Футболдан Премьер-лиганың 8-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме
ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Ойын ережелеріне сәйкес 2026 жылғы Премьер-лиганың 8-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне түсіндірме берді.

YouTube
ҚПЛ: 8-тур | Ойын сәттеріне түсіндірме | Нуну Каштру
• Біздің сайт – http://www.kff.kz/
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_team
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_women
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_team_futsal
• TikTok – https://tiktok.com/@kff.team
• ВКонтакте – https://vk.com/kff_team…

❤13👍1
📌 «Академия Оңтүстік» – «Тараз» матчының төрешілері ҚФФ аясындағы ойындардан шеттетілді
Қазақстан футбол федерациясы Бірінші лиганың 2026 жылғы маусымындағы 4-тур аясында өткен «Академия Оңтүстік» пен «Тараз» командалары арасындағы кездесуді сараптау қорытындысы бойынша шешім қабылданғанын хабарлайды.
Төрешілердің жұмысын бағалау нәтижесінде бас төреші Николай Дышкант пен оның көмекшісі Дмитрий Дышканттың іс-әрекеттеріне берілген бағаны төмендету туралы шешім қабылданды. Екі төреші де белгісіз мерзімге ҚФФ аясындағы матчтарға төрелік етуден шеттетілді.
#KFF

👍17❤4👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿💪 Ұлттық құрама Шымкентте жиналады
Қазақстан ұлттық құрамасы 29 мамыр мен 4 маусым аралығында Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Маусым айында команда Армения (6 маусым) және Мажарстан (9 маусым) құрамаларына қарсы сырт алаңда жолдастық кездесулер өткізеді ⚽️
#BizdinJigitter💛💙

❤19👍1
🔥 Абраев, Әмір, Нұрымбет және Мағжан Тоқтыбай – кеңейтілген тізімде!
📋 Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айындағы Армения және Мажарстанға қарсы жолдастық кездесулерге шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.
Кеңейтілген құрамға 3️⃣6️⃣ футболшы енді.
Қақпашылар 🧤
Темірлан Анарбеков («Қайрат»)
Бекхан Шайзада («Ордабасы»)
Мұхамеджан Сейсен («Астана»)
Александр Заруцкий («Ақтөбе»)
Қорғаушылар 🛡
Александр Мрынский («Қайрат»)
Еркін Тапалов («Қайрат»)
Арсен Әшірбек («Елімай»)
Әділбек Жұмаханов («Елімай»)
Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»)
Сергей Малый («Ордабасы»)
Бағдат Қайыров («Ақтөбе»)
Әлібек Қасым, Ян Вороговский («Астана»)
Нұралы Әліп («Зенит», Ресей)
Санжар Сатанов («Атырау»)
Сағи Совет («Қайсар»)
Жартылай қорғаушылар ⚽️
Айбол Әбікен («Қайсар»)
Батырхан Тәжібай («Қайсар»)
Исламбек Қуат («Жеңіс»)
Дінмұхаммед Қараман («Астана»)
Станислав Басманов («Астана»)
Бауыржан Исламхан («Астана»)
Серікжан Мужиков («Жетісу»)
Рамазан Оразов («Елімай»)
Алмас Төлібай («Елімай»)
Әділет Садыбеков («Қайрат»)
Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»)
Шабуылшылар 🎯
Роман Муртазаев («Елімай»)
Иван Свиридов («Елімай»)
Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия)
Дастан Сәтпаев («Қайрат»)
Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»)
Жасұлан Әмір («Ордабасы»)
Мақсат Абраев («Астана»)
Ғалымжан Кенжебек («Ахмат», Ресей)
Максим Самородов («Ахмат», Ресей)
📍Оқу-жаттығу жиыны 29 мамыр мен 4 маусым аралығында Шымкент қаласында өтеді.
📅 6 маусым
🇦🇲 Армения 🆚 Қазақстан 🇰🇿
🏟 Вазген Саркисян атындағы республикалық стадион, Ереван
➖
📅 9 маусым
🇭🇺 Мажарстан 🆚 Қазақстан 🇰🇿
🏟 «Надьердеи» стадионы, Дебрецен
#BizdinJigitter 💛💙

❤30🔥6👍3👏1🤯1🎉1
🎙Иван Азовский: «Премьер-лигада жақсы өнер көрсеткен жас ойыншылар Ұлттық құрамаға шақырылды»
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің көмекшісі Иван Азовский маусым айында Армения және Мажарстан құрамаларына қарсы өтетін жолдастық кездесулерге қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізіміне қатысты пікірін айтты.

