Кітапgram
12K subscribers
172 photos
6 videos
36 files
464 links
Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram Perfluence
Download Telegram
Жонатан Суифт былай деген:

«Расында әлемдегі ең абзал дәрігерлер: тәртіп, тыныштық, қуаныш.

Тағамың аз болса да шаттық пен тыныштықта ішсең, осы пайдалы ем. Өйткені семіздік созылмалы ауруға, ал қомағайлық зеректікті жояды.

Тыныштық – жүрек пен жанның рахаты, ал шаттық пайдалы азық және қуаныш» деген екен.

©https://t.me/kitappgram
👍5812🤩4🥰1
🧠Жаттау қабілетін күшейтететін ең басты нәрселер: ыждаһат, ұдайылық, тамақты аз жеу, түнгі намаз және Құран оқу.

"Құранды қарап отырып оқудан артық жаттау қабілетін күшейтететін нәрсе жоқ" дейді. "Үмбетімнің ең абзал амалдарының бірі Құранды қарап оқу" деген хадис Құранды қарап оқудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

©https://t.me/kitappgram
👍10825🔥11🤩4🥰2
Келешекке жасар ең үлкен жомарттығың бәрін бүгінге арнауың.

Альберт Камю

©https://t.me/kitappgram
👍78🔥8🎉3
💭"Егер адам не үшін өмір сүретінін білсе, онда оған қалай өмір сүретіні бәрібір"

©https://t.me/kitappgram
👍81🔥145
📖"Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады" деп жазыпты Мұхтар Әуезов.

Демек, атамыздың айтуы бойынша, интеллигент болу үшін киім киімің, жүрісің, жағдайың маңызды емес, тек кітаппен достаса алсаң болғаны.

©https://t.me/kitappgram
🔥62👍2813🎉5🤩2
#Исламнанақпар

📚Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың 6 мыңға жуық кітабы болған.

©https://t.me/kitappgram
👏73👍24🤩12🔥7🎉1
Кітаптың мақсаты есте қалу емес, бәлки, тұла бойға сіңу.

©https://t.me/kitappgram
👍9624👏8🎉3🔥1
🩺Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда адам денсаулығының:

10-15% денсаулық сақтау жүйесімен;

20% тұқым бойынша берілу;

20% қоршаған ортамен байланысты;

50% адамның өмір сүру тәртібімен байланысты екен.

©https://t.me/kitappgram
🔥51👍29🎉6
📱Біз теледидар арналарын ауыстыру барысында немесе әлеуметтік желілерде парақшаларды ауыстыру барысында орталық жүйке жүйесі ерекше белсенді жағдайда жұмыс жасайды. Бұл адам денсаулығы үшін өте қауіпті.

Дәрігерлер өздеріне келетін 2\3 науқастартардың ауру себептері дәл осы күйзеліс салдарынан екендігі туралы жиі айтады.

Адамның ұзақ уақыт бойы жағымсыз ойлар мазалаған күйде жүруі өз кезегінде артериялық гипертензия, асқазан жарасы, инфарркт, инсульт, демікпе, дерматит сияқты аурулардың бастауына айналады.

©https://t.me/kitappgram
👍2822🔥5🎉3👏2
Ғалымдар жүргізген тәжірибе:

📖күніне екі бет кітап оқыған адамның жүрек соғысы қалпына келіп, жинақталған нерв қысымынан арылған.

Тәжірибеге қатысқан еріктілер арасында күйзеліс деңгейі күн сайын кітап оқитын адамдарда 68% төмендеген.

©https://t.me/kitappgram
👍7115🎉8
🧠"Әлемдегі ең керемет кинозал - ми.
Бірақ, сен оны тек кітап оқығанда ғана түсінесің."

Скотт Ридли

©https://t.me/kitappgram
👍99🔥19👏15🎉2🤩2
🍫Қара шоколадтың құрамындағы Flavan-3-ol ересек адамдардың миының жұмысы мен есте сақтау қабілетін арттырады және шоколадтың қабынуға қарсы қасиеті миға зақым келген жерлердің жазылуына көмектеседі.

Қара шоколадтың құрамындағы фенилэтиламин бар және ол бір адамға ғашық болып қалғандай сезімге бөлей алады.
Сондықтан шоколадты жегенде адам өзін әдеттегіден жақсырақ сезіне бастайды.

©https://t.me/kitappgram
🔥71👍3115🥰6👏5
🍵Қартайғанша сау болғыңыз келсе, көк шайды ішуді әдетке айналдырғаныңыз абзал.

Көк шай ішу қартайған кезде когнитивті бұзылу қаупін төмендететінін дәлелдеген зерттеулер бар.
Көк шай есте сақтауды нығайтады.

©https://t.me/kitappgram
👏70👍339🔥5🎉3
📚Оңтүстік Африканың қоғам қайраткері, саясаткер Ян Христиан Смэтс қартайған жасында 5000 кітапты жатқа айтқан.

Ал бирмалық Виситтабм Вумса 1974 жылы 6000 бет будда каноникалық мәтінін ауызша айтып берген.

