KFF Team
7.08K subscribers
5.39K photos
257 videos
851 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
Скотт Манн Шымкентке жұмыс сапарымен барды

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Скотт Манн Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды.

Іссапар барысында ол Премьер-лиганың 18-ші туры аясындағы «Ордабасы» мен «Елімай» командалары арасындағы матчты тамашалады.  Скотт Манн матч ұйымдастырылуымен танысып, «БИІК» спорт базасындағы инфрақұрылымды егжей-тегжейлі зерттеді.

Бұған дейін Скотт Манн еліміздің бірнеше өңірін аралап үлгерді. Ол Алматыдағы менхенгладбахтық «Боруссияға» қарсы QJ League All Star матчында, Премьер-лиганың 17-ші турындағы «Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы орталық ойында, сондай-ақ Конференция лигасы аясындағы «Елімай» – «Алашкерт» еурокубоктық бәсекесінде болды. Сонымен қатар, Бас хатшы Семей қаласына ерекше көңіл бөліп, аймақтық федерацияның инфрақұрылымымен және футболды дамыту бағдарламасымен танысты.

Бас хатшының жоспарында Қазақстанның барлық өңіріне жұмыс сапарымен бару көзделген. Іссапарлардың негізгі мақсаты – жергілікті футбол құрылымдарымен тығыз байланыс орнату, өңірлердегі жағдайды зерделеу және отандық футболды одан әрі дамыту үшін өзара іс-қимыл сапасын арттыру.

#KFF
22🔥32👍1
Отандық төрешілер УЕФА Чемпиондар лигасының «Тун» – «Динамо Загреб» матчында қызмет атқарады

Қазақстандық төрешілер УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/2027 маусымындағы екінші іріктеу кезеңі аясындағы швейцариялық «Тун» мен хорватиялық «Динамо Загреб» арасындағы кездесуге тағайындалды.

Бас төреші міндетін Болат Сәриев атқарады. Оған Денис Лабашов пен Сергей Васютин көмектеседі, ал қосалқы төреші болып Данил Горда бекітілді.

Сонымен қатар Айдын Тасыбаев бұл ойында AVAR (видеоассистент көмекшісі) ретінде қызмет етеді.
Кездесу 21 шілде күні Швейцарияның Тун қаласында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 23:00-де басталады.
12👍82
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҚФФ матч-менеджерлер мен қауіпсіздік қызметкерлеріне арналған семинар өткізді

21 шілдеде Қазақстан футбол федерациясы кәсіби футбол клубтарының матч-менеджерлері мен қауіпсіздік қызметкерлеріне арналған онлайн форматта семинар ұйымдастырды.

Семинарда ҚФФ Бас хатшысы Скотт Манн төрағалық етті. Бас хатшы соңғы уақытта Қазақстан Премьер-лигасының бірнеше матчын арнайы тамашалағанын айтып, матчты ұйымдастыру деңгейі жоғары екенін айтты.

Жақында Скотт Манн арнайы іссапармен Шымкенттегі «Ордабасы» мен «Елімай» арасындағы турдың басты кездесуінде болды. Ал оған дейін Семейде УЕФА Конференциялар лигасы аясында өткен «Елімай» – «Алашкерт» ойынын тамашалады. Сонымен қатар, Бас хатшы «Жеңіс» – «Ұлытау» және «Астана» – «Ақтөбе» матчтарына да барып, ұйымдастырылу барысымен танысты.

Аталған сапарлар матчты ұйымдастыру деңгейін, стадион дайындығы мен инфрақұрылымды бағалау мақсатында өтті. Бұған қоса, ҚФФ Бас хатшысы клубтардың басшылығы және жауапты мамандарымен кездесіп, матчты өткізуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Скотт Манн матч-менеджмент жүйесін жетілдіру мен қауіпсіздік қызметтің жұмысын тұрақты түрде дамыту – кәсіби клубтардың негізгі бағыттарының бірі екенін айтты. Оның сөзінше, дәл осы бағыттар көрерменге қолайлы жағдай жасап, матчтың қауіпсіз әрі жоғары деңгейде өтуіне негіз болады.