«Отыз алты ойыншыдан тұратын кеңейтілген тізім жарияланды. Бұл жай ғана 36 футболшы емес, FIFA Series турнирінен кейін үнемі бақылауда болған ойыншылар. Сондықтан бұл тізімге Жасұлан Әмір, Мақсат Абраев, Мағжан Тоқтыбай секілді жас футболшылардың енуі кездейсоқ емес. Олар Премьер-лига матчтарында өздерін жақсы қырынан көрсетіп жүр. Бірі алаңға қосалқы құрамнан шығып ойнаса, енді бірі толық матч өткізіп, тұрақты деңгей көрсетіп келеді.
Абраев әлі жас болғанымен, оның көрсеткіштері ҚПЛ-дағы үздік ойыншылардың деңгейіне жақын екенін байқалады. Сол себепті бұл жігіттерді жақыннан көріп, тексергіміз келеді. Әрине, соңғы құрамға кімнің енетіні кейін белгілі болады.
Дегенмен, олар осы қарқыннан таймай, өздерін дәл осылай көрсете берсе, ұлттық құраманың бақылауында болады. Шамамен оқу-жаттығу жиынына екі апта қалғанда нақты тізім жарияланады. Оған дейін Талғат Маруаұлымен бірге барлық үміткерді қарап, талқылаймыз. Матчтарға бірге барып, әр ойыншыны жаттықтырушылар штабымен бірге онлайн режимде талдап отырамыз. Сондықтан кеңейтілген тізімге де ешкім кездейсоқ енбейді.
Тағы бір жақсы жаңалық, оқу-жаттығу жиыны Шымкентте өтеді. Ереван мен Дебрецендегі матчтар да табиғи алаңда өтетіндіктен табиғи алаңда жаттығуды жөн көрдік», – деді Азовский.
#BizdinJigitter 💛💙
🔥18❤7👍4👏1
Қазақстан Премьер-лигасының 9-тур ойындарына тағайындалған төрешілер мен инспекторлар
ҚФФ төрешілік және қадағалау департаменті 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 9-тур матчтарына қызмет көрсететін төрешілер құрамын анықтады.
9 мамыр
Оқжетпес – Атырау
Бас төреші: Арман Есмұратов (Астана)
Қапталдағы төрешілер: Алишер Мыңбаев (Тараз), Виктор Стасенко (Талдықорған)
Қосалқы төреші: Станислав Пучков (Петропавл)
VAR: Саят Қарабаев (Астана)
AVAR: Дмитрий Филоненко (Тараз)
Инспектор: Сергей Цареградский (Алматы)
Жетісу – Жеңіс
Бас төреші: Денис Тевяшов (Орал)
Қапталдағы төрешілер: Вячеслав Равдель (Орал), Артем Волков (Атырау)
Қосалқы төреші: Біржан Сержанұлы (Алматы)
VAR: Нариман Талапкеров (Орал)
AVAR: Станислав Лесив (Семей)
Инспектор: Александр Гаузер (Петропавл)
Елімай – Каспий
Бас төреші: Георгий Чеховский (Астана)
Қапталдағы төрешілер: Самат Тергеусізов (Алматы), Наргис Мағау (Алматы)
Қосалқы төреші: Дмитрий Вишняков (Семей)
VAR: Айдын Тасыбаев (Астана)
AVAR: Дмитрий Быстров (Қарағанды)
Инспектор: Анатолий Ходин (Атырау)
Астана – Қызылжар
Бас төреші: Данил Горда (Көкшетау)
Қапталдағы төрешілер: Алексей Шабанов (Алматы), Нұрдәулет Арынханов (Алматы)
Қосалқы төреші: Муродбек Халилов (Шымкент)
VAR: Антон Молтусинов (Өскемен)
AVAR: Евгений Карлов (Павлодар)
Инспектор: Руслан Дұзмамбетов (Өскемен)
Тобыл – Ертіс
Бас төреші: Данияр Сахи (Қызылорда)
Қапталдағы төрешілер: Антон Сысоев (Көкшетау), Мансур Сайдулаев (Қарағанды)
Қосалқы төреші: Ануар Қазбеков (Қостанай)
VAR: Саят Суликанов (Ақтөбе)
AVAR: Иван Навроцкий (Астана)
Инспектор: Асхат Абданбаев (Тараз)
10 мамыр
Ұлытау – Қайрат
Бас төреші: Антон Кучма (Көкшетау)
Қапталдағы төрешілер: Денис Лабашов (Атырау), Евгений Кольев (Павлодар)
Қосалқы төреші: Михаил Бильдинов (Қарағанды)
VAR: Денис Измайлов (Талдықорган)
AVAR: Юрий Тихонюк (Ақтөбе)
Инспектор: Болат Қарлыбаев (Орал)
Алтай – Ордабасы
Бас төреші: Марат Ысқақов (Астана)
Қапталдағы төрешілер: Сергей Калачев (Атырау), Ринат Якбаров (Семей)
Қосалқы төреші: Ерәділ Тілеуов (Қызылорда)
VAR: Бағдат Абдуллаев (Тараз)
AVAR: Нұржан Жүнісов (Астана)
Инспектор: Сергей Уфимцев (Алматы)
Ақтөбе – Қайсар
Бас төреші: Александр Затула (Өскемен)
Қапталдағы төрешілер: Дмитрий Будниченко (Павлодар), Иван Филатов (Қарағанды)
Қосалқы төреші: Диас Кұстаев (Орал)
VAR: Болат Сариев (Орал)
AVAR: Сергей Васютин (Алматы)
Инспектор: Сергей Пасько (Алматы)

