Кітапgram
12.1K subscribers
171 photos
6 videos
36 files
463 links
Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram Perfluence
Download Telegram
Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар, ол — кітап,— дейтін.— Әкем де, шешем де сол — кітап. Кейбірін екі-үш қайтара жалықпай оқып шықтым. Жалғыздығың, жетімдігің, бәрі-бәрі ұмытылып, басқа бір жұмақты өмірге сапар шеккендей боламын. Әттең, жағдай келсе, оқуымды одан әрі жалғастырып, Алматыға аттанар едім. Шынымды айтайыншы, кітап жазып, жазушы болғым келеді.

📚"Тортай мінер ақ боз ат"
Оралхан Бөкей

©https://t.me/kitappgram
28👍17🔥5🥰4🤔1
Білімнің парадоксі дегеніміз — адам білген сайын оның білмейтіндігінің көбеюі. Егер сіз көп нәрсені білмеймін десеңіз, яғни сіз біраз нәрсені білетіндігіңіз.

📚"Нені оқымау керек?"
Айдын Рахымбаев

©https://t.me/kitappgram
👍5710🔥3👏1
Кітаптағы ақпараттар мен кеңестерді есте сақтап, өмірде қолдана білу үшін:

~оқығалы жатқан кітабыңыз жайлы фильм, театрда қойылым болса міндетті түрде көріңіз. Сізге сол кітаптың маңыздылығын түсіндіріп, кейіпкерлерге жан бітіп, сізге ерекше әсер сыйлайды;

~әрбір кітапқа арналған қойылым, фильм бола бермеуі мүмкін. Алайда кітапты жазған автордың сұхбатын, мақаласын, ойларын оқу арқылы шығармаға деген қызығушылығыңызды арттыра аласыз.

©️ https://t.me/kitappgram
👍386
📉Миға кері әсер ететін әрекеттер:

1. ұйқының қанбауы
Ұйқысыздықтың салдарынан адам сергек күйінде мидың әр жері баяу ұйқы фазасына ауыса бастайды. Бұл уақытта адамның ұсақ моторикасы бұзылады.

Ұдайы ұйқысыздық ми жасушаларының өлуіне әкеп соғады.

2. таңғы ас ішпеу
Таңғы ас ішпеу адамның еңбекке қабілеттілігі мен күні бойғы тонусына кері әсер етеді. Мұнда тек ағзаға қажетті қуат алу мәселесі ғана емес, таңғы асты ішпеу қандағы қант мөлшерін азайтады. Ал бұл өз кезегінде, миға нәрлі заттардың жетуін төмендетеді және қиындатады.

3. артық қант мөлшері
Ағзада қанттың шамадан тыс көп болуы ақуыз бен нәрлі заттарды сіңіруді қиындатады.
Нәтижесінде қант деңгейі төмен болған жағдай қайталанады: нәрлі заттар миға жетпей қалады.

©https://t.me/kitappgram
👍28🔥24
Есте сақтауды дамытуға арналған #Исламнанкеңес:

жаяу серуендеу

Таза ауада жарты сағат серуен құру ми жұмысын 15%-ға арттырады. Қан айналым жүйесі жаңарып, қиындықтарды жоюға өзіндік үлесін қосады.

©https://t.me/kitappgram
👍579🔥2🤔2🤩2
🔹Исламнанкеңес:

- Тіл байлығын дамытуға арналған кітаптар топтамасы:

1. Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Әуезовтың барлық шығармалары;
2. Бауыржан Омарұлы "11-ші қаламұш" кітабы;
3. Берік Садыр "Ауыл әзілдері" кітабы.

©https://t.me/kitappgram
👍71🔥7👏71🥰1
Мұхтар_Мағауин_—_Тазының_өлімі_pdf_1.pdf
478.8 KB
©Мұхтар Мағауин
📚Тазының өлімі

https://t.me/kitappgram
10🔥4👍3🥰2🎉1
Тар жол тайғақ кешу С-1.pdf
2.3 MB
©Сәкен Сейфулин
📚Тар жол тайғақ кешу

https://t.me/kitappgram
🔥12👍5🎉31🤩1
Әбу Насыр Әл-Фараби қай кітапты 100 мәрте қайталап оқыған?

📜Адам баласы тарихын зерттеп жүрген бір оқымыстының қолына Аристотельдің "Даңқ туралы" деген кітабы түседі. Тарихшы кітапты аяғына дейін ақтарып шығады. Кітаптың соңғы бетінен:"Мен бұл кітапты жүз мәрте оқып шықтым" деген жазуды көреді. Сөйтсе мұны жазған Әбу Насыр Әл-Фараби екен.

