Мемлекеттік кірістер комитеті / Комитет государственных доходов
7.53K subscribers
3.38K photos
824 videos
12 files
2.69K links
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметі туралы арна

Канал о деятельности Комитета государственных доходов МФ РК
Download Telegram
Forwarded from QARJYMIN.KZ
​​Құрметті әріптестер!​​
Қадірлі достар!

Сізді Жаңа 2021 жылмен құттықтаймын!

Отбасыңызға амандық, байлық пен береке, қаржылық тұрақтылық тілеймін!

Жаңа жылда жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!

Ізгі ниетпен,
ҚР Қаржы министрі Е.Жамаубаев




Уважаемые коллеги!
Дорогие друзья!

Поздравляю Вас с новым 2021 годом!

Желаю Вам и Вашим семьям здоровья, благополучия, процветания и финансовой стабильности!

Пусть в новом году Вам покоряются ещё большие вершины!

С наилучшими пожеланиями, министр финансов РК Е.Жамаубаев
Жеке табыс салығын есептеу туралы

Осы уақытқа дейін МЗЖ және МӘМС жарналары жеке табыс салығы салынатын кірістерден алынып тасталмайтын. Сондықтан, жеке тұлғалардың 11% -ке жуық табысы да (10% МЗЖ и 1% МӘМС) жеке табыс салығымен (ЖТС) салықтандырылатын.

Яғни, 100,0 мың теңге табыс тапқан жағдайда ЖТС 10,0 мың теңге құрады, негізі ол 8,9 мың теңге болуы керек ((100,0 – 10,0 – 1,0) *10%). Сол себептен Салық кодексіне өзгерістер енгізілген.

Бұл ретте, МЗЖ және МӘМС жарналарына салынған жеке табыс салығын қайтару салықтық өтініші бойынша жүргізіледі.

Бүгінгі таңда біздің еліміздегі қандай да бір қоғамдық бірлестіктер, қауымдастықтар жеке тұлғалардың мүдделерін білдірмейді деген тәжірибе қалыптасқан.

Сонымен қатар, салық төлеушілер-заңды тұлғалардың едәуір бөлігі өз қызметкерлерін азаматтық-құқықтық шарттарға ауыстырды, бұл әлеуметтік сенімсіздік пен болашаққа деген сенімсіздіктен басқа, салық міндеттемелерін оңтайландыру мақсатында схемаларды теріс пайдалануды тудырады, атап айтқанда, осындай қызметкерлерден еңбекақы төлеу қорынан әлеуметтік салық төлеу бойынша (9,5%).

Бизнес субъектілерінің өтініштері бойынша, 2018 және 2020 ж.ж. бастап осы түзетулерді қолдану қажеттілігіне қарамастан, бухгалтерлер үшін (қажетті түзетулер мен өзгерістерге байланысты) қосымша еңбек шығындарын тудыратын ахуал қалыптасып отыр.

Осыған байланысты 2018-2020жж. кезеңде жүргізілген МЗЖ және МӘМС жарналары бойынша шегерімдерді қолданып, 2020 жылғы 10 желтоқсаннан басталған артық төленген жеке табыс салығын қайтаруға берген өтініштер қабылдануы үшін өтпелі ережелерді қарастырып, ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмысы шеңберінде жоғарыда көрсетілген ережелердің қолданысқа ену мерзімін өзгерту туралы мәселе қаралуы мүмкін.

@kgdmfrk
По исчислению индивидуального подоходного налога

В свое время ОПВ и ВОСМС не исключались из облагаемого ИПН дохода, в связи с чем около 11% доходов физических лиц (10% ОПВ и 1% ВОСМС) также облагались ИПН. То есть, например при доходе 100,0 тыс.тенге ИПН составил 10,0 тыс.тенге, вместо 8,9 тыс.тенге ((100,0 – 10,0 – 1,0) *10%). По этой причине в Налоговый кодекс внесены изменения.

В то же время возврат уплаченного с ОПВ и ВОСМС ИПН возможен по заявлению физического лица.

