Кітапgram
12K subscribers
172 photos
6 videos
36 files
464 links
Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram Perfluence
Download Telegram
Channel created
Көп телефонға телмірмей, анда-санда кітап оқып тұрайық!

©️ https://t.me/kitappgram
👍387👏4🔥1
🧩Лайфхак: Кітап оқи бастағанды таймерді қосам. Оқып болғанда, тоқтатып отырам. Сөйтіп 1 сағатқа жеткізуге деген мотивация пайда болады. Күніне 1 сағатты толтырсам болғаны.

©️ https://t.me/kitappgram
👍51😁3🤩1
Көпшілік кітап оқуда жиі жіберетін қателіктер:

- Адам өзіне керек емес кітапқа көп уақытын өткізіп алуы мүмкін. Сондықтан уақытыңызды бос кітаптарға емес, қажетті кітаптарға жұмсаңыз;

- Рецензияларға сүйеніп, бірден ауыр кітаптан бастайтын кездер болады. Ондайда кітапты бастап алып, артынан сол кітапты, жалпы кітапты қолыңызға алғыңыз келмей қалады. Сол себепті кітап оқуды жеңіл шығармалардан бастаған дұрыс;

- Кітап оқуды үлкен жұмыс көріп, қиындатудың қажеті жоқ. Керісінше оны дағдыға айналдыру керек;

©️ https://t.me/kitappgram
👍297
"Менің түсінігімде адамзат өркениеті бір құдіретке қарыздар болса, ол алдымен - кітап".

©️Ақселеу Сейдімбек

https://t.me/kitappgram
👍23🔥2
Исландияда жазушы көп. Елде барлығы 300 000 аса адам тұратын болса, мұнда әр оныншы адам жазумен айналысады. Пайызға шаққанда бұл ел басқаларға қарағанда көп кітап оқитындардың қатарында.

©️ https://t.me/kitappgram
👍33👏53🔥1
"Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу. Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман!"

©️ Мағжан Жұмабай
👍36🔥7
Бірнәрсеге жеткісі келген адам тамақтану тәртібін реттеп алуы керек. Мұны ғұламалар бекер айтпайды. Қалай болса, солай тамақтанып, салмақ қоссақ, бар күшіміз соны қорытуға кетеді. Асқазан түнімен жұмыс істеп, таңертең дұрыс демалмай тұрады, күні бойы сергек жүрмейсіз. Ондай адам потенциалын аша алмайды.

Көп адам дамығысы келіп, режим қояды, көп жұмыс істейді. Бірақ тамақтануды реттемесе, еңбегі зая кетеді. Сонымен қатар өзін жетілдірем деген адам бір уақыт көп нәрседен өзін оқшау ұстағаны дұрыс

Авторы: Қайрат Жолдыбайұлы
(islam.kz-ке берген сұқбатынан үзінді)

®️https://t.me/kitappgram
👍26
Қаншалықты көп оқысаң, соншалықты аз еліктейсің.

©️ https://t.me/kitappgram
👍33👏2
🧩Лайфхак:
“Қаржылық тәуелсіздікке апаратын жол” атты кітабында, Бодо Шефер кітап оқуға байланысты жақсы ұсыныс айтады.

- «Сіз өзіңіз үлгі тұтатын тұлғамен танысқанда, уақытты бос сөзге жұмсамай, тиімді пайдаланыңыз.
Ол кісі оқыған, екі-үш жақсы кітаптардың атын сұраңыз. Келесі қадамыңыз, неліктен осы кітаптарды үздік санайтындығына бағытталсын. Сол арқылы үлгі тұтатын адамнан кеңес аласыз. Әрі, сол кітаптар жайлы ойын білесіз. Бірнеше секундта осы айтылған кітаптарды оқимын ба, жоқ па деген сұрақтарға жауап аласыз».

©️ https://t.me/kitappgram
👍261
Неге адамдар кітап оқиды, ән тыңдайды?
Уақытша өзін ұмыту үшін, өздерінен қашу үшін. Себебі, жақсы ән, жақсы кітап iшкi даусыңды өзіңе естіртпейдi.
Олар, құдды, сенi басқаратындай. Сен әннің әуезiне, кітаптың сюжетiне берiлiп кетесің, өз уайымың мен ойларыңнан босап, автормен тілдескендей боласың.
Бұл өз тәнiңнен шығып, басқа адамға айналу сияқты нәрсе.

©️ Рэй Брэдберидің «Бақбақ шарабы» шығармасынан
~ https://t.me/kitappgram
👍33🔥7👏1
Берлиндік парфюмер кітапты жақсы көретіндер үшін жаңа "paper passion" иісін ойлап тапты. Парфюмнен гүл немесе тәтті иіс емес, жаңа басылып шыққан қағаздың иісі шығады.

©️ https://t.me/kitappgram
👍34🤩31🤔2
~ Silentnight компаниясы жүргізген сауалнама көрсеткендей, адамдар телефонда тәулігіне 8 сағат 41 минут өткізеді. Ал ұйқыға 5 сағат 13 минут жұмсайды. Адамдар ұйқыға қарағанда телефонға көп уақытын арнайды. Калифорния университетінің ғалымдары бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп отырады деп мәлімдеді.

Ұйқының жетіспеушілігі иммундық жүйені әлсіретеді. Соның салдарынан адамның ұмытшақыққа, түрлі жүрек ауруларына шалдығу қаупі бірнеше есе артады. "Ғаламторда тым ұзақ отыру адамның жадысын толтырып, оның есте сақтау қабілеті де нашарлайды", - дейді нейробиолог дәрігерлер.

©️ https://t.me/kitappgram
👍254🔥3
Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары таяуда миға ең қауіпті әрекеттерді атады. Олар:
1. Ыстық тамақ жеу, ыстық өнімді сол күйі тұтыну;
2. Алкоголь өнімдерін тұтыну;
3. Әлеуметтік желіде тәулігіне 5 сағаттан көп отыру;
4. Адамның жұмыссыз болуы;
5. Телефонды қуаты аз кезде пайдалану;

~ Осы әрекетердің барлығы мидың көлемін кішірейтіп жібереді.

©️ https://t.me/kitappgram
👍26😱8🔥2
Самарқанда кітап формасындағы әуежай бар.
#Өркениетті_ел

©️ https://t.me/kitappgram
👍46🔥85👏2