Қазақстан U-15 құрамасы FIFA U-15 World Cup and Festival 2026 алғашқы турниріне қатысады
15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы FIFA U-15 World Cup and Festival 2026 турниріне қатысады. Тарихтағы алғашқы жарыс 2026 жылғы 22-31 қазан аралығында Әзербайжанда өтеді.
Жарыс FIFA футбол фестивалі форматында ұйымдастырылып жатыр. Бұл турнир жас таланттарды дамытуға арналған жаһандық бағдарламаның бір бөлігі. Негізгі мақсат – болашағынан үміт күттіретін ойыншыларды ерте анықтау, олардың техникалық шеберлігі мен ойын ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ FIFA U-17 әлем чемпионаты сияқты халықаралық жарыстарға дайындау.
FIFA U-15 World Cup and Festival 2026 матчтары қақпашыны қоса есептегенде 8×8 форматында өтеді. Бұл формат дәл осы жас санатына арнайы әзірленген. Соның арқасында футболшылар доппен көбірек жұмыс істеп, ойын барысында жиірек шешім қабылдап, шабуыл әрекеттеріне белсендірек қатыса алады.
Турнирдің алдын ала бекітілген талаптарына сәйкес, жарысқа 2011 және 2012 жылы туған футболшылар қатыса алады. Әр команда 14 ойыншыны, оның ішінде кемінде екі қақпашыны, сондай-ақ штабтың алты өкілін тіркей алады.
Турнир екі кезеңнен тұрады: іріктеу және негізгі турнир кезеңі. Қатысушы командалар әр кезеңдегі нәтижесіне қарамастан, жарыс бойы матчтарын өткізеді.
#BizdinJigitter💛💙

❤22😱1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Territima-мен бірге Қазақстанда бой көтеріп жатқан жаңа футбол инфрақұрылымдарын аралап шықтық 🏟️🇰🇿
Бұл сапарда Талғар мен Қарағандыдағы академияны, Шымкент пен Ақтөбедегі стадиондарды, сондай-ақ Қызылордадағы футбол инфрақұрылымының құрылысын көрдік.
Заманауи инфрақұрылым – отандық футболдың болашағына салынған инвестиция ⚽️

❤18👍6🔥4😁1
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 😍🔥
Футзалдан Қазақстан чемпионатының финалында «Семей» мен «Қайрат» арасындағы 5-ойын 😍
Бүгін ел чемпионын анықтайтын күн!
📆 30.06.26 | 🕗 20:00
🔵 «Семей» – «Қайрат» 🔴
🏟 «Абай арена», Семей
🎥 KFA Resmi YouTube-арнасы
#KFFFutsal | #BizdinJigitter💛💙

❤29👍3👾2
👑 Чемпиондық тәж қайтадан «Қайратқа» бұйырды
Финалдық серияның тағдырын шешкен бесінші кездесуде алматылық ұжым сырт алаңда «Семейді» 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Жеңіс голдарын Эдсон, Жулио Занотто және Біржан Оразов соқты.
🏆 «Қайрат» – Қазақстанның 22 дүркін чемпионы

❤39👍4🔥2👏2
Қазақстандық делегат УЕФА Еуропа лигасының матчында қызмет атқарады
Аян Әлжанов УЕФА Еуропа лигасының 2026/27 жылғы маусымының бірінші іріктеу кезеңіндегі матчқа делегат болып тағайындалды.
9 шілде күні Әзербайжанда «Қарабах» пен Исландияның «Вестри» командалары кездеседі. Матч Баку қаласындағы Тофик Бахрамов атындағы республикалық стадионда жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады.
Аян Әлжанов аталған кездесуде УЕФА матч делегаты қызметін атқарады. УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.

❤23👍2🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎙️ ҚФФ подкасының жаңа шығарылымы эфирде
«Футбол ДНҚ» подкасының қонағы – ҚФФ атқарушы директоры Бекжан Сафинов.
Сұхбат барысында Қазақстан футболындағы реформалар, федерацияның стратегиялық бағыттары, инфрақұрылымды дамыту, клубтарды жекешелендіру, жаңа академиялар, KFF Arena жобасы, ұлттық құрамалар, қаржыландыру, халықаралық серіктестік және алдағы жоспарлар жан-жақты талқыланды.
Сондай-ақ Бекжан Сафинов ҚФФ жұмысының негізгі қағидаттары мен қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ашық пікір білдіріп, көрермендерді қызықтыратын көптеген сұрақтарға жауап берді.
📺 Толық шығарылым KFF YouTube-арнасында көре аласыздар
#KFF

