Кітапgram
12K subscribers
172 photos
6 videos
36 files
464 links
Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram Perfluence
Download Telegram
Кітап жайлы қызықты деректер:

• Әйелдер еркектерге қарағанда кітапты көп (68%) сатып алады.

• Дүниежүзі бойынша сатылатын кітаптардың жартысынан көбін 45 жастан асқан адамдар сатып алады.

• Оқырмандардың дені кітаптың 18-бетіне келген кезде тоқтап қалады.

©️ https://t.me/kitappgram
👍34🔥4
🧩Исламнанлайфхак:

~ Кітапты оқымас бұрын, авторы жайлы аз болса да мағлұмат білген жөн. Кітаптың қысқаша мазмұнымен танысып шығу да артық етпейді.
Алдын ала бұл кітаптан не күтетініңізді жазып қойыңыз.

~ Мәселен, белгілі бір
салаға қатысты (журналистика, психология) кітап оқыдыңыз делік. Бұл кітапты оқу арқылы қандай сұраққа жауап алғыңыз келеді?
Ұмытпай тұрғанда сұрағыңызды дәптерге түртіп қойыңыз.
✔️Осындай мақсаттағы әрекеттер кітап мазмұнын көпке дейін есте сақтауға көмектеседі.

©️ https://t.me/kitappgram
👍203🔥1
Германияда ескі телефон будкалары кітап алмастыратын орынға айналып жатыр.

©️ https://t.me/kitappgram
👍547👏5
Миды дамыту:
~ Осы күнге дейін істеп көрмеген жұмыстармен шұғылдану – мидың дамуына әсер ететін ең жақсы тәсіл.

~ Өзіңізден инттелект бойынша асып түсетін адаммен әңгімелесу де мидың өсуіне көп ықпалын тигізеді.

©️ https://t.me/kitappgram
👍289
Цундоку – кітап сатып алып, оны оқымай сөреге жинай беретін жандарға арналған термин (Жапон сөзі).

©️ https://t.me/kitappgram
👍45
📖 Адамдар екіге бөлінеді: кітап оқитындар және кітап оқитындарды тыңдайтындар.

©️ Вербер Бернард
👍67👏16🥰3
🧠Армандаудың миға әсері

Адам армандаған сәтте ми өзгеріске ұшырайды. Ми арманға сене бастайды. Арманға жету үшін түрлі жолдар іздейді. Мақсат қою миды шынықтырады. Арман мен мақсат - тікелей мидың жұмысына байланысты нәрсе. Арман немесе мақсат болған кезде ғана ми соған қатысты нейрон бөле бастайды.

Юта медицина мектебінің докторы Джефф Андерсон

© https://t.me/kitappgram
👍31🔥65
🧩 Пайдалы ақпарат

Інжір ми жұмысын жақсартады. Інжір шығармашылықпен айналысатындарға жақсы пайдасын тигізеді. Олар толассыз ой үстінде жүргендіктен, бұл жемістің миға әсері мол.🧆

© https://t.me/kitappgram
👍35🔥6
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.

©Абай Құнанбайұлы
🔥4111👍3
🧩#лайфхак

📐Оқу кезінде тікелей тізені қадағалаңыз. Тізеңіз 90 градуста тік ұстасаңыз , сол уақытта ми ақпаратты тез өңдейді және оттегінің жеткілікті мөлшерін алады.

©https://t.me/kitappgram
👍33👎2
🧩 кеңес

Егер отырып кітап оқығанда, ұйықтай бастасаңыз, онда тез сергітуге көмектесетін өте қарапайым әдіс:

тұрып, мәтінмен жұмыс істеңіз.

Мұны кеңседе әдеттегі құжаттармен жұмыс істеу кезінде де, үйде көркем әдебиетті оқу кезінде де жасауға болады.

©https://t.me/kitappgram
👍19
Мидың жұмысын жақсартудың сүннеттегі 3 жолы:

1) күлімсіреу;
2) терең ойлану, оқу -білімге құштарлық;
3) құлшылық.

