ҚФФ ресми мәлімдемесі
Қазақстан футбол федерациясы Талғат Маруаұлы Байсуфиновтың Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. ҚФФ бас бапкердің отставкасын өкінішпен қабылдап, шешіміне құрметпен қарады.
Команда тізгініндегі жұмысы барысында Талғат Байсуфинов құрамадағы барлық кезеңдері арасында ең үздік нәтижені көрсетті. Оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен өз алаңымызда тең түсті. Оның жетекшілігімен команда өз күшіне деген сенімділікті қайтарып, ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартты.
ҚФФ Талғат Маруаұлына кәсібилігі, ісіне деген адалдығы және Қазақстан ұлттық құрамасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оған алдағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді.
Бапкерлер штабын жасақтау бойынша алдағы қадамдар туралы қосымша хабарланады. Ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы қалыпты күйде жалғасады.

❤36🤯18🤔3👍2😱2
🏆 УЕФА әйелдер Чемпиондар лигасы матчтары Ақтөбеде өтеді
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионы «Ақтөбе» әйелдер Чемпиондар лигасында 3-топқа түсті.
3-топ:
🇰🇿 «Ақтөбе»
🇧🇾 «Динамо Минск»
🇮🇸 «Брейдаблик»
🇨🇭 «Серветт»
Екінші іріктеу кезеңі матчтары тамыз айында Ақтөбе қаласында өтеді. Топ жеңімпазы Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне жолдама алады.
#WomensChampionsLeague

❤40👏8
ҚФФ Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті
2026 жылғы 23 маусымда Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті.

kff.kz

👏6❤4👍2🤔2🎉1
Жолдама үшін тартыс 5 тамызда жартылай финалдық кездесулерден басталады. «Ақтөбе» исландиялық «Брейдабликпен» күш сынасса, қатар ойында «Динамо-Минск» пен «Серветт» өзара мықтыны анықтайды.
Ал 2 тамызда командалар шешуші ойындарын өткізеді: жартылай финалда жеңіске жеткендер шешуші матчта кездессе, ұтылған ұжымдар үшінші орын үшін өтетін бәсекеде алаңға шығады.
Квартеттің барлық матчы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді.
Мини-турнир қорытындысы бойынша екінші орын алған команда еурокубок маусымын әйелдер арасындағы Еуропа кубогының екінші іріктеу кезеңінде жалғастырады. Ал үшінші орынға табан тіреген ұжым осы турнирдің бірінші іріктеу кезеңіне аттанады. Басты жүлде – әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне берілетін жолдаманы тек топ жеңімпазы ғана иеленеді.
Чемпиондар лигасының аталмыш кезеңінде барлығы 19 команда бақ сынайды. Айта кету керек, бірінші іріктеу кезеңінің негізгі матчтары 22 және 25 шілдеге жоспарланған, алайда мини-турнирлердің кестесіне байланысты «Ақтөбе» қатысатын топтың ойындары тамыздың бірінші аптасына ауыстырылды. Іріктеудің екінші кезеңінде бес үздік командаға тағы 39 еуропалық клуб қосылады.
#UEFAWomensChampionsLeague
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14❤7🔥2👏1🤯1🎉1
Қазақстан Премьер-лигасының 15-тур ойындарына тағайындалған төрешілер мен инспекторлар
27 маусым
Оқжетпес – Қайрат
Бас төреші: Саят Қарабаев (Астана)
Қапталдағы төрешілер: Сергей Калачев (Атырау), Данияр Серікболов (Семей)
Қосалқы төреші: Станислав Пучков (Петропавл)
VAR: Марат Ысқақов (Астана)
AVAR: Нұржан Жүнісов (Астана)
Инспектор: Бағдат Түсеев (Астана)
Жетісу – Ақтөбе
Бас төреші: Айдын Тасыбаев (Астана)
Қапталдағы төрешілер: Евгений Филипчук (Шымкент), Ринат Якбаров (Семей)
Қосалқы төреші: Жақсылық Сейдахметов (Талдықорған)
VAR: Антон Молтусинов (Өскемен)
AVAR: Денис Лабашов (Атырау)
Инспектор: Сергей Уфимцев (Алматы)
Елімай – Қызылжар
Бас төреші: Саят Суликанов (Ақтөбе)
Қапталдағы төрешілер: Алексей Шабанов (Алматы), Евгений Кольев (Павлодар)
Қосалқы төреші: Елдос Қанаев (Шымкент)
VAR: Денис Измайлов (Талдықорған)
AVAR: Дмитрий Белоградов (Павлодар)
Инспектор: Виктор Антонов (Павлодар)
Каспий – Атырау
Бас төреші: Бағдат Абдуллаев (Тараз)
Қапталдағы төрешілер: Иван Филатов (Қарағанды), Тимур Тұрсынбаев (Астана)
Қосалқы төреші: Ерәділ Тілеуов (Қызылорда)
VAR: Кирилл Ткачев (Алматы)
AVAR: Наргис Магау (Алматы)
Инспектор: Александр Гаузер (Петропавл)
28 маусым
Ұлытау – Ордабасы
Бас төреші: Данияр Сахи (Қызылорда)
Қапталдағы төрешілер: Самат Тергеусізов (Алматы), Артем Волков (Атырау)
Қосалқы төреші: Сағадат Идрисов (Ақтау)
VAR: Нариман Талапкеров (Орал)
AVAR: Евгений Карлов (Павлодар)
Инспектор: Сергей Пасько (Алматы)
Ертіс – Қайсар
Бас төреші: Георгий Чеховский (Астана)
Қапталдағы төрешілер: Юрий Тихонюк (Ақтөбе), Иван Гриценко (Қостанай)
Қосалқы төреші: Нұрсұлтан Әлібеков (Павлодар)
VAR: Сергей Ноженко (Талдықорған)
AVAR: Дмитрий Быстров (Қарағанды)
Инспектор: Асхат Абданбаев (Тараз)
Тобыл – Алтай
Бас төреші: Данил Горда (Көкшетау)
Қапталдағы төрешілер: Дмитрий Филоненко (Тараз), Вячеслав Равдель (Орал)
Қосалқы төреші: Станислав Шелег (Қостанай)
VAR: Сәкен Байымбет (Тараз)
AVAR: Станислав Лесив (Семей)
Инспектор: Серік Жаппасбаев (Қызылорда)
Жеңіс – Астана
Бас төреші: Александр Затула (Өскемен)
Қапталдағы төрешілер: Сергей Васютин (Алматы), Темірбек Ысқақов (Орал)
Қосалқы төреші: Сергей Попов (Астана)
VAR: Антон Кучма (Көкшетау)
AVAR: Антон Сысоев (Көкшетау)
Инспектор: Болат Қарлыбаев (Орал)