На сегодня сложилась практика, что интересы физических лиц не представляют какие-либо общественные объединения, ассоциации в нашей стране. Кроме того, значительная часть компаний перевела своих сотрудников на договоры ГПХ, что помимо социальной незащищенности и неуверенности в завтрашнем дне, порождает злоупотребление схемами с целью оптимизации налоговых обязательств, в частности по уплате социального налога с фонда оплаты труда с таких сотрудников (9,5%).

В то же время, несмотря на необходимость действия данных поправок с 2018 и 2020 г.г., по обращениям компаний сложилась трудоемкая и трудозатратная ситуация для бухгалтеров (в связи с необходимыми коррективами и изменениями), в связи с чем возможно рассмотрение вопроса об изменении срока введения указанных положений с установлением переходных положений, исключающих последующие изменения и дополнения по налоговым обязательствам по ИПН за период 2018 – 2020 годы в связи с применением вычетов по ОПВ и ВОСМС, произведенным в период с 10 декабря 2020 года, в рамках законопроектной работы Правительства РК.

@kgdmfrk
🇰🇿 Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Құжат кедендік ақпараттық база мен «Бір терезе» жүйесінің жұмысын жақсартуға бағытталған. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуіне, адамдардың қатысуын барынша азайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін айтарлықтай қысқартуға бағытталған.

Жүйелерді ақпараттандыру сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштерін қарау және шешім қабылдау үшін уақытты қысқартады.

Кедендік тексерулерді жүргізу тәртібін қайта қарау іскерлік ахуалға да оң әсерін тигізеді. Камералдық кедендік тексеру уақыты 6 айдан 2 айға дейін қысқарады.

***

🇰🇿 Глава государства накануне подписал закон "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам таможенного регулирования и предпринимательской деятельности".

Документ призван улучшить функционирование таможенной информационной базы и системы "Единого окна". Это приведет к снижению коррупционных рисков, сводя к минимуму участие человека, а также значительно сократить сроки оказания госуслуг.

Информатизация систем сократит время, необходимое для рассмотрения и принятия решения по заявкам участников внешнеэкономической деятельности.

Положительное влияние на бизнес-климат окажет и пересмотр порядка проведения таможенных проверок. Сроки проведения камеральной таможенной проверки будут сокращены с 6 до 2 месяцев. Регламентирован порядок проведения таможенных проверок.

@kgdmfrk

🇰🇿 Тәуелсіздік бәрінен қымбат

"...Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз. Біз осы үш құндылықты көздің қарашығындай сақтаймыз..."

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мақаланың толық нұсқасы.
🛎 Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің мерзімі оңтайландырылды

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында салық және кеден заңнамасына өзгерістер енгізілді.

Осы өзгерістерге сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі мемлекеттік қызметтер түрлерін көрсету мерзімдері қысқарды:

▫️ салықтық өтініш бойынша салық декларациясын кері қайтару - салықтық өтініш берілген күннен бастап 1 жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 5 жұмыс күні);

▫️ салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру - бір жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 3 жұмыс күні);

▫️ әділет органдарының талабы бойынша қарыздың болмауы (болуы) туралы ақпарат - үш жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 5 жұмыс күні);

▫️ салықтарды, бюджетке төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды, кедендік баждарды, кедендік алымдарды, пайыздарды есепке алу/қайтаруды жүзеге асыру - 5 жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 10 жұмыс күні).
***
🛎 Оптимизированы сроки госуслуг, оказываемых органами госдоходов

В целях повышения уровня удовлетворенности оказываемыми государственными услугами внесены изменения в налоговое и таможенное законодательство, которые предусматривают оптимизацию сроков оказания государственных услуг.

Таким образом, с 1 января 2021 года сокращены сроки оказания следующих услуг:

▫️ отзыв налоговой отчетности по налоговому заявлению - до 1 рабочего дня с даты подачи налогового заявления (ранее 5 рабочих дней);

▫️ приостановление представления налоговой отчетности - до одного рабочего дня (ранее 3 рабочих дня);

▫️ сведения об отсутствии (наличии) задолженности по запросу органов юстиции – до трех рабочих дней (ранее 5 рабочих дней);

▫️ проведение зачетов/возвратов налогов, платежей в бюджет, пени и штрафов, таможенных пошлин, таможенных сборов, процентов сокращается - до 5 рабочих дней (ранее 10 рабочих дней).