© https://t.me/kitappgram
🔥30👍10
🧩#лайфхак

Кітап оқу кезінде кітап пен көздің ара қашықтығы 30-40 см-ден кем болмауы тиіс.

📏Сіздің қолыңызда әрдайым сызғыш бола бермейтіндіктен, кітаптың бетке дейінгі қашықтығын шынтақтан бастап саусақтардың ұшына дейінгі ұзындықта ұстаңыз.

©https://t.me/kitappgram
👍23🔥31
Кітап оқу адамды білімді, әңгімелесу - тапқыр, ал жазып алу әдеті - дәлшіл етеді.

©Фрэнсис Бэкон
👍36🥰1
🧩 Пайдалы ақпарат

Күнделікті тамақтану мәзіріне жүзім шырынын қоссақ, есте сақтау қабілетіміз 20%- ға жақсарады.

©https://t.me/kitappgram
👍56👏5🔥2
🧩Кітап оқудың да өзіндік гигенасы бар.

Кітап арқылы көзді емдеуге болады. Оның қарапайым 2 тәсілі бар:

1. көзіңізге кітапты параллель ұстап , кітапты әр 5 минут сайын көру қашықтығын ұзартып, қысқартып отыру; * Бұл әдісті жасағанда арқаңыз тік болуы керек.

2.кішкентай әріппен жазылған кітапты 35 см қашықтықта оқу; *Дәл осылай оқу барысында көзіңізді жиі жыпылықтатыңыз. Көзіңізді қысып кішкене әріптерді көруге тырыспаңыз. Көзіңіз барынша ашық болсын.

Ескерту! Бұл әдісті пайдаланып, кітапты бірден ұзақ уақыт оқуға болмайды. Бірінші күні - 5 минут. Екінші күні - 10 минут. Осылайша күніне 5 минуттан қосып оқи берген жөн.

©https://t.me/kitappgram
👍33👏4🔥3
🧩пайдалы ақпарат

1. Кітап оқуға құмарлығыңыз енді оянса, көлемі кіші кітаптардан бастап оқыңыз. Қысқа әрі жалықтырмайды.
Әр күні 1-2 беттен қосып, миды көлемі үлкен кітаптарды оқуға жаттықырып аласыз.


2. Әркімнен (танымал тұлға) ұнайтын кітабын сұрай бермеңіз. Өз талғамыңызды қалыптастырыңыз.
Талғам қалыптастырудың төте жолы әртүрлі бағыттағы кітаптарды оқу. Ертелі-кеш нені оқып, нені оқымау керектігін ұғынасыз.

©https://t.me/kitappgram
👍35👏6🔥31😁1
🧩Сығу техникасы

-кітаптың ең маңызды тұстарын есте сақтап қалуға арналған әдіс. Ол үшін мына белгілерді қолданыңыз:

🔵есте сақтайтын сандар мен фактілер үшін көк түс;

🟡қайталау керек ақпараттар үшін сары түс;

🟢жетілдіру керек мәліметтер үшін жасыл түс;

🔴іске асыру керек дүниелер үшін қызыл түс.

©https://t.me/kitappgram
👍67👏9🤩75🔥5
Қандай жаста болсаң да, нендей жағдайда жүрсең де әрдайым оқы, үйрен, білім ал. Үйренуге ешқашан кеш емес. Үйрену үшін оңтайлы уақытты, ыңғайлы жағдайды күтпе!

©Қайрат Жолдыбайұлы
📚 "Кемел адам"
👍9511🔥10👏2🤩1
Неге біз барлық ақпаратты есте сақтамаймыз?

Адамның жадысында ешқандай ақау жоқ. Оған қанша ақпарат салсақ та, толтыра алмаймыз.

🧐Ендеше, неге барлық ақпаратты қажет кезінде еске түсіре алмаймыз?
*Өйткені біз секунд сайын миға түсетін 400 млрд бит ақпараттың бәрін өңдеп үлгере алмаймыз.

Тек өзіміз мән берген, өмірімізге әсер еткен, қызық деп тапқандарын ғана өңдейміз.

©https://t.me/kitappgram
👍27🔥6🥰2