Кітапgram
12K subscribers
172 photos
6 videos
36 files
464 links
Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram Perfluence
Download Telegram
Илон Маск өзінің қол астында жұмыс істейтін адамдарға жол сілтесін деген мақсатпен танымал коуч Джим Квиктің арнайы лекциясын тыңдатқан.

Онда ми жұмысын жақсарту туралы, әсіресе, көлемді мәтінді оқу, маңызды ақпаратты еске ұзақ сақтап қалу сынды нәрселерге көп көңіл бөлген.  

Негатив ойдан арылу

Квик берген кеңесте "автоматты негатив ойлардан" (Automatic Negative Thoughts, ANT) арылуға назар аударады.
Ондай ойларға өз-өзін жегідей жеу, өзгелерді кінәлау, әлі басталмаған істің нәтижесіз болатынына алдын ала сену жатады.

Сондай-ақ мұндай негатив ойға адамның өз мүмкіндігін жасымен шектеуін де қосуға болады (мысалы, "Мен жаңа дүние үйрену үшін тым кәрімін" дегенге саятын ойлар).

Квик мұндай ойды бірден жойып отыру керегін айтады.

©https://t.me/kitappgram
👍115🥰98🔥6🤩4😁1
🖇"Бір ғана кітап оқыған адамның өзі адамзаттың ондаған жылдар бойы жинаған тәжірибесінен хабардар бола алады"

©https://t.me/kitappgram
👍153🤩22🔥12👏9🥰7😁7
Спорт залдарында үзбей дене шынықтырумен айналысудың нәтижесінде миға қан келіп, ағза оттегіні де белгілі дәрежеде қабылдап, мидың жұмысын жақсартады.

Егер мидың жұмысы жақсы болса, есте сақтау қабілеті де жақсара түседі. Сондай-ақ, бүкіл дененің мимен байланысы тағыз.

Дене қозғалысының көптігі — ағзадаға зат алмасу процессін жақсартып, миды артық күштерден арылтады.

🗒Сондықтан да, бұл дәлелдерден кейін, спортпен шұғылдануды — күн тәртібіндегі басты ереже деп қарауға кеңес береміз.

©https://t.me/kitappgram
👍93🔥107👏4
🧠 Есте сақтау қабілетін арттыруға арналған лайфхак:

🔹Сурет салу
Бос уақытта, болмаса хобби ретінде сурет салу есте сақтауды жақсартады екен.
Ғалымдардың айтуынша, суреттің сапасы мен көркемдігі маңызды емес. «Бастысы – сурет ойды тынықтырады» - дейді. Ойдың тынығуы – есте сақтау қабілетін жоғарылатады.

©https://t.me/kitappgram
👍9813🤩9👏1
🔹Көзге арналған жаттығулар

Егер күнде таңертең 30 секунд бойы көзіңізге жаттығу жасап тұрсаңыз, есте сақтау қабілеті 10%-ға жақсарады. Мұны да ғалымдар дәлелдеген.
Сондай-ақ көзді жұмып, өткенді еске түсіру де пайдалы екен.

©https://t.me/kitappgram
👍10913🤩10👏9🎉5
📲 Silentnight компаниясы жүргізген сауалнама көрсеткендей, адамдар телефонда тәулігіне 8 сағат 41 минут өткізеді.
🛏Ал ұйқыға 5 сағат 13 минут жұмсайды. Адамдар ұйқыға қарағанда телефонға көп уақытын арнайды.

Калифорния университетінің ғалымдары бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп отырады деп мәлімдеді.

Ұйқының жетіспеушілігі иммундық жүйені әлсіретеді. Соның салдарынан адамның ұмытшақыққа, түрлі жүрек ауруларына шалдығу қаупі бірнеше есе артады.

"Ғаламторда тым ұзақ отыру адамның жадысын толтырып, оның есте сақтау қабілеті де нашарлайды", - дейді нейробиолог дәрігерлер.

©https://t.me/kitappgram
👍10010🔥5🎉4😁3
🧠Адам миы 1 минутта еш қиындықсыз 1000 сөз оқи алады.

©https://t.me/kitappgram
👍131🤩1413👏4
📖Кітапты жақсы оқитын адам бір уақытта 4 бағдарламаны қатар тамашалай алады.

©https://t.me/kitappgram
👍132👏1312🎉6🔥3
💼Бірде америкалық кәсіпкер Уоррен Баффеттен оның жетістігінің сырын сұрапты.

Ол бума кітаптарды көрсетіп:

-"Күніне 500 беттен оқыңыз. Білім күрделі проценттер сияқты еселеніп отырады. Барлығыңыз бұған қабілеттісіздер, бірақ оған бел байлап кірісетіндер санаулы ғана", - деген екен.