❤16🤩3
🎙Юлия Мамонова: «Халықаралық турнирлер жас ойыншылардың өсуіне үлкен тәжірибе береді»
16 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының аға бапкері Юлия Мамонова Талғардағы ҚФФ Ұлттық құрамалар базасында өткен УЕФА Даму турнирін қорытындылады.
Қазақстан WU-16 құрамасы алғашқы ойында Эстония қыздарын 5:1 есебімен жеңгенімен, қалған екі ойында Израиль мен Өзбекстанға есе жіберді. Осылайша, үш ұпаймен жарысты екінші орында аяқтады.
#BizdinQyzdar💛💙

– Команданың турнирдегі ойынына қандай баға берер едіңіз?
– Жалпы, команданың ойынына оң баға беремін. Біз үшін бұл турнир ойыншыларды дамыту мен халықаралық деңгейде команданы тексеру тұрғысынан өте маңызды болды. Қыздар жоғары деңгейдегі матчтарда ойнап, қазіргі халықаралық футболдың талаптарын көрді. Қысым мен жоғары қарқын жағдайында өздерін сынады. Сонымен қатар бұл турнир бізге әлі де жұмыс істеу керек тұстарды көрсетті. Атап айтқанда, ойын тұрақтылығы, қысым кезінде дұрыс шешім қабылдау және 90 минут бойы ойын құрылымын сақтап қалу мәселелері бар.
– Турнир Эстонияны ірі есеппен жеңуден басталды. Сенімді старт қаншалықты маңызды болды?
– Жарысты жеңіспен бастау әрқашан маңызды. Әсіресе құраманың жартысына жуығы ұлттық командаға алғаш рет шақырылған жас ойыншылар. Алғашқы ойындағы жеңіс қыздарға сенімділік берді. Турнир деңгейін сезінуге және өз күшіне сенуге көмектесті. Бірақ келесі матчтарда қарсыластар деңгейі күшейетінін түсіндік. Сондықтан эмоцияға берілмей, ойыннан ойынға дамуға көңіл бөлдік.
– Келесі екі ойында командаға не жетіспеді?
– Израильге қарсы матчта негізгі фактор қарсыластың жоғары қарқыны мен жақсы физикалық дайындығы болды. Біз жақсы қарсылық көрсеттік, бірақ 1:1 есебін сақтап қалуға концентрация жетіспеді. Екінші таймның соңғы минутында гол жіберіп алдық.
Өзбекстанмен өткен ойында кей сәттерде допсыз ойындағы жинақылық, орталық аймақты уақытында жабу және қорғаныстан шабуылға ауысуда тұрақтылық жетіспеді. Кей ойыншылар үшін бұл осындай деңгейдегі алғашқы халықаралық матчтар болды. Сондықтан бүкіл ойын бойы эмоциялық және ойын қысымына төтеп беру оңай болған жоқ. Бірақ дәл осындай кездесулер ойыншылардың өсуіне ең көп тәжірибе береді.
– Жас футболшылар үшін халықаралық турнирлерде ойнау қаншалықты маңызды?
– Бұл – жас ойыншыларды дамытудың ең маңызды кезеңдерінің бірі. Халықаралық турнирлер футболшыларға қазіргі футболдың нақты талаптарын көрсетеді. Яғни ойын жылдамдығы, қарқын, жекпе-жек деңгейі, шешім қабылдау және психологиялық тұрақтылық сияқты дүниелерді сезінеді. Осындай матчтарда мінез қалыптасады, сенімділік артады және футболға деген кәсіби көзқарас пайда болады. Көп ойыншы дәл осындай тәжірибе арқылы болашақта жоғары деңгейге шығу үшін қай бағытта жұмыс істеу керек екенін түсінеді.
#BizdinQyzdar💛💙
❤15
Футболдан Премьер-лиганың 9-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме
ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Ойын ережелеріне сәйкес 2026 жылғы Премьер-лиганың 9-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне түсіндірме берді.

