Кітапgram
12K subscribers
172 photos
6 videos
36 files
464 links
Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram Perfluence
Download Telegram
📚Күнде кітап оқыңыз

Кітап оқу барысында ми өзгереді және дамиды.
Осы сөздерді оқып отырған кезде сіздің миыңыз абстрактілі символдардың шифрын табады және күрделі идеялардың нәтижелерін синтездейді.
Мұны Жаратушының миға қатысты жасаған теңдессіз шеберлігі деуге болады.

©https://t.me/kitappgram
43👍21🔥13
🔹Оқу мидың көптеген функцияларын, соның ішінде, көру, есту және фонематикалық кабылдау, түсіну процестерін әрекет еткізеді. Біз қандай да бір нәрсені оқыған кезде, сіз сипатталған нәрсені тікелей көрген кездегідей нейрондар белсенді болады.

Зерттеушілердің айтуынша, мидың ақпаратты қарау мен тыңдауға қарағанда, оқу кезінде деректерді ойластыруға және өңдеуге, сондай-ақ сипатталған оқиғаларды елестетуге көбірек уакыты бар.

Күн сайын оқу арқылы танымдық қабілеттердің жасқа байланысты төмендеуін баяулатуға және мидың саулығын қалыпты сақтауға болады.

©https://t.me/kitappgram
29👍15🥰4
Арнамызда логикалық сұрақтар:

Ол алдыңғы күні 17 жаста болды. Ал келесі жылы 20 жаста болады. Бұл қалай?

©https://t.me/kitappgram
👍59🥰108
Неге адамдар кітап оқиды, ән тыңдайды?
Уақытша өзін ұмыту үшін, өздерінен қашу үшін. Себебі, жақсы ән, жақсы кітап iшкi даусыңды естіртпейдi. Олар, құдды, сенi басқаратындай. Сен әннің әуезiне, кітаптың сюжетiне берiлiп кетесің де, өз уайымың мен ойларыңнан босап, автормен тілдескендей боласың. Бұл өз тәнiңнен шығып, басқа адамға айналу сияқты нәрсе.

📍Рэй Брэдберидің «Бақбақ шарабы» шығармасынан

©https://t.me/kitappgram
👍10714🔥9🥰3👏3
Дәл қазіргі көңіл күйіңізді 1 кітаппен сипаттап көріңіз!
🧸🫰Менің көңіл күйім “Махаббат қызық мол жылдар”.


💭
200😁48👍32🥰23😢13🔥2
🌈Үш жасар балада жүйке жасушалары ересек адамға қарағанда 3 есе көп.

Егер сәбидің мүмкіндігін толығымен пайдаланбаса, жасы келе пайдаланылмаған жасушалар өледі.
Сондықтан ерте кезден бастап балаларды белсенді түрде оқуға үйрету керек.

©https://t.me/kitappgram
🔥59👍3610🥰9
📌«Дені саудың –миы сау».

Дене жаттығулары сіздің денеңіз үшін ғана пайдалы емес.
Ғылыми көзқарас бойынша, ол қанның миға көбірек баруын және жаңа нейрондық байланыстарды ынталандыратын ақуыздардың шығуын арттырады.

©https://t.me/kitappgram
67👍19🥰7🎉1
Адам білімпаз болған сайын оның ауруға шалдығу мүмкіндігі азая түседі.
Интеллектуалды белсенділік, ауру ткандердінің орнын басатын, қосымша ткандердің бөлінуіне ат салысады.

©https://t.me/kitappgram
👍10720🔥11👏5🥰2🎉2
🔒Мидағы шектеулер

Алла тағала адамның ессіз әрекеттер жасамауы үшін миды өзін-өзі сақтандыруға бейім етіп жаратқан.
Сондықтан ми жаңа нәрсенің бәрін сіздің өміріңізге қауіп төндіріп тұрғандай етіп қабылдайды.
Алайда сіз жаңа нәрсеге ұмтылмай ешқашан жетістікке жете алмайсыз. Сондықтан осы сигналдарды елемей, алға ұмтылыңыз.

Ақыр соңында, жаңа нәрсенің бәрі үйреншікті нәрсеге айналады.

©https://t.me/kitappgram
👍8210👏7
Жас кезде білім алудың бір сағат “азабына” шыдамаған адам, өмір бойы надандықтың азабын татып өтеді.

