емес).
Азанды тыңдау – мұстахаб. Азанды естіген адам азан айтушының айтқан сөйлемдерін бұлжытпай қайталайды. Тек қана “хайиә әләс-са- лаат” және “хайиә аләл-фәлах” дегенде “Лә хаулә уә лә қууата иллә билләһил алийл азим” дейді.
Азан біткеннен кейін Пайғамбарымызға салауат айтып, мына дұғаны оқиды:

Оқылуы: “Аллаһуммә Раббә һазиһид-дағуатиттәәммаһ уассала- тил-қааимәти әти Мухаммәдәнәл-уәсиләтә уәл-фадиләтә, уәбғасһу мақаамән-махмудәнәлләзи уааттәһ.”
Мағынасы: Әй, бұл толық шақырудың (азанның) және оқылатын намаздың Раббысы Алла! Мұхаммедке (с.а.у) жәннаттан ең жоғары дәрежені сыйлап, оны сен уәде еткен Махмұд дәрежесіне (ең жоғарғы шапағат деңгейі) жеткізе гөр.
Пайғамбарымыз: “Азаннан кейін кімде-кім бұл дұғаны оқыса,
қиямет күнінде ол менің шапағатыма бөленеді” деген.
3) Субхaнәкә оқу.
4) Алғашқы рәкағатта Субханәкәдан кейін Әғузу-бисмилләһ, басқа рәкағаттарда Фатихадан бұрын бисмилләні оқу.
5) Субханәкә, әғузу және бисмилләні ішінен оқу.
6) Фатихадан кейін имамның әрі жамағаттың іштей “Әмин”деуі.
7) Ифтитах тәкбірінен басқа намаз ішіндегі барлық тәкбірлер.
8) Рүкуғдан тұрғанда “сәмиаллаһу лиман хамидәһ”, одан кейін “Раббәнә ләкәл - хамд” деу.
9) Рүкуғда үш рет “сүбханә раббиәл-азим” деу және сәжделердің әрқайсысында “субханә раббиәл ағла” деу.
10) Намазда тұрғанда аяқтардың арасы төрт елідей ашық болу.
11) Рүкуғда тізелерді қолмен ұстау, ұстаған кезде саусақтардың арасының ашық болуы. (Әйелдер саусақтарын ашпайды және тізелерін ұстамайды, тек қана қолдарын тізелерінің үстіне қояды).
12) Рүкуғда тізелері мен шынтақтарын бүкпей, арқасын бүкірейтпей түзу ұстау. (Әйелдер болса тізелерін бүгіп, арқаларын біраз жоғарыға қарай көтеріп ұстайды).
13) Сәждеге барған кезде жерге әуелі тізелерін, содан кейін қолдарын, содан кейін ғана жүзін тигізеді. Сәждеден тұрғанда әуелі жүзін, сосын қолдарын, содан кейін тізелерінің үстіне қолдарын қойып, кө- терілу.
14) Отырыстарда қолдарын санының үстіне тізеге жақын қою.
15) Отырғанда сол аяғын жерге төсеп үстіне отыру және оң жаққа
қарай башпайларын құбылаға қарату. (Әйелдер аяқтарын оң жаққа қа- рай шығарыңқырап жамбастап отырады).
16) Соңғы отырыста “әттәхияту” ден кейін “Аллаһуммә салли” және “Аллаһуммә бәрик” пен бірге дұға оқу (Раббәнә әтина ... дұғасы).
17) Сәлем бергенде басын әуелі оң жаққа, содан кейін сол жаққа
бұру.
18) Сәлем бергенде “әс-сәләму алейкум уә рахматтуллаһ” деу.

Намазды бұзатын нәрселер

Намаздың сыртқы немесе ішкі парыздарының біріне қандай да бір нұқсандық келсе, намаз бұзылады. 

Намазды бұзатын нәрселер:

1. Намазда сөйлесу.
Намазда мейлі әдейі, мейлі жаңылысып сөйлесе, намазы бұзылады. Намазда біреудің түшкіргеніне «ярхамукаллаһ» (Алла саған рақым етсін) деген бір сахабаға Алла Елшісі намаздан кейін былай дейді: «Намазда адамдық (қарым-қатынас) сөздерді сөйлеу дұрыс емес. Намаз – тәсбих, тәкбір және Құран оқудан тұратын ғибадат». Бірақ адамның өз-өзіне «Ярхамукаллаһ» деуі намазды бұзбайды. 
Адамның науқастығынан немесе бір затынан, бір досынан айрылу секілді қайғылардан әріптер белгілі болатындай дауыспен жыласа, немесе «аһ, уһ» секілді дыбыс шығарып жыласа, намазы бұзылады. Бірақ адам өз-өзіне ие бола алмай жыласа, еріксіз есінегендей намазы бұзылмайды. Аллаһтан қорыққанынан немесе жәннат пен жаһаннамды ойлап жылауы, есінеуі намазды бұзбайды. Құран немесе хадистегі дұғаларды намазда оқу намазды бұзбайды.
Себепсіз екі әріп белгілі болатындай түшкірсе, намазы бұзылады. Бірақ еріксіз табиғи түрде түшкіру – бұдан тыс нәрсе. Намазда біреудің сәлеміне тілмен жауап қайтару немесе қол алысып, құшақтасып амандасу намазды бұзады. Намазда тұрған адамға «Алға жылжы», «сап
түзе» секілді сөз айтылып, ол да осыны іске асырса, намазы бұзылады. Бұл – намазда Алладан басқасының бұйрығына бағыну. Бірақ өздігінен аздап жанына жылжып орын беруі намазды бұзбайды.

Имам Ағзам бойынша, Құранға қарап намаз оқу – намазды бұзады. Намазда имамның қырағатын жамағаты түзесе, намаз бұзылмайды. Намазда бір аятты оқымағанын намаздан кейін хабар берген сахабаға Алла Елшісі (с.а.у.): «Маған ескерткеніңде ғой», – дейді. Егер имам сол аятты оқи алмай басқа аятқа өткеннен кейін, түзеткен адамның намазы бұзылады. Сол секілді қырағатын сырттан түзеткен адамға ұйып, қырағатын түзеткен имамның намазы бұзылады.
2. Ішіп-жеу.
Намазда мейлі әдейі, мейлі білмей бір нәрсе жеу, ішу намазды бұзады. Үлкен болсын, кіші болсын бәрібір. Тістің арасында қалған ноқат дәнінен үлкен нәрсені намазда жұтса, намаз бұзылады. Одан кіші болса, намаз бұзылмайды. Өйткені мұндай нәрседен сақ болу өте қиын. Ауызда еріген қант, шекер, т.б. нәрселерді жұту да намазды бұзады.
3. Қатарынан бірнеше іс-әрекет жасау.
Намазда жасалған көп қимыл намазды бұзады. Аз іс-қимыл намазды бұзбайды. Намаз оқып тұрған адамның намаз оқып, оқымағаны жайлы сырттан қараған адамға қүмән келтіретіндей жасаған іс-әрекеті – көп іс-қимыл болып саналады. Олар мыналар: Бір адам денесін бір рет немесе екі рет немесе әрбір рәкаттарда бір рет, екі реттен қасыса, намазы бұзылмайды. Бірақ бір рәкатта қатар-қатар үш рет қасыса, бұзылады. Бір саусағымен қолын қимылдатпай бірнеше рет қасыса, бір рет қасығанға жатады. Намазда себепсіз қатарынан тоқтамай үш қадам басу – намазды бұзады. Намазда бір қолымен басынан сәлде немесетақиясын алып жерге қоюы немесе бұларды жерден алып басына киюі намазды  бұзбайды. Бірақ бұл іс-әрекет – көп іс-қимылды білдірсе, намазды бұзады.
4. Құбыладан бұрылу.
Себепсіз намазда кеудесімен құбыладан басқа жаққа бұрылса, намазы бұзылады.
5. Намазда әурет жерінің ашылуы намазды бұзады.
Ханафи мәзһабында әурет жері болған мүшенің төрттен бірінің ашылуы намаздың бұзылуына жетіп жатыр.
6. Намаз оқыған адамның дәретінің бұзылуы.
 Намазда адамның мұрны қанаса немесе аузына құсық келу секілді себептерге байланысты еркінен тыс дәреті бұзылса, мұндай жағдайда адамның дәреті бұзылса да, намазы бұзылмайды. Ол сөйлеместен және басқа бір әрекет етпей тек дәретін қайта алып келген жағдайда, намазын келген жерден жалғастыра алады. Бірақ намазын қайта басынан оқыса – абзал. 
7. Дауыстап күлу.
Намазда жанындағы адам еститіндей етіп күлу – намазды бұзады. Мұндай жағдайда адамның намазы да, дәреті де бұзылады. Егер сәл күлімсіресе намазы бұзылмайды. Бірақ күлімсіреген уақытта өзі еститіндей дыбыс шығарса, намазы бұзылады, бірақ дәреті бұзылмайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім дауыстап күлсе, намазы мен дәретін қайталасын», – дейді.
8. Талып қалу, ес-түстен айрылу.
Мұндай жағдайларда адамның намазы бұзылады.

9. Намаз ниетін ауыстыру.
Оқып жатқан намазынан басқа намазға ниет етсе, намазы бұзылады. 
10. Намаздың бір парызын тастау.
Намаздың ішіндегі бір парызын сол намазда қаза етпестен тәрк ету намазды бұзады. Намаздың бір рәкатының сәждесін тәрк етіп, мұны сол намазда қаза етпей сәлем беру секілді.
11. Намаз оқыған ер адамның арасында бір адам сыятындай орын болмай немесе перде, дуал, т.б. бөлінбей әйелмен бір сапта намаз оқуы – намазды бұзатын нәрсе.
Ханафи мәзһабында әйел адам ер кісілердің арасында бір сапта намаз оқыса, әйелдің екі жанындағы екі еркектің және дәл артындағы бір еркектің намазы бұзылады. Намаздың бұзылуы намаздағы парыз саналған сап ретінің тәрк етілуіне байланысты.
12. Тәйәммүммен намаз оқыған адамның су көруі. 
Тәйәммүммен намаз оқыған адам, пайдалануға шамасы келетін суды көрсе, намазы бұзылады. Мысалы, намазда тоқтап қалған судың келуі секілді. Бірақ Ханафида, тәшәһһүдта отырғаннан кейін судың табылуы намазды бұзбайды. Өйткені, бұл кезде намаз аяқталған.
13. Намаз бітпей жатып сәлем беру. Төрт рәкаттан тұратын намазды ұмытып, екі рәкат санап, бірінші отырыстың соңында сәлем берген адамның намазы бұзылады. Бірақ төрт рәкат екенін біліп, қателесіп бірінші отырыстан кейін сәлем берсе, намазы бұзылмайды. Сәлемнен кейін көп іс-қимыл жасамаса немесе сөйл
емесе, қайтадан тұрып намазының қалған бөлімін орындайды. Кешіктіргені үшін сәһу сәждесі жасалады.
14. Парыз, уәжіп намаздарының уақыты шыққанда.
15. Мәсіге тартылған мәсіх уақытының аяқталуы.

🔰НАМАЗ МӘКРҮҺТЕРІ

Намаздағы мәкрүһтер – тахриман мәкрүһ (харамға жақын) және тәнзиһан мәкрүһ (харамнан қашық) болып екіге бөлінеді.

Намазда бір уәжіпті тәрк ету – тахриман мәкрүһ, намазда бір сүннетті тәрк ету – тәнзиһан мәкрүһ.

