📌 Александр Кеплин УЕФА Еуропа Лигасы финалының делегаты болып тағайындалды
Қазақстан футбол федерациясы бас хатшысының міндетін атқарушы Александр Кеплин Германияның «Фрайбург» және Англияның «Астон Вилла» командалары арасындағы УЕФА Еуропа Лигасының финалдық матчына делегат болып тағайындалды.
УЕФА Еуропа Лигасының 2025/26 жылғы маусымының жеңімпазын анықтайтын бұл шешуші ойын 21 мамыр күні Ыстанбұлдағы «Бешікташ» стадионында өтеді. Матчтың басталуы – Қазақстан уақытымен түнгі сағат 00:00-де.
Александр Кеплин 2018 жылдың наурыз айынан бері УЕФА матчтарында делегат ретінде қызмет атқарып келеді.
Қазақстандық УЕФА делегаттарының еурокубоктардың мұндай маңызды бәсекелеріне тағайындалуы бірінші рет емес. Бұған дейін, 2023 жылы Олжас Абраев Англияның «Манчестер Сити» мен Испанияның «Севилья» ұжымдары арасындағы УЕФА Суперкубогы матчында делегат болып жұмыс істеген.
Айта кету керек, УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.
#KFF

❤17👍5
📚ҚФФ өкілдері Польшадағы UEFA Share білім беру семинарына қатысты
2026 жылғы 11-15 мамыр аралығында Польшаның Гданьск қаласында UEFA Share бағдарламасы аясында «Бапкерлерді оқыту – қосымша кәсіби даму» тақырыбындағы білім беру семинары өтті.
Іс-шараға УЕФА-ға мүше 12 ұлттық қауымдастықтың өкілдері қатысты. Олардың қатарында Әзербайжан, Кипр, Англия, Фарер аралдары, Исландия, Қазақстан, Латвия, Нидерланд, Румыния, Шотландия, Словения, Испания және Швейцария бар.
Семинар жұмысына УЕФА нұсқаушысы ретінде Қазақстан футбол федерациясының техникалық директоры Геннадий Скуртул қатысты. Ол UEFA Share бағдарламасының сарапшылар тобының мүшесі болып саналады.
Қазақстан атынан семинарға ҚФФ-ның бапкерлерді оқыту бөлімінің жетекшісі Станислав Погорелов та қатысты.
Семинар бағдарламасы бапкерлер мен нұсқаушылардың үздіксіз білім алу жүйесін дамытуға, халықаралық тәжірибе алмасуға, заманауи оқыту модельдерін енгізуге және ұлттық қауымдастықтардағы кәсіби даму мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

❤15
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы маусым айында Әзербайжанға қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді.
Ұжымның оқу-жаттығу жиыны 2 маусым күні Талғардағы ұлттық құрамалар базасында басталады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤20
Ержан Мұсабеков ҚФФ кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясының басшысы болып тағайындалды
Қазақстан футбол федерациясы Ержан Мұсабековтің кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясының жетекшісі лауазымына тағайындалғанын хабарлайды.
Бұл шешім Скотт Манн Қазақстанға келгеннен кейін қабылданған алғашқы кадрлық шешімдердің бірі. Тағайындау ҚФФ-ның қазіргі басшылығымен өткен талқылау қорытындысында жүзеге асырылды.
Ержан Мұсабеков Қазақстан футболындағы 20 жылдық еңбек жолында қатардағы сарапшыдан бастап, негізгі департамент басшысына дейінгі өсу жолынан өтті. Бұл оның Дирекция алдында тұрған маңызды міндеттерді сапалы орындауға толық дайын екенін айқындайды.
Ержан Мұсабеков 1997 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын тәмамдаған. 1998-2005 жылдар аралығында ҚP Статистика агенттігінде қызмет етті.
Ол Қазақстан футбол федерациясындағы қызметін 2005 жылы бастады. Жеті жыл бойы ҚФФ Футбол клубтарын лицензиялау департаментінің инфрақұрылымдық және спорттық критерийлер жөніндегі сарапшысы лауазымын атқарды.
Ержан Мұсабеков 2013-2015 жылдары ҚФФ-ның Өңірлік федерациялармен жұмыс бөлімінде еңбек етсе, 2016 жылы Алматы қаласы Орталық стадионының спорттық-бұқаралық жұмыс бөлімін басқарды.
2017 жылдан бастап осы күнге дейін ҚФФ Футбол клубтарын лицензиялау департаментіне жетекшілік етіп, отандық командалардың УЕФА және ФИФА-ның халықаралық стандарттарына сәйкестік мәселелерін үйлестірді.
Қазақстан футбол федерациясы осы күнге дейін Дирекция жетекшісі лауазымын атқарған Бақытжан Пазылхайырға жемісті еңбегі үшін алғыс білдіреді.