ҚПЛ: 9-тур | Ойын сәттеріне түсіндірме | Нуну Каштру
• Біздің сайт – http://www.kff.kz/
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_team
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_women
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_team_futsal
• TikTok – https://tiktok.com/@kff.team
• ВКонтакте – https://vk.com/kff_team…
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_team
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_women
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_team_futsal
• TikTok – https://tiktok.com/@kff.team
• ВКонтакте – https://vk.com/kff_team…
❤4
Forwarded from KFF Esports
Тарихи дебют: Қазақстан чемпионы тұңғыш рет eChampions League турнирінде өнер көрсетеді 🇰🇿
Қазақстан киберфутболы өз тарихында жаңа белес бағындыруда. Тарихта тұңғыш рет өткен еҚПЛ жарысының жеңімпазы, «Шахтер» клубының өкілі Данияр «DAN1K» Шарабадин Еуропадағы ең беделді киберфутбол жарыстарының бірі – eChampions League турниріне қатысатын алғашқы ойыншы атанды.
Турнирдің бірінші кезеңі 15-16 мамыр аралығында Манчестерде өтеді. Онда ұлттық лигалар мен іріктеу кезеңдерінен өткен Еуропаның ең мықты ойыншылары жиналады. Данияр Еуропаның беделді клубтарының өкілдерімен бақ сынасады:
1-күн (15 мамыр):
BONANNO («Манчестер Сити», Англия)
MILKALOVE («Хольштайн Киль», Германия)
CHRIS DE BOER («Аякс», Нидерланд)
2-күн (16 мамыр):
DFERNANDES («Кадис», Испания)
YULITE42 («Нефтчи», Әзербайжан)
LEVI DE WEERD («Труа», Франция)
Турнирдің жалпы жүлде қоры 281 000 долларды құрайды. Манчестердегі топтық кезеңнен өткен қатысушылар жарысты Будапештегі финалдық турнирде жалғастырады.
Барлық матчтарды Twitch және YouTube желілеріндегі eSports KFF арналарынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

❤21👍2🔥2
Еліміздегі ең ірі футбол жобаларының бірі «Қазақстан Әуесқой лигасының» жаңа маусымы басталды
Былтыр басталған жоба биыл дәстүрлі түрде жалғасып, ШҚО және Алматы, Шымкент қалаларында «Қазақстан Әуесқой лигасы» ойындары басталды.
Шымкентте лигаға қызығушылық жоғары. Былтыр турнирге 17 команда қатысса, биыл бас жүлде үшін 27 команда бақ сынауда. Командалар екі топқа бөлініп, жарыс айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылған.
Матчтар қаладағы «Металлург», ФЦ «Ордабасы», «Ремонтник», «Локомотив» стадиондарында, сондай-ақ қала маңындағы «Томирис» (Айбек Данбай атындағы) және «Ұлан» (Мұхтар Оразалиев атындағы) стадиондарында өтуде. Барлық ойын тікелей эфирде көрсетіледі. Қазіргі уақытта А лигасында Kaspinet, ал Б лигасында «Ақсукент» командалары турнир кестесінде көш бастап тұр.
Алматы қаласында А лигасында 12 команда өнер көрсетуде. Ойындар Jas Qyran және Akas Arena стадиондарында ұйымдастырылуда. Барлық матч тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Қазіргі таңда DN Motors командасы турнир кестесінде бірінші орында келеді. Сонымен қатар, жергілікті федерация жеңімпаз командаға республикалық кезеңге қатысу үшін 500 000 теңге көлемінде сыйақы береді.
ШҚО-дағы «Қазақстан Әуесқой лигасында» 9 команда бақ сынауда. Матчтар «Алтай», «Локомотив» және «Восток» стадиондарында өтуде. Жүлделі орын иегерлеріне жалпы қоры 1 000 000 теңге болатын сыйақы қарастырылған.
«Қазақстан Әуесқой лигасы» – еліміздегі бұқаралық футболды дамытуға бағытталған маңызды жоба. Лига әуесқой командаларға тұрақты түрде жарысқа қатысуға мүмкіндік беріп, өңірлердегі футболдың дамуына серпін береді. Сонымен қатар, жоба талантты ойыншыларды анықтап, олардың кәсіби футболға қадам жасауына жол ашады.