Намаздағы мәкрүһтер:

1) Намаздың уәжіптерінің бірін әдейі тәрк ету. Мысалы «Фатиханы» оқымау. Немесе әдейі құпия оқылатын намазды жария оқу яки жария оқылатын намазды құпия оқу секілді. Тахриман мәкрүһ болған мұндай намаз дұрыс десек те, қайта оқылуы – уәжіп. Өйткені, кемістік ұмытылмай, әдейі тасталынып отыр. Ұмытылып тәрк етілсе, қателік (сәһу) сәждесі арқылы түзетіледі.

2) Екінші рәкатты бірінші рәкатқа қарағанда ұзақ оқу – мәкрүһ.

3) Намаздың сүннеттерінің бірін әдейі тәрк ету – мәкрүһ. Мысалы, рүкүғтегі тәсбихті оқымау.

4) Намаз оқыған кезде ешқандай себепсіз бір нәрсеге сүйену (қабырғаға, тірек, т.б.).

5) Намазда себепсіз бір-екі қадам жүру. Бірақ, жылан немесе шаянды өлтіру секілді белгілі бір себептермен жүрсе – мәкрүһ емес. Бірақ бұл жүру көп іс-қимылды тудырса намаз бұзылады. Мұндайда зиянкесті жою үшін намазды бұзуға болады.

6) Қырағатта сүрелердің кезекпен оқылмауы – мәкрүһ. Мысалы, бірінші рәкатта «Нас» сүресін оқып, одан кейін «Ықылас» сүресін оқуға болмайды.

7) Бір рәкатта бір сүренің екі рет оқылуы немесе парызда екі рәкатта да «Фатихадан» кейін дәл бірдей сүрені қайталап оқу – мәкрүһ. Бірақ бұл нәпіл намаздарда мәкрүһ емес.

8) Намаз оқыған кісі қолымен киім, дене, сақалымен ойнауы және алақанымен аузын басуы, т.б. Хадисте: «Алла сендер үшін үш нәрсені мәкрүһ санады: Намазда бос нәрселермен айналысу, оразада жаман сөз айту, мазаратта күлу»[1]делінген. Бірақ жүздегі терді сүрту немесе сәжде ететін жердегі ұсақ тастарды бір рет түзету дұрыс саналған.

9) Намазда қиям (түрегеп тұру), қырағат, рүкүғ және сәжде кездерінде қолдарды сүннет болған мүшелерге себепсіз қоймауы – мәкрүһ. Мысалы, қиямда екі қолын екі жаққа тастауы секілді.

10) Намазда бит, шыбын, т.б. өлтіру, қуалау – мәкрүһ. Бірақ құмырсқа секілді жәндіктер шағып мазасын кетірсе, алып тастауға болады.

11) Ерлердің сәжде еткен кезде білектерін түгелдей жерге тигізуі – мәкрүһ.

12) Намазда керілу немесе есінеу – мәкрүһ.

13) Намазда себепсіз өз қалауымен түшкіру – мәкрүһ.

14) Жеті жерде намаз оқу – мәкрүһ. Бұларды Алла Елшісі: «Күл-қоқыста, мал сойылған жерлерде, мазаратта, жол шетінде, моншада, түйе қорада және Қағбаның үстінде»[2]– деп, саралап атап айтқан.

15) Намазда тістерінің арасындағы ноқаттан кішкене бір нәрсені жұту – мәкрүһ. Одан үлкен болса, намаз бұзылады.

16) Дастарқан жайылып, тамақ әзір тұрғанда намазға тұру – мәкрүһ. Бірақ намаз уақытының шығуы жақындаса, ол бөлек.

17) Намазда көздерін жұму немесе көздерін көкке тігу, жан-жағына қарау немесе басын бұрып қарау – мәкрүһ. Негізінде намазда адамның көзін тартатын нәрселер болса, мұндай жағдайда намазды көңіл қойып оқу үшін көзін жұмуға болады. Ал көзін көкке тігу мәселесіне келсек, Алла Елшісі былай дейді: «Бұл әрекетін тоқтатсын немесе Алла  олардың көздерін көр етеді»[3].

18) Саусақтарын бір-бірімен айқастыру, шытырлату – мәкрүһ.

19) Намазда сәлем бермей жатып терді немесе жүзіне жұққан шаң-тозаңды сүрту – мәкрүһ. Бірақ көзге кіретіндей болса, ондай терді сүртудің оқасы жоқ.

20) Имамнан бұрын рүкүғ немесе сәждеге бару, одан бұрын рүкүғ немесе сәждеден басын көтеру – мәкрүһ.

21) Қиям, рүкүғ және сәжде арасында тәкбір мен тәсбихтарды өз ретінен кейінге қалдыру – мәкрүһ. Мысалы, қиямнан рүкүғке барғаннан соң «Аллаһу әкбар» деу секілді. Жанған отқа қарай намаз оқу – мәкрүһ. Өйткені мұнда отқа табынушыларға ұқсау бар.

22) Жанған ошақ пен пеш, газ да осыған жатады. Шырақ, лампа, электр пеші бұған жатпайды.

23) Арасында ешқандай пердесіз бір адамның жүзіне тікелей қарап намаз оқу – мәкрүһ. Бірақ адамның арқасына қарап намаз оқуға болады.

24) Уақыт бола тұрса да үлкен немесе кіші дәретке қысылып тұрып намаз оқу – мәкрүһ. Бұл тұрғы
да: Пайғамбарымыздың (ﷺ): «Тамақ әзір тұрғанда және кіші, үлкен дәреті қысқан адамның оқыған намазы толық емес»[4]– деген хадисі бар.

25) Дене немесе намаз оқылатын жерде аз мөлшерде ластықтың болуы – мәкрүһ.

26) Бір аяқпен тұру немесе бір аяғын бір аяғына сүйеу – мәкрүһ.

27) Намазда киімді себепсіз кимей, иығына жауып оқу – мәкрүһ.

