KFF Team
4.35K subscribers
3.34K photos
172 videos
593 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
Бірінші тайм аяқталды. Сенеміз, жігіттер! 💪🏻

Командамызға қолдау керек! 🔥🇰🇿

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙 | #SloveniaKazakhstan | #UEFANationsLeague
Ойын аяқталды…💔

⚽️ 23’ Шешко (1:0)
⚽️ 28’ Шешко (2:0)
⚽️ 63’ Шешко (3:0)

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙 | #SloveniaKazakhstan | #UEFANationsLeague
𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀 🔥

🏔️ Қазақстан жастар құрамасы Алматының орталық стадионында Бельгия U-21 ұжымын қабылдайды!

🔥 ЕУРО-2025 іріктеу кезеңі
🇰🇿 Қазақстан U21 🆚 Бельгия U21 🇧🇪
📆 10 қыркүйек | 19:00
🏟 Орталық стадион, Алматы қаласы
🖥️ QazSport

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙 | #KazakhstanBelgium | #U21
🔥 Қазақстан ұлттық құрамасының Ұлттар лигасы аясындағы Аустрия мен Словенияға қарсы матчтарға кеңейтілген құрамы

Тізімге 36 ойыншы енді. Нақты тізім шыққанға дейін өзгеріс болуы мүмкін. 

🇦🇹 Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9-на дейін жалғасады.

⚽️ Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы қазан айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді.

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙 | #UEFANationsLeague
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥 Аустрия және Словенияға қарсы матчтарға Қазақстан құрамасының нақты тізімі

Нақты тізімге 28 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9-на дейін жалғасады.

🦣 Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы қазан айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді.

🇦🇹🇰🇿 10 қазан күні ұлттық құрама сырт алаңда Аустриямен кездеседі. Матч Линц қаласының «Райффайзен Арена» стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен сағат 23:45-те.

🇰🇿🇸🇮 Үш күннен кейін біздің команда Словенияны қабылдайды. Ойын Алматының Орталық стадионында сағат 18:00-ге жоспарланған. Осы матчтың биллетері ертең, 1 қазан күні, сағат 19:00-де сатылымға шығады.

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙 | #UEFANationsLeague
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥 Словенияға қарсы матчының билеттері онлайн сатылымға шықты! КЕТТІК!!! 💪🏻

🎟 Билеттерді ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады! Бағасы 3000 теңгеден басталады. Сілтеме сторис пен профильде 📲

‼️ Айта кетейік ҚФФ Freedom Ticketon билет операторымен бірлесіп, ұлттық құраманың алдағы матчтарына билетті «атаулы» жасауды жөн көрдік.  Бұдан бөлек, стадионға кіру үшін билетте көрсетілген аты-жөнді жеке куәлікпен растау қажет. Жағымсыз жағдайға тап болмай, ақшаңызды сақтап қалу үшін абай болыңыз! Үшінші тұлғалардан билет сатып алмаңыз.

📱 Билеттер ТЕК ОНЛАЙН сатылады. Билетті алып-сатарлардан сатып алмауларыңызды сұраймыз.

Ұлттық құраманы қолдап, матчтың 12-ойыншысы атаныңыз. Сіздің қолдауыңыз біз үшін маңызды! 💛💙

🇰🇿 Казақстан – Словения 🇸🇮
🏆 УЕФА Ұлттар лигасы
📆 13.10.2024
18:00 (Алматы уақыты)
🏟 Орталық стадион, Алматы
🎟 ticketon.kz

⚡️ Біздің командаға қолдау көрсетуге қай қаладан келейін деп жатсыздар? 👇

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады

Біздің құрама 4-топта Бельгия, Украина және Косово командаларымен ойнайды.

📝 Бапкерлер штабы: Бауыржан Сағындық – аға жаттықтырушы
Жарқынбек Жоламанов – аға жаттықтырушының көмекшісі
Ербол Мұсабаев – дене даярлығы жаттықтырушысы
Валишер Рашид – қақпашылар жаттықтырушысы
Азамат Серікбаев – видеосарапшы
Нұрсұлтан Болатбеков – дәрігер
Еламан Саурбаев – массажист
Әнуар Жандарбеков – менеджер

📌 Матчтардың өтетін уақыты:

📆 9.10.2024
🇧🇪 Бельгия U17 – Қазақстан U17 🇰🇿

📆 12.10.2024
🇺🇦 Украина U17 – Қазақстан U17 🇰🇿

📆 15.10.2024
🇰🇿 Қазақстан U17 – Косово U17 🇽🇰

#KFFTeam | #BizdinJigitter 💛💙 | #U17
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔜 Қазақстан U-21 құрамасының Испания және Шотландияға қарсы құрамы

📆Қазан айында жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің қорытынды матчтарын өткізеді. Алдымен сырт алаңда Испаниямен кездессе, артынша Алматыда Шотландия құрамасын қабылдайды.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 5 қазанда Алматыда басталады. Тізімге 27 футболшы енді.

📌 Қазақстан жастар құрамасының ойындар кестесі:

🇪🇸 Испания U21 🆚 Қазақстан U21 🇰🇿
📆 10.10.24 | 🕦 23:30
📍Кадис, Испания
🏟 Ла Линеа-де-Ла-Консепсион стадионы



🇰🇿 Қазақстан U21 🆚 Шотландия U21 🏴
📆 15.10.24 | 🕦 21:00
📍Алматы, Қазақстан
🏟 Орталық стадион

#KFFTeam #BizdinJigitter💛💙 | #U21
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Роман Асранкулов жарақат алып, алдағы екі ойынға қатыспайды

Ұлттық құрама қорғаушысы Роман Асранкулов «Тобыл» сапында Қазақстан Премьер-лигасы аясында «Жеңіске» қарсы матчында жарақат алып қалды.

Өкінішке қарай ойыншымыз УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Аустрия және Словенияға қарсы ойындарға қатыса алмайды.

Тезірек сауығып кет, Рома! 🙏🏻

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
🔥 Ұлттық құрама Аустрияда оқу-жаттығу жиынын бастады

#BizdinJigitter Кремс қаласында УЕФА Ұлттар лигасы аясында Аустрияға қарсы матчына дайындалып жатыр.

🇦🇹🇰🇿 Айта кетейік Аустрия – Қазақстан матчы 10 қазан күні Линц қаласы, «Райффайзен Арена» стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен сағат 23:45-те.

#KFFTeam | #UEFANationsLeague
⚡️ Константин Горовенко мен Елдос Ахметов ұлттық құраманың бапкерлік штабына кірді

♻️ Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабында өзгеріс.

Қазақстан U-21 құрамасының бапкерлері Константин Горовенко мен Елдос Ахметов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің көмекшілері болып тағайындыланды.

Ал Денис Мамонов жастар құрамасы аға бапкерінің міндетін атқарады.

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙 | #U21
🇰🇿 Қазақстан U-21 құрамасы дайындыққа кірісті

📆 Қазан айында жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің қорытынды матчтарын өткізеді. Алдымен сырт алаңда Испаниямен кездессе, артынша Алматыда Шотландия құрамасын қабылдайды.

Бүгін команда екі жаттығу өткізіп, таңертең Испанияға алыс жолға шығады.

📌 Қазақстан жастар құрамасының ойындар кестесі:

🇪🇸 Испания U21 🆚 Қазақстан U21 🇰🇿
📆 10.10.24 | 🕦 23:30
📍Кадис, Испания
🏟 Ла Линеа-де-Ла-Консепсион стадионы



🇰🇿 Қазақстан U21 🆚 Шотландия U21 🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿
📆 15.10.24 | 🕦 21:00
📍Алматы, Қазақстан
🏟 Орталық стадион

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙 | #U21
𝗢𝗡𝗘 𝗗𝗔𝗬 𝗼𝗿 𝗗𝗔𝗬 𝗢𝗡𝗘

▶️ Константин Горовенко:
2000-2001 жж – ұлттық құраманың ойыншысы
2024 жылдан бастап – ұлттық құрама бас бапкерінің көмекшісі


▶️ Елдос Ахметов:
2012-2022 жж – ұлттық құраманың ойыншысы
2024 жылдан бастап – ұлттық құрама бас бапкерінің көмекшісі


#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