👍13❤7
Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: үздіктер ҚФФ академиясының U-15 командасына іріктеуге қатысады
Қызылорда қаласында 2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды.
Чемпионатты ұйымдастырған ҚФФ элиталық жасөспірімдер футболы бөлімінің директоры Евгений Свешниковтың айтуынша,турнир футбол мектептерінде тәрбиеленіп жатқан ойыншылардың әлеуетін бағалап, жан-жақты сараптауға мүмкіндік берді.
«Біз ең талантты әрі болашағынан үміт күттіретін футболшыларды анықтап, олардың профайлдарын толтырып, Easy coach платформасындағы деректер базасына енгіземіз. Кейін бұл ойыншылар Қазақстан футбол федерациясы Академиясының U-15 командасына іріктеудің финалдық кезеңіне шақырылады.», деді Е.Свешников.
Чемпионат қорытындысымен Астана қаласының құрамасы 1-орынды,Шымкент қаласының құрамасы 2-орынды,Жамбыл облысы құрамасы 3 орынды иеленді.
«Үздік қақпашы» – Субхон Тургунов (Шымкент); «Үздік қорғаушы» – Еділ Рыздаулет (Қызылорда); «Үздік жартылай қорғаушы» – «Айбар Жетпісбаев» (Жетісу); «Үздік шабуылшы» – Иван Коротков (Шымкент); «Үздік бомбардир» – Бақтияр Қадырбек (Жамбыл); «Үздік ойыншы» – Артур Голотойстров (Астана).
Турнир жас футболшылардың ойын тәжірибесін жинап, өз әлеуетін танытуға мүмкіндік болды.
Айта кету керек, алдағы уақытта 2010, 2011, 2013 және 2014 жылы туған жас санаттары бойынша қалған төрт турнир Ақтөбе, Павлодар, Петропавл және Шымкент қалаларында өтеді.

❤12
🏆🇰🇿 Стас Покатилов – Әзербайжан чемпионы әрі Кубок иегері!
Ұлттық құраманың қақпашысы «Сабах» сапында тарихи маусым өткізді. Команда алғаш рет ел чемпионы атанып, кейін Кубокты да жеңіп алып, «алтын дубль» жасады. ✨
Кубок финалында Стас нәтижелі пас авторы атанып, жеңіс голына үлес қосты. 👏