28) Таза киімі бола тұрса да, кір киіммен оқу – мәкрүһ.

29) Ерлердің күн ыстықта үстіне киім кимей оқуы – мәкрүһ.

30) Ерлердің ешқандай себепсіз жібек киіммен намаз оқуы – мәкрүһ.

31) Киімнің шаңдануынан немесе тізесі шығып, қырының бұзылуынан сақтану үшін, рүкүғ немес сәждеге барған кезде киімді жайлап жоғары көтеру – мәкрүһ.

32) Адам немесе жан-жануардың суреті бар киіммен намаз оқу немесе мұндай матаға сәжде ету – мәкрүһ. Бірақ, мұндай киімнің үстін басқа киіммен жауып оқыса, ештеңе етпейді.

33) Намаз оқыған адамның төбесінде, алдында, оңы мен солында жанды нәрселердің суреті тұруы – мәкрүһ. Бірақ мүшелері жай қарағанда көрінбейтін кішкене бір суреттің оқасы жоқ. Төлқұжат, куәлік, ақша сияқты нәрселердегі суреттер қалта секілді жабық жерде болса, ештеңе етпейді.

БЕС УАҚЫТ НАМАЗДЫҢ ОҚЫЛУЫ

Намаздың толық және діни үкімдерге сай болуы үшін парыздарын, уәжіптерін және сүннеттерін орын-орнымен орындап, намаздарды бұ-затын және мәкрүһ нәрселерден сақ болу керек.

ТАҢ НАМАЗЫ
Екі сүннет, екі парыз – барлығы төрт рәкағат. Алдымен сүннет, содан кейін парыз оқылады.
Таң намазының сүннетінің оқылуы:

Бірінші рәкағат:
1) Аяқтардың арасы төрт елі болатындай ашық және башпайлардың ұшы құбыла жаққа қарау керек.
Ниет:
2) “Ниет еттім Алла разылығы үшін бүгінгі таң намазының сүннетін оқуға” деп ниет етіледі.
Ифтитах тәкбірі:
3) “Аллаһу әкбар” деп ифтитах тәкбірі айтылады.
(Ер адамдар тәкбір айтқанда, алақандары құбылаға қарайды, саусақтарының арасы шамалы ашық болады. Бас бармақтар, құлақ ұшы-ның деңгейіне келетіндей қолдарын жоғары көтереді).
(Әйел адамдар тәкбір айтқанда, алақандары құбылаға қарайды, саусақтарының арасы шамалы ашық болады. Саусақтары көкірек дең-гейіне келетіндей қолдарын жоғары көтереді).
Қиям:
4) Тәкбірден кейін қолдарын байлайды. Тік тұрғанда сәжде қылатын жерге қарайды.
(Ер адамдар оң қолының алақаны сол қолының үстінде және оң қолының бас  бармағы мен кішкентай саусақтары сол қолының білегін қапсырып, қолдарын кіндігінің астына байлайды).
(Әйел адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып және қолда-рын көкірегінің үстіне байлайды).
Қирағат:
5) Түрегеп тұрғанда рет-ретімен: а) Субханәкә; ә) Әғузу – бисмиллаһ; б) Фатиха сүресі; в) Құраннан бір сүре оқылады.
Рүкуғ:
6) “Аллаһу әкбар” деп рүкуғқа еңкейіп, үш рет “сүбханә раббил-азим” делінеді. Рүкуғтан тұрғанда аяқтардың ұшына қарайды.
(Ер адамдар рүкуғта саусақтарын ашып, алақанымен тізелерін ұстайды, арқасы түп-түзу болуы керек. Тізелері мен шынтақтарын түзу ұстайды).
 (Әйел адамдар рүкуғта иықтарын біраз иіп, ер адамдарға қарағанда біраз иіліңкіреп тұрады. Саусақтарын ашпай, қолдарын тізелерінің үстіне қояды әрі тізелерін біраз бүгіп тұрады).
Рүкуғтан тұру:
7) “Сәмиға Аллаһу лимән хамидәһ” деп рүкуғдан тұрады, тік тұрып “Раббәнә ләкәл хамд” дейді.
Сәжде:
8) “Аллаһу әкбар” деп сәждеге барады. Сәждеге барарда алдымен тізе, қол, содан кейін маңдай және мұрын жерге тиеді. Сәждеде бас екі қолдың арасында және бірдей деңгейде болады. Сәждеде болғанда екі аяқ көтерілмейді, мұрынға қарайды. Үш рет “сүбхана раббил-ағлә” дейді.
(Ер адамдар сәждеде шынтақтарын бүйірінен ұзақ және білектерін жерден жоғары ұстайды. Аяқтары башпайлардың үстінде тік ұсталып, башпайдың ұштары құбыла жаққа қарайтындай етіп қойылады).
(Әйел адамдар сәждеде қолдарын бүйіріне жабыстырып, аяқтарын башпайлардың үстіне тік ұстап, башпайларының ұштарын құбыла жаққа қарайтындай етіп қояды).
Екі сәжде арасындағы отырыс:
9) “Аллаһу әкбар” деп басын көтеріп тізерлеп отырады. Отырған кезде саусақтарын тізенің деңгейіне келетіндей сандарының үстіне қояды және сәжде орнына қарайды. Бұл кезде “сүбханалла” дейтіндей аз ғана уақыт отырады.
(Ер адамдар сол аяғын жерге төсеп, үстіне отырады, оң аяқ башпай-лары құбылаға қарайтындай тік ұсталады).
(Әйел адамдар аяқтарын жа
тқызып, оң жаққа қарай созып отыра-ды).
10) “Аллаһу әкбар” деп екінші рет сәждеге жығылады және үш рет “сүбхана раббил -ағлә” дейді.
11) “Аллаһу әкбар” деп сәждеден екінші рәкағатқа тұрып қолын байлайды. Сәждеден  көтерілгенде әуелі бас, содан кейін қолдар, сонан соң қолдарын тізеге қойып тізелерін жерден көтереді.
Ифтитах тәкбірінен бастап осы жерге дейін  жасалғандар “бір рәкағат” болып есептеледі

