KFF Team
7.13K subscribers
5.37K photos
256 videos
849 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
🇰🇿 Астанада UEFA «A Elite Youth» жаттықтырушылар курсының екінші модулі өтіп жатыр

Дарынды жас футболшылармен жұмыс істейтін жаттықтырушыларға арналған UEFA «A Elite Youth» курсы төрт күнге созылады.

Оқыту бағдарламасында қатысушылар жас ойыншыларды даярлаудың заманауи тәсілдерін меңгеріп, жаттығу процесін жоспарлау мен өткізудің әдістерін жетілдіреді, сондай-ақ өздерінің практикалық жұмыстарын ұсынады.

Бағдарлама теориялық сабақтарды, жаттығу процесін талдауды, тәжірибелік сессияларды және шағын топтардағы жұмысты қамтиды.

Сонымен қатар команданың шабуыл әрекеттерін ұйымдастыру, ұлттық құрамалар ойыншыларын тестілеу, скаутингтің заманауи әдістері, таланттарды анықтау, жас футболшылардың әлеуетін бағалау және олардың дамуын сүйемелдеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Практикалық бөлімде тыңдаушылар командамен жаттығу өткізіп, кейін сарапшылардан жан-жақты кері байланыс алады.

#KFF
🔥177
Қазақстан Премьер-лигасының 17-тур ойындарына тағайындалған төрешілер мен инспекторлар

11 шілде
Ертіс – Жеңіс
Бас төреші: Руслан Сұлтанғалиев (Атырау)
Қапталдағы төрешілер: Самат Тергеусізов (Алматы), Азамат Ахметов (Қызылорда)
Қосалқы төреші: Муродбек Халилов (Шымкент)
VAR: Денис Измайлов (Талдықорған)
AVAR: Наргис Магау (Алматы)
Инспектор: Серік Жаппасбаев (Қызылорда)

Жетісу – Алтай
Бас төреші: Данияр Сахи (Қызылорда)
Қапталдағы төрешілер: Сергей Васютин (Алматы), Евгений Карлов (Павлодар)
Қосалқы төреші: Сағадат Идрисов (Ақтау)
VAR: Саят Қарабаев (Астана)
AVAR: Рустам Омаров (Алматы)
Инспектор: Болат Қарлыбаев (Орал)

Ұлытау – Қайсар
Бас төреші: Сергей Ноженко (Талдықорған)
Қапталдағы төрешілер: Нұржан Жүнісов (Астана), Максим Панин (Қостанай)
Қосалқы төреші: Станислав Пучков (Петропавл)
VAR: Данил Горда (Көкшетау)
AVAR: Сергей Калачев (Атырау)
Инспектор: Қайрат Сламбеков (Алматы)

Каспий – Ордабасы
Бас төреші: Денис Тевяшов (Орал)
Қапталдағы төрешілер: Иван Гриценко (Қостанай), Иван Навроцкий (Астана)
Қосалқы төреші: Марал Әбдікеров (Қызылорда)
VAR: Александр Затула (Өскемен)
AVAR: Юрий Тихонюк (Ақтөбе)
Инспектор: Сергей Цареградский (Алматы)

12 шілде
Тобыл – Оқжетпес
Бас төреші: Айдын Тасыбаев (Астана)
Қапталдағы төрешілер: Станислав Лесив (Семей), Тимур Тұрсымбаев (Астана)
Қосалқы төреші: Ануар Қазбеков (Қостанай)
VAR: Антон Молтусинов (Өскемен)
AVAR: Григорий Московченко (Павлодар)
Инспектор: Құрманбек Ордабаев (Түркістан)

Астана – Ақтөбе
Бас төреші: Антон Кучма (Көкшетау)
Қапталдағы төрешілер: Денис Лабашов (Атырау), Ринат Якбаров (Семей)
Қосалқы төреші: Сергей Попов (Астана)
VAR: Сәкен Байымбет (Тараз)
AVAR: Антон Сысоев (Көкшетау)
Инспектор: Виктор Заякин (Семей)
19👍3
🇰🇿 eFootball Mobile бойынша Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды!

Қазақстанның eFootball Mobile бойынша ұлттық құрамасы тарихи жетістікке жетіп, FIFAe Continental Championship Europe турнирінің финалдық кезеңіне шықты.

FIFAe eNations League аясында қазақстандық команда Португалия, Хорватия, Грекия, Босния және Герцеговина, Литва және Швейцария құрамаларын жеңіп, Еуропаның үздік 8 құрамасының қатарына енді.

🏆 Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 1-6 қыркүйекте Португалияда өтеді. Турнирде әлем чемпионатына берілетін екі жолдама сарапқа салынады.

👏 Қазақстан құрамасына алдағы Еуропа чемпионатында сәттілік тілейміз!
26🔥4
Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчтарына тағайындалды

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы бірінші іріктеу кезеңінің матчтарына тағайындау алды.

Беларусьтің БАТЭ және Албанияның «Эльбасани» клубтары арасындағы 16 шілдеде Әзербайжанның Сумгаит қаласында өтетін кездесуге отандық төрешілер бригадасы қызмет етеді. Матчтың бас төрешісі Данияр Сахи болады. Оған көмекшілер Сергей Васютин мен Самат Тергеусізов көмектеседі, ал қосалқы төреші қызметін Георгий Чеховский атқарады.

Сонымен қатар, ҚФФ Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру Черногорияның «Дечич» және Латвияның «Лиепая» командалары арасындағы матчқа инспектор болып тағайындалды.

Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы бұл кездесу 15 шілдеде Черногорияның Тузи қаласындағы стадионда өтеді.
23
Олжас Абраев УЕФА Конференция лигасы іріктеу кезеңінің матчына делегат болып тағайындалды

Отандық маман Олжас Абраев Молдованың «Милсами Орхей» және Боснияның «Вележ Мостар» командалары арасындағы УЕФА Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінің матчына делегат болып тағайындалды.
Ойын 16 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады. Матч Молдованың Орхей қаласындағы «Дистрикт Спорт Комплекс» стадионында өтеді.

Олжас Абраев 2013 жылдан бастап УЕФА матчтарының делегаты, ал 2016 жылдан бері ФИФА матч комиссары.

Айта кетейік, УЕФА матч делегаты ойындарда УЕФА-ның ресми өкілі ретінде әрекет етеді, матч алдындағы ұйымдастыру жиналыстарына төрағалық етеді, сондай-ақ матчтың жүйелі ұйымдастырылуын және жарыс регламентінің, әсіресе стадион ішінде және одан тыс жерде матчқа дейін, матч кезінде және одан кейін тәртіп пен қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуге жауапты болады.

Сонымен қатар, делегат УЕФА әкімшілігінің сұрауы бойынша матчқа дайындық туралы есеп ұсынады және қажет болған жағдайда турнирдің ұйымдастырылу деңгейі мен мүмкіндіктерін бағалау үшін жарыс алдында нысанды аралап тексереді.
10👍4
Келесі кезеңге жолдама үшін күрес 👊🏻🇰🇿

🏆 Бүгін «Қайрат» сырт алаңда УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойынын өткізеді

Кездесу Никшич қаласындағы черногориялық «Сутьеска» командасының «Край Бистрице» стадионында 00:00-де өтеді.

Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!

Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
228
Астанада ҚФФ «Батыр жолы» футбол конференциясы өтеді

Бұл конференция отандық футбол басшыларын, кәсіби клубтардың өкілдерін, жаттықтырушыларды, ұлттық құрамалардың мамандарын және халықаралық деңгейдегі сарапшыларды бір алаңға жинайтын маңызды іс-шара болмақ.

Конференцияның басты мақсаты – Қазақстан футболындағы ұлттық болмысын қалыптастыру мәселелерін және ойыншылар мен жаттықтырушыларды даярлаудың заманауи тәсілдерін талқылау. Сонымен қатар іс-шара барысында «Батыр жолы» ұлттық футбол болмысы жобасының тұсаукесері өтіп, кәсіби пікірталастар ұйымдастырылады.

Конференция стратегиялық мәселелерді талқылаумен қатар, білім беру тұрғысынан да маңызды.

УЕФА-ның жарамды жаттықтырушылық лицензиясы бар отандық мамандар конференцияға қатысқаннан кейін UEFA Continuous Professional Development (CPD) бағдарламасы бойынша 8 сағаттық үздіксіз кәсіби даму сертификатын алады. Бұл сағаттарды ҚФФ жаттықтырушылық лицензияларды ұзарту кезінде есепке ала алады.

ҚФФ үшін бұл конференция – әлемдік стандарттарды енгізуге және елімізде бірыңғай футбол философиясын қалыптастыруға бағытталған маңызды стратегиялық қадам.
16
«Қайрат» келесі кезеңге жолдама алды! 😍🔥

Черногорияда өткен УЕФА Чемпиондар лигасының 1-іріктеу кезеңінің қарымта «Сутьеска» – «Қайрат» ойыны 0:2 (жалпы 1:4) есебімен аяқталды.

Келесі кезеңде біздің жігіттер кипрлік «Омонияға» қарсы ойнайды. Алғашқы ойын тура 1 аптадан кейін, 22 шілде күні сырт алаңда, ал жауапты кездесу 29 шілде Алматының орталық стадионында өтеді.

Жеңіс құтты болсын, қазақ елі! 🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
366
🇰🇿 Қазақстан халықаралық УЕФА Даму турнирін қабылдайды!

📍 11–17 тамыз аралығында Шымкент қаласында 15 жасқа дейінгі қыздар құрамалары арасында УЕФА Даму турнирі өтеді.

⚽️ Турнирге Қазақстан 🇰🇿, Әзербайжан 🇦🇿, Ресей 🇷🇺 және Беларусь 🇧🇾 құрамалары қатысады. Командалар өзара айналым жүйесі бойынша бақ сынайды.

🌍 УЕФА Даму турнирі – жас футболшылардың халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтауына, түрлі футбол мектептерінің өкілдерімен күш сынасуына және ұлттық құрама сапындағы бәсекелестік ортада дамуына мүмкіндік беретін УЕФА бағдарламасы.

📅 Матчтардың толық кестесі мен қосымша ақпарат Қазақстан футбол федерациясының ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.
👍84🤔1
Футболдан Премьер-лиганың 17-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме

ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Ойын ережелеріне сәйкес 2026 жылғы Премьер-лиганың 17-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне түсіндірме берді.

Толығырақ KFF YouTube-арнасында 📲
7👍2
Сәттілік, жігіттер! 🙌🏻

Бүгін «Елімай» мен «Астана» УЕФА Конференция лигасының 1-іріктеу кезеңіндегі жауапты матчтарын өткізеді.

🇰🇿 «Астана» – «Динамо Сити» 🇦🇱
🤝 УЕФА Конференция лигасы | 1-іріктеу кезең
📅 16.07.2026 | 🕗 20:00
🏟 «Астана Арена», Астана

🇰🇿 «Елімай» – «Алашкерт» 🇦🇲
🤝 УЕФА Конференция лигасы | 1-іріктеу кезең
📅 16.07.2026 | 🕗 20:00
🏟 «Спартак» стадионы, Семей

Командаларымызға жанкүйер болайық. Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
15👍7