Кітапgram
12.1K subscribers
171 photos
6 videos
36 files
463 links
Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram Perfluence
Download Telegram
🔹Исламнанкеңес:

- Кітап оқуды әдетке айналдыруға көмектесетін кітаптар топтамасы:

1. Б.Бұқарбай “күміс кітап” кітабы;
2. М. Кесебаев “жылдам оқу” кітабы;
3. Ә. Исламбек “оқырман әліпбиі” кітабы;

©️ https://t.me/kitappgram
👍556🔥4🤔4🤩2🥰1
🧠Нейробика (миды дамытуға арналған жаттығулар):

~үйіңіздегі жиһаздардың орнын жиі ауыстырып тұрыңыз. Әр жеті немесе он күнде бір нәрсенің өзгеріп тұрғаны сананың жан-жақты ойлауына түрткі болады. Тіпті компьютеріңіздің басты бетіндегі суреттің ауысып тұруы миға оң әсерін береді;

~киім кию үлгіңізді өзгертіңіз. Ең болмағанда, ұнататын киіміңіздің түсін өзгертіңіз. Сырт көрініс адамның басқа стильге деген көзқарасын өзгертеді.

©https://t.me/kitappgram
👍28🔥61
Қайталау

Абай отыз бірінші қара сөзінде "естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар" дейді. Соның бірі сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтара ойланып, көңілге бекіту керек. "Қайталау - ілімнің жартысы" деген.

Күндіз жаттаған нәрсені ұйықтар алдында бір қайталап алу керек. Себебі, ұйқы алдына қабылданған ақпарат ең бірінші болып консолидацияға ұшырайды. Яғни, жадыда сақталу ықтималдығы жоғары болады.

📖Как запомнить все.
Борис Николай Конрад

©https://t.me/kitappgram
👍33🔥43👏2
(pdf) Шығанақ (Ғабиден Мұстафин)-1.pdf
885 KB
©Ғабиден Мұстафин
📚Шығанақ

https://t.me/kitappgram
👍25🔥4
(pdf) Өмір мектебі (Сәбит Мұқанов).pdf
5.3 MB
©Сәбит Мұқанов
📚Өмір мектебі

https://t.me/kitappgram
👍216🥰3
Сіздің қандай адам болатыныңыз, екі фактормен анықталады: сіз сөйлесетін адамдар және сіз оқыған кітаптар.

©️ Рабин Шарма.
👍64🔥65🥰1
Оқы, оқы дейміз, тоқымаса оқу не керек?
Адам, адам дейміз, адамшылығы болмаса адам не керек?

© Ғабиден Мұстафин

https://t.me/kitappgram
👍4710👏3🔥2🥰1
Ғалымдар адамның қалам ұстауына қарап ұмытшақтық ауруын анықтау әдісін тапты.

Жапондардың зерттеуі деменцияны тесттердің көмегімен адамның қалай жазып, сурет салатынын мұқият бақылау арқылы жасалған.

Деменцияның белгісі:

адам жазғанда жиі үзіліс жасайды;

• қолдың немесе дененің өткір, серпілмелі қозғалысы;

• қалам ұстауы үнемі өзгеріп отырады
.

Жапониядағы Цукуба университетінің ғалымдарының зерттеуі.

©https://t.me/kitappgram
👍302🤔1
Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар, ол — кітап,— дейтін.— Әкем де, шешем де сол — кітап. Кейбірін екі-үш қайтара жалықпай оқып шықтым. Жалғыздығың, жетімдігің, бәрі-бәрі ұмытылып, басқа бір жұмақты өмірге сапар шеккендей боламын. Әттең, жағдай келсе, оқуымды одан әрі жалғастырып, Алматыға аттанар едім. Шынымды айтайыншы, кітап жазып, жазушы болғым келеді.

📚"Тортай мінер ақ боз ат"
Оралхан Бөкей

©https://t.me/kitappgram
28👍17🔥5🥰4🤔1
Білімнің парадоксі дегеніміз — адам білген сайын оның білмейтіндігінің көбеюі. Егер сіз көп нәрсені білмеймін десеңіз, яғни сіз біраз нәрсені білетіндігіңіз.

📚"Нені оқымау керек?"
Айдын Рахымбаев

©https://t.me/kitappgram
👍5710🔥3👏1
Кітаптағы ақпараттар мен кеңестерді есте сақтап, өмірде қолдана білу үшін:

~оқығалы жатқан кітабыңыз жайлы фильм, театрда қойылым болса міндетті түрде көріңіз. Сізге сол кітаптың маңыздылығын түсіндіріп, кейіпкерлерге жан бітіп, сізге ерекше әсер сыйлайды;

~әрбір кітапқа арналған қойылым, фильм бола бермеуі мүмкін. Алайда кітапты жазған автордың сұхбатын, мақаласын, ойларын оқу арқылы шығармаға деген қызығушылығыңызды арттыра аласыз.

©️ https://t.me/kitappgram
👍386
📉Миға кері әсер ететін әрекеттер:

1. ұйқының қанбауы
Ұйқысыздықтың салдарынан адам сергек күйінде мидың әр жері баяу ұйқы фазасына ауыса бастайды. Бұл уақытта адамның ұсақ моторикасы бұзылады.

Ұдайы ұйқысыздық ми жасушаларының өлуіне әкеп соғады.