👍9❤6🤔2
Футболдан Премьер-лиганың 10-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме
ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Ойын ережелеріне сәйкес 2026 жылғы Премьер-лиганың 10-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне түсіндірме берді.
«Ордабасы» - «Жетісу»
90+3-минутта айып алаңындағы эпизод қарастырылады. Доп қапталдан айып алаңына әуелете жеткізілген сәтте шабуылшы допқа ойнау үшін жоғары секіреді. Ал қорғаушы допқа ұмтылмай, оң қолын созып, қарсыласының мойын тұсына тиеді.
Бұл эпизодта қорғаушының әрекеті қарсыласын айқын бұғаттау ретінде бағаланады. Сондықтан төреші дұрыс шешім қабылдап, пенальти белгіледі.
Қорытынды: пенальти дұрыс тағайындалды.
«Қызылжар» - «Алтай»
50-минутта айып алаңындағы тағы бір тартысты сәт талданады. Қорғаушы мен шабуылшы допқа таласқа түседі. VAR жүйесінің төменгі оң жақ мониторындағы қайталауда қорғаушының алдымен доппен ойнағаны және аяғымен қарсыласына қарай қосымша қимыл жасамағаны анық көрінеді.
Керісінше, шабуылшы қозғалыс кезінде қорғаушының аяғын өзі басып кетеді. Төреші эпизодты монитордан қайта қарап, дұрыс шешім қабылдады.
Қорытынды: VAR қаралымынан кейін қабылданған шешім дұрыс.
«Қайсар» - «Тобыл»
59-минутта айып алаңындағы тағы бір жағдай қарастырылады. Бұрыштама добы ойынға енгізілер алдында қорғаушы шабуылшыны бұғаттауға тырысып, оның іш тұсына соққы жасайды. Қайталаудан бұл әрекеттің шамадан тыс күшпен жасалмағаны көрінеді.
Эпизод доп ойынға енгізілмей тұрып болғандықтан, пенальти немесе айып добы тағайындалмайды. Алайда қорғаушының әрекеті тәртіптік тұрғыда бағалануы керек еді.
Қорытынды: пенальти тағайындалмайды, бірақ ойыншыға сары қағаз көрсетілуі тиіс еді.

YouTube
ҚПЛ: 10-тур | Ойын сәттеріне түсіндірме | Нуну Каштру
• Біздің сайт – http://www.kff.kz/
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_team
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_women
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_team_futsal
• TikTok – https://tiktok.com/@kff.team
• ВКонтакте – https://vk.com/kff_team…

