Кітапgram
12.1K subscribers
171 photos
6 videos
36 files
463 links
Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram Perfluence
Download Telegram
🧠Ми жұмысын жақсартатын жаттығулар:

1) тазартылған суды жиі ішу;
2) демалысыңызды әр түрлі өткізіңіз;
3) жұмысқа не оқуға таныс емес, бұрын жүрмеген жолдармен барыңыз(қайтыңыз);
4) стандарттан тыс жауаптар. Жауабы қалыпты сұрақтардың өзіне басқаша жауап беруге тырысыңыз;
5) жаңа әзілдер мен анекдоттар ойлап табу- ақыл-ойдың жұмысын жақсартып қана қоймай, креативті ойлау жағын да дамытады.

©https://t.me/kitappgram
👍60🤩8👏5🎉3
Тұлғалық дамуға жол ашатын кітаптар:

•Данияр Жігітбек "Лайфхактар";
•Мадина Жумадиллаева "Ғажайып ми";
•Ғани Байғалиұлы "Кайдзен".

©https://t.me/kitappgram
👍45🔥10🥰3🎉21
"Кітап оқудың арқасында өзіңізді қатты дамытып, әріптестеріңізден жоғары тұра аласыз".

©Джек Ма
👍84🔥96👏6🎉4🥰1
Біздің миымыз ақпаратты қалай есте сақтайды?
Ғылымда адамның миы жаңа ақпаратты калай қабылдайтыны жөнінде бірқатар жалпы белгілерін сипаттайды.

Біз нені көреміз, соны есте жақсы сақтап қаламыз.
Ми көрген ақпаратты талдау үшін өзінің қорларының 50%-ын іске кірістіреді. Басқа сөзбен айтқанда, оның қуаттылығының жартысы көзбен көру тәртібін өндеуге, ал қалған бөлігі ағзаның басқа да қабілеттерінің арасында бөлінеді.
Көзбен көру басқа сезімдерге тура ықпалын тигізеді.

👁Көру - адамдардың қалған сезімдерін басып кете алатын өте маңызды сезім.

©https://t.me/kitappgram
👍28🔥5🤯42
Қайталау формуласы:

Жаттаған ақпаратты ұмытпас үшін белгілі бір уақыт аралығында қайталау міндетті.
Қашан қайталау керек?
Оның да өз уақыты бар.

Жаттаудың түрлі әдісін (ассоциация, бейнелеу, мағына беру, т.б.) қолданып, жаттаған ақпаратты тағы бір рет қайталамаса, бір сағаттан соң ақпарат мидан өше бастайды. Адамның миы сондай.

Алғашқы қайталау жаттап болған соң бірден жасалуы қажет.

Одан кейінгі қайталау туралы айтсақ:

1. Егер ақпаратты жаттауға 2-ақ күн қалса, онда мына тәсілмен жаттау керек:

- бірінші қайталау - жаттап бола сала қайталау;
- екінші қайталау - осыдан кейін 20 минуттан соң қайталау;
- келесі қайталау - бұдан кейін 8 сағаттан соң қайталау;
- соңғы мәрте қайталау.

🧠Сіз осылай ақпаратты ешқашан ұмытпастай миға бекітіп қоясыз.

©https://t.me/kitappgram
👍33🔥6👏31
Мнемонист  - ерекше атаулар, сандар тізімдері, кітаптардағы жазбалар және т.б. сияқты әдеттен тыс үлкен деректер тізімін есте сақтай алатын және еске түсіре алатын адам. 

Мнемонист адамдар күніне 4 литр су ішеді екен. Сол арқылы денедегі энергияның тепе-теңдігін сақтайды. Энергия тепе-теңдігі мидың жұмыс жасауына тікелей байланысты. Себебі, мидың салмағы дененің 2%-ын құрағанымен, адам бойындағы энергияның 20%-ын жұмсайды.
Демек, денедегі судың мөлшерінің дұрыс болуы мидың жұмысына өзіндік әсерін береді.

Адам өз салмағына сәйкес су ішуі керек. Сонымен қатар, жеңіл шәй немесе кофе де тиісті пайдасын тигізеді. Бірақ, аталмыш екі сусындарды өз мөлшерінде ғана тұтыну керек.

©https://t.me/kitappgram
👍32🔥4👏4🤯3
🔹Исламнанкеңес:

- Кітап оқуды әдетке айналдыруға көмектесетін кітаптар топтамасы:

1. Б.Бұқарбай “күміс кітап” кітабы;
2. М. Кесебаев “жылдам оқу” кітабы;
3. Ә. Исламбек “оқырман әліпбиі” кітабы;

©️ https://t.me/kitappgram
👍556🔥4🤔4🤩2🥰1
🧠Нейробика (миды дамытуға арналған жаттығулар):

~үйіңіздегі жиһаздардың орнын жиі ауыстырып тұрыңыз. Әр жеті немесе он күнде бір нәрсенің өзгеріп тұрғаны сананың жан-жақты ойлауына түрткі болады. Тіпті компьютеріңіздің басты бетіндегі суреттің ауысып тұруы миға оң әсерін береді;

~киім кию үлгіңізді өзгертіңіз. Ең болмағанда, ұнататын киіміңіздің түсін өзгертіңіз. Сырт көрініс адамның басқа стильге деген көзқарасын өзгертеді.

©https://t.me/kitappgram
👍28🔥61
Қайталау

Абай отыз бірінші қара сөзінде "естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар" дейді. Соның бірі сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтара ойланып, көңілге бекіту керек. "Қайталау - ілімнің жартысы" деген.