Данияр Жігітбек

©https://t.me/kitappgram
👍10717👏14
⚡️Арнамызда логикалық сұрақтар:

~ 3 тауық 3 күнде 3 жұмыртқа беретін болса, 12 тауық 12 күнде неше жұмыртқа береді?

©https://t.me/kitappgram
👍55🥰61
🧠 Ми жайлы қызықты деректер:

•Есте сақтау үшін алған әсеріңіз күшті болуы тиіс.
Фотоаппарат тұманды далада анық сурет бере алмайтыны секілді, адамның санасы анық емес естеліктерді керек етпейді.

Ерекше, қауіпті, қиындыққа толы немесе керемет әсерлер күнделікті сезімдерге қарағанда тез есте қалады.

©https://t.me/kitappgram
🔥42👍215
#Исламнанкеңес

︎күні бойы көңіл-күйіңізді жоғары ұстап, жымиып жүріңіз. Бұл миды жаттықтырады;

︎бір жаңа нәрсені үйреніп отыруды өзіңізге әдетке айналдырған дұрыс: тағамның жаңа рецепті, бауды байлаудың жаңа тәсілі, шарбақты байлаудың жаңа жолы, т.б.

өзіңізге хат жазыңыз. Осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктеріңіз, қол жеткізе алмағандарыңыз, кемшіліктеріңіз, армандарыңыз т.б. туралы.
Бұл миға қозғау салып, ынталандыра түседі;

©https://t.me/kitappgram
👍8011🥰2👏2
Адамдықтың шыңына шығу үшін көп ой керек, ойлау үшін көп оқу керек.

©https://t.me/kitappgram
👏76👍37🔥54
🍃 Білімнің мөлшері емес, сапасы маңызды. Бәрін біліп жүріп, керектіні білмей қалуға болады.

• Л. Н. Толстой.

©https://t.me/kitappgram
🔥89👍327🥰2
Мен көп нәрсені білмейтінімді білемін, алайда басқалар мұны да білмейді.

• Сократ

©https://t.me/kitappgram
👍905🔥5🥰4
☺️Сізге қай кітаптағы тармақ ұнайды? Қай кітаптағы түйін сөз есіңізде бар?

Маған “Дәрігердің үшінші қаруы” шығармасындағы мына тармақ қатты ұнайды:

Адам аяғынан айырылады екен, қолынан айырылады екен,
адам ажардан, сүікті жардан айырылады екен, адам от басынан, ошақ қасынан, басқа түссе бақытынан айырылады екен. Бірақ арманнан айырыла алмайды екен.”


Ал, сізге қай кітаптағы тармақ немесе түйін сөз ұнайды? Жаза кетіңіз)

©https://t.me/kitappgram
👍13730🔥10🥰3
☀️Күн.
Адам ағзасына күн сәулесінің жетіспеуі адамның танымдық қасиеттеріне тікелей әсер етеді.

Біріншіден, күн сәулесімен бірге алынатын ультракүлгін ағзадағы қан айналымын реттейді, яғни оттегі мен нәрлі заттардың тасымалын.

Екіншіден, күн сәулесі серотониннің–адамның көңіл-күйіне әсер ететін гормонның бөлінуіне әсер етеді.

©https://t.me/kitappgram
37👍10🥰5🔥4
💦Су.

Ағзаға судың жетіспеуі ми көлемінің кішіреюіне әкеледі, ал бұл оның еңбекке қабілеттілігін төмендетеді және ақпаратты сақтай алу қабілетін нөлдік деңгейге дейін түсіреді.

Күніне шамамен 2 литр су ішу ұсынылады.

©https://t.me/kitappgram
🥰30👍18👏87
#Исламнанкеңес

•күн шықпастан ұйқыдан тұрып жаттығулар жасаңыз;

шахмат, тағы сол сияқты үстел ойындарын ойнаңыз;

тоғызқұмалақ адамның есте сақтау қабілетін дамытады, ойлау қабілетін арттырады.
Жылдам ойлауға, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруге ықпал етеді. Зейінді жақсартады.

©https://t.me/kitappgram
👍467
🔹Арнамызда логикалық сұрақтар:

- жолда екі сөз бір-біріне бет алып барады: Грек және Сеул.

Бұл сөздер кездесіп, әріптері араласып кетті.
Содан Солтүстік жарты шар шоқжұлдызының атауын құрады. Бұл қай шоқжұлдыз?

©https://t.me/kitappgram
👍625👏2