👍8❤3
⚡️ Қазақстан U-21 құрамасының аға жаттықтырушысы Владимир Чебурин Беларусьпен өтетін жолдастық матчтарға шақырылған футболшылар тізімін жариялады
Команданың оқу-жаттығу жиыны 30 мамырда Алматыда басталады. Құрам қатарына 25 ойыншы енді.
Қақпашылар 🧤
Дулат Талыспаев («Кеге», Дания)
Шерхан Қалмырза («Қайрат»)
Мирас Рихард («Ертіс»)
Қорғаушылар 🧱
Сұлтан Асқаров («Қайсар»)
Әли Тұрғанов («Ордабасы»)
Әмірбек Базарбаев («Қайрат»)
Данияр Ташпулатов («Қайрат»)
Санжар Әнуаров («Астана»)
Сергей Иванов («Алтай»)
Сағи Мәлікайдар («Ұлытау»)
Рамазан Кәрімов («Ертіс»)
Жартылай қорғаушылар ⚽️
Мирас Оматай («Ертіс»)
Тамерлан Ағиманов («Ертіс»)
Нұрдәулет Байбосынов («Ертіс»)
Шыңғыс Дүйсенбек («Қайрат»)
Мұхамедәлі Әбіш («Қайрат»)
Олжас Байбек («Қайрат»)
Азамат Тұяқбаев («Қайрат»)
Димаш Серікұлы («Қайсар»)
Сэйф Попов («Алтай»)
Жансұлтан Мұхаметханов («Оқжетпес»)
Шабуылшылар 🎯
Рамазан Бағдат («Қайрат»)
Ян Труфанов («Атырау»)
Артем Литош («Шахтер»)
Мансұр Бірқұрманов («Жетісу»)
Бапкерлер штабы 🔽
Владимир Чебурин – аға бапкер
Дмитрий Карпов – аға бапкердің көмекшісі
Сергей Лабодовский – аға бапкердің көмекшісі
Валерий Ситало – қақпашылар бапкері
Рустам Усманов – дене даярлығы бапкері
Біржан Хабит – сарапшы бапкер
📆 5 маусым | 🕖 19:00
🇧🇾 Беларусь U-21 – Қазақстан U-21 🇰🇿
🏟 Қала стадионы, Барановичи
➖
📆 8 маусым | 🕗 20:00
🇧🇾 Беларусь U-21 – Қазақстан U-21 🇰🇿
🏟 «Трактор» стадионы, Минск
#BizdinJigitter💛💙 | #U21

❤23👍3🔥2👏1
💪 Қазақстан футбол федерациясы Қазақстандағы Technogym брендінің ресми дистрибьюторы – Wellness Solution ЖШС-мен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды. Бұл ынтымақтастық заманауи спорт инфрақұрылымын дамытуға және жас футболшыларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған.
Келісім аясында Wellness Solution ЖШС Талғар қаласында салынып жатқан FIFA Talent Academy базасын дайындықтың халықаралық стандарттарына сай келетін Technogym компаниясының жоғары технологиялық спорттық жабдықтарымен қамтамасыз етеді.
Базаны заманауи құрылғылармен жабдықтау жаттығу үдерісіне жаңа деңгейге көтеруге, ойыншылардың физикалық дайындық сапасын арттыруға және дарынды жас футболшылармен жұмыс істеудің тиімді әдістерін енгізуге септігін тигізеді.
Бұл серіктестік Қазақстанның футбол инфрақұрылымын жүйелі түрде жаңғыртудағы және отандық футболшылардың болашақ буынын даярлаудағы негізгі жобалардың бірі – FIFA Talent Academy-ді дамыту жолындағы тағы бір маңызды қадам болмақ.

👍9❤7
Қазақстан U-19 құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеудің 🅰️ лигасында бақ сынайды
2025/26 жылғы Еуропа чемпионаты А лигасының 6-тобында Қазақстан жасөспірімдер Португалия, Сербия және Грекия құрамаларына қарсы ойнайды. Барлық матчтар Грекияның Салоники қаласында өтеді.
Қақпашылар
Никита Килджиев⚽
Камиль Гайнуллин⚽
Данила Буч⚽
Қорғаушылар
Санат Нұрболат⚽
Райымбек Кеңесбеков⚽
Абдулазиз Мамедов⚽
Алан Аракельянц⚽
Әкежан Қалиқұлов⚽
Шыңғыс Қалиев🇪🇸
Данил Соболев⚽
Хасен Артурұлы⚽
Әлихан Жексенбек⚽
Жартылай қорғаушылар
Нұрхан Қағазбаев⚽
Даниял Назаров⚽
Төре Исмағұлов⚽
Аламгир Смақов⚽
Әлиден Мұсайыпов⚽
Евгений Петрик⚽
Арафат Молдағалиев⚽
Шабуылшылар
Абылай Төлеухан⚽
Исмаил Бекболат⚽
Дәулет Орынбасар⚽
Ермұхаммад Керімхан⚽
Виталий Латурнус⚽
Дінмұхамед Махмұдов⚽
Алдияр Нұрғали🇪🇸
Ойындар кестесі:
📆 3 маусым | 🕑 14:00
🇵🇹 Португалия – Қазақстан 🇰🇿
📆 6 маусым | 🕑 14:00
🇷🇸 Сербия – Қазақстан 🇰🇿
📆 9 маусым | 🕑 20:00
🇰🇿 Қазақстан – Грекия 🇬🇷
#BizdinJigitter💛💙 | #U19
2025/26 жылғы Еуропа чемпионаты А лигасының 6-тобында Қазақстан жасөспірімдер Португалия, Сербия және Грекия құрамаларына қарсы ойнайды. Барлық матчтар Грекияның Салоники қаласында өтеді.
Қақпашылар
Никита Килджиев
Камиль Гайнуллин
Данила Буч
Қорғаушылар
Санат Нұрболат
Райымбек Кеңесбеков
Абдулазиз Мамедов
Алан Аракельянц
Әкежан Қалиқұлов
Шыңғыс Қалиев
Данил Соболев
Хасен Артурұлы
Әлихан Жексенбек
Жартылай қорғаушылар
Нұрхан Қағазбаев
Даниял Назаров
Төре Исмағұлов
Аламгир Смақов
Әлиден Мұсайыпов
Евгений Петрик
Арафат Молдағалиев
Шабуылшылар
Абылай Төлеухан
Исмаил Бекболат
Дәулет Орынбасар
Ермұхаммад Керімхан
Виталий Латурнус
Дінмұхамед Махмұдов
Алдияр Нұрғали
Ойындар кестесі:
📆 3 маусым | 🕑 14:00
📆 6 маусым | 🕑 14:00
📆 9 маусым | 🕑 20:00
#BizdinJigitter💛💙 | #U19
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤32👍1
Отандық футболда алғаш рет! ⚡
KFF YouTube-арнасында отандық төрешілердің жұмысы туралы арнайы репортаж шығады. Бас кейіпкер – FIFA санатындағы төреші Болат Сәриев.
Матч алдындағы дайындық, VAR-мен жұмыс, төрешілердің ішкі атмосферасы және алаң сыртындағы өмір – бәрі бір видеода.
Дәл қазір KFF YouTube-арнасында! 📲