❤15🔥1😁1
🇰🇿⚽ CP Football-дан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына дайындықты бастады
Команда Алматыдағы «Алтын Қарғалы» шипажай базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Олар 15–24 тамызда Англияда өтетін Әлем чемпионатына дайындықтың шешуші кезеңіне кірісті. Дәл осы жиында маусымның ең маңызды халықаралық додасына қажетті физикалық және тактикалық дайындықтың негізі қаланады.
Бұған Италия, Үндістан, Кения, АҚШ құрамалары қатысады. Ал біздің қай құрамамен кездесеріміз жеребе тарту рәсімінен кейін белгілі болады. Бұл Қазақстанның CP Football ұлттық құрамасы қатысатын алғашқы ірі халықаралық турнир, отандық парафутбол тарихындағы маңызды оқиға болып отыр.
💙💛 Командамызға сәттілік тілейміз!

❤22⚡3
🇰🇿 Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының соңғы үш жылдағы ең үздік матчтары 🔥
Жастарымыздың Еуропаның азулы командаларына қарсы өткізген ең тартысты әрі есте қаларлық матчтарына шолу жасаймыз.
#BizdinJigitter 💛💙

🔥20❤16
🏆 Бүгін Қазақстан чемпионы «Қайрат» командасы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі жорығын бастайды
Іріктеу кезеңіндегі алғашқы қарсылас – черногориялық «Сутьеска» ұжымы. Матч Алматының «Орталық» стадионында 20:00-де өтеді.
Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!
Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam

🔥33❤12
ҚФФ Ұлттық құрама бас бапкеріне қойылатын талаптарды бекітті
ҚФФ Техникалық даму комитеті отырысының күн тәртібінде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкеріне қойылатын талаптар қаралып, бекітілді.
Бекітілген профиль ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлерді қарастыру кезінде ескеруге ұсынылатын негізгі кәсіби және ұйымдастырушылық талаптарды айқындайды.
Үміткерге қойылатын басты талаптар:
Прессинг жағдайындағы жұмыс тәжірибесі: қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиындары, жауапкершілік пен ресми маңызды матчтар кезінде тиімді жұмыс істей білу.
Тактикалық икемділік: ойын үлгісі мен матч жоспарын қарсыласқа, ойынға, құрамдағы өзгерістерге және кездесудің өту барысына қарай жедел бейімдей алу.
Көшбасшылық және коммуникация: талапшыл, бірақ құрметке негізделген басқару стилі, қиын жағдайларда сабыр сақтай білу және команда мүддесін медиа кеңістікте тиімді қорғай алу.
Көпсалалы бапкерлер штабы: талдаушыларды, дене даярлығы жаттықтырушыларды және қақпашылар бапкерін қамтитын мамандар тобын қалыптастыра білу.
Бұл құжат ҚФФ басшылығына жолданып, түпкілікті шешім қабылдау үшін Атқарушы комитет қарауына ұсынылады.

❤22
Сәттілік, жігіттер! 🙌🏻
Бүгін «Елімай» мен «Астана» УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі жорығын бастайды.
Қос командамыз да бірінші матчтарын сырт алаңда өткізеді: «Елімай» Армения астанасы Ереванда «Алашкертпен» ойнаса, «Астана» Албанияда «Динамо Тирана» ұжымымен күш сынасады.
Командаларымызға жанкүйер болайық. Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿

❤31👍6
🇰🇿⚽ Астанада UEFA «A Elite Youth» жаттықтырушылар курсының екінші модулі өтіп жатыр
Дарынды жас футболшылармен жұмыс істейтін жаттықтырушыларға арналған UEFA «A Elite Youth» курсы төрт күнге созылады.
Оқыту бағдарламасында қатысушылар жас ойыншыларды даярлаудың заманауи тәсілдерін меңгеріп, жаттығу процесін жоспарлау мен өткізудің әдістерін жетілдіреді, сондай-ақ өздерінің практикалық жұмыстарын ұсынады.
Бағдарлама теориялық сабақтарды, жаттығу процесін талдауды, тәжірибелік сессияларды және шағын топтардағы жұмысты қамтиды.
Сонымен қатар команданың шабуыл әрекеттерін ұйымдастыру, ұлттық құрамалар ойыншыларын тестілеу, скаутингтің заманауи әдістері, таланттарды анықтау, жас футболшылардың әлеуетін бағалау және олардың дамуын сүйемелдеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Практикалық бөлімде тыңдаушылар командамен жаттығу өткізіп, кейін сарапшылардан жан-жақты кері байланыс алады.

🔥17❤7