KFF Team
7.8K subscribers
4.96K photos
220 videos
782 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
Қазақстандық төреші VAR бойынша УЕФА семинарына қатысты

УЕФА Кипрде VAR жүйесі бойынша семинар өткізді. Оған Еуропаның әр елінен 27 бейнекөмекші арбитр (VMO) бас қосты.

Семинардың мақсаты - УЕФА аясында өтетін матчтарда жаңа VMO төрешілер тобын дайындау. Алғаш рет бұл курсқа Қазақстаннан төрешінің бейнекөмешісі Айдын Тасыбаев қатысты. 

Семинарда VAR протоколы, ойын ережесі, ойын эпизодтарын бағалау бойынша бірнеше сатыдан тұратын тест болды.

Отандық VMO-ның УЕФА семинарына қатысуы төрешілер корпусына сенім артылғанын көрсетеді. Сондай-ақ қазақстандық төрешілердің халықаралық деңгейде өзін көрсетуге мүмкіндік.

#KFF
👍209
Қазақстандық төреші Арман Есмұратов УЕФА-ның кіріспе курсына қатысты

УЕФА дәстүрлі түрде халықаралық төрешілерге арналған CORE International кіріспе курсын өткізді.

Білім беру бағдарламасына Еуропаның әр елінен 48 төреші қатысты. Олардың қатарында қазақстандық Арман Есмұратов та бар. Қатысушылар УЕФА инспекторларының жетекшілігімен төрелік ету бойынша арнайы дайындықтан өтті. Сонымен қатар тамақтану, физикалық дайындық, жарақаттың алдын алу, футболдағы адалдық пен әділдік қағидаттарын сақтау мәселелерін қамтитын бірқатар қосымша бағытты меңгерді.

Аталған кіріспе курсы - халықаралық төрешілік мансап жолындағы алғашқы кезең. Алдағы уақытта бағдарлама қатысушылары алғашқы халықаралық матчтарға тағайындаулар алады. ФИФА төрешісі мәртебесіндегі алғашқы жылда әрбір төрешіге УЕФА тарапынан жеке тәлімгер бекітіледі.

Аталған бағдарлама аясында УЕФА іріктеуінен өткен төрешілер арасынан Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Каштру қатысты.

#KFF
17👍7
Қазақстан футбол федерациясы кәсіби турнирлер күнтізбесін құруда жасанды интеллект жүйесін енгізіп жатыр

Қазақстан футбол федерациясы футбол жарыстарының күнтізбесін жасау кезінде жасанды интеллект технологияларын қолданатын инновациялық тәсіл іске қосылғанын хабарлайды.
9 ақпанда күнтізбені жасау шарасы жоспарланды. Оған футбол клубтарының өкілдері онлайн түрде қатысады. Талқылау мен келісу нәтижелері бойынша дайындалған күнтізбе Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің бекітуіне жіберіледі.

Жоба Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізу міндеттері аясында жүзеге асырылып жатыр.

Жасанды интеллект Қазақстан Премьер-лигасы, Бірінші және Екінші лигалар, сондай-ақ әйелдер арасындағы футбол турнирлерінің жарыс күнтізбесін жасау кезінде қолданылады. Шешім отандық мамандардың дайындауымен, адами фактор қатысуын болдырмайтын, кеңейтілген параметрлерді ескеруге мүмкіндік беретін классикалық Бергер кестесіне негізделе отырып жасалды.

Алгоритм стадиондардың қолжетімділігі, түрлі ауа-райы, клубтардың еурокубоктарға қатысуы, ФИФА-ның халықаралық күнтізбесі, үйдегі және сырт алаңдағы матчтардың жоспарлануы, инфрақұрылымның жалпы жүктемесі, ірі қалалық іс-шаралардың өткізілуі, сондай-ақ қауіпсіздік мәселелері мен жекелеген матчтарға ерекше назар аудару қажеттілігін қоса алғанда, спорттық және ұйымдастыру шарттарының ауқымын ескереді.

