кітаби қыз🔖
10.8K subscribers
127 photos
5 videos
6 files
8 links
Уа адамдар! Кімде-кім менің қисық кеткенімді көрсе, бірден түзетсін.

© Омар(Алла оған разы болсын)

📨кері байланыс: @kitabikyz_bot
📸pinterest: https://pin.it/3MOhP4ziv
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
сүйікті құлды сүйгеніңіз , өзіңіз сүйікті құлға айналғаныңыз.

❤️❤️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жар таңдауда жігіттен гөрі қыз аса сақтық танытуы керек. Өйткені, әйелі жаман жігітке қарағанда, күйеуі жаман әйел көбірек зардап шегеді. Кімде-кім қызын залым, маскүнем, бұзық адамға берсе, өз дініне қарсы шыққан болады және қызына опасыздық жасағаны үшін Алланың қаһарына ұшырайды.

📝
имам Ғазали
Адамға алғыс айту - Алланың шешіміне құрмет.
«Если ты устала, научись отдыхать, а не бросать дело»
Больше веры
больше поминаний
больше книг
Нәпсі тәрбиесіндегі ең маңызды 4 принцип: аз күлу, аз жеу, аз сөйлеу, аз ұйықтау.

🎧Нәпсі әлсіреген сайын рух оянады және керісінше!

Пайғамбарымыз❤️: «Жүректеріңді аштықпен нұрландырыңдар.Нәпсілеріңмен күресіп,оны тәрбиелеу үшін аз жеу және аз ішу жолын қолданыңдар.Аштықпен пейіш есігін қағуды тоқтатпаңдар.Себебі оның сауабы жиһадтың сауабына тең.Алла үшін аш болудан өткен ғибадат жоқ.Кім қарнын үздіксіз тойдырып жүрсе,рухани әлемге кіре алмайды,рухани ләззат ала алмайды және ғибадаттың дәмін сезбейді».
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сколько бы мы не благодарили за то, что принадлежим к умме нашего Пророка❤️, этого будет недостаточно.💔
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from sulu~soul
Алты ай бойы таң намазына оятқан💔

Ата-аналардың көбінше балаларға кішкентайында бір нәрсе үйретуге тырысатыны, үлкейгенде, ер жетіп отау құрып, бой жетіп тұрмысқа шыққанда тәрбиесіне аса көңіл бөлмейтіні рас.

Пайғамбардың ﷺ ғұмырын бажайласак, бір қызығы, жиырма жасында Фатима анамыз тұрмыска шығып, Мәдинада әзірет Алимен бірге бөлек отау тіккеннен соң әзірет Мұхаммед ﷺ алғашқы алты ай бойы таң азанымен өзі арнайы барып, қызы мен күйеу баласын таң намазына оятып, мешітке шақырғаны туралы деректер бар.

Сонда отауы бөлек, кәмелетке толған қызы мен күйеу баласының имани тәрбиесіне неліктен соншалық
мән берген?

📌 Бұл істегі Пайғамбарымыздың ﷺ межесі мынадай:
ерлі-зайыптылық өмірдің алғашқы күндері мен айларында шайтанның жас жұбайларды жолдан шығаруға қатты әрекеттенетініне, олардың намазын, әсіресе таң намазын ұрлауға барынша кірісетініне, сондықтан әсіресе сол шақтарда иманды әлсіретіп алмау үшін ерлі-зайыптыларды намазға, имани сұхбаттарга шақырудың өте маңызды екеніне назар аударған.
Пайғамбарымыздын ﷺ бұл амал-өнегесінен адам өмірінің маңызды бөлігінде - жаңа шаңырақ құрған жас жұбайлардың иманын қуаттауға күш салғаны байқалады.

📖 Дамира Өмірзаққызы, «Дүниедегі жұмақ»
#неке #балатәрбиесі
менде қазір ақпараттық диета. 🥑
Алланың бұйрығын ұнатып орындаңдар, олай жасамасаңдар, өздеріңді қинап жасаңдар, мұнда сабыр ету өте қайырлы.

Хадис
Алланың маған нәсіп етер жары жақсы не жаман болуы тікелей өзіме байланысты екенін сеземін. Өз кемшіліктеріммен жұмыс істеп, мінезімді, амалдарымды көркемдеу керектігін түсінем. Алладан бүгінім кешегімнен, ертеңім бүгінімнен жақсы болуын сұраймын!

