Кітапgram
12K subscribers
172 photos
6 videos
36 files
464 links
Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram Perfluence
Download Telegram
🔍Оқығаныңды түсіну үшін не істеу керек?

Көз жүгіртіп оқу керек.
Мәтіннің мазмұнын түсіну үшін алдымен тақырыбына қарау керек. Мәтіннің тақырыбын түсіну үшін, сөйлемдерге тұтастай көз жүгіртіп өту керек.

Ойға сұрақ туындататын сөйлемдерді толық оқыған дұрыс. Осылайша қосымша мағлұматтарға көп көңіл бөлінбей, негізгі ойды түсінуге жол ашылады.  

©https://t.me/kitappgram
👍477🔥7
🏷Ақпаратты ұмытудың себептері:

1. ұмыту алға қойған мақсаттың анық болмауынан болады;

2. қабылданған материал онша ашық, эмоциялы болмаса, тез ұмытылады;

3. Есте қалдырылған материалды дұрыс түсінбеу;

© https://t.me/kitappgram
👍474
🌱Пайдалы ілім құнарлы топырақ секілді.
Оның нәрін бойына сіңіріп өскен дәннің болашағы жарқын болмақ.

©https://t.me/kitappgram
🔥50👍1810
🧩Жылдам оқуға арналған лайфхак:

Бұрын оқыған кітабыңды оқу.

Бұрын оқып кеткен кітапты қайта оқысаңыз еріксіз түрде жылдам оқисыз. Себебі ондағы сөздер сіздің түпсанаңызда сақтаулы болады. Әр сөз таныс болады.

Бұрын оқыған кітапты жиі оқып миды жылдам оқуға машықтандыру қажет. Бұл бір жағынан жылдамдыққа тәрбиелесе, бір жағынан есте сақтауды күшейтеді.

©https://t.me/kitappgram
👍6611🥰2
Жылдам оқу жайлы деректер:

1. АҚШ-та жұмысқа тұру үшін түйіндемеге оқу жылдамдығын жазады. Жұмысқа қабылдаушы адам оқу жылдамдығын да тексереді;

2. Әлемнің үздік университеттерінде жылдам оқудан арнайы дәрістер өткізіледі;

3. "Жылдам оқу" курсын алғаш рет 1925 жылы АҚШ-тың Сиракуз университеті құрды.

©https://t.me/kitappgram
👍418🔥4
🕯Тапқан байлығын, өнім мен өнертабыстарын басқалар да пайдалансын деген ниетпен бөлісу адамзаттың қарыштап ілгері дамуына себепші болғаны күмәнсіз.
Жануарлар әлемінде мұндай нәрсе жоқ. Тәрбиеленген ит, басқа бір итке сабақ бермейді.

©https://t.me/kitappgram
👍8213👏7
Кітап оқу арқылы сіз, бұл әлемді құтқара алмауыңыз мүмкін.
Бірақ сіз, кітап оқу арқылы бұл әлемнен өзіңізді құтқара аласыз!

©https://t.me/kitappgram
👏64👍15🥰137🔥6😁4
Классикалық музыка тыңдау есте сақтау қабілетін арттырады.

"Вивальди эффекті" тұжырымына тоқталсақ: 24 қарт кісіге цифр жаттау тапсырмасы беріледі. Осының ішінде классикалық музыка тыңдап отырып жаттағандары жақсы нәтиже көрсеткен. Себебі сан жаттау барысында адам стресске түссе, музыка оны тыныштандырып, мидың физиологиялық мүмкіндігін арттырған.

©https://t.me/kitappgram
👍43🔥83
🧩Мидағы есту қыртысыңызды дамыту үшін:

ғаламтордан кез келген музыкаға арналған сайтты тауып алып, бұрын тыңдамаған, өзіңізге ұнамаған жанрдағы музыканы тыңдап көріңіз. Егер бұрын рок ұнамаған болса, оны қайта-қайта тыңдап, адамдардың не үшін бұл жанрды жақсы көретінін түсінуге тырысып көріңіз.

©https://t.me/kitappgram
🔥27👍134
Адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүниежүзінің қожасы болып отыр.