Екінші рәкағат:
1) Түрегеп тұрғаннан кейін рет – ретімен: а) Бисмиллаһ ә) Фатиха сүресі; б) Құраннан бір сүре оқылады.
2) Бірінші рәкағаттағыдай “Аллаһу әкбар” деп рүкуғқа барады да үш рет “сүбхана раббил – азим” дейді.
3) “Сәмиғаллаһу лимән хамидәһ” деп тұрады, толық тік тұрғаннан кейін “Раббәнә ләкәл хамд” дейді.
4) “Аллаһу әкбар” деп сәждеге жығылады да үш рет “сүбхана раббил -ағлә” дейді.
5) “Аллаһу әкбәр” деп сәждеден тұрып тізерлеп отырады. “Сүбханаллаһ” дейтіндей уақыт отырады.
6) Содан кейін “Аллаһу әкбар” деп екінші рет сәждеге жығалады да, үш рет “сүбхана раббил -ағлә” дейді.
Намазда соңғы отырыс:
7) “Аллаһу әкбар” деп сәждеден басын көтеріп отырады.

Отырған кезде қолдың саусақтарын тізенің деңгейінде келетіндей санның үстіне қояды да, алдына қарайды.
(Ер адамдар сол аяғын жерге төсеп үстіне отырады, оң аяқтың сау-сақтарын құбылаға қаратып, тік ұстайды) .
(Әйел адамдар аяқтарын жатқызып, оң жаққа қарай созып отыра-ды).
8) Отырған кезде рет-ретімен: а) “Әттәхияту” ә) “Аллаһүммә салли” б) “Аллаһумма барик” в) “Раббәнә әтинә...” дұғалары оқылады.
Оң жаққа сәлем беру:
9) Әуелі басын оң жаққа бұрып “Әссәләмү алейкүм уә рахмәтуллаһ” дейді. Сәлем берген кезде иығына қарайды.
Сол жаққа сәлем беру:
10) Содан кейін басын сол жаққа бұрып “Әссәләмү алейкүм уә рахмәтуллаһ” дейді. Осылайша екі рәкағат намаз аяқталады.
Таң намазының парызының оқылуы:
Таң намазының парызы да екі рәкағат сүннеті сияқты оқылады. Сүннеттен айырмашылығы парыз үшін ниет етіліп, ер адамдардың қамат айтуында.
Таң намазының парызына былай ниет етеді:
“Ниет еттім Алла разылығы үшін бүгінгі таң намазының парызын оқуға”.
[10.03, 12:40] Менің Активі: БЕС УАҚЫТ НАМАЗДЫҢ ОҚЫЛУЫ

8) “Аллаһу әкбар” деп сәждеге барады. Сәждеге барарда алдымен ті
зе, қол, содан кейін маңдай және мұрын жерге тиеді. Сәждеде бас екі қолдың арасында және бірдей деңгейде болады. Сәждеде болғанда екі аяқ көтерілмейді, мұрынға қарайды. Үш рет “сүбхана раббил-ағлә” дейді.
(Ер адамдар сәждеде шынтақтарын бүйірінен ұзақ және білектерін жерден жоғары ұстайды. Аяқтары башпайлардың үстінде тік ұсталып, башпайдың ұштары құбыла жаққа қарайтындай етіп қойылады).
(Әйел адамдар сәждеде қолдарын бүйіріне жабыстырып, аяқтарын башпайлардың үстіне тік ұстап, башпайларының ұштарын құбыла жаққа қарайтындай етіп қояды).
Екі сәжде арасындағы отырыс:
9) “Аллаһу әкбар” деп басын көтеріп тізерлеп отырады. Отырған кезде саусақтарын тізенің деңгейіне келетіндей сандарының үстіне қояды және сәжде орнына қарайды. Бұл кезде “сүбханалла” дейтіндей аз ғана уақыт отырады.
(Ер адамдар сол аяғын жерге төсеп, үстіне отырады, оң аяқ башпай-лары құбылаға қарайтындай тік ұсталады).
(Әйел адамдар аяқтарын жатқызып, оң жаққа қарай созып отыра-ды).
10) “Аллаһу әкбар” деп екінші рет сәждеге жығылады және үш рет “сүбхана раббил -ағлә” дейді.
11) “Аллаһу әкбар” деп сәждеден екінші рәкағатқа тұрып қолын байлайды. Сәждеден  көтерілгенде әуелі бас, содан кейін қолдар, сонан соң қолдарын тізеге қойып тізелерін жерден көтереді.
Ифтитах тәкбірінен бастап осы жерге дейін  жасалғандар “бір рәкағат” болып есептеледі

Екінші рәкағат:
1) Түрегеп тұрғаннан кейін рет – ретімен: а) Бисмиллаһ ә) Фатиха сүресі; б) Құраннан бір сүре оқылады.
2) Бірінші рәкағаттағыдай “Аллаһу әкбар” деп рүкуғқа барады да үш рет “сүбхана раббил – азим” дейді.
3) “Сәмиғаллаһу лимән хамидәһ” деп тұрады, толық тік тұрғаннан кейін “Раббәнә ләкәл хамд” дейді.
4) “Аллаһу әкбар” деп сәждеге жығылады да үш рет “сүбхана раббил -ағлә” дейді.
5) “Аллаһу әкбәр” деп сәждеден тұрып тізерлеп отырады. “Сүбханаллаһ” дейтіндей уақыт отырады.
6) Содан кейін “Аллаһу әкбар” деп екінші рет сәждеге жығалады да, үш рет “сүбхана раббил -ағлә” дейді.
Намазда соңғы отырыс:
7) “Аллаһу әкбар” деп сәждеден басын көтеріп отырады.

