Кітапgram
12K subscribers
172 photos
6 videos
36 files
464 links
Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram Perfluence
Download Telegram
🧩Шет тілінде сөздік жаттау әдісі

Жаңа сөзге образ беру

Күніне 30 сөзден үйренсең, 60 күнде 2000-ға жуық сөзді үйреніп шығуға болады.
Сөздікті жаттағанда дәстүрлі «жаңа сөз - қазақша аудармасы» деген форматтан басқаша жаттау қажет. Сөзді жаттағанда одан кейін ешқашан сөздіктен қарамайтындай жаттау керек.

Ол үшін не істеу керек?
Жаңа сөзді естігенде санаңда бейне, образ, сурет шығатындай жаттауға тиістіміз.
Мұндай жағдайда сен үшін аударма деген ұғым жайына қалады. Яғни, өз ана тілің сияқты сезімде боласың.

©https://t.me/kitappgram
🔥46👍313
АДАМ ЕСІМІН ЖАТТАУ ЖОЛДАРЫ

•Ұмытып қалсаң, қайта сұра;
•Есімін қайта-қайта қолдан;
Ішіңнен бірнеше рет қайтала;
Образ бер;
• Адамның ерекше белгісін тап.
👍9311🔥8🤔5🥰3
📖Кей адамдар үшін кітап- ең қымбат қазына.
Олар оқып жатқан кітабының қай жеріне келгенін белгілеу үшін кітап айырғыш таба алмай қалса да, кітаптың бетін қайыруға қимайды. Оның орнына сол бетті іздеп табу үшін уақыт жұмсағанды жөн көреді.

Кітаптың түбіне зиян келмесін деп, беттерін қалай болса солай парақтамайды, саусақ ұшымен мұқият аударады, тіпті кітап ұстар алдында қолын жуып алады.

Оқып отырып сөйлемдердің астын сызу, бос жерге ұмытып қалмас үшін бір нәрселер жазу, кітап оқып отырғанда шай ішіп, параққа су тамызу- мұндай адамдар үшін жат нәрсе.


©https://t.me/kitappgram
👍7617🔥4🤩1
📌Юта университетінің ғалымдары: "ақпаратты алған уақытта 90% адамның эмоциясы оянады.

Ақпаратты алу барысында қуансаңыз, шабыттансаңыз кітап оқуға мотвация аласыз.
Оқыған, көргеніңіздің әсері бойдан тарқамай тұрып бөліссеңіз, сол уақытта мағлұматтар мидың ұзақ мерзімді жадына сақталады" деген қорытындыға келген.

©https://t.me/kitappgram
🔥36👍246
Адам 20 жасқа толғанда оның тұлғалық бейнесі, яғни "мені" қалыптасады.

Өмірден жиған белгілі бір тәжірибесі болады және көзқарасы қалыптасады. Бұл өзгерістердің барлығын ми тура мағынада өзін-өзі өлтіру әрекеті ретінде қабылдайды. Яғни сізге енді жаңа нәрселер қорқынышты емес, сіздің "Меніңіздің" өзгеретіні қорқынышты болып көрінеді.

Сондықтан өзгерістің сізді және өміріңізді қалай жақсартатынын ойлап, бірден іске кірісіңіз. Әйтпесе, "Адамдар жан-сарайын өзгертпейінше, Алла оларды өзгертпейді" аятының кейпін киетін боламыз.

©https://t.me/kitappgram
👍53🔥11🥰2
Көп ойлан.

Еңбек ету дегеніміз - тек оқу, әрекет ету немесе жазу емес.
Ой жұмысымен айналысатын адам қайламен кен қазған кеншіден де көп жұмыс істейді.

©https://t.me/kitappgram
🔥38👍2515
Сіздермен көптен әңгімелескім кеп жүрген:

- Әр адамның көңілінде, ойында қалып кететін бір кітап болады. Қанша кітап оқысаң да ол кітаптың берген эмоциясын толтыра алмайсың.
Менің көкейімде қалып кеткен, ерекше эмоция сыйлаған кітаптар: “Қайта оралған ән”, “Мынау әппақ дүние” кітаптары. Себебі, екі кітап та жүрегіме мейрімділік, бауырмалдылық сыйлады.

Ал, сізге ең ерекше эмоция сыйлаған кітап қандай?
(Не үшін ол кітап?)
66👍35🔥5🥰5
🔍Оқығаныңды түсіну үшін не істеу керек?

Көз жүгіртіп оқу керек.
Мәтіннің мазмұнын түсіну үшін алдымен тақырыбына қарау керек. Мәтіннің тақырыбын түсіну үшін, сөйлемдерге тұтастай көз жүгіртіп өту керек.

Ойға сұрақ туындататын сөйлемдерді толық оқыған дұрыс. Осылайша қосымша мағлұматтарға көп көңіл бөлінбей, негізгі ойды түсінуге жол ашылады.  