Семинар барысында қатысушыларға матчты ұйымдастыруға қойылатын өзекті талаптар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т.б. мәселелер кеңінен түсіндірілді.


Іс-шараға клуб өкілдері, ҚФФ-ның Кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясы, Жарыстар қауіпсіздігі қызметі және Интегрити бөлімінің мамандарынан ұсыныстар алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

ҚФФ мұндай семинарларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Бұл бастама жарысты ұйымдастыру сапасын арттыруға, қауіпсіздік талаптарын жетілдіруге бағытталған.
101
Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының «Партизан» – «УНА» матчында қызмет атқарады

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы екінші іріктеу кезеңі аясындағы сербиялық «Партизан» мен Люксембургтың «УНА» клубы арасындағы кездесуге тағайындау алды.

Ойынның бас төрешісі болып Данияр Сахи бекітілді. Оған Юрий Тихонюк пен Самат Тергеусізов көмектеседі. Қосалқы төрешінің міндетін Георгий Чеховский атқарады.

Кездесу 23-інен 24 шілдеге қараған түні Белградта өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.
13🔥81
🏆 Іске сәт, жігіттер! 💪🏼

Бүгін ел чемпиондары – алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі бірінші матчын өткізеді. Бұл кезеңдегі қарсылас – кипр «Омония» ұжымы. Матч Кипр астанасы Никосияда 22:00-де өтеді.

Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!

Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
311👍1🔥1
🏆 ЦП-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатына қатысады

ЦП-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы тарихта тұңғыш рет церебралды сал ауруына шалдыққан спортшылар арасындағы әлем чемпионатына қатысады. IFCPF Men’s World Championships 2026 турнирі Англияның Лафборо қаласында өтеді.

Әлем чемпионаты 2026 жылдың 15-24 тамызы аралығында өтеді. Жарысты Халықаралық ЦП-футбол федерациясы өткізеді.

Бұл – ЦП-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы үшін үлкен тарихи белес. Команда алғаш рет әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. Бұл жарыс ойыншыларға халықаралық деңгейде тәжірибе жинап, өз мүмкіндіктерін әлемдік аренада көрсетуге мүмкіндік береді.

Әлем чемпионатына аттанар алдында ЦП-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Дайындық барысында бапкерлер штабы командамен соңғы пысықтау жұмыстарын жүргізіп, әлемдік додаға жан-жақты әзірленеді.

#KFF
14🔥4👍21👏1
Футболдан Премьер-лиганың 18-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме

ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Ойын ережелеріне сәйкес 2026 жылғы Премьер-лиганың 18-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне түсіндірме берді.

Толығырақ KFF YouTube-арнасында 📲
51
Барлығы бір аптадан кейін Алматыда шешіледі 🙏🏼

Кипрде өткен УЕФА Чемпиондар лигасының 2-іріктеу кезеңінің «Омония» – «Қайрат» ойыны алаң қожайындарының минималды жеңісімен аяқталды.

Қарымта кездесу 1 аптадан кейін Алматының «Орталық» стадионында өтеді. Сенеміз, жігіттер! 🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
24😁41
🏟️ Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы УЕФА-ның ең жоғары-төртінші санатын алды

Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы ресми түрде УЕФА-ның ең жоғары-төртінші санатына ие болды.

Еске сала кетейік, осы жылдың сәуір айында аренаға УЕФА-ның стадиондар инфрақұрылымы жөніндегі өкілі Скотт Струзерс инспекциялық сапармен келген.

Сарапшы нысанмен егжей-тегжейлі танысып, стадионның УЕФА-ның стадиондар инфрақұрылымы жөніндегі регламентіне сәйкестігін бағалады.

