Кітапgram
12K subscribers
172 photos
6 videos
36 files
464 links
Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram Perfluence
Download Telegram
📖Кітап оқуға қызығушылықты ояту үшін не істеу керек?

1. Кітап оқуға қызығушылықты арттырудың бірінші қадамы - араласып жүрген достарыңа, ортаңа анализ жасау. Адам - өзі оқыған, көрген, сөйлескен адамдардың жиынтығы. Адамға орта қатты әсер етеді.

Кітап оқуға қызығушылықты арттыру үшін: оқырман клубтарының мүшесі болу, кітапханаға жиі бару, кітап оқитын жандармен сұқбат құру арқылы қызығушылығыңызды арттыра аласыз.

©https://t.me/kitappgram
👍504🤩1
📘2. Кітап оқудан да пайда көруге дағдылану керек. Кітаптан пайда немесе ләззат алатын болсаңыз, сізге кітап оқу оңайырақ бола түседі. Кітаптан пайда алу үшін кітаптың мақсатына сай әрекет етуіміз керек.

Адам миы бір іске қызығу үшін ол істен пайда, эмоция немесе ләззат алуы керек. Мидың алдыңғы бөлігіне көбірек гармондар бөлініп, іске деген қызығушылықтың артатыны зерттелген.

©https://t.me/kitappgram
👍46👏6
📈3. Кітапты күнделікті оқу. Бұл оқырманға шабыт немесе ынта сыйламайды. Бұл принципті былай түсіндіруге болады: сіз кітаптың неше бетін оқыған соң жалығып кетесіз?
Осыны анықтап алған соң, кітаптың 18 бетін оқыған соң жалығатын болсаңыз, сол жерден аяқтаңыз. Ертеңіне осы көрсеткішті жаңартасыз.

Әр күн сайын бір өзгеріс жасап отырыңыз. Дінімізде де "Амалдың ең абзалы аз болса да жалғасын тапқаны" деген хадис бар.

©https://t.me/kitappgram
👍5711
"Ауқатты адамдардың күнделікті әдеттері" кітабының авторы Томас Корли байлар мен кедейлердің өміріне зерттеу жүргізген.
Ауқатты адамдардың 86%-ы кітап оқуды әдетке айналдырған.
Оқуды жақсы көретін кедейдің үлесі- 16% құрайды.

Ауқатты адамдардың 63%-ы күніне кемі жарты сағат аудиокітап тыңдайды.
Тұрмысы төмен адамдардың 2%-ы ғана аудиокітап тыңдайды екен.

Еліміздің 76.2%-ы кітапты өте сирек оқиды, не оның бетін мүлде ашпайды. Бұл өте төмен көрсеткіш.

Кітаптың пайдалы екенін біліп тұрып оқымау оқи алмағанмен бірдей.

©https://t.me/kitappgram
👍4312😢7🔥3
🔍Әлемдік статистикаға сүйеніп қарайтын болсақ, кітап оқудан әлемде көш бастап тұрған Үндістан мемлекеті екен.

Бұл жақтағы әр азамат 1 аптаның 10 сағат 22 минутын кітап оқуға жұмсайды екен.

©https://t.me/kitappgram
👍39🔥128
📚"Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады" деп жазыпты Мұхтар Әуезов.

Демек, атамыздың айтуы бойынша интеллигент болу үшін киім киісің, жүрісің, жағдайың маңызды емес, тек кітаппен достаса алсаң болғаны.

©https://t.me/kitappgram
🔥45👍25👏31
Ағзамен үндесу

Кітап мимен, көзбен, асқазанмен, жүйке-жүйемен, қан тамырларымен тікелей байланыста болады.

🧠Мимен байланыс

Ми нейрондық байланыстардан тұрады. Сіз жаңа бір дүние үйренсеңіз мида жаңа нейрондық байланыс түзіледі.

Кітапта бір адамды суреттесе, сол адамның бейнесін қиялмен мида суреттейсіз.Сізде жаңа нейрондық байланыс түзілді.

Адамның 25 жасынан кейін мида нейрондық байланыстары үзіле бастайды. Ұмытшақтық осыдан пайда болады.

Кітап оқысаңыз нейрондық байланыс қартайғанша үзілмейді. Керісінше, әр кітап оқыған сайын байланыстар күшейе түседі.

