Кітапgram
12.1K subscribers
172 photos
6 videos
36 files
464 links
Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram Perfluence
Download Telegram
Қорғансыздың күні М.Әуезов.pdf
286.9 KB
©Мұхтар Әуезов
📚Қорғансыздың күні

https://t.me/kitappgram
👏16😢9👍8
🧠Ер мен әйел миының табиғи ерекшеліктері:

•ер адамдар ақпаратты жылдам қабылдап, жылдам әрекет жасайды. Алайда...
•әйел адамдар бір уақытта бірнеше ақпаратты қабылдай алады.
•әйел адамдар әңгімелескенді ұнатады. Ер адамдар көп сөздің орнын бір іспен алмастырады.
•ер адамдар әңгімелесу барысында логикаларына жүгініп, айтылған сөзді сол қалпында қабылдайды.
Ал әйелдерге түйсіктері көмекке келгендіктен, айтылғанды болжап қабылдайды.
•әйел адамдар барлығын детальды түрде есте сақтаса, ер адамдар маңыздылығы мен нәтижесіне мән береді.

©https://t.me/kitappgram
👍31👏4🔥31
🗣Біреуге түсіндіру

Есте сақтауға көмектесетін ең танымал әдіс- жаттаған материалды біреуге түсіндіру.

Түсіндірудің де түрлері бар. Әсіресе, он жасар балаға түсіндіріп көр. Балаға қарапайым тілмен, қиын сөздерді оңай сөздермен алмастырып, балаға түсінікті мысал бере отырып, ұқтыра алсаң, онда бұл ақпарат өмірбақи есіңде қалып қояды.

©https://t.me/kitappgram
22👍14👏4🔥2
Есте сақтаудың ең тиімді тәсілі- түсіну.

Жаңа ақпаратты оқығанда, тыңдағанда, көргенде, сезінгенде есте сақтап қалудың бірінші сатысы- оны түсіну.

Мәтін не жайлы, қандай қорытынды жасалынған, т.б. сұрақтар қойып, материалды түсініп алу керек. Кім ақпаратты түсінді, сол анағұрлым ұзақ есінде сақтайды.

Ақпаратты жаттауға 1 сағат берілсе, оның 30 минутын түсінуге жұмсау керек. Бір сағат бойы мәтінді қайталап оқи бергеннен гөрі, түсіну әдісі жақсырақ көмектеседі.

©https://t.me/kitappgram
22👍11🔥6👏4🎉4🤩1
🕰Жылдам оқу

Нейробиологтардың зерттеуінше, адам неғұрлым кітапты жылдам оқыса, соғұрлым ол адамның түйсігі және ойлау қабілеті жоғарылайтынын дәлелдеді.

Ақырын оқу барысында адамдар кітапта жазылған дүниенің тек 20 пайызын ғана түсінеді. Ал жылдам оқу керісінше туындының 90 пайызын түсінуге мүмкіндік береді.
Жылдамдыққа сай ақпарат тез қабылданып, тез сіңеді.

©https://t.me/kitappgram
👍19🔥5🥰5🤩5🤔2
🧩Кітапты жылдам оқуға арналған #Исламнанлайфхак :

1) қарындашпен оқу;
Кітап оқу барысында мәтіннің әр жолын қарындашпен жүргізіп отыру көзге салмақ түсірмейді әрі жылдам оқуға көмектеседі.

2) жаңылтпашты күнделікті оқу; Жаңылтпаштағы сөздер бір біріне ұқсас болғандықтан ол сөздерді ажыратуға көз үлкен күш салады. Жаңылтпашпен жұмыс жасап үйренген көз қарапайым кітап бетіндегі мәтінді тезірек оқиды.

3) сүзгі тәсілі;
Оқығалы жатқан кітабыңызға 5-6 сұрақ қойып алыңыз. Сол сұрақтың жауабын іздеу үшін кітапты оқыңыз. Адам кітапты қарапайым оқуға қарағанда сұрақты іздеу арқылы шапшаң оқиды.

4) теріс қаратып оқу; Кітапты жоғарыдан төменге айналдырып, теріс қаратып оқып көріңіз. Алғашында бұлай оқу қиынға соғады, бірақ кейіннен миыңыз бұл қалыпқа үйренеді. Мәтінді қаншалықты қиындатсаңыз соншалықты тезірек оқитын боласыз.

5) көп оқу.
Адамның көзі таныс емес сөздерге көп уақыт кідіріс жасайды. Көп сөзбен таныс болу үшін кітапты көбірек оқу қажет.

