📍Васэда университетінің профессоры, нейрохирург Есикуни Эдагаваның айтуынша, адам қабылдаған ақпаратты мидың маңдай бөлігіндегі префронтальды қабық қорытады. Мидың бұл бөлігі, сонымен қатар, ойлау мен шешім
қабылдауға, есте сақтау мен сезім білдіруге жауап береді.
Егер ақпарат шектен тыс көбейіп кетсе, мидың бұл бөлігінің жұмысы қиындап, ақыры істен шығуға, ақауға әкелуі мүмкін. Мұндай адам жай нәрсенің өзінен қателік көп жібереді, есте сақтауы төмендейді, оқығанын жаттай алмай қиналады. Оның арты ашу-ызаға айналып, қызығушылығы мен мотивациясы жоғалады.
©https://t.me/kitappgram

👍68😢10🔥9❤3👏1
✅Есте сақтаудың тиімді түрлеріне мыналар жатады:
1. Көлемді және шағын материалдармен жұмыс істегенде, үлкенінен бастаған дұрыс.
2. Есте сақтаудың шоғырланған түрінен гөрі үлестірмелі түрі тиімдірек.
3. Бәрінен де тиімдісі саналы түрде есте сақтау. Сондықтан материалды ойланып, аздап оқу тиімді.
4. Бірнеше рет жай оқығаннан гөрі, есте сақтай отырып
оқуға жіберген уақыт тиімдірек.
5. Егер екі тапсырмамен жұмыс істесең, үлкенінен бастаған дұрыс.

👍55❤8🔥1
📌Адам кез келген нәрсені жаттап алудан бұрын соны үйренуге мән бергені абзалырақ.
Алайда кейбір маңызды мәліметтер мен мәтіндерді жаттап алудың миды шынықтыру тұрғысынан өте пайдалы екенін де ұмытпаған жөн.
©https://t.me/kitappgram
Алайда кейбір маңызды мәліметтер мен мәтіндерді жаттап алудың миды шынықтыру тұрғысынан өте пайдалы екенін де ұмытпаған жөн.
©https://t.me/kitappgram
👍33❤5🔥3
🧩Шет тілінде сөздік жаттау әдісі
Жаңа сөзге образ беру
Күніне 30 сөзден үйренсең, 60 күнде 2000-ға жуық сөзді үйреніп шығуға болады.
Сөздікті жаттағанда дәстүрлі «жаңа сөз - қазақша аудармасы» деген форматтан басқаша жаттау қажет. Сөзді жаттағанда одан кейін ешқашан сөздіктен қарамайтындай жаттау керек.
Ол үшін не істеу керек?
Жаңа сөзді естігенде санаңда бейне, образ, сурет шығатындай жаттауға тиістіміз.
Мұндай жағдайда сен үшін аударма деген ұғым жайына қалады. Яғни, өз ана тілің сияқты сезімде боласың.

🔥46👍31❤3
АДАМ ЕСІМІН ЖАТТАУ ЖОЛДАРЫ
•Ұмытып қалсаң, қайта сұра;
•Есімін қайта-қайта қолдан;
•Ішіңнен бірнеше рет қайтала;
•Образ бер;
• Адамның ерекше белгісін тап.
•Ұмытып қалсаң, қайта сұра;
•Есімін қайта-қайта қолдан;
•Ішіңнен бірнеше рет қайтала;
•Образ бер;
• Адамның ерекше белгісін тап.
👍93❤11🔥8🤔5🥰3
📖Кей адамдар үшін кітап- ең қымбат қазына.
Олар оқып жатқан кітабының қай жеріне келгенін белгілеу үшін кітап айырғыш таба алмай қалса да, кітаптың бетін қайыруға қимайды. Оның орнына сол бетті іздеп табу үшін уақыт жұмсағанды жөн көреді.
Кітаптың түбіне зиян келмесін деп, беттерін қалай болса солай парақтамайды, саусақ ұшымен мұқият аударады, тіпті кітап ұстар алдында қолын жуып алады.
Оқып отырыпсөйлемдердің астын сызу, бос жерге ұмытып қалмас үшін бір нәрселер жазу, кітап оқып отырғанда шай ішіп, параққа су тамызу- мұндай адамдар үшін жат нәрсе.
©https://t.me/kitappgram
Олар оқып жатқан кітабының қай жеріне келгенін белгілеу үшін кітап айырғыш таба алмай қалса да, кітаптың бетін қайыруға қимайды. Оның орнына сол бетті іздеп табу үшін уақыт жұмсағанды жөн көреді.
Кітаптың түбіне зиян келмесін деп, беттерін қалай болса солай парақтамайды, саусақ ұшымен мұқият аударады, тіпті кітап ұстар алдында қолын жуып алады.
Оқып отырып
©https://t.me/kitappgram
👍76❤17🔥4🤩1
📌Юта университетінің ғалымдары: "ақпаратты алған уақытта 90% адамның эмоциясы оянады.
Ақпаратты алу барысында қуансаңыз, шабыттансаңыз кітап оқуға мотвация аласыз.
Оқыған, көргеніңіздің әсері бойдан тарқамай тұрып бөліссеңіз, сол уақытта мағлұматтар мидың ұзақ мерзімді жадына сақталады" деген қорытындыға келген.

🔥36👍24❤6
✅Адам 20 жасқа толғанда оның тұлғалық бейнесі, яғни "мені" қалыптасады.
Өмірден жиған белгілі бір тәжірибесі болады және көзқарасы қалыптасады. Бұл өзгерістердің барлығын ми тура мағынада өзін-өзі өлтіру әрекеті ретінде қабылдайды. Яғни сізге енді жаңа нәрселер қорқынышты емес, сіздің "Меніңіздің" өзгеретіні қорқынышты болып көрінеді.
Сондықтан өзгерістің сізді және өміріңізді қалай жақсартатынын ойлап, бірден іске кірісіңіз. Әйтпесе, "Адамдар жан-сарайын өзгертпейінше, Алла оларды өзгертпейді" аятының кейпін киетін боламыз.

