Кітапgram
12K subscribers
172 photos
6 videos
36 files
464 links
Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram Perfluence
Download Telegram
Марсель Пруст:
📚"Біз даналықты біреуден алмаймыз, біз оған тек өз күшімізбен жетеміз."

©https://t.me/kitappgram
54👍15🔥7👏6
#Исламнанкеңес

жоспарлы өмір сүріңіз. Үйдегі, жұмыстағы заттардың рет-ретімен тұруына мән беріңіз

• күніне мүмкіндігінше бір сағатыңызды жақын адамдарға бөліп, олардың қал-жағдайын біліп, әңгімесін тыңдап, ілтипат білдіріп жылулық сыйлаңыз. Адамдарды жақсы көріңіз.

Жақсы көру сезімі - мидың аналитикалық қабілетін жақсартады.

©https://t.me/kitappgram
👍6313🔥6👏4
34👍6🤩2
💎Жақұттың 3 қасиетін сақтадық

- Адамның өмірі махаббаттан, иманнан, достықтан, сөзден құралады. Бұны әрбір саналы адам түсінеді. “Жақұт” кітабындағы шығармалар осы рухани қасиеттерді азықтандырады. Кітаптағы шығармалар адам бойындағы адалдық, достық, рухани құндылықтарды байыта түседі. “Жақұт” кітабында сылдыр сөз, жеңіл ой, пайдасыз ақпарат жоқ. Кітап махаббатқа, мейірімге, эмоцияға толы.

💎“Жақұт” - көзді шағылыстырып тұратын, көптің қолына түсе бермейтін асыл тас. Лағыл. Оның асылдығы бағасының қымбаттылығында емес, қолға түсе бермейтіндігінде. Біздің “Жақұт” кітабы да көптің қолында емес. Тіпті кітап дүкендері де сатпайды. Сұрап келген кітап дүкендеріне бермедік. Жақұттың асылдығын осылай сақтап қалғымыз келді.

🧠2-3 күн бұрын ғана ғылыми зерттеудің қорытындысын оқыдым. Ол жерде: Қағаз кітаптың өзіне тән иісі болады. Ол адамның есте сақтау қабілетіне оң әсерін береді. Сондықтан адамдар қағаз кітаптың иісін жақсы көреді делінген.
Жаңа кітапты қырт еткізіп ашып, иісін құшырлана иіскеп, кітаптың иісін сезіне оқығанға не жетсін!?
- Сол үшін де “Жақұт” кітабының электронды нұсқасын жасамадық. Оқырманды ойладық. Себебі, оқырман кітаптың иісін сезінсін, эмоцияға барынша берілсін дедік.

💜Қарап тұрсаңыз кітаптың барлық құндылығын сақтадық. Жақұттың руханиятын, асылдылығын, иісін сақтадық. Бір данасын сізге де сақтап отырмыз.

🔗P.S: https://www.instagram.com/p/Cl1OkwENpKz/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
👍457🔥6🥰4👏4
📌Америкалық нейрохирург Санджай Гупта:
"таңда патша, түсте ханзада, ал кешке қарапайым шаруа секілді тамақтан" деген қағиданы ұстанады.
SHARP әдісін де қолданған жөн дейді:

S: қант мөлшерін азайту;
H: көбірек су ішу;
А: құрамында омега-3 мол тағамды көбірек жеу;
R: тамақ мөлшерін азайту;
P: тамақтануды алдын-ала жоспарлау;

©https://t.me/kitappgram
👍56🔥5🥰2
🔹Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар.
Бірі -не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан;
бірі - кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам».

©Омар Хайям.

https://t.me/kitappgram
👍84🔥81👏1
🧠Ми туралы дерек:

• Алькогольді ішімдіктерді ішкен кезде нейрондар арасында байланыс әлсірейді.

• Ұялы телефонды жиі пайдалану, мидың қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін.

• Май – жүрекке зиянды, ал ми үшін пайдалы. Бұл мүше 60%-ға майдан тұрады.

©https://t.me/kitappgram
34👍11😱9🤔4🥰1
Арнамызда логикалық сұрақтар:

~ Әкесі екі ұлын ертіп сейілге шығады. Жүріп келе жатқанда өзенге тап болады.
Ол не әкесін, не екі ұлын ғана көтере алады. Келесі жағаға жету үшін қайықты қалай пайдалану керек?

©https://t.me/kitappgram
👍497
🔍Ғылыми дәлелдерге сүйенсек, адам көзі 1 секундта бір миллиард ақпарат қабылдап үлгереді.