@kgdmfrk
🔴 Мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың аударымдарын әкімшілендіруді жоспарлап отырған жоқ

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлік қызмет мақсатында жеке тұлғалардың банктік шоттарын әкімшілендіруге қатысты хабарламаны ресми түрде жоққа шығарады. WhatsApp мессенджерінде таратылатын ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Сонымен бірге, Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлердің бақылау- касса машиналары арқылы өз кірістерін көрсету міндеттемесін және жеке тұлғаларға тауарларды және (немесе) қызметтерді сатып алу кезінде түбіртек алу қажеттілігін еске салады. Осылайша, сіз өзіңіздің азаматтық позицияңызды білдіресіз, заңды бұзуға мүлдем төзбеушілік танытасыз және өз құқықтарыңызды қорғай аласыз.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде кәсіпкерлерге төлемдер мен аударымдарды фискалдау мәселесімен айналысып жатқандығы хабарланған болатын. Алайда, бұл жаңашылдықтар жеке тұлғалардың жеке мақсаттарға пайдаланатын аударымдарына әсер етпейді. Демек, мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың аударымдарын әкімшілендіруді жоспарлап отырған жоқ.
***
🔴 Органы государственных доходов не планируют
администрировать переводы физических лиц

В Комитете государственных доходов МФ РК официально опровергают сообщение касательно администрирования банковских счетов физических лиц в целях предринимательской деятельности. Распространяемая в мессенджере WhatsApp информация не соответствует действительности.

Вместе с тем, Комитет государственных доходов напоминает об обязанности отражения предпринимателями их доходов посредством контрольно-кассовых машин и необходимости получения чеков физическими лицами при совершении покупок товаров и (или) услуг. Тем самым вы выражаете свою гражданскую позицию, проявляете нулевую терпимость к нарушению закона и защищаете свои права.


Напомним, раннее сообщалось о том, что КГД прорабатывает вопрос по фискализации платежей и переводов для предпринимателей при расчетах за товары, работы и услуги. Однако эти новшества не затронут переводы физических лиц, использующих переводы в личных целях. То есть, органы государственных доходов не планируют администрировать переводы физических лиц.

@kgdmfrk
🟣 Мұнай секторы ұйымдары бойынша енгізілген өзгерістер

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 5 қаңтардағы
№407-VI Заңымен мұнай секторы ұйымдарының тізбесін айқындау кезінде қажет болатын нақтылау енгізілді.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 22-бабының 3-тармағына енгізілген түзетулерге сәйкес, мұнай секторы ұйымдарына мыналар жатады:
1) шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен айналысатын заңды тұлғалар;
2) шикі мұнайды, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар;
3) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау есебіне берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушы.

Келесі қаржы жылына арналған мұнай секторы ұйымдарының тізбесін ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және мұнай операцияларын жүргізу, жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасасу және оларды орындау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бірлесіп бекітеді.

Аталған өзгерістер нақтылау мақсатында жасалған, себебі жоғарыда көрсетілген мұнай секторы ұйымдарының тізбесі ҚР ҚМ және ҚР ЭМ бірлескен бұйрығымен бекітіледі.

Жоғарыда көрсетілген түзетулер 2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, себебі 2020 жылға арналған тізбе ұсынылған түзетулерді ескере отырып, 2019 жылы бекітілген болатын.

@kgdmfrk
🟣 Внесенные изменения по организациям нефтяного сектора

Законом Республики Казахстан от 5 января 2021 года № 407-VI «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам таможенного регулирования и предпринимательской деятельности» внесены уточнения, необходимые при определении перечня организаций нефтяного сектора.

В пункт 3 статьи 22 Бюджетного кодекса Республики Казахстан были внесены уточняющие поправки, в соответствии с которыми к организациям нефтяного сектора относятся:
1) юридические лица, занимающиеся добычей сырой нефти, газового конденсата;
2) юридические лица, заключившие контракты на разведку сырой нефти, газового конденсата;
3) получатель от имени государства полезных ископаемых, переданных недропользователем в счет исполнения налогового обязательства в натуральной форме.

Перечень организаций нефтяного сектора на следующий финансовый год утверждается к 20 декабря текущего финансового года совместно центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета и государственным органом, осуществляющим государственное регулирование в области проведения нефтяных операций, заключения и исполнения контрактов на недропользование.