©https://t.me/kitappgram
🤩71👍2410👏10🎉3
🧠Мидың саулығы үшін жасалатын кез келген нәрсе –  ұзақ өмір сүруге салынған инвестиция.

Қартайған сайын миымыз табиғи түрде өзгереді. Ол кішірейеді, салмағын жоғалтады.

Бұл жадтың жоғалуына, жаңа дағдыларды меңгерудегі қиындықтарға әкелуі мүмкін. Белгілі бір деңгейге дейін мұндай жасқа байланысты өзгерістерді қалыпты деп санауға болады.

©https://t.me/kitappgram
34👍20🤩11🎉4
Шахмат ойынының нейроикемділікті дамытатын мүмкіндігі бар.

Зерттеу нәтижесінде шахматшылардың алдыңғы белдеме қыртысында (мидың эмоцияларды қалыптастыруға, өңдеуге, оқуға және есте сақтауға жауап беретін бөлігі) сұр зат бұл ойынмен таныс еместерге қарағанда едәуір көп екені анықталды.

©https://t.me/kitappgram
👍54🔥94🎉4🤩4
📖Оқу, жана дүниені тану – миға өте пайдалы жаттығу.

Нейрохирург оқуда мынадай кеңес береді:

• Жұмысың мен қызығушылығыңа қатысы жоқ кітап оқы;
• Сурет сал немесе тамақ пісіруге қатысты курстарға қатыс;
• Жазушылар ортасы немесе оқыған кітабын талқылайтын клуб құрамына қосыл;
• Жаңа тіл меңгеруді қолға алып көр;

©https://t.me/kitappgram
👍118🔥137👏5🎉4
Адам ағзасының түнгі қызметі:

🕙Сағат 22:00
Қанда лейкоциттер саны екі есе көбейеді – бұл иммундық жүйе межелі аумағын тексерістен өткізеді. Дене қызуы төмендейді. Биологиялық сағат дабыл қағады: ұйықтайтын уақыт болды.
 

🕙23:00
Тән босаңсиды, бірақ әр жасушада қалпына келтіру қадамдары жүріп жатады.
 
🕛00:00
Сананы ұйқы жаулап алады, ал ми күні бойы жиған-терген ақпаратын сараптау жұмысын тоқтатпайды.
 
🕐1:00
Ұйқы өте сергек. Уақытында емделмеген тіс не бұрын сынған тізе ажырап кетуі де мүмкін, таңға дейін ұйқы бермейді.
 
🕑2:00
Барлық дене мүшесі демалады, тек бауыр ұйқыдағы ағзаны жиналған шлактардан тазарту жұмысын атқарады.
 
🕞3:00
Физиологиялық құбылыстар түгелдей бәсеңсиді: артериялық қысым ең төменгі деңгейге жетіп, тамыр соғысы мен тыныс алу да төмендейді.
 
🕟4:00
Ми қанның ең аз мөлшерін қоректендіреді, оянуға дайын емес. Бірақ есту қабілеті тереңдейді, естілер-естілмес дауысқа да оянып кетуіңіз мүмкін.
 
🕔5:00
Бүйрек демалады, бұлшықеттер мүжіледі, зат алмасу үдерісі баяулайды, негізінен ағза оянуға дайын.
 
🕡6:00
Бүйрек бездері қанға адреналин және норадреналин гормондарын жібереді, ол артериялық қысымды арттырып, жүрек жиі соғуына әкеледі. Сана маужырап жатса да, ағза оянуға әбден дайын.
 
🕖7:00
Иммундық жүйенің ең белсенді уақыты. Тұрып, душ қабылдауға таптырмас уақыт. Дәріні де басқа кезде емес, осы сағатта қабылдаудың әсері күшті болмақ.

©https://t.me/kitappgram
👍26034🤩13🔥8👏7🥰4🎉4
🧠Мидың сол жақ бөлігі оң жақ денені, мидың оң жақ бөлігі сол жақ денені басқарады.

©https://t.me/kitappgram
👍79🤩12🔥6👏5🎉2
💬Бүгінгі таңда адамдар өздері ойлағаннан әлдеқайда көп оқиды.
Интенеттегі блогтар, телефондағы смс хаттар, теледидардағы жаңалықтар лентасы және т.б.

Алайда кітаптарды еш нәрсе де алмастыра алмайды. Кітап кемелденуге көмектеседі. Оның көмегімен қартайған шағымызда миымыздың тың қалпын сақтап қала аламыз.

Сөздерді ойдағы образдарға айналдыру когнитивті қызметтерге әсерін тигізеді. Кітап оқып отырған кезде сөздік қорымыз көбейіп, жадымыз жақсара түседі.

©https://t.me/kitappgram
👍9216🔥6🥰5👏3🤩3
📌1 сағат кітап оқитын болсақ, көзіміз 57 минут бойы мәтінге қарайды.

Яғни, бір ғана бағытқа қарау арқылы демалады десек те болады.

©https://t.me/kitappgram
👍12127🔥11🎉8🤩8🥰3