©https://t.me/kitappgram
👍477🔥7
🏷Ақпаратты ұмытудың себептері:

1. ұмыту алға қойған мақсаттың анық болмауынан болады;

2. қабылданған материал онша ашық, эмоциялы болмаса, тез ұмытылады;

3. Есте қалдырылған материалды дұрыс түсінбеу;

© https://t.me/kitappgram
👍474
🌱Пайдалы ілім құнарлы топырақ секілді.
Оның нәрін бойына сіңіріп өскен дәннің болашағы жарқын болмақ.

©https://t.me/kitappgram
🔥50👍1810
🧩Жылдам оқуға арналған лайфхак:

Бұрын оқыған кітабыңды оқу.

Бұрын оқып кеткен кітапты қайта оқысаңыз еріксіз түрде жылдам оқисыз. Себебі ондағы сөздер сіздің түпсанаңызда сақтаулы болады. Әр сөз таныс болады.

Бұрын оқыған кітапты жиі оқып миды жылдам оқуға машықтандыру қажет. Бұл бір жағынан жылдамдыққа тәрбиелесе, бір жағынан есте сақтауды күшейтеді.

©https://t.me/kitappgram
👍6611🥰2
Жылдам оқу жайлы деректер:

1. АҚШ-та жұмысқа тұру үшін түйіндемеге оқу жылдамдығын жазады. Жұмысқа қабылдаушы адам оқу жылдамдығын да тексереді;

2. Әлемнің үздік университеттерінде жылдам оқудан арнайы дәрістер өткізіледі;

3. "Жылдам оқу" курсын алғаш рет 1925 жылы АҚШ-тың Сиракуз университеті құрды.

©https://t.me/kitappgram
👍418🔥4
🕯Тапқан байлығын, өнім мен өнертабыстарын басқалар да пайдалансын деген ниетпен бөлісу адамзаттың қарыштап ілгері дамуына себепші болғаны күмәнсіз.
Жануарлар әлемінде мұндай нәрсе жоқ. Тәрбиеленген ит, басқа бір итке сабақ бермейді.

©https://t.me/kitappgram
👍8213👏7
Кітап оқу арқылы сіз, бұл әлемді құтқара алмауыңыз мүмкін.
Бірақ сіз, кітап оқу арқылы бұл әлемнен өзіңізді құтқара аласыз!

©https://t.me/kitappgram
👏64👍15🥰137🔥6😁4
Классикалық музыка тыңдау есте сақтау қабілетін арттырады.

"Вивальди эффекті" тұжырымына тоқталсақ: 24 қарт кісіге цифр жаттау тапсырмасы беріледі. Осының ішінде классикалық музыка тыңдап отырып жаттағандары жақсы нәтиже көрсеткен. Себебі сан жаттау барысында адам стресске түссе, музыка оны тыныштандырып, мидың физиологиялық мүмкіндігін арттырған.

©https://t.me/kitappgram
👍43🔥83
🧩Мидағы есту қыртысыңызды дамыту үшін:

ғаламтордан кез келген музыкаға арналған сайтты тауып алып, бұрын тыңдамаған, өзіңізге ұнамаған жанрдағы музыканы тыңдап көріңіз. Егер бұрын рок ұнамаған болса, оны қайта-қайта тыңдап, адамдардың не үшін бұл жанрды жақсы көретінін түсінуге тырысып көріңіз.

©https://t.me/kitappgram
🔥27👍134
Адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүниежүзінің қожасы болып отыр.

©https://t.me/kitappgram
👍477
🗓Айлық жоспар жасаған кезде, арасында ештеңе жасамай, уақытты бос өткізуді жоспарлаңыз.   

Нейробиологтардың айтуынша, күніне екі сағаттық тыныштық мидың есте сақтау қабілетін қалыптастыру аймағындағы гиппокамптың жасушаларының дамуын жақсартады.
Тыныштық кезінде ми ақпаратты белсенді түрде игеріп, бағалайды. Зейіннің шоғырлануын және шығармашылық ойлауды жақсартады.

©https://t.me/kitappgram
28👍9🔥8
Ақпаратты ұмыту себептері:

🔸 қайталау мен жаттығудың болмауынан;

🔸материалдың керексіз болуы;

🔸ұмыту нерв жүйесі әбден шаршағанда пайда болады. Нерв жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездеседі.

©https://t.me/kitappgram
👍374👏2
Пайдалы кеңес:
Таңертең аш қарынға бал жеу есте сақтау қабілетін арттырады. Әрі адам ағзасын тазартады.

Сиыр сүтін жиі ішу жүректі қайраттандырады. Ұмытшақтықты кетіреді.

©https://t.me/kitappgram
👍4619🔥4😁3🥰2