©https://t.me/kitappgram
🤩62👍4610👏8🎉1
📖Кітап оқу кезінде әр 20 минут сайын:

-"Мен не оқып жатырмын? Не түсіндім?",- деген сынды сұрақтарға жауап беру керек.
Ең маңызды оқиғаларды көзге елестетіп, ұмытып қаламын деген жерлерін сызып қойыңыз.

©https://t.me/kitappgram
👍102🔥143👏3🎉1
📝Параққа жазылған әр нәрсе бір ойға түрткі болады екен.

Бұл туралы Станислас Деэн атты француз психологі пікірін былай тұжырымдады:

«Біздің миымыз пернетақтамен жұмыс кезінде нейронды тізбек жасамайды, яғни ойлау жүйеміз тұйықталып қалады, ал хат жазу кезінде сана еркіндікті сезінеді».

©https://t.me/kitappgram
👍9816👏11🎉3🔥2😁1
🧠Ми ешқашанда демалмайды.

Тіпті, түнде дененің көптеген мүшелері босаңсып, қозғалмайтын күйге түссе де, ми жұмыс істеп жатады.
Ол жүректің соғысын, дененің қызуын, ас қорыту жүйесін және ішкі үдерістерді бақылап, тыным таппайды.

©https://t.me/kitappgram
👍90🥰14👏1
📚Кітап – ноотроптарды алмастыратын ең күшті дәрі.

💊Ноотроптар – адамның ойлау жүйесін жеделдететін, есте сақтауды арттыратын, оқуға қабілетті жетілдіретін дәрумендік сипаттағы дәрілер тобы.

Ал, кітап оқысаңыз, мұның керегі жоқ.

©https://t.me/kitappgram
👍6713🥰3👏1
✈️Илон Масктан:
- “Сіз тікұшақты қалай жасап шығардыңыз?”- деп сұрағанда ол:
- “Мен кітап оқимын”,- деп жауап берген екен.

Сол сияқты ең үлкен корпорациялардың ТОП- менеджерлері жылына кемі 50 кітап оқиды екен.
Сондықтан мақсатыңызға жетуге көмектесе алатын кітап оқу деген қадамды қалыс қалдырмаңыз.

©https://t.me/kitappgram
83👍42👏2
👱‍♀🧑‍🦳Ақылдылық шаштың ұзындығынан емес, шаштың бай құрамынан екен.
Мұны Париж университетінің ғалымдары анықтап отыр.

Олар адамның ақылы мен интеллектуалдық қабілеті шаш құрамына байланысты деп тұжырымдайды.
Мұндай қорытындыға келмес бұрын ғалымдар 2 мыңнан астам адамның шашына зерттеу жүргізіпті. Сөйтіп, интеллектуалдық қабілеті жоғары адамдардың шашында мырыш пен мыс құрамы жоғары болатынын біліпті.

Бұл әрине, күнделікті қабылдайтын тағамға да байланысты болса керек. Одан туатын қорытынды: мыс пен мырышқа бай өнімдер адамның есте сақтау қабілетін жақсартады, ақыл-ойдың белсенділігін күшейтеді.

©https://t.me/kitappgram
63👍41🔥4👏3😁2
📗Кітап басқаларды жақсы түсінуге үйретеді:

кітаптар адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді. Фильмдерден айырмашылығы, олар басқа адамның санасына уақытша енуге, оның ойын түсінуге, демек, мінез-құлықтың себептерін түсінуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сіз өзіңізді де жақсы түсіне бастайсыз. Білімді өмірде қолдануға болады: адамдарды оқуды үйреніңіз және олардың әрекеттерінің артында не жатқанын біліңіз.

©https://t.me/kitappgram
👍7716🎉6
👁Адамдар бір затқа қызыққан кезде, оның көзінің қарашықтары үлкейеді, ал ашуланған кезде кішірейеді.

©https://t.me/kitappgram
👍8213
🌎Саяхаттау ми жұмысын ынталандырып, инфаркт пен депрессия қауіпін төмендетеді.

©https://t.me/kitappgram
👍8713
☀️Кітап оқыңыздар! және өміріңізде ешқашан жаңа кітаптың ең болмағанда бір бетін оқып шықпаған күн болмасын!

Орыс жазушысы Константин Паустовский

©https://t.me/kitappgram
👍9616😁6🔥5🤩3
Адам, бұрын қорқатын затты жасаған кезде, өзін бақытты сезінеді.

©https://t.me/kitappgram
👍82🔥158👏7🤩1
📝Өзіңізге дәл қазір қандай машықты дамыту керектігін білгенде, мақсатыңыз бен қажеттіліктеріңізді білгенде кітап таңдауды үйренесіз.

Ал кітап авторына сұрақ қоюға үйренгенде кітап оқуға да үйренесіз.

©https://t.me/kitappgram
👍549