2. таңғы ас ішпеу
Таңғы ас ішпеу адамның еңбекке қабілеттілігі мен күні бойғы тонусына кері әсер етеді. Мұнда тек ағзаға қажетті қуат алу мәселесі ғана емес, таңғы асты ішпеу қандағы қант мөлшерін азайтады. Ал бұл өз кезегінде, миға нәрлі заттардың жетуін төмендетеді және қиындатады.

3. артық қант мөлшері
Ағзада қанттың шамадан тыс көп болуы ақуыз бен нәрлі заттарды сіңіруді қиындатады.
Нәтижесінде қант деңгейі төмен болған жағдай қайталанады: нәрлі заттар миға жетпей қалады.

©https://t.me/kitappgram
👍28🔥24
Есте сақтауды дамытуға арналған #Исламнанкеңес:

жаяу серуендеу

Таза ауада жарты сағат серуен құру ми жұмысын 15%-ға арттырады. Қан айналым жүйесі жаңарып, қиындықтарды жоюға өзіндік үлесін қосады.

©https://t.me/kitappgram
👍579🔥2🤔2🤩2
🔹Исламнанкеңес:

- Тіл байлығын дамытуға арналған кітаптар топтамасы:

1. Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Әуезовтың барлық шығармалары;
2. Бауыржан Омарұлы "11-ші қаламұш" кітабы;
3. Берік Садыр "Ауыл әзілдері" кітабы.

©https://t.me/kitappgram
👍71🔥7👏71🥰1
Мұхтар_Мағауин_—_Тазының_өлімі_pdf_1.pdf
478.8 KB
©Мұхтар Мағауин
📚Тазының өлімі

https://t.me/kitappgram
10🔥4👍3🥰2🎉1
Тар жол тайғақ кешу С-1.pdf
2.3 MB
©Сәкен Сейфулин
📚Тар жол тайғақ кешу

https://t.me/kitappgram
🔥12👍5🎉31🤩1
Әбу Насыр Әл-Фараби қай кітапты 100 мәрте қайталап оқыған?

📜Адам баласы тарихын зерттеп жүрген бір оқымыстының қолына Аристотельдің "Даңқ туралы" деген кітабы түседі. Тарихшы кітапты аяғына дейін ақтарып шығады. Кітаптың соңғы бетінен:"Мен бұл кітапты жүз мәрте оқып шықтым" деген жазуды көреді. Сөйтсе мұны жазған Әбу Насыр Әл-Фараби екен.

Әбу-Насыр еш уақытта қолына алған кітапты бір не екі мәрте оқып қоя салмаған. Кітапта жазылғанның мағынасын толық түсінгенше ерінбей қайталап оқи берген. Сөйтіп, кітапта айтылған жайлардың мағынасына терең ой жіберіп, жаңа ұғымдардың есігін ашып отырған. Сол есік арқылы ғылым әлемінің таңғажайып сырларын анықтаған екен.


©https://t.me/kitappgram
43👍31🔥9🥰1🎉1
🧠Миы саудың тәні сау, тәні саудың жаны сау.

Миы әрдайым белсенді болған адамдар жай адамға қарағанда ұзақ өмір сүреді. Әрі ми ауруларына сирек ұшырайды.

Мидың жұмысы барлық органға әсер етіп, салауатты өмір салтын ұстануға сеп болады.

©https://t.me/kitappgram
🔥27👍199🥰2👏2🤩2🎉1
🧠Миы белсенділер ұзақ өмір сүреді

И.П.Павлов ғалым 86 жыл,Кант 81 жыл, Платон 81 жыл, Ньютон 84 жыл, Пифагор 76 жыл, Сенека 70 жыл өмір сүрген.

Бұның ішінде Пифагор, Сенека, Платонның замандастарының орташа өмір сүру ұзақтығы 30-35 жыл болған.

Кант пен Сенека бала кезінде өте әлсіз, аурушаң болған екен. Алайда орта жаста біліммен шұғылдана келе, екеуі де денсаулығын шыңдай білген.

Ал Луи Пастердің оқиғасы тіпті қызық. 40 жасында миына қан құйылған ғалым ауруға берілмей, мидың өзін әбден зерттепті. Одан кейінгі 30 жылында адамзат үшін өте күрделі жаңалықтар ашты.

©https://t.me/kitappgram
👍565🔥4🎉1
Адам есімін жаттау жолдары

🗣Әңгіме барысында адамның есімін қайта қайта қолдану керек.
Мысалы, "Арман, қай университетте оқыдың?","Саған қай елдің асханасы ұнайды, Арман?"

Дейл Карнеги "Дос табу және адамдарға ықпал ету" кітабында адамға ең ұнамды сөз өзінің есімі деп айтқан. Ол рас, әркімге өз есімі әдемі естіледі.

©https://t.me/kitappgram
👍66🤩6🔥5🎉3
🔹Исламнанкеңес:

- Әрбір қазаққа рухани азық болатын, тәрбиелік мәні зор, тұлғалық дамуға жол ашатын кітаптар:

1. Санжар Керімбай “Өркениетті адам” кітабы;
2. Қайрат Жолдыбайұлы “Кемел адам” кітабы;
3. Мұхитдин Исаұлы “Тұлға болам десеңіз” кітабы.

©https://t.me/kitappgram
🔥47👍2516🎉3