Отырған кезде қолдың саусақтарын тізенің деңгейінде келетіндей санның үстіне қояды да, алдына қарайды.
(Ер адамдар сол аяғын жерге төсеп үстіне отырады, оң аяқтың сау-сақтарын құбылаға қаратып, тік ұстайды) .
(Әйел адамдар аяқтарын жатқызып, оң жаққа қарай созып отыра-ды).
8) Отырған кезде рет-ретімен: а) “Әттәхияту” ә) “Аллаһүммә салли” б) “Аллаһумма барик” в) “Раббәнә әтинә...” дұғалары оқылады.
Оң жаққа сәлем беру:
9) Әуелі басын оң жаққа бұрып “Әссәләмү алейкүм уә рахмәтуллаһ” дейді. Сәлем берген кезде иығына қарайды.
Сол жаққа сәлем беру:
10) Содан кейін басын сол жаққа бұрып “Әссәләмү алейкүм уә рахмәтуллаһ” дейді. Осылайша екі рәкағат намаз аяқталады.
Таң намазының парызының оқылуы:
Таң намазының парызы да екі рәкағат сүннеті сияқты оқылады. Сүннеттен айырмашылығы парыз үшін ниет етіліп, ер адамдардың қамат айтуында.
Таң намазының парызына былай ниет етеді:
“Ниет еттім Алла разылығы үшін бүгінгі таң намазының парызын оқуға”.
[17.03, 15:35] Менің Активі: Бүгінгі сабақ.
[17.03, 15:36] Менің Активі: БЕС УАҚЫТ НАМАЗДЫҢ ОҚЫЛУЫ

Намаздың толық және діни үкімдерге сай болуы үшін парыздарын, уәжіптерін және сүннеттерін орын-орнымен орындап, намаздарды бұ-затын және мәкрүһ нәрселерден сақ болу керек.

ТАҢ НАМАЗЫ
Екі сүннет, екі парыз – барлығы төрт рәкағат. Алдымен сүннет, содан кейін парыз оқылады.
Таң намазының сүннетінің оқылуы:

Бірінші рәкағат:
1) Аяқтардың арасы төрт елі болатындай ашық және башпайлардың ұшы құбыла жаққа қарау керек.
Ниет:
2) “Ниет еттім Алла разылығы үшін бүгінгі таң намазының сүннетін оқуға” деп ниет етіледі.
Ифтитах тәкбірі:
3) “Аллаһу әкбар” деп ифтитах тәкбірі айтылады.
(Ер адамдар тәкбір айтқанда, алақандары құбылаға қарайды, саусақтарының арасы шамалы ашық болады. Бас бармақтар, құлақ ұшы-ның деңгейіне келетіндей қолдарын жоғары көтереді).
(Әйел адамдар тәкбір айтқанда, алақандары құбылаға қарайды, саусақтарының арасы шамалы ашық болады. Саусақтары көкірек дең-гейіне келетіндей қолдарын жоғары көтереді).
Қиям:
4) Тәкбірден кейін қолдарын байлайды. Тік тұрғанда сәжде қылатын жерге қарайды.
(Ер адамдар оң қолының алақаны сол қолының үстінде және оң қолының бас  бармағы мен кішкентай саусақтары сол қолының білегін қапсырып, қолдарын кіндігінің астына байлайды).
(Әйел адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып және қолда-рын көкірегінің үстіне байлайды).
Қирағат:
5) Түрегеп тұрғанда рет-ретімен: а) Субханәкә; ә) Әғузу – бисмиллаһ; б) Фатиха сүресі; в) Құраннан бір сүре оқылады.
Рүкуғ:
6) “Аллаһу әкбар” деп рүкуғқа еңкейіп, үш рет “сүбханә раббил-азим” делінеді. Рүкуғтан тұрғанда аяқтардың ұшына қарайды.
(Ер адамдар рүкуғта саусақтарын ашып, алақанымен тізелерін ұстайды, арқасы түп-түзу болуы керек. Тізелері мен шынтақтарын түзу ұстайды).
 (Әйел адамдар рүкуғта иықтарын біраз иіп, ер адамдарға қарағанда біраз иіліңкіреп тұрады. Саусақтарын ашпай, қолдарын тізелерінің үстіне қояды әрі тізелерін біраз бүгіп тұрады).
Рүкуғтан тұру:
7) “Сәмиға Аллаһу лимән хамидәһ” деп рүкуғдан тұрады, тік тұрып “Раббәнә ләкәл хамд” дейді.
Сәжде:
8) “Аллаһу әкбар” деп сәждеге барады. Сәждеге барарда алдымен тізе, қол, содан кейін маңдай және мұрын жерге тиеді. Сәждеде бас екі қолдың арасында және бірдей деңгейде болады. Сәждеде болғанда екі аяқ көтерілмейді, мұрынға қарайды. Үш рет “сүбхана раббил-ағлә” дейді.
(Ер адамдар сәждеде шынтақтарын бүйірінен ұзақ және білектерін жерден жоғары ұстайды. Аяқтары башпайлардың үстінде тік ұсталып, башпайдың ұштары құбыла жаққа қарайтындай етіп қойылады).
(Әйел адамдар сәждеде қолдарын бүйіріне жабыстырып, аяқтарын башпайлардың үстіне тік ұстап, башпайларының ұштарын құбыла жаққа қарайтындай етіп қояды).
Екі сәжде арасындағы отырыс:
9) “Аллаһу әкбар” деп басын көтеріп тізерлеп отырады. Отырған кезде саусақтарын тізенің деңгейіне келетіндей сандарының үстіне қояды және сәжде орнына қарайды. Бұл кезде “сүбханалла” дейтіндей аз ғана уақыт отырады.
(Ер адамдар сол аяғын жерге төсеп, үстіне отырады, оң аяқ башпай-лары құбылаға қарайтындай тік ұсталады).
(Әйел адамдар аяқтарын жатқызып, оң жаққа қарай созып отыра-ды).
10) “Аллаһу әкбар” деп екінші рет сәждеге жығылады және үш рет “сүбхана раббил -ағлә” дейді.
11) “Аллаһу әкбар” деп сәждеден екінші рәкағатқа тұрып қолын байлайды. Сәждеден  көтерілгенде әуелі бас, содан кейін қолдар, сонан соң қолдарын тізеге қойып тізелерін жерден көтереді.
Ифтитах тәкбірінен бастап осы жерге дейін  жасалғандар “бір рәкағат” болып есептеледі

