😄 Қос тіл...
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлт аралық қатынас тілі мәртебесін алған соң, біреу базарда тоты құс сатып тұрса керек. Тоты құсқа қызыққан біреу оң қанатын ұстаса: “Сәлеметсіз бе?" депті. Сол қанатын тартса “Здравствуйте” депті. Бұған таң қалған алушы тоты құстың құйрығын сипаған екен: “Құлатасың
ептвәю мать...” деп екі тілде қатар сөйлеп жіберіпті.
© ️Ақселеу Сейдімбектің "Бейпіл сөздер" кітабынан үзінді
Кітаптың толық нұсқасы арнамызда бар👍
🔖 @kitapkz1

Кітаптың толық нұсқасы арнамызда бар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Білім бе, намаз ба? Мектеп оқушысына қайсысы маңызды?
Қазақ қоғамы үшін жауап берейін. Білім маңызды. Оқушы үшін оқу ісі маңызды. Сосын Америка, Еуропа елдерімен салыстырмаңыздар. Ол жақтағы балаға деген ата-ананың, мұғалімнің, керек болса биліктің де көзқарасы тым бөлек. Замана ешкімді аямайды. Бәсекеге қабілетті бола алмаған бала ертең қатарынан қалады. Ешкімге керек емессің. Сосын не оқу жоқ, не өнер жоқ, жұмыссыздардың қатарына кіреді. Әке-шешесіне салмақ салады. Әлімжеттік жасайды. Ұрлыққа барады…
Құлшылық та керек. Сөзсіз керек. Бірақ мектеп жасындағы балаға емес. Қайталап айтамын, қазақ қоғамы үшін жауап бердім. Осы сөзім үшін мені айыптаудың керегі жоқ👍
©️ Азамат Битан
🔖 @kitapkz1
Қазақ қоғамы үшін жауап берейін. Білім маңызды. Оқушы үшін оқу ісі маңызды. Сосын Америка, Еуропа елдерімен салыстырмаңыздар. Ол жақтағы балаға деген ата-ананың, мұғалімнің, керек болса биліктің де көзқарасы тым бөлек. Замана ешкімді аямайды. Бәсекеге қабілетті бола алмаған бала ертең қатарынан қалады. Ешкімге керек емессің. Сосын не оқу жоқ, не өнер жоқ, жұмыссыздардың қатарына кіреді. Әке-шешесіне салмақ салады. Әлімжеттік жасайды. Ұрлыққа барады…
Құлшылық та керек. Сөзсіз керек. Бірақ мектеп жасындағы балаға емес. Қайталап айтамын, қазақ қоғамы үшін жауап бердім. Осы сөзім үшін мені айыптаудың керегі жоқ
©️ Азамат Битан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Кеше күні бойы қара маска тағып, қайырымдылық жасап жүрген жігіттің видеоларын көрдім...
Әсіресе, автомойкада тұрып жатқан әйелге жүрегім ауырғаны-ай... Көзі көрмесе де, нәпақасын тауып, балаларын асырап отыр.
"Көлік жуғым келмейді" деп жылаған кезде... Қосыла жыладым ғой...
Ол жігіттің кім екені маңызды емес, риза болғаным – нағыз қамқорлыққа зәру жандарды тауып алатыны.
Әлемді мейірім ғана сақтайды. Әйтпесе, біз тым қатыгезденіп барамыз.
Автордың пікірімен келісесіз бе?👍