🔥16❤9
Қазақстан U-15 құрамасы FIFA U-15 World Cup and Festival 2026 алғашқы турниріне қатысады
15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы FIFA U-15 World Cup and Festival 2026 турниріне қатысады. Тарихтағы алғашқы жарыс 2026 жылғы 22-31 қазан аралығында Әзербайжанда өтеді.
Жарыс FIFA футбол фестивалі форматында ұйымдастырылып жатыр. Бұл турнир жас таланттарды дамытуға арналған жаһандық бағдарламаның бір бөлігі. Негізгі мақсат – болашағынан үміт күттіретін ойыншыларды ерте анықтау, олардың техникалық шеберлігі мен ойын ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ FIFA U-17 әлем чемпионаты сияқты халықаралық жарыстарға дайындау.
FIFA U-15 World Cup and Festival 2026 матчтары қақпашыны қоса есептегенде 8×8 форматында өтеді. Бұл формат дәл осы жас санатына арнайы әзірленген. Соның арқасында футболшылар доппен көбірек жұмыс істеп, ойын барысында жиірек шешім қабылдап, шабуыл әрекеттеріне белсендірек қатыса алады.
Турнирдің алдын ала бекітілген талаптарына сәйкес, жарысқа 2011 және 2012 жылы туған футболшылар қатыса алады. Әр команда 14 ойыншыны, оның ішінде кемінде екі қақпашыны, сондай-ақ штабтың алты өкілін тіркей алады.
Турнир екі кезеңнен тұрады: іріктеу және негізгі турнир кезеңі. Қатысушы командалар әр кезеңдегі нәтижесіне қарамастан, жарыс бойы матчтарын өткізеді.
#BizdinJigitter💛💙

❤22😱1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Territima-мен бірге Қазақстанда бой көтеріп жатқан жаңа футбол инфрақұрылымдарын аралап шықтық 🏟️🇰🇿
Бұл сапарда Талғар мен Қарағандыдағы академияны, Шымкент пен Ақтөбедегі стадиондарды, сондай-ақ Қызылордадағы футбол инфрақұрылымының құрылысын көрдік.
Заманауи инфрақұрылым – отандық футболдың болашағына салынған инвестиция ⚽️

❤18👍6🔥4😁1
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 😍🔥
Футзалдан Қазақстан чемпионатының финалында «Семей» мен «Қайрат» арасындағы 5-ойын 😍
Бүгін ел чемпионын анықтайтын күн!
📆 30.06.26 | 🕗 20:00
🔵 «Семей» – «Қайрат» 🔴
🏟 «Абай арена», Семей
🎥 KFA Resmi YouTube-арнасы
#KFFFutsal | #BizdinJigitter💛💙

❤29👍3👾2
👑 Чемпиондық тәж қайтадан «Қайратқа» бұйырды
Финалдық серияның тағдырын шешкен бесінші кездесуде алматылық ұжым сырт алаңда «Семейді» 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Жеңіс голдарын Эдсон, Жулио Занотто және Біржан Оразов соқты.
🏆 «Қайрат» – Қазақстанның 22 дүркін чемпионы

❤39👍4🔥2👏2
Қазақстандық делегат УЕФА Еуропа лигасының матчында қызмет атқарады
Аян Әлжанов УЕФА Еуропа лигасының 2026/27 жылғы маусымының бірінші іріктеу кезеңіндегі матчқа делегат болып тағайындалды.
9 шілде күні Әзербайжанда «Қарабах» пен Исландияның «Вестри» командалары кездеседі. Матч Баку қаласындағы Тофик Бахрамов атындағы республикалық стадионда жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады.
Аян Әлжанов аталған кездесуде УЕФА матч делегаты қызметін атқарады. УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.