Әбу-Насыр еш уақытта қолына алған кітапты бір не екі мәрте оқып қоя салмаған. Кітапта жазылғанның мағынасын толық түсінгенше ерінбей қайталап оқи берген. Сөйтіп, кітапта айтылған жайлардың мағынасына терең ой жіберіп, жаңа ұғымдардың есігін ашып отырған. Сол есік арқылы ғылым әлемінің таңғажайып сырларын анықтаған екен.


©https://t.me/kitappgram
43👍31🔥9🥰1🎉1
🧠Миы саудың тәні сау, тәні саудың жаны сау.

Миы әрдайым белсенді болған адамдар жай адамға қарағанда ұзақ өмір сүреді. Әрі ми ауруларына сирек ұшырайды.

Мидың жұмысы барлық органға әсер етіп, салауатты өмір салтын ұстануға сеп болады.

©https://t.me/kitappgram
🔥27👍199🥰2👏2🤩2🎉1
🧠Миы белсенділер ұзақ өмір сүреді

И.П.Павлов ғалым 86 жыл,Кант 81 жыл, Платон 81 жыл, Ньютон 84 жыл, Пифагор 76 жыл, Сенека 70 жыл өмір сүрген.

Бұның ішінде Пифагор, Сенека, Платонның замандастарының орташа өмір сүру ұзақтығы 30-35 жыл болған.

Кант пен Сенека бала кезінде өте әлсіз, аурушаң болған екен. Алайда орта жаста біліммен шұғылдана келе, екеуі де денсаулығын шыңдай білген.

Ал Луи Пастердің оқиғасы тіпті қызық. 40 жасында миына қан құйылған ғалым ауруға берілмей, мидың өзін әбден зерттепті. Одан кейінгі 30 жылында адамзат үшін өте күрделі жаңалықтар ашты.

©https://t.me/kitappgram
👍565🔥4🎉1
Адам есімін жаттау жолдары

🗣Әңгіме барысында адамның есімін қайта қайта қолдану керек.
Мысалы, "Арман, қай университетте оқыдың?","Саған қай елдің асханасы ұнайды, Арман?"

Дейл Карнеги "Дос табу және адамдарға ықпал ету" кітабында адамға ең ұнамды сөз өзінің есімі деп айтқан. Ол рас, әркімге өз есімі әдемі естіледі.

©https://t.me/kitappgram
👍66🤩6🔥5🎉3
🔹Исламнанкеңес:

- Әрбір қазаққа рухани азық болатын, тәрбиелік мәні зор, тұлғалық дамуға жол ашатын кітаптар:

1. Санжар Керімбай “Өркениетті адам” кітабы;
2. Қайрат Жолдыбайұлы “Кемел адам” кітабы;
3. Мұхитдин Исаұлы “Тұлға болам десеңіз” кітабы.

©https://t.me/kitappgram
🔥47👍2516🎉3
Көлік жүргізудің миға пайдасы бар ма?

🚙Қазір көліктердің саны өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, көлік жүргізудің миға пайдасы бар екен. Олар:

1.көлік жүргізгенде әртүрлі жол белгілеріне қарай отырып, тез әрі нақты шешім қабылдауды үйренесіз;

2.рөлді немесе басқа да көлік басқару құралдарын басқара отырып екі қолмен жұмыс істейсіз, бұл мидың екі жақ бөлігін де дамытуға көмектеседі;

3.көлікпен қала немесе ұзақ жолдарда жүргенде көптеген жол ережелерін есіңізге сақтайсыз, бұл жадыңызды жақсартады.

©https://t.me/kitappgram
👍468🥰1
📸Фотографиялық жады- көрген нәрсені қаз-қалпында еске түсіре білу. Мейлі ойша, мейлі суретке салғанда әрбір бөлшегіне дейін дәл келтіру.
Фотожадыны жаттықтырудың тәсілдері:

~Айвазовский әдісі
Айвазовский -суретші, маринист. Ол теңіз толқынын бір сәтке тоқтатып, кенепке сол қалпында түсіретін болған. Бұл деңгейге жету үшін теңізді жиі бақылап, көзін жұмып, қиялында суретті тірілте білген.

Әдісті қолдану үшін бір затқа, пейзажға немесе адамға 5 минут бойы мұқият қарап шық. Сосын көзді жұмып, қиялыңда бүге-шігесіне дейін қалпына келтір немесе суретін сал. Суретте көрініс толыққанды шығады.

©https://t.me/kitappgram
👍36🥰4👏4🔥2
Дағды- көбінесе адамның белгілі бір қайталанатын іс-әрекеттерінің автоматтандырылған түрі.
Психологтардың пайымдауы бойынша адам өмірінің 40%-ы әдет-дағдылардан тұрады екен.
Әлемдегі жетістікке жеткен адамдардың артықшылықтарын зерттей келе олардың басқа адамдардан ерекшелігі білімде ғана емес жағымды дағдылардың (кітап оқу, спортпен айналысу, жоспар құру) қалыптастыруында екені анықталған.