Автордың пікірімен келісесіз бе?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥺Мен қазіргі балалардың қатыгездігінен қорқайын дедім...
Үйдің ауласында бір ит жүретін, ешкімге зияны жоқ. Өткенде бір қарағанымда буаз екен. Тағы бірде соңынан төрт бірдей сүйкімді күшігі еріп жүргенін көрдім.
Содан кеше екі кештің ортасында көршім келді жүгіріп (өзі сондай мейірімді келіншек) түрі өрт сөндіргендей түтігіп кеткен:
- Қалай көздері қиды, қалай ғана қолдары барды?! - деп бір отырып, бір тұрды.
- Не болды, Айка, түсіндіріп айтсаңшы, жайшылық па? - дедім шошынып.
/алдында екі баласын өлтірген келіншекті айтайын деді ма деп ойладым/
Сөйтіп едім, онсызда көңілшек адам жылап жіберді:
- Төрт күшікті балалар жабылып ..лтіріп тастапты. Жай ..лтіріп қоя салса мейлі ғой, біреуін бөлшектеп тастаған, біреуінің мойнын бұрап ..лтірген, тіпті айтуға аузың бармайды.
Ең аяныштысы, енесі төрт күшігін мойнынан тістеп, аулаға алып шығып "тұр, тұрсай" дегендей қайта-қайта жұлқылайды. Қыңсып ұлып жатыр байғұс деді...
Көршім кеткеннен кейін біразға дейін өз-өзіме келе алмай сұлқ отырдым да қойдым. Көз алдыма анасынан жаңа туған төрт күшік, жан-жағынан қаумалап алған балалар келді.
Мәссаған, біз кім боп барамыз? Қандай заманда өмір сүріп жатырмыз?..
Автор: Мәриям Әбсаттар

💯 Екі Русь бар. Біріншісі – әлемдік және кем дегенде еуропалық мәдениеттен тамырын тартқан киевтік Русь.
Олар мәдениетті орыстардың және бүкіл батыс әлемінің түсінігіндегі мейрімділік, ар-ождан, бостандық пен әділеттілік идеясын дәріптеп келеді.
Екіншісі – жабайылықтан, тағылықтан арыла алмаған – мәскеулік Русь. Олар қанды деспотия мен озбырлықты өздерінің ұлттық идеясына айналдырып алды.
©️ Алексей Толстой
Алдағы күндері әйгілі орыс қаламгерінің шығармасы арнамызда жарық көреді👍
🔖 @kitapkz1
Олар мәдениетті орыстардың және бүкіл батыс әлемінің түсінігіндегі мейрімділік, ар-ождан, бостандық пен әділеттілік идеясын дәріптеп келеді.
Екіншісі – жабайылықтан, тағылықтан арыла алмаған – мәскеулік Русь. Олар қанды деспотия мен озбырлықты өздерінің ұлттық идеясына айналдырып алды.
©️ Алексей Толстой
Алдағы күндері әйгілі орыс қаламгерінің шығармасы арнамызда жарық көреді
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Кейде осы мен нағыз мұсылмандар - Еуропа халқы ма деп ойланып қаламын...
🔺Жемқорлық жоқ.
🔺 Пара бермейді, пара алмайды.
🔺 Бәрі заң аясында шешіледі.
🔺Кісі ақысын жемейді.
🔺Жымиып, жылы амандасады (көркем мінезді)
🔺Қай жерде жүрсе де тазалық сақтайды (түкірмейді, туалетте артын тазалап кетеді)
🔺Бір-біріне ауыр сөз айтпайды.
🔺 Бір-бірін ғайбаттамайды.
🔺 Жолда автокөлікте бір-бірін боқтап, алдын кеспейді.
🔺 Оқу-білімге ұмтылады.
🔺Діни фанатизм жоқ.
🔺 Жолдары теп-тегіс.
🔺 Медицинасы дамып жатыр.
🔺 Технологияда жаңалық ашып жатыр.
Ең бастысы, көзбояушылық, жасандылық жоқ.
Бізде бәрі керісінше. Бірақ, мұсылманбыз деп кеуде қағамыз.
©️ Данияр Есен
Автордың пікірі орынды ма?👍