©https://t.me/kitappgram
👍58👏81
👀 Көзбен кітаптың байланысы

Кітаптағы ақпарат миға көз арқылы жетеді. Себебі, көздің
ақпарат қабылдайтын жадысы бар.

Телефон номерді бір
қарағаннан есте сақтайтын адамдардың көз жадысы жақсы
дамыған.

Көз жадыда ақпарат 10-15 жылға сақталады.
Мысалы, бір үйді көрдіңіз,шатыры көк түсті. 5 жылдан соң шатырын
басқа түспен әктесе, бірден байқайсыз.

Көздің жадысын жақсартудың жалғыз жолы - кітап оқу.

©https://t.me/kitappgram
👍30👏132
📌Асқазанмен кітаптың байланысы

Кітап оқығанда жалығып кету, ұйқы басу тікелей асқазанның
жұмысына
тәуелді.
Себебі, асқазанға тамақ түседі. Энергияның барлығы ас қорытуға бөлініп кетеді. Энергия азайса ұйқыңыз келеді.

Кітап оқу барысында ашқарын болған тиімді.

Ғалымдардың кеңесі!
Кітап оқығанда суды жиі ішу керек: мидың 90%-ы судан тұрғандықтан, миға сергектік сыйлайды.

©https://t.me/kitappgram
👍49🔥9🥰3
#Исламнанкеңес

📔Күнделік жаз

Байқампаз болғың келсе, күнделік жазуды қолға ал. Күн сайын ерекше өткен оқиғаларды түртіп отыр.

Қолымызға қалам алып өз өзімізге үңілген сәтте ми талшықтары жақсылап оянып, өз өзімізге айнадан қарағандай боламыз.

©https://t.me/kitappgram
👍556🔥5🥰2😁2
Вашингтон университетінің профессоры В.Бернингер қолмен жазу саусағыңды ғана емес, миды, ойлау жүйесін дамытады дейді.

МРТ арқылы адам миын бақылағанда, қолмен жазатын адамда есте сақтауға жауап беретін және жаңа ақпаратты өңдейтін бөліктер белсенді болады екен.

©https://t.me/kitappgram
👍667
🖇Баспалдақпен жүрудің пайдасы

Жаңа зерттеу көрсеткендей баспалдақпен жүру мидың саулығын арттырады.
Канададағы Конкордия университетінің зерттеушілері 19 және 79 жас аралығындағы 331 дені сау адамның миын зерттеу үшін МРТ пайдаланды.

Олар қатысушылардың миындағы күкірт мөлшерін өлшеді. Өйткені оның төмендеуі - қартаю үдерісінің белгісі. Кейін олар қатысушылардың ми көлемі мен олардың қанша уақыт білім алғанын және баспалдақпен қаншалықты көп жүргенінің арақатынасын есептеп шыққан.

Осылайша, адам баспалдақ арқылы неғұрлым көп көтерілсе, оның миы соғұрлым "жақсаратыны" белгілі болған.

©https://t.me/kitappgram
👍45👏6
🧠Ойша есептеу есте сақтау қабілетін арттырады.

Ойша есептеу үшін миды біраз жаттықтыру керек. Қазіргі заманда қарапайым есептің өзін калькулятор көмегімен шығаруға әбден әдеттеніп қалғанбыз.

Назарды бір есепке шоғырландырып, қысқа мерзімді жадыда бір уақытта бірнеше затты қатар ұстап тұру керек. Соған қоса, есеп шығарудың оңай жолдарын, лайфхактарды білу керек. Күн сайын өзіңе уақыт белгілеп, қанша есеп шығара алатыныңды есептеп көрсең болады. Есепті қиялыңда көре білу керек.

Ең маңызды нәрсенің бірі- назарыңды бұзатын факторлардан аулақ болу керек.

©https://t.me/kitappgram
👍333
Патрик Келлидің мидың белсенділігін арттыру әдісі.

Бұл методты құрастыру барысында ғалым мидың қай кезде белсенді болатынын зерттейді. Бұл әдістің нәтижесі көріну үшін жаттығуларды тұрақты істеу керек:

Қарапайым амалдардан тұратын есептер

Патрик есеп шығарып отыған адамның миын томографияға түсіргендегі нәтижесі:

-оңай есептерді асықпай шығарып отырған адам миының белсенділігі аз;
-оңай есептерді жылдам шығарып отырған адамның миының белсенділігі өте жоғары;
-қиын есептерді қандай жылдамдықпен шығарса да, адамның миының белсенділігі өте аз.

Есепті неғұрлым тез шығарған сайын, соғұрлым мидың белсенділігі артады.

Бұл есептер қарапайым арифметикалық амалдардан: қосу, азайту, көбейту, бөлуден тұрады. Қарапайым әдіс бола тұра, ол мидың барлық бөліктерін қозғайды.

©https://t.me/kitappgram
👍39
Отыз бірінші сөз

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:
әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;
төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек.
Егер кез болып қалса, салынбау керек.

Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы- күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

©https://t.me/kitappgram
👍40👏8
📚Каналдағы ақпараттар пайдалы әрі қызықты болса достарыңмен бөлісе отыр.
👇Каналға сілтеме

©https://t.me/kitappgram
👍42🔥5👏5
🧠Ми жайлы қызықты деректер:

Адам миы барлық дене мүшелерімен салыстырғанда ең көп энергия алады. Миға оттегі аз түссе, есіней бастайды. Егер де көп түссе, біз өзімізді сергек сезінеміз.

Дәрігерлер ауырған кезде суды көбірек ішуге кеңес береді. Себебі мидың 75%-ы судан тұрады.

©https://t.me/kitappgram
🔥31👍16🤩3🥰1
🔖Ливерпуль университетінің зерттеушілерінің пікірінше поэзия оқу адам миының оң жақ жарты шарын белсенді етеді.

Мидың бұл аймағы адамның өмірбаяндық есте сақтауына жауап береді. Түрлі өлеңдер оқу арқылы адам өз тәжірибесін еске түсіріп, жаңа әдеби-эстетикалық әсерімен салыстыра алады.

Мәтінді оқығанға қарағанда мұндай поэзия мен өлеңдер оқу ми жұмысының белсенділігін ұзақ уақыт жалғасуын қамтамасыз етеді.

Ал әдебиет классиктерінің шығармаларын мазмұндау мидың белсенділігіне ешқандай күш салмайды.

©https://t.me/kitappgram
👍32🤔5🔥4👏3
🧠Адамның бала кезде қалыптасқан миы ер жеткен кезде өзгере ма?

Нейробиолог Питер Эриксон ересек адамның миы жаңа нейрондар "өндіре алады" дейді.
Жаңа нейрондарды қалай өндіруге болады?

Егер сіз бір іспен үнемі шұғылданатын болсаңыз, мида сол қабілетке арналған жаңа нейрондық жол пайда болады.

Мысалы, сіз шет тілін үйренуге бастасаңыз, мида жаңа нейрондық байланыстар пайда болады да, тілді тереңдеп оқып, практикаға енгізген сайын, нейрондық жолдар кеңейіп, үйренгеніңізді ұмытпайтын деңгейге жетесіз.

©https://t.me/kitappgram
👍434👏3🥰2🔥1
🧩Қызық дерек

Ми өзгерсе адам да өзгереді

Нейрондық жолдар бір-бірімен бәсекеге түсіп, қолданылмаған нейрондар өліп қалады екен. Сондықтан үйренген нәрсені де ұмытпай қайталап отыру маңызды. Жаңа нейрондардың қалыптасуы тек қана тіл үйрену сияқты біліми нәрселерде ғана емес, адамның мінез құлқы да өзгереді деген сөз.

Егер адам мінезін өзгерту мақсатында белгілі бағытта әрекет ететін болса, көп ұзамай миындағы жаңа нейрондық жолдар тереңдеп, көп ұзамай мінезінде де өзгерістер пайда болады.

🔹Сондықтан өзімізді өзгерткіміз келсе, миымызда жаңа нейрондар қалыптастыруға тырысуымыз керек екен.

©https://t.me/kitappgram
👍65🔥131
💡Ми жайлы қызықты деректер:

Сергектік арқылы сіздің миыңыз 10-н 23 Вт энергия бөледі. Бұл деген бір шамды қуаттандыруға тең.

Көзіміз жыпылықтаған сайын, миымыз жұмыс істеп, заттарды жарық етіп ұстайды. Сол арқылы біз жыпылықтаған сайын әлем жарықтана түседі. (Күніне шамамен 20 000 рет)

©https://t.me/kitappgram
👍35🔥5