Футбол төрешісімен 1 күн | Болат Сәриев | Қазақстан кубогы: 1/4 финал
• Біздің сайт – http://www.kff.kz/
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_team
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_women
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_team_futsal
• TikTok – https://tiktok.com/@kff.team
• ВКонтакте – https://vk.com/kff_team…
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_team
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_women
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_team_futsal
• TikTok – https://tiktok.com/@kff.team
• ВКонтакте – https://vk.com/kff_team…
❤18
Бұл жеңіс әлі ұмытылған жоқ 🔥
Былтыр Қазақстан U-19 құрамасының элиталық кезеңге жолдама алған тарихи сәтін еске түсірейік
#BizdinJigitter💛💙 | #U19
Былтыр Қазақстан U-19 құрамасының элиталық кезеңге жолдама алған тарихи сәтін еске түсірейік
#BizdinJigitter💛💙 | #U19
❤24🔥6👏3👍2
Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур ойындарына тағайындалған төрешілер мен инспекторлар
ҚФФ төрешілік және қадағалау департаменті 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур матчтарына қызмет көрсететін төрешілер құрамын анықтады.
27 мамыр
«Алтай» – «Астана»
Бас төреші: Сәкен Байымбет (Тараз)
Қапталдағы төрешілер: Амангелді Жүсіпов (Тараз), Антон Сысоев (Көкшетау)
Қосалқы төреші: Нұржан Жұмашев (Қызылорда)
VAR: Антон Кучма (Көкшетау)
AVAR: Наргис Магау (Алматы)
Инспектор: Сергей Пасько (Алматы)
«Ертіс» – «Ұлытау»
Бас төреші: Саят Қарабаев (Астана)
Қапталдағы төрешілер: Сергей Васютин (Алматы), Ринат Якбаров (Семей)
Қосалқы төреші: Дмитрий Вишняков (Семей)
VAR: Георгий Чеховский (Астана)
AVAR: Данил Горда (Көкшетау)
Инспектор: Сергей Цареградский (Алматы)
28 мамыр
«Оқжетпес» – «Ақтөбе»
Бас төреші: Александр Затула (Өскемен)
Қапталдағы төрешілер: Станислав Лесив (Семей), Артем Волков (Атырау)
Қосалқы төреші: Марал Әбдікеров (Қызылорда)
VAR: Нариман Талапкеров (Орал)
AVAR: Дмитрий Быстров (Қарағанды)
Инспектор: Елеш Құсайынов (Астана)
«Қызылжар» – «Жетісу»
Бас төреші: Данияр Сахи (Қызылорда)
Қапталдағы төрешілер: Данияр Серікболов (Семей), Әлішер Мыңбаев (Тараз)
Қосалқы төреші: Владимир Никлевич (Петропавл)
VAR: Марат Ысқақов (Астана)
AVAR: Руслан Сұлтанғалиев (Атырау)
Инспектор: Анатолий Вишниченко (Қостанай)
«Атырау» – «Тобыл»
Бас төреші: Айдын Тасыбаев (Астана)
Қапталдағы төрешілер: Евгений Филипчук (Шымкент), Нұржан Жүнісов (Астана)
Қосалқы төреші: Сергей Попов (Астана)
VAR: Сергей Ноженко (Талдықорған)
AVAR: Иван Навроцкий (Астана)
Инспектор: Болат Қарлыбаев (Орал)
«Жеңіс» – «Каспий»
Бас төреші: Саят Суликанов (Ақтөбе)
Қапталдағы төрешілер: Иван Гриценко (Қостанай), Евгений Карлов (Павлодар)
Қосалқы төреші: Диас Құстаев (Орал)
VAR: Денис Измайлов (Талдықорған)
AVAR: Дмитрий Филоненко (Тараз)
Инспектор: Виктор Заякин (Семей)
«Қайсар» – «Елімай»
Бас төреші: Бағдат Абдуллаев (Тараз)
Қапталдағы төрешілер: Алексей Шабанов (Алматы), Виктор Стасенко (Талдықорған)
Қосалқы төреші: Ерәділ Тілеуов (Қызылорда)
VAR: Антон Молтусинов (Өскемен)
AVAR: Кирилл Ткачев (Алматы)
Инспектор: Сергей Уфимцев (Алматы)
«Ордабасы» – «Қайрат»
Бас төреші: Болат Сәриев (Орал)
Қапталдағы төрешілер: Денис Лабашов (Атырау), Сергей Калачев (Атырау)
Қосалқы төреші: Михаил Бильдинов (Қарағанды)
VAR: Денис Тевяшов (Орал)
AVAR: Арман Есмұратов (Астана)
Инспектор: Серік Жаппасбаев (Қызылорда)