Әр ай сайын бір жақсы әдет дағдыларды қалыптастырып, бекітіп отырсаңыз, ол дағдылар сіздің өміріңіздің бір бөлшегіне айналады. Пайдалы әдет-дағдыларыңыз қаншама көп болса соншама өміріңіз жақсармақ. Пайдалы білім сізге әр жылы биыл мен 12 айда 12 пайдалы дағды қалыптастырамын деп, әр айда бір дағдыны өміріңізге енгізіп отыруға кеңес береді.

Осылайша, аз уақыт пен аз күш-қуат жұмсау арқылы көп жетістікке жете аласыз.

©https://t.me/kitappgram
👍426🔥6
Кітап оқу арқылы ғана біз марқұм болған ақылды адамның рухымен тілдесеміз. Олардың кітабын оқып, қуатты ойын қосып аламыз. Сол арқылы олардың көркем мінезі де жұға бастайды.

📚«Өркениетті адам»
Санжар Керімбай

©https://t.me/kitappgram
👍6810😱1
Ересек адамның орташа оқу жылдамдығы минутына 150-200 сөз, ал "жылдам оқитындар" 4-5 есе жылдам оқиды, ал минутына бірнеше мың сөз оқитындар да бар.


Бірнеше есе жылдам оқуға кедергі болатын себептер:

1⃣ фокустың болмауы.
Сіз көбінесе кітап оқу барысында ойыңыз басқа нәрсеге бөлініп, кітапқа шоғырландыра алмайсыз. Фокустау және ойды шоғырландыру жылдам оқудың ажырамас бөлігі болып табылады.

2⃣ оқу кезінде мәтінді дауыстап айту.
Дауыстап оқыған кезде сөйлеу аппараты сіз оқыған сөздерді қайталауға тырысады, сондықтан сіздің оқу жылдамдығыңыз сөйлесу жылдамдығынан жоғары болмауы мүмкін. Дегенмен, егер сіз дауысты алып тастасаңыз, минутына 600-800 сөз оқу жылдамдығына ауыса аласыз.

©https://t.me/kitappgram
👍267
Көздің көру қабілетін жақсартуға және қалпына келтіруге арналған жаттығулар:

1) Перделер
2 минут көзіңізді жылдам және жеңіл жыпылықтатыңыз. Бұл жаттығу қан айналымын жақсартады.

2) Терезеге қарау
Ермексаздан нүкте жасап терезе әйнегіне жабыстырыңыз. Терезенің арғы жағынан алыстағы бір нысанды таңдап, бірнеше секунд қарап тұрыңыз. Сосын көзіңізді нүктеге ауыстырып қаратыңыз. Біраз жаттыққаннан кейін қиындатуға да болады: фокусты 4 әр түрлі нысанға аудару арқылы.

©https://t.me/kitappgram
👍20🔥12
Жылдам оқуды үйренудің негізгі себептері:

1. Мақсаттарға жету

Жылдам оқу дағдысы мақсатқа жетуді қалайтындардың барлығына қажет. Себебі кез - келген мақсатқа жетудің алғашқы қадамы-ақпарат жинау.

2. Қызықты болу

Жылдам оқуды бағындыра отырып, сіз көп оқи бастайсыз, соның арқасында сіздің сөздік қорыңыз артады. Сіз жан-жақты дамуыңыздың арқасында қызықты сұхбаттасушы боласыз.

3. Сыртқы ойлау

Ойлау- бұл қоршаған әлемді тану процесі, оның негізі тұжырымдамалар мен идеялардың қорын қалыптастыру және үнемі толықтыру болып табылады, жаңа пайымдаулардың тұжырымын қамтиды.

Егер сізге әдемі дене бітім қажет болса, спортзалға барасыз. Ал тиімді және нәтижелі ойлау арқылы не ұтамыз?

Жылдам оқу-бұл сіздің миыңызға арналған жаттығу залы.

Күн сайын біз көптеген мәселелерге, міндеттерге кезігеміз. Сіздің ойлауыңызды жаттықтыру сізге бірнеше есе тез және сапалы шешім табуға мүмкіндік береді, сонымен бірге жалпы өзіне деген сенімділік деңгейі артады.

©https://t.me/kitappgram
👍268🔥5👏1
Жылдам оқу мәтінді оқудың басқа моделін ұсынады.

Жылдам оқуда ешқандай сиқыр жоқ, бұл арнайы әдістерді үйренудің және дағдыларды дамытудың нәтижесі.

Жылдам оқуды игере отырып, сіз, кем дегенде, есте сақтау деңгейіңізді, шоғырлануды, ойлаудың жаңа деңгейіне жетуді және мидың тонусын дамытасыз.

©https://t.me/kitappgram
26👍11🎉2🔥1