Кітапgram
12K subscribers
172 photos
6 videos
36 files
464 links
Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram Perfluence
Download Telegram
🖇Доктор Ньюбергтің пікірінше, ми үшін Құдайға дұға жасау адамдармен қарым-қатынас жасауға ұқсайды.

Ол: "Адамның бір нәрсені ойлап, қиялдаған кезін зерттеген кезде, мидың көру аймағында өзгеріс пайда болады және жоғары белсенділік көрініс береді" деген.

©https://t.me/kitappgram
👍30🔥74🥰3
💰Біздің бағамыз

Бір ғалымның зерттеуі бойынша адамның құны өте төмен, тіптен судан да арзан екен.

Өйткені денемізде 7 сабын жасауға ғана жететін май, орта үлкендіктегі шеге жасауға келетін темір, тек бір кеседей ғана қант, 2000 сіріңкені жағуға жететін фосфор бар екен.

Зат жағынан осынша құнсыз болғанына қарамастан, ешбір мүшесін дүниеге айырбастай алмайтын адам, өзіне берілген шынайы құндылықты танып білуі тиіс. Әйтпесе, ол тез шіріп бұзылатын бірнеше килограмм ет пен бірнеше литр қан және бір үйме сүйек болып қана қала бермек.

©https://t.me/kitappgram
👍498🤩1
Қан алдыру есте сақтау қабілетін жақсартады

Қан алдырудың пайдалы екенін әр елдердегі қазіргі медицина мойындап отыр.

Хиджама жасау кезінде адам бойындағы қан алмасу жақсарып, арам қандар сыртқа шығады, барлық жасушалары жаңарып, ағзаға оттегі мен нәрлі заттар тарайды.

Уақытылы қан алдырып отыру ағза жұмысын жақсартып, денені сергектікке бастайды. Қазіргі таңда адам ағзасының құрамы дәрі дәрмектердегі химиялық заттарға тәуелді.

Ағзаны тазарту үшін қан алдыру керек. Өйткені хиджама процедурасы қан айналымын жақсартып, есте сақтау қабілетін жақсартады, сана-сезімді айқындайды.

©https://t.me/kitappgram
👍46🔥75
Кітап оқитын адамның білімі жоғары, әңгімесі қызықты болады.
Ал конспект жазу әдеті болса, сөзін дәлелді етеді.

Ф.Бэкон

©https://t.me/kitappgram
🔥45👍228🥰4
Библиофобия - кітапқа, кітап оқуға деген қорқыныш.

Біреулер кітап мазмұнынан қорқады, біреулер оны ұстауға қорқады, енді біреулер кітапханаға барудан да қорқуы мүмкін. Кейбір адамдар дауыстап оқудан қашады. Олар бұдан терлеп, қобалжып, тіпті жылап та жібереді.

©https://t.me/kitappgram
👍34🤯183🥰3🔥1
🏕🏡Кім қандай ауылдан ( ауыл, аудан,қала)?
Тұратын мекеніңіздің аты қандай мағына береді?

Мысалы: Мен “Ырғыз” ауданынанмын. Кезінде ханның “Үрқыз” есімді қызы өзеннің бойына тоқтап, демалып жатқанда жылан шағып өлтірген. Соның құрметіне өзенді де орналасқан жерін де “Үрқыз” деп атап кеткен. Кейіннен тілдік ерекешеліктерге байланысты “Ырғыз” деп аталып жүр. Біздің Ырғызда 80 көл бар.

📍Өз ауылыңыздың атын жазып, не үшін олай аталғанын жаза кетіңіз. Біле жүрейік. Маған осы тақырыпта әңгіме айтқан қызық.

©https://t.me/kitappgram
👍668🔥4🥰2
📖Кітап оқуға қызығушылықты ояту үшін не істеу керек?

1. Кітап оқуға қызығушылықты арттырудың бірінші қадамы - араласып жүрген достарыңа, ортаңа анализ жасау. Адам - өзі оқыған, көрген, сөйлескен адамдардың жиынтығы. Адамға орта қатты әсер етеді.

Кітап оқуға қызығушылықты арттыру үшін: оқырман клубтарының мүшесі болу, кітапханаға жиі бару, кітап оқитын жандармен сұқбат құру арқылы қызығушылығыңызды арттыра аласыз.

