KFF Team
7.72K subscribers
4.98K photos
220 videos
784 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
Бүгін Брюссельде УЕФА 50-ші Конгресі өтеді 🤝🏽

УЕФА Конгресі – ұйымның ең жоғары басқарушы органы. Жыл сайын өтетін Конгреске 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері жиналады. Ресми іс-шарада Еуропа футболының даму бағыты талқыланып, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі.

Сондай-ақ халықаралық жарыстарға қатысты шешімдер қабылданып, басшылық құрам сайланады.

#KFF
🔥226
📌 2027 жылы Астанада УЕФА-ның 51-ші Конгресі өтеді

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы УЕФА 51-ші Конгресі 2027 жылы 4 наурызда Қазақстан астанасында өтетінін ресми жариялады.

Бұл шешім Брюссельде өткен УЕФА-ның мерейтойлы 50-ші Конгресінде хабарланды. Конгреске Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Давид Лория қатысты.

УЕФА Конгресі – ұйымның ең жоғары басқарушы органы. Жыл сайын өтетін Конгреске 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері жиналады. Іс-шара аясында Еуропадағы футболдың стратегиялық дамуын айқындайтын негізгі шешімдер қабылданады, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі, халықаралық жарыстарды өткізуге қатысты мәселелер қаралады, сондай-ақ УЕФА-ның басшы органдары сайланады.

#KFF | #UEFACongress
🔥3812👍2👎1
Қазақстан құрамасы С лигасының 3️⃣-тобында ойнайды

Брюссельде өткен жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша ұлттық құрама 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында С лигасының 3-тобында өнер көрсетеді.

Қарсыластарымыз 👇🏼
🇸🇰 Словакия
🇫🇴 Фарер аралдары
🇲🇩 Молдова

🏟 Топтық кезеңде әр команда алты матч өткізеді: үшеуі өз алаңында, үшеуі сырт алаңда. Ойындар 2026 жылдың қыркүйегінде басталып, қыркүйек, қазан және қараша айларындағы халықаралық терезелерде өтеді.

#KFF | #UEFANationsLeague
37🔥14👍7
Ұлттар лигасы С дивизионындағы топтар осындай ☝🏽

Жеребе көңіліңізден шықты ма?

#KFF | #UEFANationsLeague
34👍7
🔥 Мажарстан құрамасымен Түркістанда жолдастық матч ойнаймыз

🤝 ҚФФ ұлттық құрамалар арасында жолдастық матч өткізу жөнінде Мажарстан футбол федерациясымен келісімге қол жеткізді.

📅 2026 жылдың 9 маусымында күні тарихы мен тамыры жақын мажар бауырларымызбен киелі шаһардың «Түркістан Арена» стадионында жүздесеміз.

🇰🇿🇭🇺 Алдағы кездесу Қазақстан мен Мажарстан құрамалары арасындағы үшінші матч болмақ. Бұған дейінгі екі ойында Қазақстан құрамасы бір жеңіске жетіп, бір рет жеңіліс тапқан.

#BizdinJigitter💛💙
👍4114👏8🔥4
📌 Ұлттар лигасының ойын күнтізбесі анықталды

⚽️ Турнирді қыркүйек айында сырт алаңда Фарер аралдарымен бастап, қарашада өз алаңымызда Словакиямен аяқтаймыз.

Айта кетейік, ұлттық құрама «С» лигасының 3-тобында өнер көрсетеді.

#BizdinJigitter💛💙 | #UNL
42🔥15👎2
АЛТЫЫЫЫЫЫЫН 🥇🇰🇿

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды

Құтты болсын, қазақ елі👏🏽

#KFF
133👍29👏7
☪️ Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Баршаңызды мейірім мен кешірім айы – Рамазанның басталуымен шын жүректен құттықтаймыз 🌙

Ораза тұтқан әр күніңіз сауапқа толы болып, жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын 🤲🏽

Әр шаңыраққа амандық, береке және тыныштық тілейміз.

#KFFTeam | #RamadanKareem
97👍9
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇 𝐃𝐀𝐘🔥

Қазақстан U17 құрамасы Даму Кубогын Минск құрамасына қарсы ойынмен бастайды 👉🏽

🇰🇿 Қазақстан 🆚 Минск құрамасы 🇧🇾
📆 19.02 | 🕧 12:30
🏟️ АБФФ спорт кешені
🎦 АБФФ YouTube-арнасы

#KFF | #U17
33🔥8👎5
Қазақстан U17 құрамасы Даму Кубогын жеңіспен бастады ✊🏾

🇧🇾 Минск құрамасы 🆚 Қазақстан 🇰🇿 1️⃣:3️⃣

Голдар:
⚽️⚽️ Дигдар Омаров
⚽️ Ислам Рақым

#KFF | #U17
61🔥9
𝗠𝗔𝗧𝗖𝗛 𝗗𝗔𝗬 🔥

Қазақстан U17 құрамасы Даму Кубогындағы екінші ойынын жарыс қожайындарына қарсы өткізеді 👉🏽

🇧🇾 Беларусь 🆚 Қазақстан 🇰🇿
📆 20.02 | 🕗 20:00
🏟️ АБФФ спорт кешені
🎦 АБФФ YouTube-арнасы

#KFF | #U17
29👍5🔥2
⚡️ Владимир Чебурин – Қазақстан U-21 құрамасының аға бапкері

Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин жастар құрамасының тізгінін ұстады.

Бұған дейін Владимир Чебурин «Шахтер», «Оқжетпес» клубтарында, сондай-ақ Литваның «Круоя», «Судува» және «Жальгирис» командаларында жұмыс істеген.

«Судува» мен «Жальгирис» клубтарымен бірге алты мәрте ел чемпионы атанып, үш рет Литва Кубогын және екі рет Суперкубогын жеңіп алған. Сонымен қатар Литвада үш мәрте жылдың үздік бапкері деп танылған.

Қош келдіңіз, Владимир Николаевич! 🙌🏻
👍3714👎5🔥4
⚡️Сергей Лабодовский Қазақстан U-19 құрамасының аға бапкері болып тағайындалды

Отандық маман Сергей Лабодовский 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасына аға бапкер болып тағайындалды.

Ол бұған дейін «Қайрат» клубында түрлі қызмет атқарған. Бас бапкердің көмекшісі қызметінен бастап, уақытша бас бапкер болған. Сонымен қатар, «Оқжетпес» клубында бапкер болып жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта ол «Atletico de Madrid Kazakhstan»академиясында спорт директоры қызметін атқарып келеді.

Бұған дейін Сергей Лабодовский Қазақстан U-19 құрамасында аға бапкердің көмекшісі болды.

#KFF | #U19
👍1510👎5
⚡️Ксения Постовая – Қазақстан WU-19 құрамасының аға бапкері

Отандық маман Ксения Постовая 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасына аға бапкер болып тағайындалды.

Ксения Постовая футбол саласында көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан маман. 2019-2025 жылдары «Ертіс» клубының жастар командасында бапкер болды. 2025 жылы Қазақстан әйелдер U-17 құрамасында дене даярлығы жаттықтырушысы әрі аға бапкердің көмекшісі қызметін атқарды.

Бұған дейін 2022 жылы WU-19 құрамасында аға бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеген.

Сонымен қатар, ҚФФ Техникалық орталығында нұсқаушы-тәлімгер ретінде де қызмет атқарған.

#KFF | #WU19
👍18👎54
🕌 Қазақстан жастар құрамасы Түркістанда Словакия және Ирландиямен ойнайды

2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Словакия мен Ирландия құрамаларына қарсы матчтар Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өтеді.

🗓️ Ойындар наурыз айының 27 және 31 күндеріне жоспарланған.

Матчтардың басталатын уақыты мен билеттер туралы толық ақпаратты алдағы уақытта жариялаймыз.

#KFF | #U21
36👍8
Қазақстан U17 құрамасы Даму Кубогында жеңіліс тапты

Турнирдің екінші кездесуінде біздің команда Беларусь құрамасына есе жіберді.

🇧🇾 Беларусь 🆚 Қазақстан 🇰🇿 2️⃣:0️⃣

#KFF | #U17
👎3911😢6🤯2
𝗠𝗔𝗧𝗖𝗛 𝗗𝗔𝗬 🔥

Қазақстан U17 құрамасы Даму Кубогындағы үшінші ойынын өткізеді 👉🏽

🇰🇿Қазақстан 🆚 Тәжікстан 🇹🇯
📆 21.02 | 🕗 13:00
🏟️ АБФФ спорт кешені
🎦 АБФФ YouTube-арнасы

#KFF | #U17
👍268🔥2
ЖЕҢІС 💪🏽

Қазақстан U17 құрамасы Даму Кубогындағы екінші жеңісіне жетті

🇰🇿Қазақстан 🆚 Тәжікстан 🇹🇯 3️⃣:1️⃣

Голдар:
⚽️ Әнуар Төленді
⚽️ Ислам Рақым
⚽️ Роман Черноморец
 
#BizdinJigitter💛💙 | #U17
50🔥19🤯1
😍 Бүгін футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының ширек-финалындағы алғашқы 𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘! 🌍

Бүгін алматылық «Қайрат» және «Семей» УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалдық кезеңінде бірінші ойындарын өткізеді! «Қайрат» испаниялық «Картахенаны» алғашқы ойында Алматыда қабылдаса, «Семей» франциялық «Этуальмен» ойынға Лаваль қаласына аттанды.

Барша жанкүйерлерді қос клубымызды да қолдауға шақырамыз! Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің – бәрі бос!

🇰🇿 «Қайрат» 🆚 «Картахена» 🇪🇸
🏆 УЕФА Чемпиондар Лигасы | 1/4 финал
20:00
🏟 Балуан Шолақ ат. спорт кешені, Алматы
🖥 QazSport телеарнасы

🇫🇷 «Этуаль» 🆚 «Семей» 🇰🇿
🏆 УЕФА Чемпиондар Лигасы | 1/4 финал
00:30
🏟 Лаваль, Франция
🖥 QazSport телеарнасы

Алға, жігіттер! Алға, Қазақстан! 🇰🇿❤️

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #BirińdiQazaqBirińDos
🔥238👍5👏1