©https://t.me/kitappgram
👍477
🗓Айлық жоспар жасаған кезде, арасында ештеңе жасамай, уақытты бос өткізуді жоспарлаңыз.   

Нейробиологтардың айтуынша, күніне екі сағаттық тыныштық мидың есте сақтау қабілетін қалыптастыру аймағындағы гиппокамптың жасушаларының дамуын жақсартады.
Тыныштық кезінде ми ақпаратты белсенді түрде игеріп, бағалайды. Зейіннің шоғырлануын және шығармашылық ойлауды жақсартады.

©https://t.me/kitappgram
28👍9🔥8
Ақпаратты ұмыту себептері:

🔸 қайталау мен жаттығудың болмауынан;

🔸материалдың керексіз болуы;

🔸ұмыту нерв жүйесі әбден шаршағанда пайда болады. Нерв жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездеседі.

©https://t.me/kitappgram
👍374👏2
Пайдалы кеңес:
Таңертең аш қарынға бал жеу есте сақтау қабілетін арттырады. Әрі адам ағзасын тазартады.

Сиыр сүтін жиі ішу жүректі қайраттандырады. Ұмытшақтықты кетіреді.

©https://t.me/kitappgram
👍4619🔥4😁3🥰2
😊Кітап жарысын ұйымдастырып жүргеніме 2 жыл 4 ай болды. Осы екі жылда оқырманға 76 шығарма оқыттыппын.

📌Сіз біз өткізген кітап жарысы арқылы қанша кітап оқыдыңыз?
😊Қандай кітаптар? Қайсысының эмоциясы сіздің ойыңызда қалды?
👍14222🔥13👏10
Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек.

©https://t.me/kitappgram
👍6913🔥8
📖Оқығаныңды түсіну үшін не істеу керек?

Пікір алмасып оқу.
Кітапты әркім әртүрлі түсінуі мүмкін. Сол себепті бір-біріңізбен пікір алмассаңыз, оқығаныңыздан толық қорытынды шығара аласыз. Басқалардың пікірін тыңдау кітапты басқаша қырынан түсінуге мүмкіндік береді.  

Сын тұрғысынан оқу.
Кітаптың авторы жазған пікірге қатысты өз жеке ойыңызды айтып жеткізгеніңіз - мәтінді өте жақсы түсінгеніңіз және оны ары қарай қалай қолдану керектігін білгеніңіз.

©https://t.me/kitappgram
👍468🔥2😁2
🔸Сынға не үшін төтеп бере алмаймыз?

Ми мақтаудан гөрі сынды жадында ұзағырақ сақтайды.

Неге?
Сізге біреу сын, негативті пікір айтса, сіздің жүйкеңіз күйзеліске ұшырайды. Онымен күресу үшін ағзаңыз картизол гормонын бөле бастайды. Кортизол сонымен қатар, қорқыныш кезінде де бөлінеді. Сынды біздің санамыз қатер ретінде қабылдайды.

©https://t.me/kitappgram
👍866🥰4
Ғалымдардың айтуынша, адамның миының саулығы 50 % адамның өмір сүру салтына байланысты.

Өмір сүру салты дегеніміз оның тамақтану әдеті, тұтынатын өнімдерінің сапасы т.б.

©https://t.me/kitappgram
🔥31👍166🥰3
Біздің жеген тамағымыз бізге пайдалы дәрі,
ал дәрі - тамағымыз болу керек.

Гиппократ

©https://t.me/kitappgram
👍397🔥4
Пайдалы ақпарат

Алма шырынын көп ішу керек.

АҚШ ғалымдары: «алма шырыны ағзадағы нейромедиаторлар санын көбейтеді. Ол еске сақтау қабілетін арттырады» дейді.

Сондай-ақ, алма шырыны Альцгеймер ауруының алдын алады.

©https://t.me/kitappgram
57👍36🔥5
🧠Ми жайлы қызықты деректер:

Адам тыңдағанының үштен бір бөлігін,
көргеннің жартысын,
істеген әрекетін 100% есте сақтайды.

Неге қызығушылық танытасыз, сол есте қиындықсыз сақталады.

©https://t.me/kitappgram
👍7112