©https://t.me/kitappgram
👍504🤩1
📘2. Кітап оқудан да пайда көруге дағдылану керек. Кітаптан пайда немесе ләззат алатын болсаңыз, сізге кітап оқу оңайырақ бола түседі. Кітаптан пайда алу үшін кітаптың мақсатына сай әрекет етуіміз керек.

Адам миы бір іске қызығу үшін ол істен пайда, эмоция немесе ләззат алуы керек. Мидың алдыңғы бөлігіне көбірек гармондар бөлініп, іске деген қызығушылықтың артатыны зерттелген.

©https://t.me/kitappgram
👍46👏6
📈3. Кітапты күнделікті оқу. Бұл оқырманға шабыт немесе ынта сыйламайды. Бұл принципті былай түсіндіруге болады: сіз кітаптың неше бетін оқыған соң жалығып кетесіз?
Осыны анықтап алған соң, кітаптың 18 бетін оқыған соң жалығатын болсаңыз, сол жерден аяқтаңыз. Ертеңіне осы көрсеткішті жаңартасыз.

Әр күн сайын бір өзгеріс жасап отырыңыз. Дінімізде де "Амалдың ең абзалы аз болса да жалғасын тапқаны" деген хадис бар.

©https://t.me/kitappgram
👍5711
"Ауқатты адамдардың күнделікті әдеттері" кітабының авторы Томас Корли байлар мен кедейлердің өміріне зерттеу жүргізген.
Ауқатты адамдардың 86%-ы кітап оқуды әдетке айналдырған.
Оқуды жақсы көретін кедейдің үлесі- 16% құрайды.

Ауқатты адамдардың 63%-ы күніне кемі жарты сағат аудиокітап тыңдайды.
Тұрмысы төмен адамдардың 2%-ы ғана аудиокітап тыңдайды екен.

Еліміздің 76.2%-ы кітапты өте сирек оқиды, не оның бетін мүлде ашпайды. Бұл өте төмен көрсеткіш.

Кітаптың пайдалы екенін біліп тұрып оқымау оқи алмағанмен бірдей.

©https://t.me/kitappgram
👍4312😢7🔥3
🔍Әлемдік статистикаға сүйеніп қарайтын болсақ, кітап оқудан әлемде көш бастап тұрған Үндістан мемлекеті екен.

Бұл жақтағы әр азамат 1 аптаның 10 сағат 22 минутын кітап оқуға жұмсайды екен.

©https://t.me/kitappgram
👍39🔥128
📚"Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады" деп жазыпты Мұхтар Әуезов.

Демек, атамыздың айтуы бойынша интеллигент болу үшін киім киісің, жүрісің, жағдайың маңызды емес, тек кітаппен достаса алсаң болғаны.

©https://t.me/kitappgram
🔥45👍25👏31
Ағзамен үндесу

Кітап мимен, көзбен, асқазанмен, жүйке-жүйемен, қан тамырларымен тікелей байланыста болады.

🧠Мимен байланыс

Ми нейрондық байланыстардан тұрады. Сіз жаңа бір дүние үйренсеңіз мида жаңа нейрондық байланыс түзіледі.

Кітапта бір адамды суреттесе, сол адамның бейнесін қиялмен мида суреттейсіз.Сізде жаңа нейрондық байланыс түзілді.

Адамның 25 жасынан кейін мида нейрондық байланыстары үзіле бастайды. Ұмытшақтық осыдан пайда болады.

Кітап оқысаңыз нейрондық байланыс қартайғанша үзілмейді. Керісінше, әр кітап оқыған сайын байланыстар күшейе түседі.

©https://t.me/kitappgram
👍58👏81
👀 Көзбен кітаптың байланысы

Кітаптағы ақпарат миға көз арқылы жетеді. Себебі, көздің
ақпарат қабылдайтын жадысы бар.

Телефон номерді бір
қарағаннан есте сақтайтын адамдардың көз жадысы жақсы
дамыған.

Көз жадыда ақпарат 10-15 жылға сақталады.
Мысалы, бір үйді көрдіңіз,шатыры көк түсті. 5 жылдан соң шатырын
басқа түспен әктесе, бірден байқайсыз.

Көздің жадысын жақсартудың жалғыз жолы - кітап оқу.

