KFF Team
7.28K subscribers
5.24K photos
247 videos
830 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
🇰🇿 ҚФФ Қазақстан ұлттық құрамаларына арналған жаңа ойын формасын таныстырды

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамаларға арналған жаңа ойын формаларын таныстырды. Adidas компаниясы UEFA-ның UEFA Kit Assistance Scheme бағдарламасы аясында жаңа жиынтықты дайындады.

Жаңа экипировка үйдегі ойындарға (сары түсті) және сырт алаңдағы (көк түсті) кездесулерге арналған екі жиынтықтан тұрады. Қазақстан құрамасы аталған бағдарлама аясында Adidas компаниясынан форма алған Еуропаның он ұлттық құрамасының қатарына енді. Ұлттық құрамалар жаңа формамен алдағы екі жыл бойы өнер көрсетеді.

UEFA Kit Assistance Scheme - ұлттық қауымдастықтарды қолдауға бағытталған және олардың қажеттілігіне сай заманауи спорттық киіммен қамтитын бағдарлама. Сонымен қатар, қатысушыларға Adidas Locker Room сервисі қолжетімді. Бұл жүйе арқылы жеке дизайндағы экипировкаларды әзірлеуге және тапсырыс беруге болады.

Ұлттық құраманың жаңа формадағы алғашқы матчы маусымда өтеді. Қазақстан құрамасы жолдастық кездесулерде Армения және Венгрия құрамаларына қарсы алаңға шығады.
👎54🤮25🔥108👍4👏1🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа жейдеміз дайын 😍

Жігіттеріміз бен қыздарымыз дәстүрлі сары және көк түстегі жейдеде ел намысын қорғайды 🇰🇿

#BizdinJigitter💛💙
👎7316🤮7🔥3🤯2😢1
«ҚМДБ Алаш» командасы - «ҚФФ Достық кубогының» иегері

Астанада елімізде тұратын түрлі діни конфессиялар арасында «ҚФФ Достық кубогы» өтті. Бұл турнир дін өкілдері арасындағы өзара түсіністікті нығайтқан маңызды алаң ретінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Жарысқа 9 конфессияны таныстыратын 15 команда қатысты. Олардың арасынан «ҚМДБ Алаш» командасы «ҚФФ Достық кубогын» жеңіп алды. Сондай-ақ «Бахаи Астана» командасы 2-орынды, «Catholic Team» командасы 3-орынды иеленді.

Мұндай дода УЕФА-ға мүше елдер арасынан Қазақстан, Израиль және Англияда ұйымдастырылып келеді. Қазақстан конфессиялар мен қатысушы команда санынан көш бастап тұр. Турнирдің бас серіктесі – «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры.

Айта кету керек, «ҚФФ Достық кубогы» еліміздегі діни бірлестіктер арасындағы келісім, бейбітшілік және достық құндылықтарын насихаттау, олардың арасындағы байланысты дамыту және нығайту мақсатында өтті.
👍148
Қазақстан WU-16 құрамасы УЕФА Халықаралық даму турнирінде бақ сынайды ✊🏾

🇰🇿 Турнирге Қазақстаннан бөлек Эстония 🇪🇪, Израиль 🇮🇱 және Өзбекстан 🇺🇿қыздар құрамалары қатысады.

🏟️ Матчтар 3, 5 және 8 мамыр күндері Талғардағы ҚФФ Ұлттық құрамалар базасында өтеді.

#BizdinQyzdar💛💙 | #WU16
17
ҚПЛ: 20-тур аясындағы «Қайсар» – «Қайрат» матчына төрешілер тағайындалды

ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаменті 2026 жылғы ҚПЛ-дың 20-туры аясындағы кейінге қалдырылған «Қайсар» – «Қайрат» матчының төрешілер құрамын анықтады.

6 мамыр
Қайсар – Қайрат

Бас төреші: Айдын Тасыбаев (Астана)
Қапталдағы төрешілер: Дмитрий Белоградов (Павлодар), Нұржан Жүнісов (Астана)
Қосалқы төреші: Марал Әбдікеров (Қызылорда)
VAR: Бағдат Абдуллаев (Тараз)
AVAR: Сергей Калачев (Атырау)
Инспектор: Серік Жаппасбаев (Қызылорда)
23
Футзалдан Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Түркістанда Өзбекстанға қарсы екі жолдастық кездесудің алғашқысында жеңіске жетті ✊🏾

Екінші ойын ертең 14:00-де дәл осы Олимпиада орталығында өтеді.

#BizdinJigitter💛💙 | #U19
39
🔥𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀🔥

⚔️ Бүгін Қазақстан WU16 құрамасы УЕФА Даму турниріндегі екінші ойынын Израильге қарсы өткізеді

🇰🇿Қазақстан 🆚 Израиль 🇮🇱
📅 05.05.2026 | 🕥 15:30
🏟️ Талғар, «Пеле» стадионы
📺 KFF YouTube-арнасы

#BizdinQyzdar💛💙 | #WU16
26🔥3
Футзалдан Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Түркістанда Өзбекстанға қарсы екінші жолдастық кездесуде жеңіске жетті 🤩

Гол авторлары ⚽️
Тимофей Морозов
Ильдар Байқасинов
Заур Гайдаржи

#BizdinJigitter💛💙 | #U19
26🔥9👍4
Футболдан Премьер-лиганың 8-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме

ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Ойын ережелеріне сәйкес 2026 жылғы Премьер-лиганың 8-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне түсіндірме берді.
13👍1
📌 «Академия Оңтүстік» – «Тараз» матчының төрешілері ҚФФ аясындағы ойындардан шеттетілді

Қазақстан футбол федерациясы Бірінші лиганың 2026 жылғы маусымындағы 4-тур аясында өткен «Академия Оңтүстік» пен «Тараз» командалары арасындағы кездесуді сараптау қорытындысы бойынша шешім қабылданғанын хабарлайды.

Төрешілердің жұмысын бағалау нәтижесінде бас төреші Николай Дышкант пен оның көмекшісі Дмитрий Дышканттың іс-әрекеттеріне берілген бағаны төмендету туралы шешім қабылданды. Екі төреші де белгісіз мерзімге ҚФФ аясындағы матчтарға төрелік етуден шеттетілді.

#KFF
👍174👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿💪 Ұлттық құрама Шымкентте жиналады

Қазақстан ұлттық құрамасы 29 мамыр мен 4 маусым аралығында Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Маусым айында команда Армения (6 маусым) және Мажарстан (9 маусым) құрамаларына қарсы сырт алаңда жолдастық кездесулер өткізеді ⚽️

#BizdinJigitter💛💙
19👍1