Автордың пікірі орынды ма?
Арнаға тіркелуді ұмытпа
: @kitapkz1Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Қазаққа жаудың керегі жоқ! Өз ішімізден шығады...
Бауырымызды пікіріне алып-қосарыңыз бар ма?👍
Бауырымызды пікіріне алып-қосарыңыз бар ма?
Арнаға тіркелуді ұмытпа
: @kitapkz1Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Португалия & Қазақстан екеуі екі бөлек әлем. Бір біріне қарама қарсы әлем...
Біз понт (мақтан) үшін бүкіл бәрін құрбан қылып жіберсек, оларға понтты түсіндіре алмайсың. Оларда ақысыз мектеп престиж болса, бізде керісінше ақылы мектеп престиж.
Бізде барлығы және барлығы понт негізінде құрылған. Өміріміздің бәрі понт. Телефон, көлік, үй, киім алсақ понт көрсету үшін. Ал португалдар ол заттан ләззат алу үшін.
Бұны не үшін жазып отырмын? Әр елдің, халықтың жақсы жағын үйренейік. Барлығын понт/мақтан үшін емес, өмірдің әрбір сәтінен ләззат алу үшін өмір сүрсек.
Бұрындары ойлаушы едім: ақшасыз қалай өмірден ләззат алып өмір сүруге болады деп. Оказывается, болады екен. Португалдардың экономикалық, әлеуметтік жағдайы мәз болмаса да өмірлеріне мәз. Ақшасыз да рақаттанып өмір сүріп жатқан халықты көріп таң тамаша қаласыз.
Барлық проблемаға осы мақтан мен сол үшін жарыс себеп болып тұр.
Енді бұл мақтандарға, ақылды болып көріну мақтаны қосылды.
Барлығы судың маманы, өрттің маманы, экономист, спорт маманы, IT маманы, тб. Бір адамның бойында әлемдегі бүкіл ақыл, білім бар
Бірақ неге екенін білмеймін, сол елді жаймендеп еріп, жаймендеп жиналған су басып (төтеннен келген су емес), өрт шалып, бидайдың үстінде отырып наны қымбат, мұнайдың үстінде отырып бензині қымбат, асып тасыған байлықтың үстінде отырып кедей...
Себебі бұның бәріне мақтангершілікке салыну, жарысу кінәлі.
Осыны тоқтатайық, ағайын. Қарапайым өмір сүріп, жарыспай ақ, өмірден ләззат алып қарапайым өмір сүрейік👍
©️ Фазылбек Әбсаттарұлы

Осыны тоқтатайық, ағайын. Қарапайым өмір сүріп, жарыспай ақ, өмірден ләззат алып қарапайым өмір сүрейік
©️ Фазылбек Әбсаттарұлы
Арнаға тіркелуді ұмытпа
: @kitapkz1Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жұма намазы адамдарды әбігерге салып кептеліс тудырмауы керек
"Жұма түгілі жұмақтан шығып келе жатсаң да…
Көктебедегі Диваев көшесінің бойында мешіт бар. Жұма күні түс кезінде бұл көшемен жүрмей-ақ қойғаныңыз абзал. Сақалдысы бар, көсесі бар жамағат көлігін қалай болса солай қойып, мешітке кіре береді. Өйткені олар жұмаға келді ғой…
Бүгін осы тар көшеде қымбат көлік қарсы бетке — менің тура алдыма шыға келді. Онсыз да кептеліп келе жатқан біз тұрдық та қалдық. Жаңағы қымбат көліктен түскен жігіт маған жетіп келіп: “Братан, жұмадан шығып тұрмыз, пропустил бы!” дейді. Дауысы өктем.
“Жұма түгілі жұмақтан шығып келе жатсаң да, өз жолыңмен жүр!” деген жауап естіді. Одан әрі ушықтырса, жағдайы қиындап кетуі мүмкін екенін түсінді де, жөніне кетті.
Мешіттерде, әсіресе, Диваев көшесінің бойындағы мешітте жұмаға келгендерге басқа жұртқа кедергі жасама деп айтыла ма?"
Пікір иесі Ерік Рахым

Өкінішке орай, исламның қазақ халқының алдында беделі түсіп барады
Себебі, Қазақстанда дәл осы діни конфессия төңірегінде, дәлірек айтсақ оның атын жамылып түрлі манипуляциялар, заңсыз әрекеттер, адам бостандығын шектеу әрекеттері жасалуда. Әрине, осы діни конфессияның пайғамбары үмбеттеріне адамның ала жібін аттаңдар, бостандығына шектеу қойыңдар деген жоқ. Тек адамдарда өздерінің заңға қайшы, этикаға, қоғамдық тәртіпке қайшы әрекеттерін дәл осы дінмен жабу, сонымен ақтау әрекеті пайда болды. Бұл исламның имиджіне кері әсер етуде. Және оны түзеу діни пәтуа шығаруға өкілетті орган қолынан ғана келеді.
Егер адам жеке өзінің діни парызын орындауды міндетсініп, осындай сылтаумен басқа адамның құқығы мен бостандығын шектесе (ортақ жол пайдалану құқығын, тыныштық құқығын бұзу, киіну, пікір білдіру, өзіндік идентика еркіндігін шектеу), заң және ереже бойынша көрсетілген талаптарды орындамаса, ол адам ислам дінінен автоматты түрде шығарылады деген пәтуа жасалуы керек. Ислам дінінен автоматты түрде шығарылған тұлғалардың электронды реестры жасалып, ол апта сайын жаңарып тұруы керек.
Пікір иесі Айбар Олжаев
(Ерік Рахымның фейсбуктегі жазбасына комментарийінен)