Данные изменения носят уточняющий характер, т.к. вышеуказанный перечень организаций нефтяного сектора утверждается совместным приказом МФ РК и МЭ РК.

Вышеуказанные поправки вводятся в действие с 2019 года, т.к. перечень на 2020 год уже был утвержден в 2019 год с учетом предлагаемых поправок.

@kgdmfrk
«Оңайлатылған декларацияны тапсыру тәртібі»

Оңайлатылған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.

Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдатын салық төлеушілер үшін салықтық кезең жартыжылдық болып табылады.

Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргiзiледi.

Толығырақ бейнероликтен көріңіз:
https://www.youtube.com/watch?v=LPHryHnZtwc

@kgdmfrk
«Порядок представления упрощенной декларации»

Упрощенная декларация представляется в налоговый орган по месту нахождения налогоплательщика не позднее 15 числа второго месяца, следующего за отчетным налоговым периодом.

Налоговым периодом для применяющих специальный налоговый режим на основе упрощенной декларации является полугодие.

Уплата в бюджет налогов, указанных в упрощенной декларации, производится не позднее 25 числа второго месяца, следующего за отчетным налоговым периодом.

Подробнее смотрите в видеоролике:
https://www.youtube.com/watch?v=zZ1J0HB_sxk

@kgdmfrk
🖼 Билбордтардағы жарнамаға ақы төлеу мен орналастыру ережелері туралы

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі билбордтардағы жарнамаға ақы төлеу мен орналастыру ережелері туралы, сондай-ақ осы сала кімнің бақылауында екендігі туралы айтып берді.

Көрнекі жарнама үшін ақы оны жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жүріс бөлігінде, елді мекендердегі үй-жайдан тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін алынады. Бұл Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі) 603 бабының 1-тармағында көрсетілген.

Жарнама саласындағы уәкілетті орган - ҚР Ұлттық экономика министрлігі. Ведомство «Жарнама туралы» Заңының 17-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ережелерін әзірлейді және бекітеді.

Заң сонымен қатар Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратындығын және олар ескертусіз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнаманы анықтайтындығын белгілейді. Салық кодексіне сәйкес, жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей, сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жердегі салық органдарына төлеушілер, алымдардың мөлшері, сыртқы (көрнекі) жарнаманың мерзімі мен орналасқан жері, уәкілетті орган белгілеген нысандағы хабарламалар жіберілу( жіберілмеу) туралы мәліметті беріп отырады.

Осылайша, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін анықтау мәселесі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құзыретіне кіреді, ал ескертусіз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін анықтау жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Бұл ретте салық органдары жергілікті атқарушы органдар ұсынған ақпарат негізінде төлемдер алады.

@kgdmfrk
🖼 О правилах и оплате за размещение рекламы на билбордах

О правилах и оплате за размещение рекламы на билбордах, а также о том, кто должен вести контроль в данной сфере, рассказали в пресс-службе Комитета государственных доходов МФ РК.

Так, плата за визуальную рекламу взимается за размещение ее на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования. Это указано в п.1 ст. 603 Кодекса РК «О налогах и других обязательных платежей в бюджет» (Налоговый кодекс).

Уполномоченным органом в области рекламы является Министерство национальной экономики РК. Ведомство разрабатывает и утверждает правила размещения наружной (визуальной) рекламы, согласно подпункта 1) пункта 1 статьи 17-1 Закона Республики Казахстан «О рекламе».

Законом также установлено, что государственный контроль за соблюдением законодательства Республики Казахстан о рекламе осуществляют в пределах своей компетенции местные исполнительные органы городов республиканского значения, столицы, городов областного значения, выявляют наружную (визуальную) рекламу, размещенную без уведомления. Согласно Налогового кодекса местные исполнительные органы ежемесячно в срок не позднее 15 числа месяца, следующего за отчетным, представляют налоговым органам по месту размещения наружной (визуальной) рекламы сведения о плательщиках, суммах платы, периоде и месте размещения наружной (визуальной) рекламы, направлении (ненаправлении) уведомления по форме, установленной уполномоченным органом.