©https://t.me/kitappgram
👍30👏132
📌Асқазанмен кітаптың байланысы

Кітап оқығанда жалығып кету, ұйқы басу тікелей асқазанның
жұмысына
тәуелді.
Себебі, асқазанға тамақ түседі. Энергияның барлығы ас қорытуға бөлініп кетеді. Энергия азайса ұйқыңыз келеді.

Кітап оқу барысында ашқарын болған тиімді.

Ғалымдардың кеңесі!
Кітап оқығанда суды жиі ішу керек: мидың 90%-ы судан тұрғандықтан, миға сергектік сыйлайды.

©https://t.me/kitappgram
👍49🔥9🥰3
#Исламнанкеңес

📔Күнделік жаз

Байқампаз болғың келсе, күнделік жазуды қолға ал. Күн сайын ерекше өткен оқиғаларды түртіп отыр.

Қолымызға қалам алып өз өзімізге үңілген сәтте ми талшықтары жақсылап оянып, өз өзімізге айнадан қарағандай боламыз.

©https://t.me/kitappgram
👍556🔥5🥰2😁2
Вашингтон университетінің профессоры В.Бернингер қолмен жазу саусағыңды ғана емес, миды, ойлау жүйесін дамытады дейді.

МРТ арқылы адам миын бақылағанда, қолмен жазатын адамда есте сақтауға жауап беретін және жаңа ақпаратты өңдейтін бөліктер белсенді болады екен.

©https://t.me/kitappgram
👍667
🖇Баспалдақпен жүрудің пайдасы

Жаңа зерттеу көрсеткендей баспалдақпен жүру мидың саулығын арттырады.
Канададағы Конкордия университетінің зерттеушілері 19 және 79 жас аралығындағы 331 дені сау адамның миын зерттеу үшін МРТ пайдаланды.

Олар қатысушылардың миындағы күкірт мөлшерін өлшеді. Өйткені оның төмендеуі - қартаю үдерісінің белгісі. Кейін олар қатысушылардың ми көлемі мен олардың қанша уақыт білім алғанын және баспалдақпен қаншалықты көп жүргенінің арақатынасын есептеп шыққан.

Осылайша, адам баспалдақ арқылы неғұрлым көп көтерілсе, оның миы соғұрлым "жақсаратыны" белгілі болған.

©https://t.me/kitappgram
👍45👏6
🧠Ойша есептеу есте сақтау қабілетін арттырады.

Ойша есептеу үшін миды біраз жаттықтыру керек. Қазіргі заманда қарапайым есептің өзін калькулятор көмегімен шығаруға әбден әдеттеніп қалғанбыз.

Назарды бір есепке шоғырландырып, қысқа мерзімді жадыда бір уақытта бірнеше затты қатар ұстап тұру керек. Соған қоса, есеп шығарудың оңай жолдарын, лайфхактарды білу керек. Күн сайын өзіңе уақыт белгілеп, қанша есеп шығара алатыныңды есептеп көрсең болады. Есепті қиялыңда көре білу керек.

Ең маңызды нәрсенің бірі- назарыңды бұзатын факторлардан аулақ болу керек.

©https://t.me/kitappgram
👍333
Патрик Келлидің мидың белсенділігін арттыру әдісі.

Бұл методты құрастыру барысында ғалым мидың қай кезде белсенді болатынын зерттейді. Бұл әдістің нәтижесі көріну үшін жаттығуларды тұрақты істеу керек:

Қарапайым амалдардан тұратын есептер

Патрик есеп шығарып отыған адамның миын томографияға түсіргендегі нәтижесі:

-оңай есептерді асықпай шығарып отырған адам миының белсенділігі аз;
-оңай есептерді жылдам шығарып отырған адамның миының белсенділігі өте жоғары;
-қиын есептерді қандай жылдамдықпен шығарса да, адамның миының белсенділігі өте аз.

Есепті неғұрлым тез шығарған сайын, соғұрлым мидың белсенділігі артады.

Бұл есептер қарапайым арифметикалық амалдардан: қосу, азайту, көбейту, бөлуден тұрады. Қарапайым әдіс бола тұра, ол мидың барлық бөліктерін қозғайды.

©https://t.me/kitappgram
👍39
Отыз бірінші сөз

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:
әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;
төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек.
Егер кез болып қалса, салынбау керек.

Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы- күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

©https://t.me/kitappgram
👍40👏8