Күндіз жаттаған нәрсені ұйықтар алдында бір қайталап алу керек. Себебі, ұйқы алдына қабылданған ақпарат ең бірінші болып консолидацияға ұшырайды. Яғни, жадыда сақталу ықтималдығы жоғары болады.

📖Как запомнить все.
Борис Николай Конрад

©https://t.me/kitappgram
👍33🔥43👏2
(pdf) Шығанақ (Ғабиден Мұстафин)-1.pdf
885 KB
©Ғабиден Мұстафин
📚Шығанақ

https://t.me/kitappgram
👍25🔥4
(pdf) Өмір мектебі (Сәбит Мұқанов).pdf
5.3 MB
©Сәбит Мұқанов
📚Өмір мектебі

https://t.me/kitappgram
👍216🥰3
Сіздің қандай адам болатыныңыз, екі фактормен анықталады: сіз сөйлесетін адамдар және сіз оқыған кітаптар.

©️ Рабин Шарма.
👍64🔥65🥰1
Оқы, оқы дейміз, тоқымаса оқу не керек?
Адам, адам дейміз, адамшылығы болмаса адам не керек?

© Ғабиден Мұстафин

https://t.me/kitappgram
👍4710👏3🔥2🥰1
Ғалымдар адамның қалам ұстауына қарап ұмытшақтық ауруын анықтау әдісін тапты.

Жапондардың зерттеуі деменцияны тесттердің көмегімен адамның қалай жазып, сурет салатынын мұқият бақылау арқылы жасалған.

Деменцияның белгісі:

адам жазғанда жиі үзіліс жасайды;

• қолдың немесе дененің өткір, серпілмелі қозғалысы;

• қалам ұстауы үнемі өзгеріп отырады
.

Жапониядағы Цукуба университетінің ғалымдарының зерттеуі.

©https://t.me/kitappgram
👍302🤔1
Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар, ол — кітап,— дейтін.— Әкем де, шешем де сол — кітап. Кейбірін екі-үш қайтара жалықпай оқып шықтым. Жалғыздығың, жетімдігің, бәрі-бәрі ұмытылып, басқа бір жұмақты өмірге сапар шеккендей боламын. Әттең, жағдай келсе, оқуымды одан әрі жалғастырып, Алматыға аттанар едім. Шынымды айтайыншы, кітап жазып, жазушы болғым келеді.

📚"Тортай мінер ақ боз ат"
Оралхан Бөкей

©https://t.me/kitappgram
28👍17🔥5🥰4🤔1
Білімнің парадоксі дегеніміз — адам білген сайын оның білмейтіндігінің көбеюі. Егер сіз көп нәрсені білмеймін десеңіз, яғни сіз біраз нәрсені білетіндігіңіз.

📚"Нені оқымау керек?"
Айдын Рахымбаев

©https://t.me/kitappgram
👍5710🔥3👏1
Кітаптағы ақпараттар мен кеңестерді есте сақтап, өмірде қолдана білу үшін:

~оқығалы жатқан кітабыңыз жайлы фильм, театрда қойылым болса міндетті түрде көріңіз. Сізге сол кітаптың маңыздылығын түсіндіріп, кейіпкерлерге жан бітіп, сізге ерекше әсер сыйлайды;

~әрбір кітапқа арналған қойылым, фильм бола бермеуі мүмкін. Алайда кітапты жазған автордың сұхбатын, мақаласын, ойларын оқу арқылы шығармаға деген қызығушылығыңызды арттыра аласыз.

©️ https://t.me/kitappgram
👍386
📉Миға кері әсер ететін әрекеттер:

1. ұйқының қанбауы
Ұйқысыздықтың салдарынан адам сергек күйінде мидың әр жері баяу ұйқы фазасына ауыса бастайды. Бұл уақытта адамның ұсақ моторикасы бұзылады.

Ұдайы ұйқысыздық ми жасушаларының өлуіне әкеп соғады.

2. таңғы ас ішпеу
Таңғы ас ішпеу адамның еңбекке қабілеттілігі мен күні бойғы тонусына кері әсер етеді. Мұнда тек ағзаға қажетті қуат алу мәселесі ғана емес, таңғы асты ішпеу қандағы қант мөлшерін азайтады. Ал бұл өз кезегінде, миға нәрлі заттардың жетуін төмендетеді және қиындатады.

3. артық қант мөлшері
Ағзада қанттың шамадан тыс көп болуы ақуыз бен нәрлі заттарды сіңіруді қиындатады.
Нәтижесінде қант деңгейі төмен болған жағдай қайталанады: нәрлі заттар миға жетпей қалады.

©https://t.me/kitappgram
👍28🔥24
Есте сақтауды дамытуға арналған #Исламнанкеңес:

жаяу серуендеу

Таза ауада жарты сағат серуен құру ми жұмысын 15%-ға арттырады. Қан айналым жүйесі жаңарып, қиындықтарды жоюға өзіндік үлесін қосады.

©https://t.me/kitappgram
👍579🔥2🤔2🤩2
🔹Исламнанкеңес:

- Тіл байлығын дамытуға арналған кітаптар топтамасы:

1. Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Әуезовтың барлық шығармалары;
2. Бауыржан Омарұлы "11-ші қаламұш" кітабы;
3. Берік Садыр "Ауыл әзілдері" кітабы.

©https://t.me/kitappgram
👍71🔥7👏71🥰1
Мұхтар_Мағауин_—_Тазының_өлімі_pdf_1.pdf
478.8 KB
©Мұхтар Мағауин
📚Тазының өлімі

https://t.me/kitappgram
10🔥4👍3🥰2🎉1