Таким образом, вопрос определения объектов наружной (визуальной) рекламы входит в компетенцию Министерства национальной экономики Республики Казахстан, а выявление объекта наружной (визуальной) рекламы, размещенной без уведомления входит в компетенцию местных исполнительных органов. При этом, налоговыми органами начисление сумм платы производится на основании представленных сведений от местных исполнительных органов.

@kgdmfrk
🚚🚛 Қазақстандағы электронды кедендік сүйемелдеу

Ағымдағы жылдың 16 қаңтарынан бастап кеден заңнамасына жүк көлік құралының жүру бағыты бойынша нақты орналасқан жерін нақты уақыт режимінде мемлекеттік кірістер органдарының анықтауына мүмкіндік беретін түзетулер күшіне енеді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 5 қаңтардағы
№407-VI Заңы қабылданды.

Түзетулер негізінде қабылданған жаңашылдықтың бірі - спутниктік навигацияны қолдану арқылы көлік құралын электронды кедендік сүйемелдеуді қолдану мүмкіндігін енгізу, бұл нақты уақыт режимінде көлік құралының бағыты бойынша нақты орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді.

Осы толықтырулар шеңберінде кеден органы электрондық кедендік сүйемелдеуді қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, кеден органы декларантты және тасымалдаушыны хабардар етуі де көзделген.

Электронды кедендік сүйемелдеуді халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы тікелей жүзеге асырады.

Мұндай оператор Қазақстан Республикасында анықталып қойған.

Бұдан бұрын «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізілгенін атап өту қажет. Онда «халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы» ұғымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау жүйесінің ұлттық операторын айқындау жөніндегі құзыреті көзделген. Бұл ретте осы түзетулер шеңберінде аталған оператор навигациялық пломбаларды жалға беру бойынша қызметті көрсетеді. Навигациялық пломбалар көлік құралдарына ілінеді және олардың көмегімен көлік құралының орын ауыстыруын қадағалау жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта көлік құралдарын электронды кедендік сүйемелдеуді жүзеге асыру тәртібінің жобасы әзірленді, онда кеден органының, декларанттың, тасымалдаушының және халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының өзара іс-қимылы айқындалған.

@kgdmfrk
🚚🚛 Электронное таможенное сопровождение в Казахстане

С 16 января т.г. вступают в силу поправки в таможенное законодательство, позволяющие органам государственных доходов в режиме реального времени определять точное местоположение по маршруту следования грузового транспортного средства.

5 января 2021 года принят Закон Республики Казахстан №407-VI
«О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам таможенного регулирования и предпринимательской деятельности».

Одной из новелл принятых поправок, внедрение возможности применения электронного таможенного сопровождения транспортного средства, посредством применения спутниковой навигации, что позволяет в режиме реального времени определять точное местоположение по маршруту следования транспортного средства.

В рамках данных дополнений также предусмотрено информирование таможенным органом декларанта и перевозчика в случае принятия таможенным органом решения о применении электронного таможенного сопровождения.

Непосредственно электронное таможенное сопровождение осуществляется национальным оператором информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок.

Такой оператор уже определен в Республике Казахстан.

Необходимо отметить, что ранее были внесены дополнения в Закон Республики Казахстан «Об автомобильном транспорте», где предусмотрены понятия «национального оператора информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок», а также компетенция Правительства Республики Казахстан по определению национального оператора системы отслеживания международных автомобильных перевозок. При этом в рамках данных поправок указанный оператор предоставляет услуги по аренде навигационных пломб, которые навешиваются на транспортные средства и с применением которых осуществляется отслеживание перемещения транспортного средства.

В настоящее время разработан проект Порядка осуществления электронного таможенного сопровождения транспортных средств, в котором определено взаимодействие таможенного органа, декларанта, перевозчика и национального оператора информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок.

@kgdmfrk
🛑 Кедендік шекарадағы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасынан шығуға кезек күтетін автокөліктердің саны туралы ақпаратты сілтемеден көруге болады.
***

🛑 Информацию по количеству автотранспорта, ожидающих очередь на выезд из Республики Казахстан в пунктах пропуска на таможенной границе можно посмотреть по ссылке.

@kgdmfrk