Екінші рәкағат:
1) Түрегеп тұрғаннан кейін рет – ретімен: а) Бисмиллаһ ә) Фатиха сүресі; б) Құраннан бір сүре оқылады.
2) Бірінші рәкағаттағыдай “Аллаһу әкбар” деп рүкуғқа барады да үш рет “сүбхана раббил – азим” дейді.
3) “Сәмиғаллаһу лимән хамидәһ” деп тұрады, толық тік тұрғаннан кейін “Раббәнә ләкәл хамд” дейді.
4) “Аллаһу әкбар” деп сәждеге жығылады да үш рет “сүбхана раббил -ағлә” дейді.
5) “Аллаһу әкбәр” деп сәждеден тұрып тізерлеп отырады. “Сүбханаллаһ” дейтіндей уақыт отырады.
6) Содан кейін “Аллаһу әкбар” деп екінші рет сәждеге жығалады да, үш рет “сүбхана раббил -ағлә” дейді.
Намазда соңғы отырыс:
7) “Аллаһу әкбар” деп сәждеден басын к
өтеріп отырады.

Отырған кезде қолдың саусақтарын тізенің деңгейінде келетіндей санның үстіне қояды да, алдына қарайды.
(Ер адамдар сол аяғын жерге төсеп үстіне отырады, оң аяқтың сау-сақтарын құбылаға қаратып, тік ұстайды) .
(Әйел адамдар аяқтарын жатқызып, оң жаққа қарай созып отыра-ды).
8) Отырған кезде рет-ретімен: а) “Әттәхияту” ә) “Аллаһүммә салли” б) “Аллаһумма барик” в) “Раббәнә әтинә...” дұғалары оқылады.
Оң жаққа сәлем беру:
9) Әуелі басын оң жаққа бұрып “Әссәләмү алейкүм уә рахмәтуллаһ” дейді. Сәлем берген кезде иығына қарайды.
Сол жаққа сәлем беру:
10) Содан кейін басын сол жаққа бұрып “Әссәләмү алейкүм уә рахмәтуллаһ” дейді. Осылайша екі рәкағат намаз аяқталады.
Таң намазының парызының оқылуы:
Таң намазының парызы да екі рәкағат сүннеті сияқты оқылады. Сүннеттен айырмашылығы парыз үшін ниет етіліп, ер адамдардың қамат айтуында.
Таң намазының парызына былай ниет етеді:
“Ниет еттім Алла разылығы үшін бүгінгі таң намазының парызын оқуға”.
Күнделікті өмірімізде дұғаларды жиі оқып, Алланы зікір етіп жүрген адамның тілегі қабыл болады. Бүгінде көптеген адамдар өз білгендерімен дұға – тілек жасайды дегенмен, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сияқты әрқилы жағдайда айтылатын дұғаларды айтып жүрсек, Алланың алдында қабыл әрі сауабы мол екені айдан анық. Ал Алланы үнемі еске алып, зікір етудің төте жолы, күнделікті өмірімізде жиі қолданатын дұғаларды айтып жүру. Олай болса, тілге жеңіл, айтуға оңай әрі тез есте сақталатын дұғалар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.
 
Таңертең ұйқыдан оянған кездегі айтылатын дұғаны оқысаңыз, күніңіз берекеге толы болады.
Ø Таңертең  ұйқыдан оянған кезде айтылатын дұға
  Бізді жан тапсырған соң қайта тірілткен Аллаға шүкір! Әрі біз Оған қайтушымыз.
«Әлхәмду лилләһил-ләзи ахйәәнә бәъдә мә әмәәтәнә уә иләйһин -  нушур».   
 
   Неліктен әжетханаға кірер кезде дұға оқимыз? Себебі, әжетханада
жын-шайтандар болады. Сондықтан да Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әжетханаға кірер кезде осы дұғаны айтқан:  
Ей, Алла! Шын мәнінде, мен ер және әйел жын-шайтандардан Өзіңе сыйынамын.
«Аллаһуммә инни әъузу бикә минәл -хубси  уәл-хабәис»
 
Ø Әжетханадан шыққан кезде айтылатын дұға
 
( Ей, Алла! ) кешіріміңді сұраймын.
«Ғуфранәк»
 Бірде сахабалардың бірі: «Я, Алла Елшісі, расында біз тамақ жеп, оған тойына алмаймыз!» - деді. Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендер бөлек тамақ ішетін шығарсыңдар?» - деп сұрайды. Олар: “Иә”, - дейді. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Онда тамаққа жиналып, Алланың есімін айтып жеңдер, сонда сендерге тамақтың берекесі болады», - деген (Әбу Дәуд) 
 
Ø Тамақтанар алдында оқылатын дұға
Ей, Алла! Бізге бұл тамаққа береке бер және бізге одан жақсысын нәсіп ет.
«Аллаһуммә бәрик ләнә фиһи уә атъимнә хайрам-минһ».
Немесе, «Бисмилләһ»  (Алланың атымен ) деп айтуларыңызға болады.
Ø Киім кигенде оқылатын дұға
Маған бұл (киімді) кигізген, әрі оны маған өз тарапымнан ешбір күш-қуат жұмсамай тұрып нәсіп еткен Аллаға мақтау – мадақтар болсын!
«Әлхәмду лилләһил-ләзи кәсәни һәзә ( әс сәубә) уә разәқаниһи мин ғайри хаулин минни уә лә қууәһ».
 