Тексеру нәтижесі мен есептерді талдау қорытындысы бойынша
УЕФА «Қайсар Аренаға» ең жоғары төртінші санат берді.

Енді Қызылорда стадионы ең жоғары деңгейдегі халықаралық матчтарды, соның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі және Ұлттар лигасындағы ойындарын, сондай-ақ еурокубок турнирлері – Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасының іріктеу әрі негізгі кезеңдерін қабылдауға толық дайын.

Бұл санатты алу аймақтың спорттық инфрақұрылымын дамытудағы және еліміздегі халықаралық футбол кездесулерінің географиясын кеңейтудегі маңызды қадам болды.

#KFF
👍2413🔥41👏1
Қазақстан Премьер-лигасының 19-тур ойындарына тағайындалған төрешілер мен инспекторлар

25 шілде
Ұлытау - Ертіс
Төреші: Саят Суликанов (Ақтөбе)
Төрешінің көмекшілері: Тимур Тұрсымбаев (Астана), Виктор Стасенко (Талдықорған)
Қосалқы төреші: Марал Әбдікеров (Қызылорда)
VAR: Марат Ысқақов (Астана)
AVAR: Рустам Омаров (Алматы)
Инспектор: Құрманбек Ордабаев (Түркістан)

Жетісу - Қызылжар
Төреші:
 Данил Горда (Көкшетау)
Төрешінің көмекшілері: Дмитрий Филоненко (Тараз), Иван Гриценко (Қостанай)
Қосалқы төреші: Жақсылық Сейдахметов (Талдықорған)
VAR: Сәкен Байымбет (Тараз)
AVAR: Григорий Московченко (Павлодар)
Инспектор: Сергей Уфимцев (Алматы)

Ақтөбе - Оқжетпес
Төреші:
 Руслан Сұлтанғалиев (Атырау)
Төрешінің көмекшілері: Алексей Долгих (Павлодар), Иван Навроцкий (Астана)
Қосалқы төреші: Диас Құстаев (Орал)
VAR: Саят Қарабаев (Астана)
AVAR: Кирилл Ткачев (Алматы)
Инспектор: Болат Қарлыбаев (Орал)

26 шілде
Тобыл - Атырау
Төреші: Георгий Чеховский (Астана)
Төрешінің көмекшілері: Дмитрий Белоградов (Павлодар), Наргис Магау (Алматы)
Қосалқы төреші: Ануар Қазбеков (Қостанай)
VAR: Нариман Талапкеров (Орал)
AVAR: Станислав Лесив (Семей)
Инспектор: Виктор Заякин (Семей)

Елімай - Қайсар
Төреші:
 Болат Сариев (Орал)
Төрешінің көмекшілері: Сергей Калачев (Атырау), Нұрдәулет Арынханов (Алматы)
Қосалқы төреші: Дмитрий Вишняков (Семей)
VAR: Денис Измайлов (Талдықорған)
AVAR: Юрий Тихонюк (Ақтөбе)
Инспектор: Сергей Цареградский (Алматы)

Астана - Алтай
Төреші: 
Сергей Ноженко (Талдықорған)
Төрешінің көмекшілері: Азамат Ахметов (Қызылорда), Әлішер Мынбаев (Тараз)
Қосалқы төреші: Бекарыс Аманкелдин (Орал)
VAR: Бағдат Абдуллаев (Тараз)
AVAR: Сергей Васютин (Алматы)
Инспектор: Игорь Хисамутдинов (Павлодар)

Қайрат - Ордабасы
Төреші: 
Данияр Сахи (Қызылорда)
Төрешінің көмекшілері: Нұржан Жүнісов (Астана), Евгений Карлов (Павлодар)
Қосалқы төреші: Станислав Пучков (Петропавл)
VAR: Айдын Тасыбаев (Астана)
AVAR: Антон Молтусинов (Өскемен)
Инспектор: Павел Салий (Өскемен)

