KFF Team
7.13K subscribers
5.37K photos
256 videos
849 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
👑 Чемпиондық тәж қайтадан «Қайратқа» бұйырды

Финалдық серияның тағдырын шешкен бесінші кездесуде алматылық ұжым сырт алаңда «Семейді» 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Жеңіс голдарын Эдсон, Жулио Занотто және Біржан Оразов соқты.

🏆 «Қайрат» – Қазақстанның 22 дүркін чемпионы

#BizdinJigitter💛💙
39👍4🔥2👏2
Қазақстандық делегат УЕФА Еуропа лигасының матчында қызмет атқарады

Аян Әлжанов УЕФА Еуропа лигасының 2026/27 жылғы маусымының бірінші іріктеу кезеңіндегі матчқа делегат болып тағайындалды.
9 шілде күні Әзербайжанда «Қарабах» пен Исландияның «Вестри» командалары кездеседі. Матч Баку қаласындағы Тофик Бахрамов атындағы республикалық стадионда жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады.

Аян Әлжанов аталған кездесуде УЕФА матч делегаты қызметін атқарады. УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.
23👍2🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎙️ ҚФФ подкасының жаңа шығарылымы эфирде

«Футбол ДНҚ» подкасының қонағы – ҚФФ атқарушы директоры Бекжан Сафинов.

Сұхбат барысында Қазақстан футболындағы реформалар, федерацияның стратегиялық бағыттары, инфрақұрылымды дамыту, клубтарды жекешелендіру, жаңа академиялар, KFF Arena жобасы, ұлттық құрамалар, қаржыландыру, халықаралық серіктестік және алдағы жоспарлар жан-жақты талқыланды.

Сондай-ақ Бекжан Сафинов ҚФФ жұмысының негізгі қағидаттары мен қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ашық пікір білдіріп, көрермендерді қызықтыратын көптеген сұрақтарға жауап берді.

📺 Толық шығарылым KFF YouTube-арнасында көре аласыздар

#KFF
15🔥1😁1
🇰🇿 CP Football-дан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына дайындықты бастады

Команда Алматыдағы «Алтын Қарғалы» шипажай базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Олар 15–24 тамызда Англияда өтетін Әлем чемпионатына дайындықтың шешуші кезеңіне кірісті. Дәл осы жиында маусымның ең маңызды халықаралық додасына қажетті физикалық және тактикалық дайындықтың негізі қаланады.

Бұған Италия, Үндістан, Кения, АҚШ құрамалары қатысады. Ал біздің қай құрамамен кездесеріміз жеребе тарту рәсімінен кейін белгілі болады. Бұл Қазақстанның CP Football ұлттық құрамасы қатысатын алғашқы ірі халықаралық турнир, отандық парафутбол тарихындағы маңызды оқиға болып отыр.

💙💛 Командамызға сәттілік тілейміз!

#KFF
223
🇰🇿 Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының соңғы үш жылдағы ең үздік матчтары 🔥

Жастарымыздың Еуропаның азулы командаларына қарсы өткізген ең тартысты әрі есте қаларлық матчтарына шолу жасаймыз.

#BizdinJigitter 💛💙
🔥2016
🏆 Бүгін Қазақстан чемпионы «Қайрат» командасы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі жорығын бастайды

Іріктеу кезеңіндегі алғашқы қарсылас – черногориялық «Сутьеска» ұжымы. Матч Алматының «Орталық» стадионында 20:00-де өтеді.

Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!

Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
🔥3312
ҚФФ Ұлттық құрама бас бапкеріне қойылатын талаптарды бекітті

ҚФФ Техникалық даму комитеті отырысының күн тәртібінде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкеріне қойылатын талаптар қаралып, бекітілді.

Бекітілген профиль ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлерді қарастыру кезінде ескеруге ұсынылатын негізгі кәсіби және ұйымдастырушылық талаптарды айқындайды.

Үміткерге қойылатын басты талаптар:

Прессинг жағдайындағы жұмыс тәжірибесі: қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиындары, жауапкершілік пен ресми маңызды матчтар кезінде тиімді жұмыс істей білу.

Тактикалық икемділік: ойын үлгісі мен матч жоспарын қарсыласқа, ойынға, құрамдағы өзгерістерге және кездесудің өту барысына қарай жедел бейімдей алу.

Көшбасшылық және коммуникация: талапшыл, бірақ құрметке негізделген басқару стилі, қиын жағдайларда сабыр сақтай білу және команда мүддесін медиа кеңістікте тиімді қорғай алу.

Көпсалалы бапкерлер штабы: талдаушыларды, дене даярлығы жаттықтырушыларды және қақпашылар бапкерін қамтитын мамандар тобын қалыптастыра білу.

Бұл құжат ҚФФ басшылығына жолданып, түпкілікті шешім қабылдау үшін Атқарушы комитет қарауына ұсынылады.
22
Сәттілік, жігіттер! 🙌🏻

Бүгін «Елімай» мен «Астана» УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі жорығын бастайды.

Қос командамыз да бірінші матчтарын сырт алаңда өткізеді: «Елімай» Армения астанасы Ереванда «Алашкертпен» ойнаса, «Астана» Албанияда «Динамо Тирана» ұжымымен күш сынасады.

Командаларымызға жанкүйер болайық. Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
31👍6
🇰🇿 Астанада UEFA «A Elite Youth» жаттықтырушылар курсының екінші модулі өтіп жатыр

Дарынды жас футболшылармен жұмыс істейтін жаттықтырушыларға арналған UEFA «A Elite Youth» курсы төрт күнге созылады.