Алла Тағала Құранда: «Әй, Адам ұрпақтары! Сендерге ұятты жерлеріңді жабатын киім түсірдік...» - деген. («Аъраф» сүресі, 26-аят). Ал өмірі бүкіл адамзатқа үлгі болған Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жаңа киім кигенде осы дұғаны айтып, Алладан пана тілейтін. Себебі, жаңа киімді берген де, оны киюді нәсіп еткен де – Алла Тағала. Егер соны есіңізден шығармай, Аллаға мақтау, шүкірлік айта алсаңыз, киген киіміңіз берік, берекелі болмақ. Ендеше, «Жаңа киім ки, сыйлы өмір сүр!..»
 
Ø Киім шешкенде айтылатын дұға
Алланың атымен (бастаймын).
«Бисмилләһ”
 
Ø Үйден шыққан кезінде оқылатын дұға
 Алланың атымен, Аллаға тәуекел еттім. Алла (Тағаланың) күш–қуатынан асатын ешқандай күш – қуат жоқ.
«Бисмилләһ, тәуәккәлту ъаләллаһ, уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ».
 
Ø Үйге кірер кезде оқылатын дұға
Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық. Раббымызға тәуекел еттік. ( Кейін үй ішіндегілерге сәлем берсін делінген).
«Бисмилләһи уәләжнә, уә бисмилләһи харажнә, уә ъалә раббинә тәуәккәлнә».  
    Егер адам үйіне кірерде және ас ішер алдында Алла Тағаланың есімін тіліне тиек етпесе, онда шайтан өзінің нөкерлеріне: “Бізге бұл үйде орын да бар, тамақ та бар”, - деп қуанады. Ал егер ол үйіне кірерде және ас ішер алдында «Бисмилләһ» (Алланың атымен) деп Алла Тағаланың есімін атаса, шайтан: “Бұл жерде бізге орын да, тамақ та жоқ!”, - деп қашады. (Муслим)  Періште бар жерде шайтан болмайды. Ал шайтан жоқ үйде бақыт пен береке, татулық салтанат құрады!
 
Ø Көлікке мінген кезде айтатын дұға
Алланың атымен, Аллаға шүкір!
«Бисмилләһ(и), әлхамду лилләһ”.
 
  Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұйқыны “өлiмнiң сыңары”, “кiшi өлiм” деп атаған. Хадистегі «жан тапсырып (ұйықтап), тірілемін (оянамын)» деген сөздер соны меңзейдi. "Алла түнде сендердің жандарыңды алады және күндіз не істегендеріңді біледі" ("Әнғам" сүресі, 60-аят)
 
Ø Ұйықтар алдында оқылатын дұғалар
Екі алақанын біріктіре жайып, көкірек тұсына әкеледі де, кейін: «Ықылас», «Фәлақ», «Нәс» сүрелерін оқып, алақанына үрлеп дем салады. Кейін Әятул – Курсиді оқиды.
«Ықылас» сүресінің оқылуы
 
Бисмилләһир-рахмәнир-рахим. “Қул һууәл-лаһу әхәд. Аллаһус-самәд. Ләм ялид уә ләм юләд. Уә ләм якул-ләһу куфу-уән әхәд”.
    
Аса қамқор, ерекше Мейірімді  Алланың атымен Ол Алла біреу-ақ, Алла Мұңсыз ( әр нәрсе Оған мұқтаж ). Ол тумады да туылмады, әрі Оған ешкім тең емес.
 
«Фәлақ» сүресінің оқылуы
 
Бисмилләһир-Рахмәнир-Рахим. “Қул әъузу бираббил-фәләқ. Мин шәрри мә халәқ. Уә мин шәрри ғасиқин изә уәқаб. Уә мин шәррин нәффәсәти фил ъуқад. Уә мин шәрри хәсидин изә хәсәд”.     
 
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын. Таңның Раббысына сиынамын, жаратқан нәрселерінің кесірінен, қараңғылық басқан сәтте, түннің кесірінен, түйіншектерге дем салушылардың кесірінен, күншілдердің кесірінен, ол күндеген сәтте (сиынамын).
 
«Нәс» сүресінің оқылуы
Бисмилләһир-Рахманир-Рахиим. “Қул әъузу бираббин-нәс, Мәликин-нәс, Иләһин-нәс. Мин шәррил уәс-уәсил ханнәс. Әлләзи юуасуису фи  судуриннәс. Минәл- жиннәти уән-нәс”.
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын. Адамдардың Раббысына, адамдардың Иесіне, адамдардың Тәңіріне сыбырлап азғырушының кесірінен, сондай-ақ, адамдардың көкейлеріне салатын, мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын».
«Әятул – Курсидің» оқылуы:
 
Бисмилләәһир-Рахмаанир-Рахиим. «Аллаһу лә иләһә иллә һууәл хайюл қайюм.  Лә тә’хузуһу синәту уә лә нәум. Ләһу мә фис-сәмәуәти уә мә фил-ард.  Мән зәлләзи  яшфаъу ъиндаһу иллә би-изниһи. Яъламу мә бәйнә әйдиһим уә мә халфәһум, уә лә юхитуна бишәй-йммин ъилмиһи иллә бимә шә-ә. Уәсиъа курсиюһус-сәмәуәти уәл-ард, уә лә я-удуһу хифзуһумә уә һуәл-ъалиюл-ъазыйм».
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын. «Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы. Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көкіректегі және жердегі нәрселер Оған тән. Оның құзырында Өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді. Олардың алдындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа ешнәрсе білмейді. Оның Күрсісі көктер мен жерді сыйдырады. Оған Ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол – өте  Биік, аса Зор».
 
Бұл дұғалар кәдеңізге жарарына сенімдіміз. Алла Тағала әрбіріңізге көп сауаптан жазғай!