👍53🔥11🥰2
Көп ойлан.
Еңбек ету дегеніміз - тек оқу, әрекет ету немесе жазу емес.
Ой жұмысымен айналысатын адам қайламен кен қазған кеншіден де көп жұмыс істейді.

🔥38👍25❤15
Сіздермен көптен әңгімелескім кеп жүрген:
- Әр адамның көңілінде, ойында қалып кететін бір кітап болады. Қанша кітап оқысаң да ол кітаптың берген эмоциясын толтыра алмайсың.
Менің көкейімде қалып кеткен, ерекше эмоция сыйлаған кітаптар: “Қайта оралған ән”, “Мынау әппақ дүние” кітаптары. Себебі, екі кітап та жүрегіме мейрімділік, бауырмалдылық сыйлады.
Ал, сізге ең ерекше эмоция сыйлаған кітап қандай?
(Не үшін ол кітап?)

❤66👍35🔥5🥰5
🔍Оқығаныңды түсіну үшін не істеу керек?
Көз жүгіртіп оқу керек.
Мәтіннің мазмұнын түсіну үшін алдымен тақырыбына қарау керек. Мәтіннің тақырыбын түсіну үшін, сөйлемдерге тұтастай көз жүгіртіп өту керек.
Ойға сұрақ туындататын сөйлемдерді толық оқыған дұрыс. Осылайша қосымша мағлұматтарға көп көңіл бөлінбей, негізгі ойды түсінуге жол ашылады.

👍47❤7🔥7
🏷Ақпаратты ұмытудың себептері:
1. ұмыту алға қойған мақсаттың анық болмауынан болады;
2. қабылданған материал онша ашық, эмоциялы болмаса, тез ұмытылады;
3. Есте қалдырылған материалды дұрыс түсінбеу;
© https://t.me/kitappgram

👍47❤4
🌱Пайдалы ілім құнарлы топырақ секілді.
Оның нәрін бойына сіңіріп өскен дәннің болашағы жарқын болмақ.
©https://t.me/kitappgram
Оның нәрін бойына сіңіріп өскен дәннің болашағы жарқын болмақ.
©https://t.me/kitappgram
🔥50👍18❤10
🧩Жылдам оқуға арналған лайфхак:
Бұрын оқыған кітабыңды оқу.
Бұрын оқып кеткен кітапты қайта оқысаңыз еріксіз түрде жылдам оқисыз. Себебі ондағы сөздер сіздің түпсанаңызда сақтаулы болады. Әр сөз таныс болады.
Бұрын оқыған кітапты жиі оқып миды жылдам оқуға машықтандыру қажет. Бұл бір жағынан жылдамдыққа тәрбиелесе, бір жағынан есте сақтауды күшейтеді.

👍66❤11🥰2
⏳Жылдам оқу жайлы деректер:
1. АҚШ-та жұмысқа тұру үшін түйіндемеге оқу жылдамдығын жазады. Жұмысқа қабылдаушы адам оқу жылдамдығын да тексереді;
2. Әлемнің үздік университеттерінде жылдам оқудан арнайы дәрістер өткізіледі;
3. "Жылдам оқу" курсын алғаш рет 1925 жылы АҚШ-тың Сиракуз университеті құрды.

👍41❤8🔥4
🕯Тапқан байлығын, өнім мен өнертабыстарын басқалар да пайдалансын деген ниетпен бөлісу адамзаттың қарыштап ілгері дамуына себепші болғаны күмәнсіз.
Жануарлар әлемінде мұндай нәрсе жоқ. Тәрбиеленген ит, басқа бір итке сабақ бермейді.
©https://t.me/kitappgram
Жануарлар әлемінде мұндай нәрсе жоқ. Тәрбиеленген ит, басқа бір итке сабақ бермейді.
©https://t.me/kitappgram
👍82❤13👏7
Кітап оқу арқылы сіз, бұл әлемді құтқара алмауыңыз мүмкін.
Бірақ сіз, кітап оқу арқылы бұл әлемнен өзіңізді құтқара аласыз!
©https://t.me/kitappgram
Бірақ сіз, кітап оқу арқылы бұл әлемнен өзіңізді құтқара аласыз!
©https://t.me/kitappgram
👏64👍15🥰13❤7🔥6😁4
Классикалық музыка тыңдау есте сақтау қабілетін арттырады.
"Вивальди эффекті" тұжырымына тоқталсақ: 24 қарт кісіге цифр жаттау тапсырмасы беріледі. Осының ішінде классикалық музыка тыңдап отырып жаттағандары жақсы нәтиже көрсеткен. Себебі сан жаттау барысында адам стресске түссе, музыка оны тыныштандырып, мидың физиологиялық мүмкіндігін арттырған.

👍43🔥8❤3
🧩Мидағы есту қыртысыңызды дамыту үшін:
ғаламтордан кез келген музыкаға арналған сайтты тауып алып, бұрын тыңдамаған, өзіңізге ұнамаған жанрдағы музыканы тыңдап көріңіз. Егер бұрын рок ұнамаған болса, оны қайта-қайта тыңдап, адамдардың не үшін бұл жанрды жақсы көретінін түсінуге тырысып көріңіз.

🔥27👍13❤4
☄Адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүниежүзінің қожасы болып отыр.
©https://t.me/kitappgram
©https://t.me/kitappgram
👍47❤7