Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада өткен FIFA Series турнирінің жеңімпазы 🏆🔥
#BizdinJigitter💙💛 | #FIFASeries2026
#BizdinJigitter💙💛 | #FIFASeries2026
❤37🔥8😁1🎉1
Ислам Чесноков Астанада өткен FIFA Series турнирінің үздік ойыншысы атанды🥇
#BizdinJigitter💙💛 | #FIFASeries2026
#BizdinJigitter💙💛 | #FIFASeries2026
❤48🔥9🤔2
ҚФФ Қазақстан Республикасының азаматтығы бар дарынды футболшыларды іздеу, анықтау және сүйемелдеуге бағытталған ұлттық скаут платформасының іске қосылғанын хабарлайды.
Платформа таланттарды дамытудың ұлттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және ойыншыларға тұратын еліне және жарыс деңгейіне қарамастан ҚФФ мамандарының назарына ілігуге мүмкіндік береді.
Платформаға кім тіркеле алады:
– Қазақстан клубтары мен академияларында ойнайтын футболшылар;
– шетелде өнер көрсетіп жүрген Қазақстан Республикасының паспорты бар ойыншылар;
– кәсіби де, әуесқой да футболшылар;
– барлық ойыншылар үшін жас шектеуі – 21 жасқа дейін;
– ҚФФ бақылау жүйесіне енгісі келетін барлық үміткерлер.
Платформаға тіркелу ойыншыларға келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
– ҚФФ-ның ұлттық футболшылар базасына енгізілу;
– федерация скауттарының бақылауында болу;
– қаралымдарға, оқу-жаттығу жиындарына және турнирлерге шақырту алу;
– ҚФФ академиялары мен ұлттық құрамаларға шақырылу мүмкіндігі.
Тіркелу сілтемесі.
#KFF

❤30👍5
ҚФФ Бірінші, Екінші және әйелдер лигасының трансляциясына жауапты компаниямен жұмыс істеуді тоқтатты
Қазақстан футбол федерациясы Бірінші, Екінші және әйелдер лигасы матчтарының трансляциясына жауапты компаниямен ынтымақтастықты тоқтатты.
2026 жылдың наурыз айында ҚФФ телетрансляция қызметіне ашық конкурс өткізген болатын. Осыған дейін продакшн саласының өкілдерімен бірнеше жұмыс кездесулері өтіп, трансляция сапасына қойылатын нақты техникалық талаптар бекітілген.
Конкурс нәтижесінде жеңімпаз компания анықталып, лига матчтарын көрсету құқығын алған еді.
Алайда Бірінші және Екінші лиганың алғашқы тур ойындарының түсірілімін тексеру барысында көрсетілген қызмет сапасы қойылған талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.
Осыған байланысты ҚФФ бұл компаниямен жұмысты тоқтату туралы шешім қабылдады.
Қазір федерация жаңа конкурс ұйымдастыру жұмыстарын бастап кетті. Трансляцияға қатысты толық ақпарат кейінірек жарияланады.

❤42🔥8👍4🤔1🤮1
⚡️ Футзалдан Қазақстан құрамасының Әзербайжанмен ойындарына билеттер сатылымға шықты
🤝 Ұлттық құрама Ақтау қаласында 13 және 15 сәуір күндері екі жолдастық матч өткізеді. Матчтар «BS Arena» спорт кешенінде өтеді.
🎟️ Билеттер «Ticketon» сайтында сатылымға шықты. Бағасы 2 000 теңгеден басталады.
#BizdinJigitter💛💙

🔥17❤8👍3
Премьер-лиганың 4-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме
Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру 2026 жылғы Премьер-лиганың 4-тур матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне қатысты түсіндірме берді.
Толығырық оқу үшін: https://kff.kz/kk/news/27503

kff.kz
Премьер-лиганың 4-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме
Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру 2026 жылғы Премьер-лиганың 4-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне қатысты түсіндірме берді.
🔥15❤5👍2👏2
Нұрсұлтан Таңатұлы Қазақстан құрамасына шақырту алды 🔥
Әзербайжан құрамасына қарсы матчтар қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылар тізімінде өзгеріс болды.
Қазақстан чемпионатының 38-турындағы «Ақтөбеге» қарсы ойында «Қайраттың» ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов жарақат алды. Медициналық тексеру нәтижесінен кейін, Дәурен алдағы ойындарға қатыса алмайтыны анықталды.
Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы жарақат алған шабуылшының орнына «Каспий» клубының ойыншысы Нұрсұлтан Таңатұлын шақыру туралы шешім қабылдады.

❤27😢2👍1🔥1
❌ Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудова төрешілік қызметінен уақытша шеттетілді
Қазақстан футбол федерациясы төрешілер Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудованың ұлттық жарыстар аясындағы матчтарға қызмет көрсетуден уақытша шеттетілгенін хабарлайды.
Бұл шешім Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында жіберілген бірқатар өрескел әрі маңызды қателіктерге байланысты қабылданды. Аталған қателіктер матч нәтижесіне әсер етті.
Олардың алдағы мәртебесіне қатысты түпкілікті шешім ҚФФ-ның құзыретті органдары тарапынан жан-жақты тексеріс жүргізілгеннен кейін қабылданады.

🤮30👍14❤10🔥1😁1😱1😢1
QJ League төртінші маусымының басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтті
Freedom QJ League – Қазақстан футбол федерациясының жобасы. Ол еліміздегі футбол клубтары мен мектептерінің жасөспірім ұлдар және қыздар командалары арасында жоғары деңгейдегі жарыстар ұйымдастыруға бағытталған.
Іс-шараға ҚФФ Бас хатшысының міндетін атқарушы Александр Кеплин, QJ League Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов және Лига президенті Рохус Шох қатысты.
Таныстырылым барысында Лиганың алғашқы үш жылдағы жұмысы қорытындыланды. Осы уақыт ішінде жарыстарға 3 000-нан астам жас футболшы мен футбол орталықтарының мамандары қатысты.
Жаңа маусымда QJ League U-15-тен U-18-ге дейін төрт жас санатында өтеді. Жалпы маусым аясында 6 турнир жоспарланған. Оған Қазақстанның 18 өңірінен шамамен 2 000 жасөспірім ұл мен қыз қатысады.
Қазақстан футбол федерациясы атынан жарыстарға 2009 және 2010 жылы туған ойыншылардан жасақталған ҚФФ Академиясының екі командасы қатысады.
QJ League жаңа маусымы 18 сәуір күні Қызылорда қаласында «Қайсар» мен «Тобыл» командалары арасындағы матчпен басталады.

❤27👎1
⚡️ Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен ойындарына дайындығын бастады

❤24👍7🔥2