❤23👍2🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎙️ ҚФФ подкасының жаңа шығарылымы эфирде
«Футбол ДНҚ» подкасының қонағы – ҚФФ атқарушы директоры Бекжан Сафинов.
Сұхбат барысында Қазақстан футболындағы реформалар, федерацияның стратегиялық бағыттары, инфрақұрылымды дамыту, клубтарды жекешелендіру, жаңа академиялар, KFF Arena жобасы, ұлттық құрамалар, қаржыландыру, халықаралық серіктестік және алдағы жоспарлар жан-жақты талқыланды.
Сондай-ақ Бекжан Сафинов ҚФФ жұмысының негізгі қағидаттары мен қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ашық пікір білдіріп, көрермендерді қызықтыратын көптеген сұрақтарға жауап берді.
📺 Толық шығарылым KFF YouTube-арнасында көре аласыздар
#KFF

❤15🔥1😁1
🇰🇿⚽ CP Football-дан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына дайындықты бастады
Команда Алматыдағы «Алтын Қарғалы» шипажай базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Олар 15–24 тамызда Англияда өтетін Әлем чемпионатына дайындықтың шешуші кезеңіне кірісті. Дәл осы жиында маусымның ең маңызды халықаралық додасына қажетті физикалық және тактикалық дайындықтың негізі қаланады.
Бұған Италия, Үндістан, Кения, АҚШ құрамалары қатысады. Ал біздің қай құрамамен кездесеріміз жеребе тарту рәсімінен кейін белгілі болады. Бұл Қазақстанның CP Football ұлттық құрамасы қатысатын алғашқы ірі халықаралық турнир, отандық парафутбол тарихындағы маңызды оқиға болып отыр.
💙💛 Командамызға сәттілік тілейміз!

❤22⚡3
🇰🇿 Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының соңғы үш жылдағы ең үздік матчтары 🔥
Жастарымыздың Еуропаның азулы командаларына қарсы өткізген ең тартысты әрі есте қаларлық матчтарына шолу жасаймыз.
#BizdinJigitter 💛💙

🔥20❤16
🏆 Бүгін Қазақстан чемпионы «Қайрат» командасы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі жорығын бастайды
Іріктеу кезеңіндегі алғашқы қарсылас – черногориялық «Сутьеска» ұжымы. Матч Алматының «Орталық» стадионында 20:00-де өтеді.
Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!
Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam

🔥33❤12
ҚФФ Ұлттық құрама бас бапкеріне қойылатын талаптарды бекітті
ҚФФ Техникалық даму комитеті отырысының күн тәртібінде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкеріне қойылатын талаптар қаралып, бекітілді.
Бекітілген профиль ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлерді қарастыру кезінде ескеруге ұсынылатын негізгі кәсіби және ұйымдастырушылық талаптарды айқындайды.
Үміткерге қойылатын басты талаптар:
Прессинг жағдайындағы жұмыс тәжірибесі: қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиындары, жауапкершілік пен ресми маңызды матчтар кезінде тиімді жұмыс істей білу.
Тактикалық икемділік: ойын үлгісі мен матч жоспарын қарсыласқа, ойынға, құрамдағы өзгерістерге және кездесудің өту барысына қарай жедел бейімдей алу.
Көшбасшылық және коммуникация: талапшыл, бірақ құрметке негізделген басқару стилі, қиын жағдайларда сабыр сақтай білу және команда мүддесін медиа кеңістікте тиімді қорғай алу.
Көпсалалы бапкерлер штабы: талдаушыларды, дене даярлығы жаттықтырушыларды және қақпашылар бапкерін қамтитын мамандар тобын қалыптастыра білу.
Бұл құжат ҚФФ басшылығына жолданып, түпкілікті шешім қабылдау үшін Атқарушы комитет қарауына ұсынылады.

❤22
Сәттілік, жігіттер! 🙌🏻
Бүгін «Елімай» мен «Астана» УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі жорығын бастайды.
Қос командамыз да бірінші матчтарын сырт алаңда өткізеді: «Елімай» Армения астанасы Ереванда «Алашкертпен» ойнаса, «Астана» Албанияда «Динамо Тирана» ұжымымен күш сынасады.
Командаларымызға жанкүйер болайық. Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿

❤31👍6