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔥 Абраев, Әмір, Сатанов және Сәтпаев – нақты тізімде!
📋 Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айындағы Армения және Мажарстанмен өтетін жолдастық кездесулерге шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.
Бапкерлер штабы:
🔹Талғат Байсуфинов – бас бапкер
🔹Иван Азовский – бас бапкердің көмекшісі
🔹Марат Еслямов – бас бапкердің көмекшісі
🔹Елдос Ахметов – бас бапкердің көмекшісі
🔹Юрий Новиков – қақпашылар жаттықтырушысы
🔹Мұхтар Ерімбетов – дене даярлығы бапкері
📍Оқу-жаттығу жиыны 29 мамыр мен 4 маусым аралығында Шымкент қаласында өтеді.
📅 6 маусым
🇦🇲 Армения 🆚 Қазақстан 🇰🇿
🏟 Вазген Саркисян атындағы республикалық стадион, Ереван
➖
📅 9 маусым
🇭🇺 Мажарстан 🆚 Қазақстан 🇰🇿
🏟 «Надьердеи» стадионы, Дебрецен
#BizdinJigitter 💛💙
📋 Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айындағы Армения және Мажарстанмен өтетін жолдастық кездесулерге шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.
Бапкерлер штабы:
🔹Талғат Байсуфинов – бас бапкер
🔹Иван Азовский – бас бапкердің көмекшісі
🔹Марат Еслямов – бас бапкердің көмекшісі
🔹Елдос Ахметов – бас бапкердің көмекшісі
🔹Юрий Новиков – қақпашылар жаттықтырушысы
🔹Мұхтар Ерімбетов – дене даярлығы бапкері
📍Оқу-жаттығу жиыны 29 мамыр мен 4 маусым аралығында Шымкент қаласында өтеді.
➖
#BizdinJigitter 💛💙
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤38🔥2⚡1
Маусымда ұлттық құрамалар футболы қайта оралады ⚡️
Күнтізбені сақтап, матчтарды өткізіп алмаңыз 😎
#BizdinJigitter💛💙

🔥24❤3👍1