©https://t.me/kitappgram
👍26👏4🔥3🥰32🎉1
🇺🇸Америка президенті Рузвельт жылдам оқу әдісін арнайы оқып, жақсы меңгерген. Соның нәтижесінде ол қалың кітаптарды 1-2 сағатта аяқтайтын болған.

Ленин 1 минутта бір беттен оқыпты. Ленин кітаптағы дәйек сөздердің астын сызып, кей сөйлемге пікірін қарандашпен жазған екен. Ерекше әсер еткен сөйлемдерді қойын дәптеріне көшіріп, оқығаны жайында конспект жазып отырыпты.

Дерек бойынша Лениннің 20 мыңнан астам кітабы болған.

©https://t.me/kitappgram
👍29🤯12🔥2🥰21
🔹 Исламнанкеңес:

- Есте сақтау қабілетің төмендеп, ұмытшақ бола бастасаң мына кітаптарды оқы:

1. Әділбек Исламбек “Оқырман әліпбиі” кітабы;
2. Мадина Жумадиллаева “Ғажайып ми” кітабы;
3. Мирас Кесебаев “Супержады” кітабы.

©️ https://t.me/kitappgram
👍223🔥2👏2🥰1
Жабайы алма С.Мұратбеков.pdf
1.4 MB
©Сайын Мұратбеков
📚Жабайы алма

https://t.me/kitappgram
🔥102👍1
Ақбілек Ж.Аймаутов.pdf
1.2 MB
©Жүсіпбек Аймауытов
📚Ақбілек

https://t.me/kitappgram
👍18🥰32
🧠Жадының жақсы жұмыс жасауы талантқа емес, тәсілге байланысты.
Есте сақтауға көмектесетін кез келген әдісті неғұрлым жақсы меңгерсең, соғұрлым пайдалы болады.

©https://t.me/kitappgram
🔥22👍7🥰3😁3👏1
Мнемотехника

-ақпаратты бұрыннан бар басқа ақпаратпен байланыстырып жаттау. Жекелеген санды, сөзді жаттау кезінде ассоциация жасау арқылы жаттау.

Ойша жасалған образдар барынша күлкілі, біртүрлі болса есте бірден сақталады, немесе бір бірімен байланысты заттарды қолданып, жаттағың келген сөздерді әр объектіге байлап қою қажет. Ассоциация жасау кезінде кейбір сөздерді, сандарды оған басқа мән беріп кодтау арқылы жаттау.

©https://t.me/kitappgram
👍234🔥3
#лайфхак

📖Кітапты тұрақты оқуға кітап оқитын жеріңіз тікелей әсер етеді. Кітап қаншалықты тыныш, жинақы жерде оқылса, ол кітап сіздің миыңызда ұзаққа сақталады.

🧠Тыныштықта қабылданған ақпарат мидың ұзақ жады бөлімінде сақталады.

©https://t.me/kitappgram
👍26🔥5🥰53
🔹Кітапты өз пікіріңізді қоса отырып оқыңыз.

Кітап оқу кезінде автормен диалог болу керек. Автормен келіспейтін тұстарыңыз болса, не болмаса өз ойыңызды қосып, автордың сөзін толықтырғыңыз келсе өз ойыңызды жазып отырсаңыз болады.

Кітапты осындай тәсілмен оқу әрі қарай оқуға құлшынысты арттырады, сәйкесінше, кітаптан алынған ойлар, ақпараттар мида жақсы сақталады.

©https://t.me/kitappgram
👍21🥰4🔥32👏1
🧠Мидың жұмысын жақсарту үшін не істеу керек?
Ми жұмысын жақсартатын жаттығулар:

1) күн сайын 3-5 шетел сөзін жаттаңыз;
2) күнделік жазыңыз;
3) күн сайын жаяу серуендеңіз;
4) кітап оқыңыз;
5) жаңа хобби;

©https://t.me/kitappgram
👍31🔥6👏5🥰32
Жылдам оқу туралы фактілер:

•Адамдардың 95%-ы өте баяу оқиды – минутына 150-200 сөз (1,5-2 минутта 1 бет).

Жылдам оқуда көздің шаршауы баяу оқуға қарағанда аз болады.

•Дәстүрлі оқуда түсіну деңгейі 60%, жылдам оқуда 80% құрайды.

•Бір сағаттың ішінде оқырманның көзі мәтінге 57 минут бойы қадалады.

•Кітапты баяу оқитын оқырманда 10 таңбадан тұратын бір реттік есте сақтау болады (бір жолдың 1,5-2 сөзі).
Жылдам оқитын оқырманда 200-500 таңба (бірнеше жолдан тұратын 33-83 сөз) болады.

•Баяу оқу кезінде көздің регрессивті қозғалысына жұмсалған уақыттың 1/6 бөлігі жоғалады.

©https://t.me/kitappgram
👍373🔥3👏2🤯2🥰1😁1🎉1
🧠Мидың белсенді жұмыс істеуі үшін бас тарту керек немесе аз қолдану керек тағамдар:

1.кез келген формадағы қант;

2.құрамында қанты көп тағамдар(конфеттер, кондитерлік өнімдер);

3.ұннан жасалған кез келген тағамдар (тәтті тоқаштар,лаваш,макарон);

4.тәтті газдалған сусындар;

5.қаныққан майлар;

6.тұзды тағамдар;

7.қуырылған тағамдар;

8.қызыл ет пен сүт.

©https://t.me/kitappgram
🤔26👍11😢7🤯4😁3
Нейробика (миды дамытуға арналған жаттығулар):

1) егер сіз оңқай болсаңыз, уақытылы негізгі жұмыстарды сол қолмен орындауға тырысыңыз. Ал егер солақай болсаңыз, керісінше орындаңыз. Маңыздысы, әдет болмаған жағдайды қалыптастыру;
2)қоғаммен белсенді араласыңыз. Жаңа адамдармен танысып, шетелге саяхаттауды жиі ұйымдастырыңыз. Ең болмағанда өзіңіз тұратын мекеннің ортасын жақыннан тануға тырысыңыз;
3)өзіңіз ұнатқан жанрдағы туындаларды ғана емес, мүлде танымайтын авторлардың кітаптарын оқыңыз;

©https://t.me/kitappgram
24👍16👏3🥰2😁1
Үздіксіз қимыл-қозғалыс мидың дамуына 75% көмектеседі. Таза ауада жүру, серуендеу, дене қозғалысы миға жақсы ойлар тудырады, жақсы шешім қабылдауға көмектеседі.

Адам үйге тығылып алып, тар ауаны жұтып бір нәрсеге нақты шешім қабылдай алмайды. Ал, адам жүретін болса, онда ми отырған кездегіге қарағанда, аяққа тұрып қозғалған кезде 10%-15% артығырақ жұмыс жасайды.

Мысалы, Сократ жүру арқылы пікірлер тудырып отырған. Міне, сол себепті спортпен шұғылдану мидың жұмыс қабілетін арттыруға тікелей әсер етеді.

©https://t.me/kitappgram
👍374🥰4👏3
Артық ақпарат пен білімді сүзгіден өткізудің Сократ көрсеткен нақты механизмі

Бірде Сократқа бір адам келіп, былай деді:
-Мен сіздің бір досыңыз туралы естігенімді айтқым келеді
-Маған досым туралы айтпас бұрын, алдымен бұл ақпаратты сүзгіден өткізу керек. Ол үшін үш маңызды сүзгі бар. Бірінші сүзгі - бұл шындық. Айтыңызшы, бұл айтқалы тұрған ақпаратыңыз шындық екеніне сенесіз бе?
-Жоқ, сенімді емеспін,-деп жауап берді, - себебі мен бұл туралы басқалардан естідім.
-Демек, бұл шындық екеніне сенімді емессіз. Енді екінші сүзгі жақсы мен жаман. Менің досым туралы айтқалы отырған жақсы жаңалық па әлде жаман жаңалық па?
-Керісінше, бұл өте жаман нәрсе,-деп жауап бепді ол адам.
-Сонымен, сіз маған жалған әрі жаман нәрсені айтқыңыз келеді. Үшінші сүзгі пайдасы. Мен сіздің айтқаныңыздан қандай да бір пайда аламын ба?
-Жоқ, мүлде пайдалы емес,-деп жауап берді ол.
-Егер сіз маған айтқыңыз келетін ақпарат шынайы да, жақсы да, пайдалы да болмаса, онда мұны білудің де қажеті жоқ-деді Сократ.

©https://t.me/kitappgram
👍79🔥12👏65🥰4
(pdf) Оралхан Бөкей — Сайтан көпір.pdf
2.3 MB
©Оралхан Бөкей
📚Сайтан көпір

https://t.me/kitappgram
👍11🔥2👏2