Каспий - Жеңіс
Төреші: 
Александр Затула (Өскемен)
Төрешінің көмекшілері: Ринат Якбаров (Семей), Максим Панин (Қостанай)
Қосалқы төреші: Ераділ Тілеуов (Қызылорда)
VAR: Антон Кучма (Көкшетау)
AVAR: Денис Лабашов (Атырау)
Инспектор: Серік Жаппасбаев (Қызылорда)
121
📌 «Батыр жолы» конференциясына әлемдік деңгейдегі сарапшылар келеді

5 тамыз күні Астанада өтетін KFF Football Conference 2026 «Батыр жолы» конференциясына әлемдік футболдағы беделді мамандар қатысады.

🔹 Фрэнк Людольф – УЕФА-ның техникалық кеңесшісі. Ол 30 жылға жуық уақыт бойы УЕФА жүйесінде жаттықтырушыларды даярлау мен техникалық дамуға жетекшілік етіп, Еуропадағы бірыңғай жаттықтырушылық білім беру жүйесін қалыптастыруға үлес қосты.

🔹 Стив Морроу – FIFA сарапшысы, Лондонның «Арсенал» клубының бұрынғы ойыншысы әрі скаутинг және таланттарды анықтау бағытындағы халықаралық маман. Ол «Арсенал», Англия футбол қауымдастығы (The FA) және FIFA жобаларында жұмыс істеген.

🔹 Аарон Бриггс – УЕФА мен FIFA сарапшысы. Өз мансабында «Манчестер Сити», «Монако», «Вольфсбург» және «Ливерпуль» клубтарында қызмет атқарып, қазіргі футболдағы тактикалық дайындық, ойыншыларды дамыту және ойын моделін қалыптастыру бойынша мол тәжірибе жинақтады.

Конференция барысында халықаралық сарапшылар ұлттық футбол болмысын қалыптастыру, ойыншыларды дамыту, скаутинг, жаттықтырушыларды даярлау және заманауи футболдың негізгі трендтері туралы өз тәжірибелерімен бөліседі.

#KFF
14👍1🔥1👏1
Скотт Манн Қазақстан Премьер-лигасының төрешілерімен кездесті

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн Қазақстан Премьер-лигасының бас төрешілері, қапталдағы төрешілері және VAR мамандарына арналған кезекті семинар аясында төрешілермен кездесті. Іс-шара Астанада алдағы чемпионат турларына дайындық шеңберінде өтті.

Семинар ҚФФ бас хатшысының жоғарғы дивизион матчтарына қызмет көрсететін төрешілермен кездесуінен басталды. Скотт Манн төрешілер корпусының кәсіби футболды дамытудағы маңызды рөлін атап өтіп, Федерация төрешілік сапасын арттыруға, төрешілерді даярлауға және бірыңғай жұмыс стандарттарын енгізуге ерекше көңіл бөлуді жалғастыратынын жеткізді.

Семинар бағдарламасы аясында қатысушылар Ойын ережелері, VAR бойынша тест тапсырды, сондай-ақ ойын эпизодтарына арналған бейнетестілеуден өтті. Бұл бас төрешілердің, қапталдағы төрешілердің және VAR мамандарының Қазақстан Премьер-лигасы матчтарындағы алдағы жұмысына дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.

Семинардың негізгі бөлігі ойын эпизодтарын талдауға арналды. Қатысушылар УЕФА материалдарын, сондай-ақ Қазақстан Премьер-лигасы, Бірінші және Екінші лига матчтарындағы жағдайларды жан-жақты саралады. Мұндай тәсіл негізгі шешімдерге қатысты бірыңғай ұстаным қалыптастырып, төрешілік сапасының тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар теориялық білімдерін жаңартып, практикалық эпизодтарды талқылады және алдағы чемпионат турларында жұмыс істеуге қатысты қосымша әдістемелік ұсынымдар алды.
9