Кітапты оқитын көз емес. Көз - миға ақпаратты жеткізетін құрал. Көз миға барлық ақпаратты сурет ретінде жібереді.
"Кітап оқып отырғанда көзіме барлық оқиға елестеп тұрады" деп айтатын оқырмандар көп. Міне соның себебінен. Бұл барлық оқырманда болатын жағдай.

©https://t.me/kitappgram
43👍13🔥5🥰4👏2
Ми үшін жаңа нәрсені үйренуден күшті белсенділік жоқ.

Ақпарат пен дағдыларды білу процесі кезінде ми жаңа нейрондық байланыстар түзеді. Егде адамдардың көпшілігінде жаңа ақпараттың жетіспеуінен ми жылдам қартаяды.

Кез келген нәрсені үйренуге болады. Бастысы, үздіксіз жаңа ақпарат келіп, өңделіп тұрса болғаны.
Шығармашылық дағдыларды меңгеру де пайдалы

©https://t.me/kitappgram
👍458🤯3🔥2🥰1🤩1
📚 Оқырманның барлығы көшбасшы болмауы мүмкін, бірақ барлық көшбасшы - оқырман.

©Гарри Трумэн

https://t.me/kitappgram
👍77🔥138🥰3
Кітапgram pinned Deleted message
"Аз уақыт денені қыздырудың өзі естеліктерді сақтауға жауапты ми бөліктері арасындағы байланысты нығайтады"

Нейробиологтар томографтың көмегімен аз ғана дене шынықтырудан кейін 36 жас жігіттің ми қызметіне талдау жасады. Нәтижесінде есте сақтау қабілетінің жұмысына қатысты ми қатпарларының өзара байланысы жақсаратыны анықталды.

"Сонымен қатар он минуттық жаттығу бірден нәтиже беретіні анықталды" - дейді Калифорния университеті нейробиология орталығы ғалымдары.

©https://t.me/kitappgram
👍3912🔥6🥰2
🛏Кез келген проблемасы бар адамға берілетін ең қарапайым кеңес — ұйқы режимін реттеу.

Алайда ми саулығын сақтауға келгенде бұдан маңызды нәрсе жоқ.
Біріншіден, біз ұйықтап жатқанда ми белсенді түрде жаңа нейрондық байланыстар жасайды, бұрыннан барларын қатайтады және барлық «қажет еместерін» алып тастайды. Мұның барлығы есте сақтауға жағымды әсер етеді.
Екіншіден, біздің ағзамызда ұйқы кезінде глиалық-лимфалық жүйенің тазаруы өтеді. Ми уыттардан арылады. Бір сөзбен айтқанда, ұйқы режиміңіз қаншалықты жақсы болса, ми сізге соншалықты ұзақ «қызмет етеді».

©https://t.me/kitappgram
33👍17🥰2
🧠Ми жайлы қызықты деректер:

-Зейін қою және таңдау адамның санасын тек пайдалы заттарды есте сақтауға бағыттайды.

-Позитивті эмоциялар есте жақсы сақталады. Бірақ, адам негативті эмоцияны қазбалау арқылы тауып алады.

-Егер есте сақтау кезінде адамның көңіл-күйі көтеріңкі не төмен болса оның есте сақтау қабілеті әдеттегіден тез жұмыс істейді.

©https://t.me/kitappgram
👍538🔥8
Пайдалы кеңес.

Құрма. Құрманың құрамындағы В6 дәрумені, жүйке жүйесін жақсартады. Оның құрамындағы магний өте көп. Күніне 2-3 тал құрма жеген адам ағзасына қажетті магнийдің тәуліктік мөлшерін алған болады.

©https://t.me/kitappgram
👍9412🥰5👏3🔥1
🔍Ұлыбританиялық зерттеушілер судың тың қасиетін анықтау үшін зерттеу сынағын өткізген.

Тәжірибе 30-35 жас аралығындағы адамдар арасында өткен. 10 000 адамды тең екі топқа бөліп, интеллектуалдық тест тапсырмаларын орындауды ұсынған.

Бір топ таңғы асқа құрғақтай тамақтанған да, екінші топ тек су ішкен екен.
Екінші топ бірінші топқа қарағанда сұрақтарға дұрыс және тез жауап берген екен.

Зерттеу қорытындысы судың ойлау жылдамдығын арттырып, тез шешім қабылдауға көмектесетінін дәлелдеген.
Сондай-ақ, судың адамның рефлекстік қабілетін арттыратынын да байқаған.

©https://t.me/kitappgram
👍6410👏3
Кітапgram pinned Deleted message