🔥36❤14👍8
Кәсіби футбол клубтарының басшыларымен өткен жұмыс кездесуі туралы
2026 жылдың 14 мамырында Қазақстан футбол федерациясы Премьер-лига және Бірінші лига клубтарының басшыларымен онлайн форматта жұмыс кездесуін өткізді. Жиын 2026 жылдың 12 мамырында клубтардан түскен төрешілік пен матчтарды ұйымдастыру сапасына қатысты ұжымдық хатқа байланысты ҚФФ бастамасымен өтті.
Кездесуге Қазақстан футбол федерациясы бас хатшысының міндетін атқарушы Александр Кеплин, Кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясының жетекшісі Бақытжан Пазылхайыр және төрешілік, қадағалау және VAR дамыту департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру, сондай-ақ хатқа қол қойған клубтардың басшылары қатысты.
Жиын барысында әр клубқа өз ұстанымын толық жеткізуге мүмкіндік берілді. Барлық клуб өкілі бұл хатты ультиматум ретінде қарастырмайтынын және Федерация басшылығына кадрлық мәселелер бойынша қандай да бір талап қоймайтынын айтты. Клуб басшыларының басым бөлігі бұл хат Федерациямен ішкі коммуникация орнату үшін жазылғанын және ашық кәсіби диалогқа мүдделі екенін жеткізді.
ҚФФ төрешілік, қадағалау және VAR дамыту департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру клубтарға департаменттің жұмыс жүйесін таныстырды. Атап айтқанда, төрешілердің жұмысын бағалау тәртібі, УЕФА стандарттары бойынша фитнес-тесттер, ойын ережелеріне қатысты тесттер мен видеотесттер, инспекторлардың жұмысы, сондай-ақ төрешілерді оқыту және сертификаттау тәсілдері туралы ақпарат берілді. Федерация қолданатын барлық стандарт пен құралдар УЕФА талаптарына толық сәйкес келетіні және Еуропаның жетекші футбол федерацияларында пайдаланылатыны айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Федерация төмендегі бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруды ұсынып, тараптар бұл бастамаларды қолдады:
Клубтың сұранысы бойынша төрешілік департаментінің директоры әр клубпен жеке жұмыс кездесулерін өткізіп, нақты ойын эпизодтарын Hawk-Eye жүйесі арқылы УЕФА материалдарымен салыстыра отырып талдайды;
Әр турдан кейін төрешілер шешімдеріне, оның ішінде қателіктерге қатысты тұрақты видеоанализ жариялау жалғасады;
Клуб басшылары мен Федерацияның профильді департаменттері арасында тек төрешілікке емес, коммерциялық регламент, инфрақұрылымдық бағдарламалар және кәсіби футболды дамытуға қатысты басқа да мәселелерді қамтитын тұрақты жұмыс кездесулері қайта басталады;
Федерация клубтар ұсынған кез келген нақты эпизодты белгіленген тәртіппен жұмыс диалогы аясында қарастыруға ашық екенін растады.
Федерация төрешілік департаменті директорына қатысты кадрлық өзгерісті қарастырмайды. Қазақстан футбол федерациясы қазіргі басшылыққа сенім білдіре отырып, төрешілік реформасын қолдауды жалғастырады. Бұл реформа төрешілік сапасын арттыруға, ашықтықты күшейтуге және төрешілер жұмысының барлық процесін УЕФА стандарттарына сәйкестендіруге бағытталған.
Қазақстан футбол федерациясы клубтармен кәсіби диалогты дамытуға мүдделі екенін тағы бір мәрте атап өтеді. Федерация клубтарды отандық футболды дамытудың негізгі серіктестері ретінде қарастырады. Сонымен қатар, чемпионат сапасын, оның коммерциялық тартымдылығын әрі жанкүйерлер сенімін арттыру бағытындағы ортақ жұмысты басты басымдықтардың бірі деп санайды.

❤20👍1
🇰🇿 Ұлттық құраманың қорғаушысы Михаил Габышев футболшы ретіндегі кәсіби мансабын аяқтады
Михаил Габышев Қазақстан ұлттық құрамасының жейдесінде 12 матч өткізіп, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды. Оның ең есте қалған сәттерінің бірі – Ұлттар лигасында Беларусь қақпасына соққан голы. Сол кездесуде Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Футболшы мансабында «Шахтер», «Атырау», «Астана», «Каспий» және «Елімай» командаларында ойнады.
Қазақстан футболына қосқан үлесі мен ұлттық құрамадағы еңбегі үшін алғыс білдіреміз.
Рақмет, Миша! 👏

❤34😢8👍4
Forwarded from KFF Esports
Данияр Шарабадин Чемпиондар Лигасындағы жорығын бастайды 🤩🎮
«Шахтер» сапында Қазақстан чемпионы атанған DAN1K бүгін 3 ойын өткізеді:
21:10 vs. Bonanno («Манчестер Сити»)
23:10 vs. Chris de Boer («Хольштайн Киль»)
01:10 vs. Milkalove («Аякс»)
Барлық матчтарды Twitch және YouTube желілеріндегі eSports KFF арналарынан тікелей эфирде тамашалауға болады 📺

❤18
🇰🇿 Ислам Чесноков – Шотландия чемпионатының күміс жүлдегері! 🥈
Ұлттық құраманың шабуылшысы «Хартс» сапында маусымды сәтті аяқтап, Еурокубок жолдамасына ие болды. 👏
Келесі маусымда «Хартс» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынайды. ⚽️
Биыл қаңтар айында «Хартс» сапына ауысқан Ислам Чесноков 10 матч өткізіп, 1 гол соқты.