📚Не үшін үйлену керек?
Channel photo removed
🤍

1️⃣Адам есейгенде үйленуі керек. Адам жауапкершілік алуды үйренген кезде есейеді.

2️⃣Үйленуге дайындықты емделуден бастау - ең дұрыс шешім дер едім. Физиологиялық, психикалық һәм рухани ауруларды емдеу.

🪄Ақпарат: Бір ағамыз «Үйленгім келеді, неден бастайын?» деген жігітке «Емдел!» деп қысқа ғана жауап берген еді.

Физиологиялық: Резус деген нәрсе бар. Ерлі-зайыптылардың қан тобы сәйкес келмесе, бала сүю ықтималдығы азаяды. Витамин жетіспеушілігі бар. Тез шаршағыш адамдар бар. Кейін отбасылық өмірде кері ықпалын тигізуі мүмкін.

Психикалық: травмаларыңды емдеу. Оларды емдеу үшін психологиялық кітаптарды оқып, өз эмоция, ойларыңды түсінуге тырыс. Қажет болса психологқа бар. Психикасында проблема бар адам отбасылық өмірде өзіне де, жұбайына да қолайсыздық тудыруы мүмкін!

Рухани: қызғаныш, тәкаппарлық, сараңдық, көреалмаушылық т.б. жаман қасиеттерді емдеу. Ерсін Әміренің - Әл-Ғазалидің «Ихия улумид дин» кітабы бойынша дәрістерін көрсеңіз болады.

3️⃣Жігітке қыздың өзінен гөрі оның оған сыйлайтын күйі ұнайды. Оның жаны онымен бірге болғаннан, оған қарағаннан жадырайды. Демек, болашақ жарыңды таңдағанда, құрметті інім, ішкі дүниеңе бір үңіл.

🪄Сұрақтар: -Бұл қызға қараған кезде жүрегің жай таба ма? Жаның тыныштала ма? Қандай күй, эмоция сыйлайды ол кісі саған?

Жай қараған кезде саған қуаныш, жайлылық, тыныштық күйін сыйлайтын қызды таңда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤍

1️⃣Қызға асығу деген нәрсе жараспайды. Асыққан қыз стресске түседі. Стресстегі адам ішкі гармониясынижоғалтады. Ішкі гармония бұзылса, өзге тұрмақ, өзіңе де мейірім нұрын төге алмайсың .

2️⃣ «Өзі қалаған қызға үйлене алмаған жігіт бизнес бастамай-ақ қойсың»
Шынымен жақсы көрсең, қарату үшін бәрін істейсің ғой. Джек Лондонның «Мартин Иден» деген шығармасын оқып, мотивация алсаң болады.

🪄Ақпарат: Егер қыз «Жоқ» деп тұрып алса, бір есікті қайта-бері ұрғылай бермей, басқа стратегия таңдандар. Басқа жағынан жол тауып көріңдер. Ашылмаса, бір есікті ұра беру - ақымақтық.

3️⃣Біреудің махаббат тілін құрметтеу оны қалай бақытты етсе, керісінше, оған немқұрайлы қарау оны солай жаралайды. Жұбайынның махаббат тілін тани біл, оны меңгеруге барыңды сал.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ер мен Әйел психологиясы💕

1️⃣Есептеу жүйелері екі түрлі. Мысалы, ер адам әйелін қуантқысы кеп 101 раушан гүлін сыйлайды да, масаттанып қалады. «101 ұпай жинадым, енді біраз уақыт босаңсысам болады» деп ойлайды. Бірақ әйел адам басқаша есептейді! Сен оған 1 гүл ұстатсаң да, 101 гүл сыйласаң да, ол оны +1 деп есептейді.

🪄Шешім: көп ұпай жинағың келсе, аз-аздан бірақ тұрақты сыйлық жасап отыру тиімдірек.

2️⃣Әйел көп жағдайла сөйлеп ойланады, ал еркек керісінше ойланып барып, сосын сөйлейді.

🪄
Қыз болғасын айта кетейін, өз басым шынымен көбіне қалай сөйлейін, не айтайын деп ойланбаймын. Сөйлегенде сөздер өздері шыға береді, кейде « мә шынымен осылай екен ғо» деп сөйлеп жатқан кезде ойланып қаламын.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM