KFF Team
7.28K subscribers
5.23K photos
247 videos
828 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
📌 Қазақстан Премьер-лигасының 8-тур ойындарына тағайындалған төрешілер мен инспекторлар

ҚФФ төрешілік және қадағалау департаменті 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 8-тур матчтарына қызмет көрсететін төрешілер құрамын анықтады.

2 мамыр
«Қызылжар» – «Оқжетпес»

Бас төреші: Руслан Сұлтанғалиев (Атырау)
Қапталдағы төрешілер: Наргис Мағау (Алматы), ТимурТұрсымбаев (Астана)
Қосалқы төреші: АнуарҚазбеков (Қостанай)
VAR: Нариман Талапкеров (Орал)
AVAR: Иван Навроцкий (Астана)
Инспектор: Павел Салий (Өскемен)

«Ертіс» – «Қайрат»

Бас төреші: Саят Қарабаев (Астана)
Қапталдағы төрешілер: Иван Гриценко (Қостанай),Евгений Филипчук (Шымкент)
Қосалқы төреші: Сергей Попов (Астана)
VAR: Марат Ысқақов (Астана)
AVAR: Антон Сысоев (Көкшетау)
Инспектор: Елеш Құсайынов (Астана)

«Қайсар» – «Жетісу»

Бас төреші: Арман Есмұратов (Астана)
Қапталдағы төрешілер: Денис Лабашов (Атырау), Дмитрий Быстров (Қарағанды)
Қосалқы төреші: Марал Әбдікеров (Қызылорда)
VAR: Данил Горда (Көкшетау)
AVAR: Кирилл Ткачев (Алматы)
Инспектор: Бағдат Төсеев (Астана)

3 мамыр
«Ұлытау» – «Елімай»

Бас төреші: Сергей Ноженко (Талдықорған)
Қапталдағы төрешілер: Сергей Васютин (Алматы), Мансұр Сайдулаев (Қарағанды)
Қосалқы төреші: Нұрсұлтан Әлібеков (Павлодар)
VAR: Бағдат Абдуллаев (Тараз)
AVAR: Дмитрий Филоненко (Тараз)
Инспектор: Асхат Абданбаев (Тараз)

«Каспий» – «Астана»
Бас төреші:
Болат Сариев (Орал)
Қапталдағы төрешілер: Станислав Лесив (Семей), Әлішер Мыңбаев (Тараз)
Қосалқы төреші: Рамазан Нұрдинов (Тараз)
VAR: Александр Затула (Өскемен)
AVAR: Самат Тергеусізов (Алматы)
Инспектор: Нұржан Доскеев (Алматы)

«Атырау» – «Алтай»
Бас төреші:
Сәкен Байымбет (Тараз)
Қапталдағы төрешілер: Юрий Тихонюк (Ақтөбе), Евгений Карлов (Павлодар)
Қосалқы төреші: Муродбек Халилов (Шымкент)
VAR: Данияр Сахи (Қызылорда)
AVAR: Дмитрий Белоградов (Павлодар)
Инспектор: Виктор Антонов (Павлодар)

«Жеңіс» – «Тобыл»
Бас төреші: Антон Кучма (Көкшетау)
Қапталдағы төрешілер: Сергей Калачев (Атырау), Данияр Серікболов (Семей)
Қосалқы төреші: Бекарыс Аманкелдин (Орал)
VAR: ДенисИзмайлов (Талдықорған)
AVAR: Антон Молтусинов (Өскемен)
Инспектор: Анатолий Ходин (Атырау)

«Ордабасы» – «Ақтөбе»
Бас төреші: Денис Тевяшов (Орал)
Қапталдағы төрешілер: Алексей Шабанов (Алматы), Артем Волков (Атырау)
Қосалқы төреші: Жақсылық Сейдахметов (Талдықорған)
VAR: Айдын Тасыбаев (Астана)
AVAR: Георгий Чеховский (Астана)
Инспектор: Руслан Дүзмамбетов (Өскемен)
16
Футзалдан Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Өзбекстанға қарсы екі матч өткізеді 🇰🇿🇺🇿

Команда 1-11 мамыр күндері аралығында Түркістан қаласындағы Olympic Center орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Құрамаға 17 ойыншы шақырту алды.

Жиын аясында Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді деп жоспарланған:

📆 4.05 | 🕔 17:00
🇰🇿 Қазақстан U-19 – Өзбекстан U-19 🇺🇿

📆 5.05 | 🕑 14:00
🇰🇿 Қазақстан U-19 – Өзбекстан U-19 🇺🇿

🧤Қақпашылар: Сұңқар Мұхтаров («Семей»), Адис Ахметов («Қарағанды»), Әмір Рымжанов («Тұлпар»);

⚽️ Алаңдағы ойыншылар: Ильнар Байқасынов, Владимир Вольман (екеуі де – «Тұлпар»), Заур Гайдаржи, Асанәлі Мұнбаев, Владимир Тихоплав, Тимофей Морозов, Никита Ковылин (барлығы – «Аят»), Серікбол Төлеш («Бәйтерек»), Артур Ерошенков («Қайрат»), Расул Ерболұлы, Жанмұрат Амандосов, Олжас Мейрамұлы, Нияз Алпысбай (барлығы – «Атырау»), Әлібек Торғауыт («Сайран»).

▶️ Бапкерлер штабы: Василий Смолин – аға бапкер, Жақсылық Әлішбаев – аға бапкердің ассистенті, Сержан Шұманбаев – қақпашылар жаттықтырушысы, Михаил Мылисов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров – дәрігер, Ойбек Пулатов – массажист, Әлім Қайырлы – менеджер.

#KFFFutsal | #U19
17
Бірлік болсын елімізде!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!

Теңдікке, өзара сенімге және мәдени әралуандылықтың жасампаз әлеуетіне арқа сүйеген ел бірлігі одан әрі арта берсін!

Әр шаңыраққа бақ-береке орнап, бірлігіміз бекем, аспанымыз ашық болсын!
28👍5
🇰🇿 ҚФФ Қазақстан ұлттық құрамаларына арналған жаңа ойын формасын таныстырды

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамаларға арналған жаңа ойын формаларын таныстырды. Adidas компаниясы UEFA-ның UEFA Kit Assistance Scheme бағдарламасы аясында жаңа жиынтықты дайындады.

Жаңа экипировка үйдегі ойындарға (сары түсті) және сырт алаңдағы (көк түсті) кездесулерге арналған екі жиынтықтан тұрады. Қазақстан құрамасы аталған бағдарлама аясында Adidas компаниясынан форма алған Еуропаның он ұлттық құрамасының қатарына енді. Ұлттық құрамалар жаңа формамен алдағы екі жыл бойы өнер көрсетеді.

UEFA Kit Assistance Scheme - ұлттық қауымдастықтарды қолдауға бағытталған және олардың қажеттілігіне сай заманауи спорттық киіммен қамтитын бағдарлама. Сонымен қатар, қатысушыларға Adidas Locker Room сервисі қолжетімді. Бұл жүйе арқылы жеке дизайндағы экипировкаларды әзірлеуге және тапсырыс беруге болады.

Ұлттық құраманың жаңа формадағы алғашқы матчы маусымда өтеді. Қазақстан құрамасы жолдастық кездесулерде Армения және Венгрия құрамаларына қарсы алаңға шығады.
👎54🤮25🔥108👍4👏1🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа жейдеміз дайын 😍

Жігіттеріміз бен қыздарымыз дәстүрлі сары және көк түстегі жейдеде ел намысын қорғайды 🇰🇿

#BizdinJigitter💛💙
👎7316🤮7🔥3🤯2😢1
«ҚМДБ Алаш» командасы - «ҚФФ Достық кубогының» иегері

Астанада елімізде тұратын түрлі діни конфессиялар арасында «ҚФФ Достық кубогы» өтті. Бұл турнир дін өкілдері арасындағы өзара түсіністікті нығайтқан маңызды алаң ретінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Жарысқа 9 конфессияны таныстыратын 15 команда қатысты. Олардың арасынан «ҚМДБ Алаш» командасы «ҚФФ Достық кубогын» жеңіп алды. Сондай-ақ «Бахаи Астана» командасы 2-орынды, «Catholic Team» командасы 3-орынды иеленді.

Мұндай дода УЕФА-ға мүше елдер арасынан Қазақстан, Израиль және Англияда ұйымдастырылып келеді. Қазақстан конфессиялар мен қатысушы команда санынан көш бастап тұр. Турнирдің бас серіктесі – «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры.

Айта кету керек, «ҚФФ Достық кубогы» еліміздегі діни бірлестіктер арасындағы келісім, бейбітшілік және достық құндылықтарын насихаттау, олардың арасындағы байланысты дамыту және нығайту мақсатында өтті.
👍148
Қазақстан WU-16 құрамасы УЕФА Халықаралық даму турнирінде бақ сынайды ✊🏾

🇰🇿 Турнирге Қазақстаннан бөлек Эстония 🇪🇪, Израиль 🇮🇱 және Өзбекстан 🇺🇿қыздар құрамалары қатысады.

🏟️ Матчтар 3, 5 және 8 мамыр күндері Талғардағы ҚФФ Ұлттық құрамалар базасында өтеді.

#BizdinQyzdar💛💙 | #WU16
17