❤60😢12🔥11👍1
🏆🇰🇿 Нұралы Әліп – Ресей чемпионы!
Ұлттық құрама капитаны «Зенит» сапында Ресей Премьер-лигасының жеңімпазы атанды 👏
Бұл – Нұралының Санкт-Петербург клубымен бірге жеңіп алған төртінші чемпиондығы. 💪
Құттықтаймыз, Нұралы! Жаңа жеңістер көп болсын! 🙏🏼

❤30🔥10
🇰🇿 Қазақстан U-21 құрамасы Беларуське қарсы екі жолдастық матч өткізеді
21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы маусым айында Беларусь құрамасына қарсы екі халықаралық жолдастық кездесуде алаңға шығады.
📆 5 маусым | 🕖 19:00
🇧🇾 Беларусь U-21 — 🇰🇿 Қазақстан U-21
🏟 Қала стадионы, Барановичи
📆 8 маусым | 🕗 20:00
🇧🇾 Беларусь U-21 — 🇰🇿 Қазақстан U-21
🏟 «Трактор» стадионы, Минск
Команда 30 мамыр күні Талғар қаласында оқу-жаттығу жиынын бастайды.

🔥13❤5👎4
📌 Александр Кеплин УЕФА Еуропа Лигасы финалының делегаты болып тағайындалды
Қазақстан футбол федерациясы бас хатшысының міндетін атқарушы Александр Кеплин Германияның «Фрайбург» және Англияның «Астон Вилла» командалары арасындағы УЕФА Еуропа Лигасының финалдық матчына делегат болып тағайындалды.
УЕФА Еуропа Лигасының 2025/26 жылғы маусымының жеңімпазын анықтайтын бұл шешуші ойын 21 мамыр күні Ыстанбұлдағы «Бешікташ» стадионында өтеді. Матчтың басталуы – Қазақстан уақытымен түнгі сағат 00:00-де.
Александр Кеплин 2018 жылдың наурыз айынан бері УЕФА матчтарында делегат ретінде қызмет атқарып келеді.
Қазақстандық УЕФА делегаттарының еурокубоктардың мұндай маңызды бәсекелеріне тағайындалуы бірінші рет емес. Бұған дейін, 2023 жылы Олжас Абраев Англияның «Манчестер Сити» мен Испанияның «Севилья» ұжымдары арасындағы УЕФА Суперкубогы матчында делегат болып жұмыс істеген.
Айта кету керек, УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.

❤17👍5
📚ҚФФ өкілдері Польшадағы UEFA Share білім беру семинарына қатысты
2026 жылғы 11-15 мамыр аралығында Польшаның Гданьск қаласында UEFA Share бағдарламасы аясында «Бапкерлерді оқыту – қосымша кәсіби даму» тақырыбындағы білім беру семинары өтті.
Іс-шараға УЕФА-ға мүше 12 ұлттық қауымдастықтың өкілдері қатысты. Олардың қатарында Әзербайжан, Кипр, Англия, Фарер аралдары, Исландия, Қазақстан, Латвия, Нидерланд, Румыния, Шотландия, Словения, Испания және Швейцария бар.
Семинар жұмысына УЕФА нұсқаушысы ретінде Қазақстан футбол федерациясының техникалық директоры Геннадий Скуртул қатысты. Ол UEFA Share бағдарламасының сарапшылар тобының мүшесі болып саналады.
Қазақстан атынан семинарға ҚФФ-ның бапкерлерді оқыту бөлімінің жетекшісі Станислав Погорелов та қатысты.
Семинар бағдарламасы бапкерлер мен нұсқаушылардың үздіксіз білім алу жүйесін дамытуға, халықаралық тәжірибе алмасуға, заманауи оқыту модельдерін енгізуге және ұлттық қауымдастықтардағы кәсіби даму мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы маусым айында Әзербайжанға қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді.
Ұжымның оқу-жаттығу жиыны 2 маусым күні Талғардағы ұлттық құрамалар базасында басталады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤20