Кітапgram
12.1K subscribers
172 photos
6 videos
36 files
464 links
Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram Perfluence
Download Telegram
🧩 Пайдалы ақпарат

Есте сақтау қабілетін жақсартатын азық-түліктердің чемпиондары қатарына- шпинат, брокколи және кале капустасы кіреді.

©https://t.me/kitappgram
🔥17👍9
"Көрінген кітапты оқи берген жарамайды, көңілде туған сауалдарға жауап бере алатын кітаптарды оқыған абзал."

©Лев Толстой
37👍22👏3🔥2
Кітап оқуға уақыт тапшы десеңіз САММАРИ кітап оқыңыз

📑Саммари дегеніміз - кітаптың қысқаша мазмұндамасы. Толық кітаптың ең негізгі бөлігі, идеясы таңдап алынады да жеке саммари болып басылып шығады.

Оның ең негізгі артықшылығы - адамның уақытын үнемдейді. Бір кітапты оқуға 1 ай жұмсамай, 1 күнде оқып шыға аласыз.

🖇Кейбір саммари кітаптар бір тақырып айналасында жазылған бірнеше шығармалардың негізінде жазылады. Яғни, бір ғана саммари кітаптың ішінде бірнеше кітаптың негізгі ойы, оқырманға пайдалы ақпараттары жазылады.

©https://t.me/kitappgram
👍264👏3
#кеңес

📈Оқылған кітаптардың тізімін жасап отырыңыз.
Бұл сізде серотонин гормонын тудырады.
Тізімді көрген сайын кітап оқуға деген құлшыныс арта түседі.

©https://t.me/kitappgram
👍38🔥54🥰1
#Исламнанлайфхак

Кітапты ылғи бір жерде оқи беру жөн емес. Ми жалығады.

Кітапты әр жерде оқыған дұрыс.
Себебі, ми жаңа жерді көргенде, жаңа дәм сезінгенде толықтай іске қосылады.

©https://t.me/kitappgram
👍345
#кеңес

Оқығаныңды жазып отыру.

📒Жеке күнделігіңізге ой салатын қанатты сөздерді жазып, есте сақтаңыз.

📱Оқып шыққан кітабыңыз жайлы пікіріңізді әлеуметтік желіде бөлісіңіз. Бұл арқылы сіздегі пайдалы ақпараттың қоры толыға түседі. Сонымен қатар, достарыңыз үшін де пайдалы болары анық.

🔖Пікіріңді білдіру үшін жазушы болудың қажеті жоқ.

©https://t.me/kitappgram
👍32🔥95👏3
Ақылды болу мидың салмағына байланысты ма?

🧠Ми орта есеппен 1-2 кг-ды құрайды.

Әйелдерге қарағанда ерлердің миы ауырлау келеді, себебі ер адамдардың органдары ірі болғандықтан, үлкен басқару жүйесін талап етеді.

Ал ақылды болу мидың салмағына байланысты емес.
Тіпті атақты ғалымдардың миының өзі 1кг-нан сәл ғана асқан.
Сондықтан ақылдылық мидың салмағымен өлшенбейді.

©https://t.me/kitappgram
🔥16👍10👏31🥰1
Есте сақтауға пайдасын тигізетін нәрселер:

1) дұрыс тамақтану
2) таңғы асты тастамау
3) күмәннан арылу
4) кінәламау, ашу, реніштен арылу
5) табиғатқа шығу
6) жұмысты уақытылы орындау
7) оң қырымен жату
8) оңашалану

©https://t.me/kitappgram
👍2620🥰1
🔹Исламнанкеңес:

— Шешен сөйлеуді, ұялмай сөйлеуді, ойды жинақы жеткізуді үйрететін кітаптар:

1. Жандарбек Бұлғақ “SOZ менеджменті” кітабы;
2. Мақпал Жігер “Бір ауыз сөз” кітабы;
3. Жарас Ахан “Шешен сөйлеудің сыры” кітабы.

©️https://t.me/kitappgram
29👏10👍5🔥3
Ғалымдарды білу артық білім бе?

Кейбір адамдар ғалымдардың өмірбаянын білуге тырысады. Олар тұлғаға ерекше мән беріп оның идеясын басқа ғалымдардың идеяларымен салыстырғысы келмейді. Себебі ол тұлға ол адам үшін идеалға айналады.

Бізге сол ғалымдардың жеке өмірінен гөрі өзімізге қажетті мөлшерде пайдалы білімді алу маңызды.
Адам қажетсіз артық білімді құр, жаттап оларды игеріп алмайды. Бұл жерде тек пайдалысын сүзіп алу маңызды.

©https://t.me/kitappgram
👍24🔥4👏2
Бала Шоқан С.Бегалин.pdf
1.6 MB
©Сапарғали Бегалин
📚Бала Шоқан

https://t.me/kitappgram
👍14🔥1😁1
Қорғансыздың күні М.Әуезов.pdf
286.9 KB
©Мұхтар Әуезов
📚Қорғансыздың күні

https://t.me/kitappgram
👏16😢9👍8
🧠Ер мен әйел миының табиғи ерекшеліктері:

•ер адамдар ақпаратты жылдам қабылдап, жылдам әрекет жасайды. Алайда...
•әйел адамдар бір уақытта бірнеше ақпаратты қабылдай алады.
•әйел адамдар әңгімелескенді ұнатады. Ер адамдар көп сөздің орнын бір іспен алмастырады.
•ер адамдар әңгімелесу барысында логикаларына жүгініп, айтылған сөзді сол қалпында қабылдайды.
Ал әйелдерге түйсіктері көмекке келгендіктен, айтылғанды болжап қабылдайды.
•әйел адамдар барлығын детальды түрде есте сақтаса, ер адамдар маңыздылығы мен нәтижесіне мән береді.

©https://t.me/kitappgram
👍31👏4🔥31
🗣Біреуге түсіндіру

Есте сақтауға көмектесетін ең танымал әдіс- жаттаған материалды біреуге түсіндіру.

Түсіндірудің де түрлері бар. Әсіресе, он жасар балаға түсіндіріп көр. Балаға қарапайым тілмен, қиын сөздерді оңай сөздермен алмастырып, балаға түсінікті мысал бере отырып, ұқтыра алсаң, онда бұл ақпарат өмірбақи есіңде қалып қояды.

©https://t.me/kitappgram
22👍14👏4🔥2
Есте сақтаудың ең тиімді тәсілі- түсіну.

Жаңа ақпаратты оқығанда, тыңдағанда, көргенде, сезінгенде есте сақтап қалудың бірінші сатысы- оны түсіну.

Мәтін не жайлы, қандай қорытынды жасалынған, т.б. сұрақтар қойып, материалды түсініп алу керек. Кім ақпаратты түсінді, сол анағұрлым ұзақ есінде сақтайды.

Ақпаратты жаттауға 1 сағат берілсе, оның 30 минутын түсінуге жұмсау керек. Бір сағат бойы мәтінді қайталап оқи бергеннен гөрі, түсіну әдісі жақсырақ көмектеседі.

©https://t.me/kitappgram
22👍11🔥6👏4🎉4🤩1
🕰Жылдам оқу

Нейробиологтардың зерттеуінше, адам неғұрлым кітапты жылдам оқыса, соғұрлым ол адамның түйсігі және ойлау қабілеті жоғарылайтынын дәлелдеді.

Ақырын оқу барысында адамдар кітапта жазылған дүниенің тек 20 пайызын ғана түсінеді. Ал жылдам оқу керісінше туындының 90 пайызын түсінуге мүмкіндік береді.
Жылдамдыққа сай ақпарат тез қабылданып, тез сіңеді.

©https://t.me/kitappgram
👍19🔥5🥰5🤩5🤔2
🧩Кітапты жылдам оқуға арналған #Исламнанлайфхак :

1) қарындашпен оқу;
Кітап оқу барысында мәтіннің әр жолын қарындашпен жүргізіп отыру көзге салмақ түсірмейді әрі жылдам оқуға көмектеседі.

2) жаңылтпашты күнделікті оқу; Жаңылтпаштағы сөздер бір біріне ұқсас болғандықтан ол сөздерді ажыратуға көз үлкен күш салады. Жаңылтпашпен жұмыс жасап үйренген көз қарапайым кітап бетіндегі мәтінді тезірек оқиды.

3) сүзгі тәсілі;
Оқығалы жатқан кітабыңызға 5-6 сұрақ қойып алыңыз. Сол сұрақтың жауабын іздеу үшін кітапты оқыңыз. Адам кітапты қарапайым оқуға қарағанда сұрақты іздеу арқылы шапшаң оқиды.

4) теріс қаратып оқу; Кітапты жоғарыдан төменге айналдырып, теріс қаратып оқып көріңіз. Алғашында бұлай оқу қиынға соғады, бірақ кейіннен миыңыз бұл қалыпқа үйренеді. Мәтінді қаншалықты қиындатсаңыз соншалықты тезірек оқитын боласыз.

5) көп оқу.
Адамның көзі таныс емес сөздерге көп уақыт кідіріс жасайды. Көп сөзбен таныс болу үшін кітапты көбірек оқу қажет.

©https://t.me/kitappgram
👍26👏4🔥3🥰32🎉1
🇺🇸Америка президенті Рузвельт жылдам оқу әдісін арнайы оқып, жақсы меңгерген. Соның нәтижесінде ол қалың кітаптарды 1-2 сағатта аяқтайтын болған.

Ленин 1 минутта бір беттен оқыпты. Ленин кітаптағы дәйек сөздердің астын сызып, кей сөйлемге пікірін қарандашпен жазған екен. Ерекше әсер еткен сөйлемдерді қойын дәптеріне көшіріп, оқығаны жайында конспект жазып отырыпты.

Дерек бойынша Лениннің 20 мыңнан астам кітабы болған.

©https://t.me/kitappgram
👍29🤯12🔥2🥰21
🔹 Исламнанкеңес:

- Есте сақтау қабілетің төмендеп, ұмытшақ бола бастасаң мына кітаптарды оқы:

1. Әділбек Исламбек “Оқырман әліпбиі” кітабы;
2. Мадина Жумадиллаева “Ғажайып ми” кітабы;
3. Мирас Кесебаев “Супержады” кітабы.

©️ https://t.me/kitappgram
👍223🔥2👏2🥰1
Жабайы алма С.Мұратбеков.pdf
1.4 MB
©Сайын Мұратбеков
📚Жабайы алма

https://t.me/kitappgram
🔥102👍1
Ақбілек Ж.Аймаутов.pdf
1.2 MB
©Жүсіпбек Аймауытов
📚Ақбілек

https://t.me/kitappgram
👍18🥰32