Оқыту бағдарламасында қатысушылар жас ойыншыларды даярлаудың заманауи тәсілдерін меңгеріп, жаттығу процесін жоспарлау мен өткізудің әдістерін жетілдіреді, сондай-ақ өздерінің практикалық жұмыстарын ұсынады.

Бағдарлама теориялық сабақтарды, жаттығу процесін талдауды, тәжірибелік сессияларды және шағын топтардағы жұмысты қамтиды.

Сонымен қатар команданың шабуыл әрекеттерін ұйымдастыру, ұлттық құрамалар ойыншыларын тестілеу, скаутингтің заманауи әдістері, таланттарды анықтау, жас футболшылардың әлеуетін бағалау және олардың дамуын сүйемелдеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Практикалық бөлімде тыңдаушылар командамен жаттығу өткізіп, кейін сарапшылардан жан-жақты кері байланыс алады.

#KFF
🔥177
Қазақстан Премьер-лигасының 17-тур ойындарына тағайындалған төрешілер мен инспекторлар

11 шілде
Ертіс – Жеңіс
Бас төреші: Руслан Сұлтанғалиев (Атырау)
Қапталдағы төрешілер: Самат Тергеусізов (Алматы), Азамат Ахметов (Қызылорда)
Қосалқы төреші: Муродбек Халилов (Шымкент)
VAR: Денис Измайлов (Талдықорған)
AVAR: Наргис Магау (Алматы)
Инспектор: Серік Жаппасбаев (Қызылорда)

Жетісу – Алтай
Бас төреші: Данияр Сахи (Қызылорда)
Қапталдағы төрешілер: Сергей Васютин (Алматы), Евгений Карлов (Павлодар)
Қосалқы төреші: Сағадат Идрисов (Ақтау)
VAR: Саят Қарабаев (Астана)
AVAR: Рустам Омаров (Алматы)
Инспектор: Болат Қарлыбаев (Орал)

Ұлытау – Қайсар
Бас төреші: Сергей Ноженко (Талдықорған)
Қапталдағы төрешілер: Нұржан Жүнісов (Астана), Максим Панин (Қостанай)
Қосалқы төреші: Станислав Пучков (Петропавл)
VAR: Данил Горда (Көкшетау)
AVAR: Сергей Калачев (Атырау)
Инспектор: Қайрат Сламбеков (Алматы)

Каспий – Ордабасы
Бас төреші: Денис Тевяшов (Орал)
Қапталдағы төрешілер: Иван Гриценко (Қостанай), Иван Навроцкий (Астана)
Қосалқы төреші: Марал Әбдікеров (Қызылорда)
VAR: Александр Затула (Өскемен)
AVAR: Юрий Тихонюк (Ақтөбе)
Инспектор: Сергей Цареградский (Алматы)

12 шілде
Тобыл – Оқжетпес
Бас төреші: Айдын Тасыбаев (Астана)
Қапталдағы төрешілер: Станислав Лесив (Семей), Тимур Тұрсымбаев (Астана)
Қосалқы төреші: Ануар Қазбеков (Қостанай)
VAR: Антон Молтусинов (Өскемен)
AVAR: Григорий Московченко (Павлодар)
Инспектор: Құрманбек Ордабаев (Түркістан)

Астана – Ақтөбе
Бас төреші: Антон Кучма (Көкшетау)
Қапталдағы төрешілер: Денис Лабашов (Атырау), Ринат Якбаров (Семей)
Қосалқы төреші: Сергей Попов (Астана)
VAR: Сәкен Байымбет (Тараз)
AVAR: Антон Сысоев (Көкшетау)
Инспектор: Виктор Заякин (Семей)
19👍3
🇰🇿 eFootball Mobile бойынша Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды!

Қазақстанның eFootball Mobile бойынша ұлттық құрамасы тарихи жетістікке жетіп, FIFAe Continental Championship Europe турнирінің финалдық кезеңіне шықты.

FIFAe eNations League аясында қазақстандық команда Португалия, Хорватия, Грекия, Босния және Герцеговина, Литва және Швейцария құрамаларын жеңіп, Еуропаның үздік 8 құрамасының қатарына енді.

🏆 Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 1-6 қыркүйекте Португалияда өтеді. Турнирде әлем чемпионатына берілетін екі жолдама сарапқа салынады.

👏 Қазақстан құрамасына алдағы Еуропа чемпионатында сәттілік тілейміз!
26🔥4
Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчтарына тағайындалды

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы бірінші іріктеу кезеңінің матчтарына тағайындау алды.

Беларусьтің БАТЭ және Албанияның «Эльбасани» клубтары арасындағы 16 шілдеде Әзербайжанның Сумгаит қаласында өтетін кездесуге отандық төрешілер бригадасы қызмет етеді. Матчтың бас төрешісі Данияр Сахи болады. Оған көмекшілер Сергей Васютин мен Самат Тергеусізов көмектеседі, ал қосалқы төреші қызметін Георгий Чеховский атқарады.

Сонымен қатар, ҚФФ Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру Черногорияның «Дечич» және Латвияның «Лиепая» командалары арасындағы матчқа инспектор болып тағайындалды.

Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы бұл кездесу 15 шілдеде Черногорияның Тузи қаласындағы стадионда өтеді.
23