Жасанды интеллектті пайдалану бірнеше күнтізбе нұсқасын модельдеуге, қабылданатын шешімдердің салдарын болжауға және оперативті түрде өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Бұл маусым кезінде матчтарды кейінге қалдыру жағдайын едәуір төмендетеді.

https://kff.kz/kk/news/27376
23👍8🔥2
Даму кубогына қатысатын Қазақстан U-17 құрамасының ойыншылар тізімі белгілі болды ⚡️

🇰🇿 Қазақстан U17 құрамасы Астана қаласындағы ҚФФ Футбол үйінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп, артынша Даму кубогы өтетін Минск қаласына аттанады.

🅰️ тобында біздің команда Беларусь 🇧🇾, Тәжікстан 🇹🇯 және Минск 🇧🇾 құрамаларымен ойнайды.

🅱️ тобы Беларусь U16 🇧🇾, Өзбекстан 🇺🇿, Әзербайжан 🇦🇿 және Ресей 🇷🇺 командаларынан тұрады.

Қақпашылар: 
Никита Килджиев
Әлихан Шайзада («Шахтер»)
Батырхан Серікбай («Жас Қыран»)
Камиль Гайнуллин («Қайрат»)


Қорғаушылар: 
Жәнібек Жайлаубек («Шахтер»)
Данил Золкин («Шахтер»)
Мейірлан Балтабаев («Шахтер»)
Ислам Рақым («Қайрат»)
Марлен Әміренов («Қайрат»)
Мансур Авасханов («Қайрат»)
Әлфир Ханафи («Қайрат»)
Әбди Әлихан («Қайрат»)
Дінмұхаммед Дайрабай («Жас Қыран»)
Нұралы Азатқазы (клубсыз)


Жартылай қорғаушылар:
Әлихан Жұмабек («Қайрат»)
Дамир Юсупбеков («Қайрат»)
Ринат Бейбітов («Ақтөбе»)
Акбар Сәденов («Ақтөбе»)
Шәріпхан Шәріпжан (клубсыз)


Шабуылшылар:
Әнуар Төленді (ҚФФ Академиясы)
Рустам Сайфимилюков («Шахтер»)
Дигдар Омаров («Шахтер»)
Расул Әкімов («Шахтер»)
Абылай Жылқайдар («Қайрат»)
Роман Черноморец («Қайрат»)
Дәулет Орынбасар («Қайрат»)
Расул Досан («Атырау»)
Мағзұм Жоламан («Каспий»)
Ибраһим Бауыржан («Ақтөбе»)

#KFF | #U17
👍226
Қазақстан Премьер-Лигасы биылғы маусымының алғашқы үш тур кестесі ⚡️

I тур
«Ақтөбе» - «Тобыл»
«Алтай» - «Қайрат»
«Астана» - «Жетісу»
«Атырау» - «Ұлытау»
«Қайсар» - «Жеңіс»
«Қызылжар» - «Каспий»
«Оқжетпес» - «Елімай»
«Ордабасы» - «Ertis»

II тур
«Каспий» - «Оқжетпес»
«Елімай» - «Алтай»
«Ertis» - «Атырау»
«Қайрат» - «Ақтөбе»
«Қайсар» - «Астана»
«Тобыл» - «Жетісу»
«Ұлытау» - «Қызылжар»
«Жеңіс» - «Ордабасы»

III тур
«Ақтөбе» - «Елімай»
«Алтай» - «Каспий»
«Астана» - «Тобыл»
«Атырау» - «Жеңіс»
«Қызылжар» - «Ertis»
«Оқжетпес» - «Ұлытау»
«Ордабасы» - «Қайсар»
«Жетісу» - «Қайрат»

Қазақстан Премьер-лигасы 2026 жылғы маусымының толық күнтізбесі ҚФФ Атқарушы комитетімен келісілгеннен кейін толық жарияланады.

https://kff.kz/kk/news/27380
37🔥6👎3👏3🤮1
Қазақстан құрамасы - бірінші себетте 🇰🇿🔥

⚽️ Футболдан Қазақстан құрамасы 2026/27 жылғы Ұлттар лигасында С дивизионының бірінші себетіне енді.

🗓 Жеребе 12 ақпанда Брюссельде өтеді. Басталуы - 22:00-де.

Ұлттар лигасының топтық кезеңі қыркүйекте басталады. Әр команда 6 матч өткізеді. Топ жеңімпаздары жоғары лигаға көтеріледі ⬆️

#KFF | #BizdinJigitter💛💙
43👍12🔥7
Бүгін Брюссельде УЕФА 50-ші Конгресі өтеді 🤝🏽

УЕФА Конгресі – ұйымның ең жоғары басқарушы органы. Жыл сайын өтетін Конгреске 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері жиналады. Ресми іс-шарада Еуропа футболының даму бағыты талқыланып, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі.

Сондай-ақ халықаралық жарыстарға қатысты шешімдер қабылданып, басшылық құрам сайланады.

#KFF
🔥216
📌 2027 жылы Астанада УЕФА-ның 51-ші Конгресі өтеді

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы УЕФА 51-ші Конгресі 2027 жылы 4 наурызда Қазақстан астанасында өтетінін ресми жариялады.

Бұл шешім Брюссельде өткен УЕФА-ның мерейтойлы 50-ші Конгресінде хабарланды. Конгреске Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Давид Лория қатысты.

УЕФА Конгресі – ұйымның ең жоғары басқарушы органы. Жыл сайын өтетін Конгреске 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері жиналады. Іс-шара аясында Еуропадағы футболдың стратегиялық дамуын айқындайтын негізгі шешімдер қабылданады, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі, халықаралық жарыстарды өткізуге қатысты мәселелер қаралады, сондай-ақ УЕФА-ның басшы органдары сайланады.

#KFF | #UEFACongress
🔥3712👍2👎1
Қазақстан құрамасы С лигасының 3️⃣-тобында ойнайды

Брюссельде өткен жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша ұлттық құрама 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында С лигасының 3-тобында өнер көрсетеді.

Қарсыластарымыз 👇🏼
🇸🇰 Словакия
🇫🇴 Фарер аралдары
🇲🇩 Молдова

🏟 Топтық кезеңде әр команда алты матч өткізеді: үшеуі өз алаңында, үшеуі сырт алаңда. Ойындар 2026 жылдың қыркүйегінде басталып, қыркүйек, қазан және қараша айларындағы халықаралық терезелерде өтеді.

#KFF | #UEFANationsLeague
36🔥14👍7
Ұлттар лигасы С дивизионындағы топтар осындай ☝🏽

Жеребе көңіліңізден шықты ма?

#KFF | #UEFANationsLeague
33👍7
🔥 Мажарстан құрамасымен Түркістанда жолдастық матч ойнаймыз

🤝 ҚФФ ұлттық құрамалар арасында жолдастық матч өткізу жөнінде Мажарстан футбол федерациясымен келісімге қол жеткізді.

📅 2026 жылдың 9 маусымында күні тарихы мен тамыры жақын мажар бауырларымызбен киелі шаһардың «Түркістан Арена» стадионында жүздесеміз.

🇰🇿🇭🇺 Алдағы кездесу Қазақстан мен Мажарстан құрамалары арасындағы үшінші матч болмақ. Бұған дейінгі екі ойында Қазақстан құрамасы бір жеңіске жетіп, бір рет жеңіліс тапқан.

#BizdinJigitter💛💙
👍3914👏8🔥4
📌 Ұлттар лигасының ойын күнтізбесі анықталды

⚽️ Турнирді қыркүйек айында сырт алаңда Фарер аралдарымен бастап, қарашада өз алаңымызда Словакиямен аяқтаймыз.

Айта кетейік, ұлттық құрама «С» лигасының 3-тобында өнер көрсетеді.

#BizdinJigitter💛💙 | #UNL
38🔥14👎2