Forwarded from DALA INSIDE
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from 🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ (ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ)
Ұлттық қордың ақшасын халыққа бөліп берсек, оның арты не болуы мүмкін?
Қазір белгілі бір экономикалық популизмнің екінші толқыны ақырындап келіп жатыр. Бұл, жалпы, өте қауіпті нәрсе. Экономикалық популизмнің мемлекетті тұралатып, құлататын күші бар. Біз ол кезде мемлекет ретінде ыдырап кетеміз.
Экономикалық популизм деген – саған ұнайтын, халықтың құлағына жағатын бір сәттік шешім. Мысалы, қазір сізге тәтті торт береді. Торт тәтті ғой, жеп қоясыз. Тортыңыз бітті.
Ал, негізі, бізді тұрақтандыратын және бізді дамуға апаратын шешімдер – қиын шешімдер. Осындай бір сәттік науқан кезінде ұпай жинап алу үшін халыққа ұнайтын нәрсе айтады. Бірақ сол халыққа ұнайтын нәрсенің барлығы – сол халыққа да, мемлекетке де тиімді емес. 100 пайыз тиімді емес.
Мысалы, қазір бізге: «маған дауыс берсеңдер, кредиттің бәрін кешірем» дейді. Менде 7 млн-ның кредиті бар дейік, сіз 5 млн-ның кредитін төлеп жүрсіз. Әрине, жақсы ғой?! Қазір барып дауыс берсек, ертең кредитімізді кешіріп береді, кредиттен құтыламыз.
Сен автоматты түрде: «қазір басқа кредит алам да, ананы жауып тастаймын, мынаны сатып аламын» деп ойлай бастайсың. Бүкіл халық солай ойлап кетеді. Бірақ ол ненің есебінен? Ол қайдан пайда болған ақша?
Егер ол ақшаны басып шығарса, ертесі күні 100 теңге тұратын нан 400 теңге тұратын болады. Міндетті түрде. Өйткені ол ақшаның барлығы – триллиондаған теңге.
Мысалы, оны Ұлттық банк басып шығаруы керек. Немесе банктерге: «сендер мына кредиттердің бәрін кешіріңдер» деп қинаса, банкте активтер қысқарып, 0-ге айналады. Ал, онда депозиті бар адамдарға процент төлеу керек қой? Оны немен береді? Бітті. Онда банктің системасы жабылады.
Бұл – бірінші нұсқа. Екіншісі – Ұлттық қор.
«Ұлттық қор – қазақтың мұнайынан түскен, оны қазақтарға таратып берейік» деген небір пікірлер бар. Бәрімізге бөлгенде 1-2 мың доллардан шыға ма? Мысалы, бүгін бәріміз 2 мың доллардан алдық дейік. Ұлттық қор жоқ. Бәріміз бөліп алдық.
Не істейміз енді? Қолдағы ақшаны тұтынармыз: біреу қарызын жабар, біреу қалағанын алар. Сонымен біздің болашағымызға үміт артып отырған, ақырындап үлкен жобалар жасаймыз деген қорымыз жоқ болып кетті.
Біздің кредиттік рейтингіміз «ВВ» емес, «ССС» деңгейіне түсіп кетті. Бітті. Біз дефолт алдында тұрған мемлекетпіз. Сырттағы қарызымызды қайтаратын қор жоқ. Бізде тек халықтың, мұғалімдердің айлығын ғана төлеп отырған бюджет қана қалады. Болды.
Содан кейін бізге (Қазақстанға) кредит беретін ұйымдар ештеңе бермейтін болады. Өйткені бізде «подушка» (сақтық қоры) жоқ. Қазір біз бюджеттің ақшасы жетпегендіктен трансферт ретінде Ұлттық қордан алып отырмыз ғой? Ол да болмайды. Сонда бізде бюджеттің дефициті өсе бастайды. Бюджеттік кризис. Осылай ауыр экономикалық дағдарысқа келеміз.
Ұлттық қорды қазір «жеп» қойсақ...
...ауыр дағдарыс 2 жылдан кейін келеді. Бізде гиперинфляция болады. 1 нан 10 мың теңге тұратын болады. Жалпы, бұл елден бәрі қашып кететін болады. Бұл елде тұру мүмкін емес болып кетеді.
Осындай жағдайды популистер өздері 1-2 жыл президент болу үшін алып келуі мүмкін. Әрі қарай өздері қашады. Халық артынан қуалап, ұстап, соттап, быт-шыт болады.
Сондықтан, «кредитті кешірейік», «Ұлттық қорды таратып береміз», «аузыңа мұнайдан ақша тамызамыз» деген өтіріктерге сенбеу керек.
Мемлекеттен ашықтықты талап ету керек. Ақшаны сұрамау/алмау керек. Бірақ сол ақша қайда, қалай, қайда жұмсалып жатыр – барлық процестерді халық өзі көріп отыруы керек. Мысалы, оның бәрі excel-файлдағы деректер ғой. Ал, мемлекет сол мәліметтерді халық түсінетін «тілге» көшіруді қолға алуы керек.
Пікір иесі – қаржы сарапшысы Айбар Олжаев.
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» жобасы аясында бізге берген сұхбатынан үзінді.
t.me/qarzhylyq_sauat

Telegram
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ
Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік!
Сайт: www.qsauat.kz
®️Кері байланысқа: @QSauatBot
📌 Пайдалы ақпараттар
📌 Сарапшылар пікірі
📌 Қаржыгерлер кеңесі
📌 Ресми статистика
📌 Сенімді дерек
📌 Сауалнама
Сайт: www.qsauat.kz
®️Кері байланысқа: @QSauatBot
📌 Пайдалы ақпараттар
📌 Сарапшылар пікірі
📌 Қаржыгерлер кеңесі
📌 Ресми статистика
📌 Сенімді дерек
📌 Сауалнама
Forwarded from DALA INSIDE
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from ADYRNA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ютуб әлеуметтік желісінде “Жалғыз жолаушы” арнасының жүргізушісі Ауғанстан еліне қатысты деректі фильм жарияланды.
Онда ауғанстандық қазақтардың шынайы өмірі бейнеленген. Таза шариғат жолы, оның ішінде Абу-Ханифа масхабындағы тәліптердің сондағы қазақтарды домбыра тартса, домбырасын тартып алып сындыратындығы, намаз оқымағаны үшін ұрып-соғатыны айтылады.
Ал бізде таза ислам мемлекеті болуды аңсап жүргендер баршылық. Таза ислам мемлекеті болса, қыздар үйден шықпайтын күң болып, ал ұлдар білімсіз құлға айналарын осы фильм арқылы анық көруге болады.
🗣️Ал сіз Қазақстанның Ауғанстан сияқты қараңғы елге айналғанын қалар ма едіңіз?
https://t.me/adyrnaportal

Прокатқа бармаған "Кітап"
"Оның неге прокатқа жіберілмегенін білмедім. Өйткені, Кореяның Пусан қаласында өткен Азиядағы ең үлкен халықаралық фестивальде әлемдік тұсаукесері болды. Содан кейін тағы бірнеше фестивальдерге қатысқаны бар", - дейді, "Кітап" фильмінің авторы Ербол Жұмағұл.
Не болса да бұл фильм үлкен құбылыс болды. Неге ол бүкіл Орта Азияда ислам діні туралы мәселені талқылайтын алғашқы фильм болып шықты? Одан кейін автордың ойы қалай өзгерді?
https://t.me/uidezhatpa/9958